Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға және лицензиялауға рұқсат беру туралы



жүктеу 211.64 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі211.64 Kb.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға және лицензиялауға рұқсат беру туралы


Лицензиар

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі Комитет)

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы

050000, Алматы қ., Әйтеке би көш., 67

тел: 7 (3272) 788–104



Web-сайт: www.afn.kz

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға және лицензиялауға рұқсат алу жөніндегі құжаттар тізбесі

I. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру туралы Заң) 27-бабында және 2007 жылғы 30 сәуірдегі 122 Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде (бұдан әрі – Ереже) көзделген құжаттар беріледі, нақты айтқанда:

  • Ереженің 2-қосымшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру жөніндегі өтініш;

  • нотариатта куәландырылған және заңнамада белгіленген тәртіпте ресімделген құрылтай құжаттарының төрт данасы (жарғы, құрылтай шарты);

Ереженің 10-тармағына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысының барлық даналарының сыртқы бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында мынадай жазу болуы тиіс: «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен келісілді.

Төрайым (Төраға) (Төрайым (Төраға) орынбасары) _____________________».

Осы құжаттар уәкілетті органның мөрімен бекітіледі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының келісілген жарғысының бір данасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды ісіне тігіледі. Қалған даналары өтініш иесіне әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өту үшін қайтарылып беріледі.

  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;

  • құрылтайшы заңды тұлғалардың заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгендігін нотариатта куәландырылғандығын қосқандағы құрылтайшы - заңды тұлғалар (сондайлар бар болса) туралы мәліметтер; нотариатта куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері; аудиторлық ұйым растаған соңғы аяқталған екі қаржы жылының қаржылық есептілігі, Ереженің 4-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсыну алдындағы аяққы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік баланс және кірістер және шығыстар туралы есеп;

  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын дереккөздер мен ақша сомасын қосқандағы құрылтайшы – жеке тұлғалар (сондайлар бар болса) туралы мәліметтер, сондай-ақ экономикалық қызмет аясында, Ереженің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де жасалған қылмыстары үшін белгілі тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

  • құрылтай­шылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, оның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі , уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуе­келдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс;

Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспары актуариймен бекітіледі және тігілген нөмірленген бір данада беріледі;

  • өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.

II. Сақтандыру қызметіне лицензия алу үшін Сақтандыру туралы Заңның 37-бабында және Ережеде көзделген мынадай құжаттар беріледі, нақты айтқанда:

1) сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезінде (Ереженің 9-қосымшасына сәйкес) ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;

2) бюджетке лицензиялық алымның төленгендігі туралы құжат;

3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәлігінің көшірмесі;

4) статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің көшірмесі;

5) енгізілген барлық өзгерістері мен толықтырулары (осындайлар бар болса) бар жарғының нотариатта куәландырылған көшірмесі;

5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;



6) барынша төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғы капиталының төленгендігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

  • Уәкілетті орган белгілеген сақтандыру ұйымының жарғы капиталының барынша төмен мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар болып төлем құжаттары (төлем тапсырмалары, кіріс касса ордерлері), құрылтайшылардың, акционерлердің төлегендерін растайтын ағымдағы банктік шоттың үзінді көшірмесі, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігі табылады (Ереженің 17-тармағы).

7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелері;

Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерінде мыналар айқындалуы тиіс:

  • шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;

  • ішкі аудит пен басқа тұрақты іс-қимыл жасайтын органдардың құрылымы, мүшелерінің саны, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;

  • техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқару жөніндегі сақтандыру ұйымының саясатын ашатын тәуекелдерді басқару жүйесі;

  • шаруашылық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерді қоспағанда, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;

  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің оның атынан немесе оның есебінен мәмілелерді жүзеге асыру кезіндегі өкілеттіктері;

8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп;

9) өтініш иесінің штатында актуарийдің бар екендігі жөніндегі мәліметтер;

10) ішкі аудит қызметі туралы ереже;

Сақтандыру ұйымының ішкі аудит қызметі туралы ережесінде мынадай мәліметтер болуы тиіс:



  • ішкі аудит қызметі құрылымы туралы ақпарат;

  • ішкі аудит қызметі міндеттері мен функциясы;

  • ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;

  • ішкі аудит қызметінің басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара қарым-қатынас жасау тәртібі жөніндегі ақпарат;

  • сақтандыру ұйымының атқарып отырған қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып, сақтандыру қызметінің барлығын немесе бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі.

11) егер сақтандыру ұйымының осындай ұйымға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленсе, сақтандыру ұйымы еріксіз таратылған жағдайда, міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің төленетіндігіне кепілдік беретін ұйымның қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшірмесі;

12) міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауды растайтын құжаттарды табыс етеді.

Осы тармақта жазылған талаптар жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.



III. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға Сақтандыру туралы Заңның 37-бабының 2-тармағында және Ережеде көзделген мынадай құжаттарды береді:

  • өтінішті (Ереженің 9-қосымшасына сәйкес);

  • актуарий қол қойған сақтандыру сыныпы (сыныптары) бойынша бизнес - жоспарды;

Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес – жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:

1) мыналардың негізгі сипаттамалары:

сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;

сақтандыру портфелі құрылымындағы сынып үлесінің;

сақтандыру сыныбы бойынша (нарық ауқымы, әлуетті сақтандырушылар, географиялық орындар) нарық сегментінің;

сақтандыру сыныбы аясында сақтандыру өнімдерін сату тәсілдерінің;

2) сақтандыру тарифтері есебі тәртібіне және олардың экономикалық негіздемелеріне қойылатын талаптар;

3) осы сақтандыру сыныбы бойынша жуықтағы екі жыл ішіндегі кірістер, шығыстар, сақтандыруды осы сыныбы бойынша резервтері туралы болжамдар, шығындар болжамы, мейлінше нашар және мейлінше жақсы жағдайлардағы тәуекелдерге баға беру, пруденциалдық нормативтерді сақтау болжамы;

4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері);

5) инвестициялық саясат.

Актуарий қол қойған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда Сақтандыру туралы Заңның 37-бабының 3-тармағында көзделген ақпарат болуы тиіс және ол уәкілетті органға тігілген және нөмірленген түрде бір данамен ұсынылады. Бизнес-жоспардың соңғы бетінің қайырма жағы сақтандыру ұйымының мөрімен расталады.

Инвестициялық саясат туралы ақпаратта мынадай мәліметтерді ашу негізделеді:

- инвестициялау мақсаты;

- инвестиция типтері және активтер сапасын бағалау диверсификациясын қосқанда, инвестиция портфелін және оның кірістілігін қалыптастыру;

- активтер типтеріне, сондай-ақ қаражатты сырттан тартуға қатысты инвестициялық шектеулер;

- инвестициялық саясатқа жауапты ұйымның тұлғалары.

Сақтандырудың бірнеше сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқығына лицензия алуға өтініш беру кезінде сақтандыру сыныптары бөлігінде бір бизнес-жоспар беріледі.


  • егер сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдарға қатысу міндеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген болса, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыруға кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымына қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшірмесі.

  • лицензиялық алымның төленгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі.

IV. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу үшін мынадай құжаттар беріледі:

  • 1) өтініш (Ереженің 9-қосымшасына сәйкес);

  • 2) сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған, жуық арадағы екі жыл ішінде қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру бойынша бизнес - жоспар;

Сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған, жуық арадағы екі жыл ішінде қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру бойынша бизнес – жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:

- қайта сақтандыруға тәуекелдерді беру кезінде:

сақтандыру сыныптары бойынша негізгі нысандар (факультативті, облигаторлық, факультативті-облигаторлық) және қайта сақтандыруға қатысу әдістері/түрлері (теңбе-тең, теңбе-тең емес), олардың арасындағы ара-қатынастар;

қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау критерийлері (рейтинг, капитал мөлшері және активтер деңгейі, қызметті жүзеге асыру үшін тиісті қадағалау органының лицензиясының болуы;

қайта сақтандыру ұйымының тұрақтылығы: компанияның нарықтағы уақыты және жұмыс тәжірибесі, тұрғылықты орны, ел тәуекелдерінің болуы; қайта сақтандыру ұйымының іскери әлуеттілігі: қызмет түрлері бойынша талдау жасау, ірі төлемдер бойынша талдау жасау, клиенттермен өзара қарым-қатынасы, баспасөздегі теріс немесе оң жарияланымдардың болуы);

қайта сақтандыру ұйымының қызметіне бақылау жасау жүйесі, қайта сақтандыру талаптарын сақтауды қамтамасыз ету қалай жүзеге асатын болады;

қарым-қатынас жасау болжалданып отырған қайта сақтандыру ұйымының атауы. Шетелдік қайта сақтандырушылардың болжалданып отырған үлесі;

- қайта сақтандыру тәуекелдерін қабылдау кезінде:

қайта сақтандырушыларды бағалаудың негізгі критерийлері: қызметті жүзеге асыруға тиісті қадағалау органының лицензиясының болуы, қайта сақтанушыдан сақтандыру тәуекелдерін қабылдап отырған мамандардың кәсіби деңгейі, ірі төлемдер бойынша талдау жасау, баспасөздегі теріс немесе оң жарияланымдардың болуы, қайта сақтандырушы ұйымға экономикалық ықпал ету шараларының болуы, осы ұйыммен бұрынғы жағымсыз жұмыс тәжірибесі;

қайта сақтандыру бойынша ұйым портфелін сипаттау (сақтандыру түрлері бойынша, әр түрі бойынша үлес салмағы, сақтандыру сомаларының лимиттері, қайта сақтандыруға беру талаптары).



3) сақтандыру ұйымдарының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімдерін ашатын ішкі ережелері;

Директорлар кеңесі бекіткен қайта сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау жөніндегі ішкі ережелер мыналарды анықтайды:

- тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшенің құрылымы, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері;

- сақтандыру ұйымының тарифтік саясатына сәйкес сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау осы құрылымдық бөлімшенің басшысы мен қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері;

- сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау кезінде бағалау тәртібіне қойылатын талаптар;

- бизнес-процесстерді сипаттау (құжаттардың жүру тәртібі және қайта сақтандыру бойынша қол қойылған шешімдер қабылдау рәсімдері);

- өзге де мәселелер (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қарауы бойынша).

4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.


Біліктілік талаптары

I. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде.

  • Ірі қатысушылар үшін: Сақтандыру туралы Заңның 26-бабын орындау қажет.

  • Қазақстан Республикасының резиденттері емесінің құрылтайшылары үшін:

Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алудың рұқсат етілгендігін растайтын өз мемлекетінің тиісті сақтандыру органының құжатын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай шешім талап етілмейтінгі туралы құжатты тапсыруы міндетті.

Шетелдің мемлекеттік органы берген Қазақстан Республикасының резидент емес құрылтайшысының құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылады.



  • Қаржы ұйымдарының еншілес ұйымдары үшін:

Заңнама бойынша еншілес ұйым құру үшін рұқсат алу қажеттігі көздеген және еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрғалы отырған қаржы ұйымы Сақтандыру туралы Заңның 32-бабының 4-тармағында көзделген құжаттарды береді, еншілес ұйым құруға немесе сатып алуға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға рұқсат алудың тәртібі Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншіле ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесiнде айқындалады.

II. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту мына негiздер бойынша жүргізіледі:

1) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1-3-тармақтарында аталған талаптарға сәйкес келмеуі;

2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;

3) уәкiлеттi органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлуі;



4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;

5) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;



6) құрылтайшы-жеке тұлғаларда, атқарушы органның не құрылтайшы-заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы.

III. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі

қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге

асыру құқығына лицензия беруден бас тарту мына негіздер бойынша жүргізіледі:

1) Сақтандыру туралы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;

2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін  жүгінбеуі;

3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

4) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету;

5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерді келіспеу (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін).

IV. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия алу үшін мыналарды жасауы қажет:

1) Сақтандыру туралы Заңның 37-бабында белгіленген талаптарды сақтау;

2) қосымша сақтандыру сыныптарын алғандықтарын ескеріп, пруденциалдық нормативтерді сақтау болжамы;

3) өтініш берген күнге дейінгі соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңі аралығында пруденциалдық нормативтерді сақтау;

4) өтініш берген күнге сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкциялардың болмауы.

- «Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен, сондай-ақ Сақтандыру туралы Заңның 6-бабының 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген сақтандыру сыныптары шегіндегі сақтандыру тәуекелдерінен басқа, сақтандырудың міндетті нысанымен біріктіріле алмайды.

V. Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу үшін Сақтандыру туралы Заңның 37-бабымен белгіленген талаптарды сақтау қажет.



Қайта сақтандыру лицензиясы негізінде айырықша қызмет түрі ретіндегі қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларындағы барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

Жарғылық капитал

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына сәйкес.

Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғы капиталының барынша төмен мөлшері мынаны құрады:

«жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде - 430 (төрт жүз отыз) миллион теңге;

«өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензия алған кезде - 670 (алты жүз жетпіс) миллион теңге;

«жалпы сақтандыру» саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 450 (төрт жүз елу) миллион теңге;

«өмірді сақтандыру» саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 690 (алты жүз тоқсан) миллион теңге;

қайта сақтандыруды айырықша қызмет түрі ретінде жүзеге асыра отырып, қайта сақтандыру бойынша лицензия алған кезде - 530 (бес жүз отыз) миллион теңге.

2. Жаңадан құрылған сақтандыру ұйымы үшін «ипотекалық сақтандыру» сыныбы бойынша жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері 800 (сегіз жүз) миллион теңгені құрайды.

Осы тараудың талаптары уәкілетті орган беретін лицензия негізінде өзара сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына таралмайды.

Рұқсат беру мерзімдері

Сақтандыру туралы Заңға сәйкес, бірақ өтінішті қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайтын уақыт аралығында уәкілетті орган сұратқан соңғы құжатты өтініш иесі берген күннен бастап үш ай ішінде.

Лицензияны беру мерзімдері

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық пакетін берген күннен бастап 30 жұмыс күн.

Лицензиялық алым

«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызмет » - 50 АЕК

«Жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет - 50 АЕК


Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет – 20 АЕК

(Салық кодексінің 471-бабы)



Жан –жақты қарау

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214 ҚР Заңы

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 126-II Заңы

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының №415-II Заңы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)

Қазақстан Республикасының Кодексі



«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы»

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446- II Заңы



«Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444-II Заңы

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наруыздағы N 533- II Заңы

«Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30-II Заңы

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысы

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншіле ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 50 қаулысы.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 20086 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесі.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет