Сарыпбекова газиза сейтанкызы


Ж. Баласағұнның ілімі және оның көзқарасындағы болмыс мәселесі



бет7/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
сарыпбекова газиза

1.2 Ж. Баласағұнның ілімі және оның көзқарасындағы болмыс мәселесі
Жүсіп Баласағұнның іліміндегі болмыс мәселесінің зерделенуі туралы айтпас бұрын, философиядағы «болмыс» ұғымы қандай мағына беретіндігін айта кетсек. Дүниедегі құбылыстар мен заттардың, процестердің өзара байланысы, өзгеруі, дамуы, оны танып білуге ұмтылу – болмыс ұғымын тудырады. Табиғат, қоғам, адамдарға тән нәрсе олардың бар екендігі және олардың өзара байланыста болуы болып табылады. Адамдардың материалдық өмірдің табиғатын белгілеуге арналған фило-софиялық ұғым. Философияның негізгі мәселесі ойлау жүйесінің болмысқа көзқарасы туралы мәселе болғандықтан, оның шешімі болмыс ұғымы ретінде алынатын мағынаға байланысты. Болмыс категориясының осы принципті маңызы оны философия ғылым ретінде пайда болған алғашқы кезеңдерде-ақ дүниеге әкеліп, оның көптеген ілімдерге негіз болды. Материалистік философияда ол сезім арқылы қабылданатын материяны, материалдық объектілірдің өмір сүруін, олардың пайда болуын және жойылуын білдіреді. Ал, идеалистік философияда болмыс идеялардың жалаң мәні ретінде көрінеді. Сөйтіп, болмыс материализмде табиғат болмысы, ал идеализмде табиғаттан бөліп қаралатын дербес ұғым [11, 21].«Онтология» терминi грек тiлiнде екi сөз тiркесiнен тұрады: «ontos» – болмыс, «logos» – iлiм. Демек, онтология грек тiлiнен аударғанда болмыс туралы iлiм дегендi бiлдiредi. Философияда бұл термин ХҮII ғасырдан бастап қолданылады, бiрақ оның сол кезге дейiнгi де тарихы бар. Екi жарым мың жыл бойы философтар әлемдегi адамның орны туралы ой толғап келдi, соның нәтижесiнде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселердiң мәнiн ашуға негiзделетiн болмыс мәселесiнiң сұрақтары қарыстырылады. Онтологияның негiзгi категориясы болмыс болып табылады.Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негiздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялардың арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткенi ол заттардың мәнiн бейнелейдi. Бұл мәндiлiк “болудың” сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелердi шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсiндiруден бастайды және бұл ойлаудың негiзгi азығы болып табылады. Дүниеге келгеннен кейiн адамды мынадай сұрақтар мазалайды: «Қоршаған орта ненi бiлдiредi?», «Оның шығу тегi қалай?», «Әлем мен адам болмысының шеткi түпнегiзi не?» [11, 40]. Болмыс туралы ең өткiр сұрақтар құдайдың құдiреттiлiгiне күмән келтiрiлiп, ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Белгiлi бiр құдайлар пантеонының бар екендiгiне, өмiрде орын алған экзистенциалдық дағдарыстық ахуалды тоқтатудағы оның үстемдiгi мен құдiретiне күмән келтiрiлетiн әлеуметтiк катаклизмдер мен әлеуметтiк сiлкiнiстер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседi. Қорғаны құдайлар мен қалыптасқан нормалар болған өмiрлiк тiреуден айрылу, тұрақтылығына ғасырлар бойы адамдар сенiп келген этикалық құндылықтардың салыстырмалығы мен субьективтiлiгi сенiмсiздiк пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан әдеттегi көзқарастардың жойылуына әкеледi. Философия болмыс ретінде ең алдымен материяның, жекелеген мәселелердің, прцестердің, адамдардың тиянақты болмысында қашанда санадан тәуелсіз өмір сүретінін көрсетеді. Бұл орайда болмыстың болмауы абсолютті түрде жоғалып кету емес, материяның бір күйден екінші күйге, яғни болмыстың ескі формасынан жаңасына ауысуы болып табылады.Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.ә. дейінгі V-VІІ ғ.ғ.) еді. Парменидтің пікірінше, нағыз болмыс – бұл әрқашан да бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өз болмысы бар. Нағыз болмыс – бұл ақыл-оймен игерілетін болмыс. Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практика-лық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс-әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік бағдарлары мен қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады. Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол аты.Адам болмысын адамдардың, олардың мекемелерінің, мұраттарының, принциптерін, теориялары мен идеяларының арақатынасынсыз елестету мүмкін емес. Табиғат, қоғам, адам және оның ақыл-ойы ұшы-қиыр-сыз,тоқтаусыз дүние ретінде өмір сүреді және бұл оның материалдық бірлігінің алғы шарты болып табылады.
Болмыс мәселесінің бірініші қыры дүние дегеніміз не? Ол қашаннан бері және қалай пайда болды, жеке заттар, адамдар тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды, олар шектеулі ме, ауыспалы, әлде өтпелі ме деген сұрақ тудырады. Осыдан келіп табиғат болмысының тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар, табиғат құбылыстары болмысының өткінші сипаты арасындағы қайшылықтары мен өзара байланысы мен бірлігі шығады. Болмыс категориясының аса маңызды жағы дүниенің өмір сүретіндігін танып білуде, дүниенің тұтас күйінде болғанын, болып отырғанын және болғандығын көрсететіндігінде. Мәселе болмыстың мынадай негізгі формалары жайында болып отыр:

  1. Табиғат және заттар болмысы, ол кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысы болып бөлінеді. Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысы және адамның өзіндік болмысы(өз болмысын және жалпы болмысты танып білу) Рухани болмыс (жеке және нақты сипат берілген рухани ұғымның болмысы). Әлеуметтік болмыс. Бұл өз алдына қоғамдағы, тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді [12, 22]. «Заттар мен табиғи болмыс” - ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс – бастапқы және адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыдан алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш – мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар – шектеулі, өткінші. Басқаша айтқанда, адамның өмір тіршілігінің, қызмет әркетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Табиғат объективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың өмірі мен қызметі де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер, яғни «екінші табиғат» та пайда болмайтын еді. Сонымен, бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көпшілігі – адамның табиғат дүниесін өзгертуінің нәтижесі. Нақты табиғи заттар мен процестер ауыспалы нәрселер, әлдебір жерде, белгілі бір уақытта өмір сүреді, басқа жерде, басқа уақытта олар жоғалып кетеді. Осыдан келіп табиғи заттар болмысы дегеніміз ауыспалы және тұрақты ұғымдардың бірлігі. Адам болмысының өзіндік сапалы мәні бар, өйткені бұл болмыстың табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар. Адам болмысының алғышарттары – оның денесінің табиғат бөлшегі ретінде, организм ретінде өмір сүруі. Адам болмысының басты ерекшелігі - ақыл-ой иесі, санасы бар, яғни тек тәннің ғана емес, жанның, рухани дүниенің иесі екендігіне. Адам табиғаттың бөлшегі, төл баласы, өлкені, сонымен бірге ол әрі тарихты, әлеуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи-қоғамдық дамудың туындысы. Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға және өздері өздеріне әсер етуге, өзгеріп, түрлендіруге қабілетті. Осыған қоса олар өз болмысын және жалпы болмысты танып біледі, «болмыстың тағдыры» үшін дабыл көтере алады. Осыдан келіп әрбір адамның адамзат тағдыры үшін, табиғатты, тұтас жер планетасының қорғау үшін жауапкершілігі туындайды. Адам жасаған, адамның белгілі бір еңбегі білімнің туындысы болып табылатын заттар табиғаттың алғашқы ақиқатына сүйенеді. Табиғи-рухани - әлеуметтік ақиқат, өркениеттің материалдық және рухани өндірісі, адамның өмір сүруіне сөзсіз қажет нәрсенің бәрі осыдан келіп шығады. Сөйтіп адам болмысы – табиғи және оның өзі жасаған болмысы – табиғи және оның өзі жасайтын заттар мен рухани игіліктер дүниесіндегі болмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет