Саркомастигофоралар типі


Өсімдіктектес талшықтылар – Phytomastigina



бет3/5
Дата08.02.2023
өлшемі2.78 Mb.
#469287
1   2   3   4   5
Саркомастигофоралар типі (2)

Өсімдіктектес талшықтылар – Phytomastigina
  • эвгленалар - Euglenoidea;
  • хризомонадалар - Chrysomonadina;
  • сауыттылар - Dinoflagellata;
  • фитомонадалар - Phytomonadina.

ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ:

Хризомонадалар отряды – Chrysomonadina

Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар, тұщы суларда және теңіздерде тіршілік етеді. Хроматофоралары диск тәрізді сарғыш қоңыр түсті болып келеді. Ассимиляция нәтижесінде - полисахарид-лейкозин пайда болады. Бірнеше колониальды түрлері бар, соның ішінде тұщы суларда кездесетін бұтақ тәрізді колония Dinobryon және шар тәрізді - Synura туыстары.


Сауыттылар отряды – Dinoflagellata
Өкілдерінің басым көпшілігінде клетчаткадан құралған сыртқы сауыты болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін орналасқан, екіншісі денесін орап жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары, кейде жасыл түсті болып келеді. Кейбір түрлері хлорофилл дәндерін жойып гетеротрофты жолымен қоректенуге көшкен (Noctiluca туысы). Ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Тұщы суларда, теңіздерде, судың жоғары бетінде қалқып жүріп тіршілік етеді, сол себептен денесінде көп өсінділер жетілген. Негізгі туыстары: Peridinium, Ceratium, Noctiluca

Phytomastigina

  • Эвгленалар отряды – Euglenoidea
  • Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік етеді. Денесі ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді. Денесінің алдыңғы жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді козғалыс жасайды

  • Фитомонадалар отряды – Phytomonadina

  • Жасыл түсті, екі талшықты, автотрофты, не миксотрофты, тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін қарапайымдылар. Хроматофоралары тостағанша, ассимиляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Кейбір түрлері Chlamydomonas braunii, Ch. steinii бір клетка құрылысты, ал басым көпшілігі клетка жиынтығынан құралған колония түзейді. Клеткаларының құрылысы эвгленаға өте ұқсас, айырмашылығы - екі талшықтың болуында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет