Сарыпбекова газиза сейтанкызы



бет8/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
сарыпбекова газиза

Рухани болмыс” - өмір сүру мен көрінісінің нақты түрлері жөнінен әр түрлі болып келетін сана мен санасыздық процестерін қамтитын көптүрліліктің біртұтастығы. Оған табиғи тіл мен таңбалық жүйелер түрінде іс жүзіне асырылған, материалдандыырылған білім кіреді. Сонымен қатар, адамдар арасындағы қатынастардың, ізгіліктің, шығармашылық пен құқылық өлшемдері мен процестері қатарына жатады. Рухани болмыс екі топқа: дербестенген руханилық және объектив-дендірілген руханилық деп бөлуге болады. Біріншісі – дараланған адамның санасы, өйткені ол нақты адаммен бірге пайда болып, бірге өмір сүреді, сыртқы дүниені бейнелейді. Сана арқылы адам табиғи және әлеуметтік ортадағы өз орнын, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтап, өз ойларын мен сезімдерін аңғарып, бағдарлайды. Ал екіншісі объективтендірілген рухани болмыс жеке адамдардың санасынан тысқары өмір сүреді және міндетті түрде материалдық құбылыстардан көрініс табады. Әлеуметтік болмыс - әлеуметтік философтардың ұғымында мәдени-өркениетті әрекеттің объективті жалпы бағыты ретінде, индивидтің өмірқамы бағыты ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысының күрделі ұйымдасқан үдерісі және индивид санасының интеллектуалды-адамгершілік бағдардағы нақты формасы ретіндегі руханилық болмысының стихиясы мен онтологиясы. Сонымен, әрбір мәдениет адамзат баласының рухани интенцияларын өн бойына қорыта отырып, философияда өзінше ереке көрінеді, әлемдегі адам болмысын пайымдаудың әртүрлі теориялық формаларын береді. Дүние бар екендігіне қарамастан, ол әр түрлі онтологияда әр түрлі концепциясымен көрінеді. Осылайша, философия болмыстың мәнділігін(оны құрайтын әр түрлі заттар, құбылыстар, жағдайлар, деңгейлер және т.б.) игерумен, әлемге деген адами қатынас мәнділігін және ондағы адам орнынының мәнділігін танумен айналысады.
Қалыптасқан экзистенциалды тығырықтан шығу жолын болмысты рационалды түрде негiздей отырып, оның шынайылығына сенiмдiлiк бiлдiретiн философия көрсетедi. Болмысты рационалды негiздей отырып, философия осыған дейiн өмiр сүрiп келген мифтiк-дiни тәжiрибеге философиялық рефлексия жасай отырып, дүниетанымдық мәселелермен айналысады. Осы уақытқа дейiн пайымдалмай келген болмыс осы жерде орны бар мәндiлiк ретiнде зерделене басталды. Болмыс мәселесi – бұл өзiнiң бастауын адамзат баласының қоршаған орта туралы дiни иллюзиялардан (сағымдардан) бас тартқан кезiнен алатын философиялық рефлексиялардың бiрi. Философияның қалыптасқан кезiнен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық-мистикалық көзқарас шеңберiнен шығып, оның мәндiлiгiне алғаш рет үңiле бастады. Дамыған теориялық рефлексияның арқасында адам нақты әлем туралы, өзi туралы, өзiнiң нақты жағдайы мен мақсаты, өзiнiң әлемдегi нақты рационалдық үстемдiгiнiң мүмкiндiктерi мен шектерi туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады.Философияның арқасында адам өз құдiретiнiң жаңа формасына ие болады. Бұл көзқарас бастапқыда адамға қуанышты әсер еттi, кейiнiрек әлемге деген астамшыл қатынасты қалыптастырса, ал ХХ ғасырдың соңына қарай адам ол қатынасын жоғалтып, негативтi бағалауға көштi. Бiрақ бұл келешекке қарамастан, бастапқыдағы ақыл-ойдың құдiретiне деген сенiм мен сүйенiш адамға рухани еркiндiк пен белсендi әрекет сыйлады. Әлемге деген мұндай белсендi әрекеттiк және рационалды қатынас болмыстағы белгiлi бiр тұрақты және қажеттi нақтылық туралы ойға бүтiндей негiздедi. Бұл ой әлемде белгiлi бiр заңдылықтың, тәртiптiлiк пен үйлесiмдiлiктiң бар екендiгi туралы идеямен тығыз байланысты болды және философияның көмегiмен негiзделдi. Ал адамның тұрақты және реттiлiкпен өмiр сүруiне кепiлдiк беретiндей нәрсе, әрине, ақыл-ой болып табылады [13, 23]. Әлем мен Адамның тұрақтылығының кепiлi өз-өзiне жеткiлiктi және универсалды абсолюттiк ақыл-ой болып табылады. Бұл абсолюттiк ақыл-ой әлемдегi тұрақтылықтың, тiреудiң және реттiлiктiң негiзi ретiндегi абсолюттiк болмыстың бар екендiгiн айғақтайды. Осы болмысты зерде арқылы пайымдауға мүмкiндiк беретiндей абсолюттiк ақыл-ой Тұтастық пен Универсалдылықтың кепiлi бола алады. Ал ойдағы болмыстың өзi тұтас және ажырамас, нағыз және мәндiлiк ретiнде қалыптасады. Бiрақ осындай сипаттамасыз болмыс та, ақыл-ойдың өзi де жоқ. Абсолюттiк ақыл-ой ретiндегi философияның өзi барлық жалпылық туралы рефлексия, Әлем мен Адам, олардың арақатынастарына абстракциялық деңгейде рефлексия жасау. Мiне, дәл осындай негiз ақыл-ойды құрылымдауға (конструирование) мүмкiндiк бередi, яғни болмыс туралы тек оған деген ойша көзқарас арқылы пайымдауға жағдай жасайды. Болмыстың бар екендiгi туралы тек рефлексия арқылы, ол туралы абстракциялық ой-толғау арқылы ғана көз жеткiзуге болады. Егер абсолюттiк ақыл-ой болса, онда ой арқылы болмыстың өзiн жете игеруге және ол туралы түйiндер жасауға болады. Болмыс туралы абстракциялық-пайымдық көзқарас оның уақыттан, сезiмнен тыс екендiгi, оның жойылмайтындығы туралы шарттармен толықтырылады және оны тек зерделеу тәсiлiмен, яғни философиялық рефлексиямен ғана игеруге болады. Демек, болмысты игеру барлық жалпылық деңгейiнде мүмкiн болады. Және адам осы философиялық рефлексиялау қабiлетi арқылы осы барлық жалпылықты мойындағандықтан, бұл таза ақыл ретiнде адамның әлем туралы көзқарасына оның реттiлiгi, заңдылығы және қажеттiлiгi туралы идеяны қосады. Құдайдың құдiретiне күмән келтiрген адамдардың ең бастапқыдағы азапты iзденiстерi осы абсолюттiк бастау идеяларымен байланыстылығы бекерден-бекер болмаса керек. Олар бұл өзiндiк универсалдылыққа өзiн-өзi саналы түрде сезiну арқылы, субъективтiлiкке ие болу арқылы жеттi, ал оны бiрегейлендiру таза ақыл болып табылады. Ақыл-ойдың болуы мен оның болмысына деген сенiмдiлiкке ие болу адамға өзiнiң болмысында және әлем болмысында рухани күш-жiгер бередi және өзiн, санасын және қоршаған ортаны өзгертуiн, әрекет етуiне жағдай жасайды.
Ал өз ойы мен жоспарын, сыртқы құрылымды өзгертудегi өз әрекетi мен актiн жүзеге асыру үшiн адам әлемге деген көзқарас тәсiлi бейнеленетiн және ондағы адам болмысы анықталатын философиялық онтологияны дайындап шығаруы тиiс. Әлемдегi адам болмысының тәсiлi және әлемге қатынас типiндегi оның бейнелену тәсiлi онтология болып табылады және одан бүкiл адам әлемi туындайды. Демек, әлемдегi Адамның позициясы көбiне социомәдени нақтылықты, яғни Адам әлемiн пайымдау мен қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.Ойшылдар адам бойынан Әлемге тән белгілер мен қасиеттерді таба бастады. Ортағасыр ойшылдарының еңбектерінде Ғалам, табиғат және адам арасындағы байланысты ұқсас, шамалас сипаттарды көріп, соны жеткізуге тырысты. Жүсіп Баласағұн осы бағытты ұстанған ұлы түркі ойшылдарының бірі болды. Ойшыл Әлемдік құрылымды, адамдарға тән іс-әрекетті жеткізуде космогония мен космологиялық танымды қолдана отырып, адам өмірінің табиғат заңдылықтарымен біте қайнасқан бірлігін көрсете алды. Орта ғасырда адамның табиғатқа қатынасы, оның субъект пен объект арасындағы байланысына емес, ең алдымен, адамның қоршаған ортада өзін тануы, космосты субъект ретінде қабылдауын көрсетеді. Адам өзін қоршаған әлемнен өз бойында бар қасиеттерді тани бастады, одан жеке тұлғаға тән белгілерді көре отырып, адам өзін әлемнің бір бөлшегі деп қабылдады. Әлем мен жеке тұлға біртұтас, бір-бірімен байланысты дүние ретінде таныладың [14, 24]. Жүсіп Баласағұн өз шығармасын Әлем мен дүниенің жаратылуын сипаттаудан бастайды:
Алла атымен айттым сөздің әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Құрметі көп, шүкіршілік мың да бір,
Еш зауал жоқ, хаққа лайық кіл қадір…
Жаратты ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,
Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.
Тіледі де, жаратты бар болмысты,
«Бол!» –деді де бірден бәрін болғызды .
Бұл өлең жолдарында тәңір құдіреттілігінің бар болмысы – айды, күнді, жерді, көкті жаратқандығы баяндалып, тәңірдің сандық қатынас-тардан, кеңістік пен уақыттан тыс екендігі, көзден жырақ, бірақ көңілге жақындығы ескертіледі. Оның еш жерде тұрағы жоқ, ол мәңгі табиғаттың барлық құбылыстары тауы, орманы, көлі - бәрі құдіреттің жасампаздық әректінің ізі, суреті екенін айтты. Әлем құрылымының орталығы – жер, одан әрі жеті планетаның жұлдыздар орналасқан белдеуі бар. Жер сияқты олар да қимылсыз. «Құтадғу білікң шығармасында Сакантір (Сатурн), Оңай (Юпитер), Күрүд (Марс), Иашик (Күн), Сәбит (Венера), Арзу (Меркурий), Иалчик (Ай), сияқты жеті жұлдыздың атауы берілген:
Секантр бәрін ең үстінен айналар,
Бір бұрұжда екі жыл, сегіз ай қалар.
Сонсоң Оңай болар екінші орында,
Он және екі ай уақыты бар оның да.
Үшіншісі Күрүд, көк мұз қасарған,
Жақындасса, құрыр жасап, жасарған.
Төртінші Күн жарық шашқан ғаламға,
Жылу жарық төгер жақындағанға.
Бесіншісі Сәбит, нұрлы жұзін бұрғанда,
Сүйенерсің, тыншып қандай мұңнан да!
Одан кейін Арзу тілек келеді,
Жақындасаң, бар тілегің береді.
Бұлардың алдын Иалчык жүріп, шолады.
Күнмен қарсы келсе, жайнап толады.
Жаратылыс тілін ғарыш денелеріне қарап түсіну, оның көмегімен табиғат заңдылықтарын шешіп, ғарыштан әлем жұмбақтарына бойлау ежелгі түркілердің таным дүниесінің ерекше таным үрдісі болып табылады.Жүсіп Баласағұн космологиялық жүйесінде жаратқанның көкте тізіл-ген жұлдыздарының ішінен он екісін бөліп алады да, үш-үштен төрт мезгілге бөледі. Сонымен, көктем жұлдыздары - Қозы, Уд, Әрәндіз, жаз жұлдыздары-Қушық, Арыстан, Бұғдай, күз жұлдыздары - Үлгі, Чадан, Иа; қыс жұлдыздары–Оғлақ, Көнәк, Балық. Олардың үшеуі - су, үшеуі - жел, үшеуі - от, үшеуі – топырақ. Оларды толығымен бірізділікке мәжбүр ететін жаратушы Хақ:
Үші – көктем, үші – күздің жұлдызы,
Үші - қыстың, үші жаздың жұлдызы.
Үшеуі - су, үшеуі - жел, үшеуі - от,
Үш – топырақ; жаһан туған түгел боп!
Үш от, үш су, үш жел түгел таралды,
Үш топырақ - ғалам солай жаралды.
Бірі-біріне жаулар бұлар өлгенше,
Жауды жауға салып қойған сөнгенше…
Қатыспас жаулар, іштей тынып жарасқан,
Көріспес жаулар, өшін бүгін тарасқан.
Жаратушы хақ жаратты апарып,
Жаратты да, жарастырды қатарын
Аталған өлең жолдарында Жүсіп Баласағұн үштік қағида арасындағы қарама-қарсылықтың тұтаса келіп, татулық тапқанын баяндайды. Дәл сол үштік қағиданың жақындасуы нәтижесінде Әлем мен өмір пайда болды. Үштік қағида ұстанымын дамуға негіз болатын процесс деп қарауға болады. Осылайша, Жүсіп Баласағұн дүниенің бастауын от, су, ауа, жер апаттарының бірлігінен туындайды деп қарайды. Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы космологиялық проблемалар Әл-Фараби, Бируни еңбектеріндей толық, әрі терең зерттелген емес. Оны әсіресе, дүниенің жаратылысы мен адам тірішілігінің пайда болуы айрықша толғандырады. Қоғамды, адамды, табиғатты тану ілімінің құрамдас бөлігі деп қарастырылды. Бұл концепция ортағасырлық ұғым-түсінікке тән ерекшелік деп қаралды.
Жүсіп Баласағұн табиғаттың төрт негізін қарастыра отырып, адам мәселесінің де төрт тұғырын тапқырлықпен көрсеткен. Олар - Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат ретінде аталды және бұл қасиеттер «Құтадғу білік» шығармасындағы төрт кейіпкерінің бойына жинақталды:
Кітабында талай жайды айтады ол,
Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар:
Бірі оның - шындық жолы, Әділет,
Екіншісі - құт пен ырыс, Дәулет.
Үшіншісі - Ақыл менен парасат,
Төртіншісі - ұстамдылық, Қанағат .
«Төрт тұғырлық» өлшемдік қағида «Құтадғу біліктің» құрылымдық арқауы болып табылады. Бұл шығармада қоғамдағы, өмірдегі үйлесім осы төрт нәрседен тұрады. Олар төрт кейіпкердің атымен аталады: Күнтуды-Әділет, Айтолды-Бақыт, Өгдүлміш-Ақыл, Одғұрмыш-Қанағат. Шығарма осы төрт кейіпкердің сұрақ жауабына құрылды. «Құтадғу білік» шығармасындағы кейіпкерлері атының Күн, Ай планеталары болып келуі, олардың көне замандағы есімдер екенін білдіреді. Біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі адамдардың космогонияның түсінігіне алынған. Қорыта айтқанда, Жүсіп Баласағұнның Әлем, Қоғам және Адам мәселелерін зерделеуі адам өмірі мен табиғат заңдарының ортақтығы жайлы еріксіз ой туғызады. Ойшыл өз шығармасында адамның сыртқы көрінісі мен космостан үйлесімділік іздеді. Ол үйлесімділікті Ғаламнан бөліп алуға кел-мейтін қасиеті деп таныды. Алайда, оның танымында сол үйлесімді-ліктің пайда болуының негізін белгісіздікке ұластыруын әлемнің шексіздігіне ден қою екендігін аңғарамыз. ХІ ғасырда өмір сүрген көрнекті ақын, энциклопедист ғалым, философ Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі сол замандағы ресми араб тілінде емес, түрік тілінде жазылған философиялық, исламдық дүниетанымын көрсететін рухани, мәдени-эстетикалық қазына. Бұл дидактикалық дастан төрт принципке негізделіп жазылған:әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат пен қанағат. Аталған принциптерді төрт кейіпкердің (Күнтолды, Айтолды, Өгдүлміш, Оғдүрміш) диалогы мен іс-әрекеті арқылы «құтты қоғам» мен «құтты адамның» келбетін көрсетеді. «Құтты білікті» белгілі түркітанушы А.Кононов философиялық шығарма деп бағаласа, ал А.Қасымжанов «Құтты білік» арқылы Жүсіп Баласағұн дүниетанымының философиялық, шамандық, исламдық үш негізін атап көрсетеді. Әрине, Исламға дейінгі көшпелілердің тірегіне айналған Тәңірлік дін қысқа уақыттың ішінде халықтың жадынан мүлдем ұмытылуы мүмкін емес еді. Сондықтан да, ақын шығармасында Тәңірлік дүниетанымның сарындары көрініс табу заңды. Мысалы, кейіпкердің атының күн, ай секілді дүниелермен ойластырылып қойылуының өзі тәңіріні пір тұтқан түркі жұртының наным-сенімін көрсетеді. Ал, ақынның философиялық көзқарасы - түркі мәдениеті мен ислам мәдениетінің негізінде жатқаны сөзсіз. Дүние жаратылысы адамзатты толғандырып келе жатқан мәселелердің бірі. Ойшыл-философ бұл тұрғыда ежелгі философтардың дәстүрлерін жалғастыра отырып, ол төрт материалдық дененің (үш жер,үш ауа, үш су және үш от) араласуынан жаралды деп тұжырымдайды. Ал осы жаратылысты жаратқан Жаратушыға сену исламдық көзқарасын аңғартады. Сонымен қатар, Жүсіп Баласағұнның аталған еңбегінде аспан әлемін зерттей отырып планета (Секантр- Сатурн, Оңай-Юпитер, Көрүд-Марс, Иашын-Күн, Севіт-Шолпан, Арзу –Меркурий, Йалчык -Ай), 12 шоқжұлдыздың орналасуы мен қозғалу заңдылықтарын да зерттейді.Гносеология саласында философ сананың пайда болуы мен мәні туралы, ақыл мен білімнің адамдар өміріндегі рөлі туралы жемісті ойларын жеткізді. Оның тұжырымдамасы бойынша ақыл адамды білім нұрымен сәулелендіреді. Мысалы:
Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,
Білім — жарық, нұрын саған шашатын.
немесе
Ақыл, сенің антасқан нақ жолдасың,
Білім, сенген мейірімді қандасың, -деген өсиет сөздерінен ақыл мен білімнің адамзат өміріндегі маңызы айқындыла түседі [15, 25]. Дүниенің құпиясын ашудың кілті де, бақыт та, байлық та, даналық та, адамгершілік те білімде деген ойларын өз еңбегінде үнемі жеткізіп отырады. Бұдан басқа, адамгершілік қағидалары мен қоғам мүшелерінің қызметі, олардың рөлі, бойында болу керек қасиеттер т.б. мәселелер кеңінен қозғалған. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» мұрасы түркі әлемі мәдениетінің дамуына үлкен әсер етті. Ойшылдың шығармасы әлемдік әдебиеттің маңызды бөлшектерінің бірі ретінде бүкіл адамзат пен қоғамның дамуына шамшырақ болатын шоқтығы биік туынды. Бұл поэзиялық шығарманың философиялық негіздері әлі де жіті назар аударуды, зерделеуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет