Сақтандыру курсына кіріспе. Сақтандыру курсының маңызы



бет4/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.65 Mb.
#14472
1   2   3   4

Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері:



  1. жарғылық және өз капиталының тұрақтылығының ең аз мөлшерін;

  2. активтердің құны және олардың әрталаптандырылу мөлшерін;

  3. сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелердің мөлшерін;

  4. төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін;

  5. сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын;

  6. көрсетілген сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің рентабельділігін (пайда келтіруін);

  7. жүзеге асыратын инвестициялық саясаттың тиімділігін қамтиды.

Сақтандырушылар мен сақтанушылардың мүдделеріне қатысты Ұлттық банктің лицензия беру немесе оның күшін жою т.б. қатысты шешімі сол мүдделі жақтардың бастамасымен сота қайта қаралуы мүмкін.

Сақтандыру қатынастарына біріншіден сақтандырушылар мен сақтанушы, екіншіден басқа заңды және жеке тұлғалар- сақтандырылғандар, сақтандыру агенттері, брокерлер, банк мекемелері, қаржы, салық, құқық қорғау ұйымдары, мемлекеттік билік ұйымдары және т.б. қатынасады.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:


  1. Өтелмеген несие алушының жауапкершілігін сақтандыру.

  2. Қарыз алушының несиені төлеу қабілеттілігін бағалау.

  3. Сақтандыру келісімінің жасалу тәртібі, сақтандыру жағдайы кезінде екі жақтың жауапкершілігі мен міндеттері.

Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету

  1. Сақтандырушылардың қаржыларын ұйымдастырудың жалпы қағидалары.

  2. Сақтық қорғауын қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымдарының ақша айналымын айналым қаражытына бөлу және де сақтандыру қызметін ұйымдастырумен байланысты қаржы айналымы.

  3. Сақтыққорғауды қамтамасыз ететін, ақша қаражаттарының айналымының ерекшеліктері.

Сақтандыруды жүргізуге байланысты барлық құқықтық қатынастарды 2 топқа бөлуге болады: сақтандырудың өзін реттеуші құқықтық қатынастар, яғни сақтандыру қорларын жасау және пайдалану процесі және де сақтандыру ісін ұйымдастыруға орай пайда болатын құқық қатынастары, яғни сақтанатын банк мекемелерін, бюджеттен, мемлекеттік басқару ұйымдарымен, бақылау және реттеу органдарымен өзара байланысты қатынасты құқық қатынастары.

Бірінші топтағы құқықтың қатынастар азаматтар құқық нормаларымен реттеледі, ал екінші топтағы құқық қатынастары әкімшілік, қаржылық, қылмыс процесуалдық және т.б. құқық салалары мен сала білімдері арқылы реттеледі. Азаматтық құқыққа мүдделі жақтардың тең құқысына негізделген келісім бойынша шарттың дипозиттік құқықтық реттеу әдістері тән. Ал екінші топтағы құқықтарға реттеудің әкімшілік әдістері тән. Азаматтық құқықтық қатынастар меншік құқығын, заттық құқықты, міндеттеме құқықтарын қамтиды.

Сақтандыруға қатысушылардың бір жағы-сақтандырушы сақтандыратын жағдай туған сәтте, келісімде көрсетілген мөлшерде зиянның орнын толтыруға, төлем төлеуге міндеттеме алады. Сақтанушы жақ келісілген сақтандыру төлемдерін төлеуге, сақтандырушыға болған оқиға жөнінде келісімде көрсетілген тәртіппен, мерзім ішінде хабарлауға, сақтандыруға байланысты басқа жұмыстарды орындауға міндеттеме алады. Сонымен сақтандыру міндеттері арқылы, сақтандыру қызметі үшін сақтанушы сақтық жарнасын төлеп отырады. Сақтандырушы келісім міндеттемелерінің өзіндік ерекшелігі бар.

Сақтрандыруда бір жағы, сақтанушы әрдайым жарна төлеп отырады, ал келесі жағы, сақтандырушы өз төлемін сақтандыратын жағдай туған кезде ғана төлейді, егер бұл жағдай келісімде көрсетілген уақыт ішінде болмаса, сақтандырушының міндеттері орындалмай қалуы да мүмкін. Яғни бұнда қауіп белгісі анықтаушы рол атқарады.

Сақтандыру шартының маңызды жағдайларына мыналар жатады:


  • сақтандырушы мен сақтандырылғандардың атаулары;

  • сақтандыру обһектілері;

  • сақтандыру жауапкершілігінің көлемі;

  • сақтандырудың қамтамасыз етілуі;

  • сақтандыру сомасы;

  • сақтандыру мерзімі; сақтандыру төлемінің тарифтік ставкасы (жарна)

Маңызды жағдайлар сақтандыру полисінде жазылады және мыналар жатады: шартты толтыру процедурасы, сақтандыру төлем мөлшері, төлемді төлеу тәртібі мен уақыты, шартты мерзімінен бұрын бұзу жағдайлары, зиян көлемін анықтау және орынын толтыру төлемін анықтау тәртібі, франшиздер өлшемі, талас-тартысты шешу тәртібі, шартқа өзгерістер енгізу тәртібі және т.с.с. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру бизнесін заңды реттеу жүйесін құру процесі ұзаққа созылды.

«Қазақстан Республикасында сақтандыру туралы» бірінші заң 1992 жылы 3-ші шілдеде қабылданып, 1-ші қыркүйектен бастап күшіне енді. Заң онша сәтті шыққан жоқ. Өйткені бұл заңда сақтандыру ұйымдарын тіркеу механизмдері, лицензия беру және мемлекет тарапынан бақылау механизмдері қарастырылмаған. Осыған байланысты заң жұмыс жасамай, ол адал бәсекені қамтамасыз ете алмады, осының кесірінен сақтандырушылар көп зиянға ұрынды.

1994 жылы 16 сәуірде осы аталған кемшіліктер Президент Жарлығымен толықтырылды. Осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанынан сақтандыру Департаменті құрылды. Сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастыру 1995ж. 3 қазанда Президенттің Заң күші бар «Сақтандыру туралы» Жарлығымен жүзеге асырылды. Бұл жарлық мемлекеттік және жеке сақтандыру ұйымдарының адал бәсеке үшін ішкі сақтандыру нарығын ашты.

Тұтастай алғанда Жарлық кешендік құқықтық құрылыс болып табылады. Бірінші жағынан ол азаматтық құқыққа, екінші жағынан әкімшілік, қаржылық және т.б. құқық ережелеріне негізделген.

Сақтандырушының міндеттері көп қырлы болып келеді. Өйткені ол объектіні қарап бағалайды, сақтық төлемдерін есептейді және сақтанушыға сақтық полисін береді.

Сақтандырылған жағдай туғанда сақтандыру актысын жасайды, шығынның көлемін анықтап, орнын толтыру құнын белгілейді және төлемдерді төлейді.

Сақтандырушы зиянға себепкер жақтан төленген төлемді өндіріп алуға арыз береді және төлемнен бас тарту туралы шешім қабылдайды. Сақтанушы өз кезегінде жарнасын төлейді, шартқа қажетті мәліметтерді сақтандырушыға береді, шартты мерзімнен бұрын бұза алады.

Сақтандыру шешімі жазбаша түрде жасалады және сақтанушы сақтандыру төлемін төлеген сәттен бастап күшіне енеді және жағдай тууына байланысты сақтық төлем сәттен бастап жұмысын тоқтатады. Жарлыққа сақтық орын толтыру төлемін төлеу тәртібі анықталған.

Сақтандыру орнын өтеу мүлікке қатысты алғанда нақты зиян өлшемінен артық болмайды. Мүлікті сақтандыру шарты жағдайларында зиянның орнын, ақшалай құны жағынан пара-пар, табиғи түрде толтыру қарастырылған.

Сақтандырушы кейбір жағдайларда зиянның орнын толтырудан бас тартылады. Оған сақтанушының өтірік мәлімет беруі, сақтандырылған мүлікті құтқаруға шара қолданғаны, зиянға тікелей кінәлі адамнан зиян құнын ақшалай немесе заттай алуы, сақтандырушыға болған жағдайдың себептерін зерттеуге кедергі жасауы осы жағдайлар қатарына жатады.

Сақтандырушының ақша төлеуден бас тартуына байланысты, сақтанушы сотқа шағым жасай алады. Сақтандырушының келісімімен оған өзінің сақтандырған мүлкіне құығын бере алады, және сақтық орнын өтеу құнын толық сомамен ала алады.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:



  1. Сақтандырушылардың төлем қабілеттілігінің проблемасы.

  2. Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.

  3. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оларды қалыптастыру тәртібі.

Ортақ сақтандыру және қайта сақтандыру



  1. Ортақ сақтандыру және қайта сақтандырудың мәні және теориялық негізі.

  2. Активті және пассивті қайта сақтандыру.

  3. Қайта сақтандыруға тәуекелді көшіру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары.

2000 жылы Республикада сақтандыру индустриясының дамуын жеделдету, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сенімділігін көтеру нақты перспективалық міндет, ол сақтандыру қызметі нарығын жақсарту ең негізгі болып табылады.

2000 жылдың желтоқсанның 18-де Қазасқстан Республикасында «Сақтандыру туралы» Заңы және 2000 жылдың 27-ші қарашасында бекітілген Президенттің Жарлығына сәйкес 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы жөнінде Мемлекеттік бағдарлама шықты.

Мемлекеттік бағдарламаның атауында сақтандыру нарығының нұсқаулық талдауды және оның мақсаты көрсетілген: экономикалық және өндірістік қызметтер, кәсіби, әлеуметтік кепілдіктер заңдық салалар бойынша сұрақтар және де міндетті сақтандыру түрлері (оннан астам) мәлімделген. Бірақ, нақты механизмдердің қолданылуының қатысы жоқ.

Осыған байланысты қаржыландыру жағдайы, тарифтері, заң шығарушылық деңгейде оның тізімі және басқа да сұрақтарды анықтауға тиіс.

Соңғы жылдары сақтандыру ұйымдары сақтандырудың міндетті түрін қолданып, автокөлік иелерінің азаматтық-құқтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру арқылы және сақтандыру пайдалығының өсуін жеделдету маңызды мәселе болды.

Қазіргі уақытта, нарықты сақтандыру ұйымдарының белсенді өсуін, яғни жауапкершілікті сақтандыру пайдалылығы көптеген жағдайларға байланысты өзгертіп отырады.

Өткен жылы сақтандыру бизнесінің деңгейі төмендеді, өйткені Қазақстанда жалпы қабылданған сақтандыру және мемлекеттік ережені қолдануға либеральды заң шығарушы рұқсат етпейді. Бұдан нарықта көптеген беделсіз сақтандыру ұйымдары жұмыс істейді, яғни білікті мамандар мен менеджерлерді қоспағанда.

Жалпы сақтандыру ұйымдары әлі де болса қазіргі сақтандыру технологиясын аз пайдаланып, капиталдың жеткіліксіздігінен, яғни оның потенциалды мүмкіндігін шектеледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру қызметін қадағалап, өкілетті мемлекеттік орган арқылы реттейді және де олардың қызметінде басқа да көптеген проблемалар бар.

Басқа жағынан қарағанда сақтандырудың дамуына әсер ететін маңызды және объективті себептердеде бар. Қазақстанда сақтандыруды пайдалануға байланысты негізгі статистикалық мәліметтер болмады, оның орнына сақтандыру қорғаныстары мен зерттелмеген тәуекелдер болды. Бұл бағыттағы мемлекеттік органдардың жергілікті қызметімен және нақты өндірістік айсмақтағы сақтандыру туралы белсенді жұмысы қаралмады.

Мемлекеттің сақтандыру жүйесінің дамуы ұзақ мерзімге өмірді сақтандыру нарығына байланысты, яғни біршама экономикалық құрылғыларды тартуға жағдай жасайды. Осыған байланысты анықталған заң шығарушы орган құрылды. Мұнда сақтандыру және зейнетақы жүйесін өзара байланыстыруды анықтау талап етілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының талданған әлеуметтік қорғау концепциясы көрсетілген.

Өмірді сақтандыратын сақтандыру ұйымдары шетелдік тәжірибелері бар (АҚШ және т.б. елдері) батыс мемлекеттерінің институттарының инвесторлары болып табылады.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:



  1. Қайта сақтандыру пулдарының қызметтері: мәні, маңызы.

  2. Қайта сақтандыру сақтанушы операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде.

  3. Қайта сақтандыру келісімі-пропорционалды және пропоруионалды емес.

Шет мемлекеттердегі сақтандыру.

  1. Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру.

  2. Сақтандырудың негізгі түрі және нысаны.

  3. Сақтандыру қызметінің даму тенденциясы.

  4. Әртүрлі мемлекеттердегі сақтандырушылардың өзара іс-әрекеттері және өзара байланысы.

Сақтандырудың дамуы коммерциялық ұйымдардың және халықтың бір жағынан сақтандыру қызметінің дәрежесіне байланысты. Сондықтан да бұл үшін «Сақтандыру мәдениетінің» қатысуымен құрылған және түсіндірілген жұмыс қажет. Сақтандыру бірте-бірте сөзсіз басқаның ішінен біздің өмірімізді табады. Яғни күнделікті бір нәрсенің ерекше белгісіне тұрады. (зейнетақы есптері мен банктік есеп –айырысулар, РНН және т.б.)

Қазіргі кезде сақтандыру ұйымдырының банктік мекемелерімен, жинақтаушы пошта жүйелерімен және несиелік ұйымдармен ынтымақтастығы үлкен үміт күттіреді, яғни бүгінгі күн үшін республиканың барлық аймағында сақтандыру өнімдерін тартуға, инфрақұрлымын дамытуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі жағдайда ұлттық сақтандыру нарығын кеңінен көбеюіне, сақртандыру және қайта сақтандыру жүйесінің европалық түрде енгізілуіне Қазақстан халықаралық интеграциялық және ынтымақтастыққа мүмкіндігі бар.

Осыған байланысты «Сақтандыру туралы» Заңда сақтандыру және қайта сақтандыру шетелдік құрылтайшылар ретінде толық, нақты жағдайда қарады.

Бұл заң ең жоғары талаптарға жауапты, яғни сақтандыру қызметін мемлекеттік стандартқа сай реттуде және оны қадағалауда активтерді қолдануды ұйғарды.

Сақтандыру нарығына актуарилер институтын енгізуді (сақтандыру ұйымдарымен қабылданған, яғни сақтандырудың міндеттемелерін жақсы меңгерген мамандар) және өкілетті аудиторлар (сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарындағы аудитқа қосымша лицензия берілуін) дұрыс деп шешті. Оның қызметі сақтандыру ұйымдарына дұрыс мәліметтердің жеткізілуін және сақтандыру нарығының адалдығын қамтамасыз ету. Мұның мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жеке тұлғаларды қадағалауды қаржылық және басқа да мүмкіндіктермен байланыстыра отырып нығайту.

Сақтандырушылар мен сақтандырушылардың мүдделеріне қатысты Ұлттық Банктің лицензия беру туралы шешімі сотта қаралады.

Жаңа жүйеде сақтандыруды жіктеу мақсаты, оны лицензиялау, яғни тәуекелдер көлемін дұрыс бақылау көзделген және сақтандыру ұйымдарының оның қаржылық және басқа да мүмкіндіктерін тәуелді болуын көрсеткен.

Пруденциялық нормативтерде сақтандыру қызметі субъектілерінің төлем қабілеттілігі және олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге (яғни сақтандыру ұйымдарындағы кәсіпкерлік қызметтің қосымша түрлеріне, ірі келісімдерге және т.б.) талаптарға шектеу қойылған.

Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі туралы жаңа заңдар мемлекеттік қызмет бағдарламаның және нұсқама-ережелердің шығуы реализация кезеңдері бойынша, сонымен қатар сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарының бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату, сақтандырушының ұйымдарының бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату, сақтандырушының мүддесін заң негізінде қорғау және де сақтандыру саласының болашақта зерттелуін тексеру көрсетілген.

Жалпы, сақтандыру қызметі дегеніміз – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.

Жалпы сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік ретту мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларына, дейін сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру саласы» бойынша жүзеге асырылады.

«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мұндай сынптарды қамтиды:


  1. өмірді сақтандыру;

  2. аннуитеттік сақтандыру;

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған және ол сақтану мерзімі біткенге дейін немесе сақтану шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүруге жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Аннуитеттік сақтандыру, сақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты , мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда сондықтан, сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне және одан айырылуына әкеп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңмен сақтандыру түрлерің жиынтығы болып табылады.

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мындай сыныптарды қамтиды:


  1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

  2. медициналық сақтандыру;

  3. автобиль көлігін сақтандыру;

  4. темір жол көлігін сақтандыру;

  5. әуе көлігін сақтандыру;

  6. су көлігін сақтандыру;

  7. жүктерді сақтандыру;

  8. мүлікті сақтандыру;

  9. кәсіпкерлікті тәуекелді сақтандыру;

  10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқтық жауапкершілігін сақтандыру;

Ұлттық сақтандыру нарығының қалыптасуының басты кезеңі Қазақстан дербес мемлекет ретінде құрылған күрделі жағдайларда өтті. Алғашқыда мемлекеттік сақтандыруға балама сақтандыру ұйыдары көптеп құрылды. Бірақ олардың дені сақтандыру қызметімен шындап айналысуға қабілетсіз болып шықты.

Сақтандыру қызметінің дамуы сақтандыру туралы арнаулы заңдармен Президент жарлықтары жарияланғаннан кейін барып жөнге келе бастады. 1994 жылы сақтандыру қызметін қадағалау және іріктеу жөніндегі уәкілетті орган, бұдан соң 1995 жылдың қазан айында ведомстводан тыс Мелекеттік сақтандыруды қадағалау құрылды. 1999 жылдың шілдесінен бері уәкілетті мемлекеттік орган Ұлттық банк болып табылады.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:


  1. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтеріндегі сақтандыру саласы.

  2. Шет елдік сақтандыру.

  3. Халықаралық сақтандыру рыногын қалыптастыру проблемасы.

Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету.

  1. Сақтандырушының кірістері мен шығыстары.

  2. Қаржылық нәтиже.

  3. Сақтандыру операцияларының салық салу ерекшеліктері.

2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикада 70 сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асырады.

Ұлттық сақтандыру нарығының жалпы көрсеткіштері баяу да болса өсіп келеді. Жалпы сақтандыру нарығының жай-күйін талдаған кезде нақты жағдайға көз жеткізу үшін сақтандыру сыйлық-ақысының жан басына шаққандағы орташа көлемі мен олардың елдің жалпы ішкі өнімі көлемінен қосатын үлесіне назар аудару керек. Осы ыңғайда қалдарсақ, 2000 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақының жан басына шаққандағы көлемі 380 теңгеге жуық, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 3 теңгеден кем болады. Ал сақтандыру сыйлық-ақысы көлемінің жалпы ішкі өнімге қатысты 0,3 пайыз шамасында ғана. Бұл деректер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін елдердің көрсеткішімен салыстыруға келмейді. Оларда сақтандыру сыйлықақысы халықтың жан басына шаққанда, орташа алғанда шамамен 1800 АҚШ долларын және тиісінше ішкі жалпы өнімнің 8,5%-ін құрайды. Біз үшін мұндай көрсеткіштердің ауылы тым алыста. Бұған қарап сақтандыру қызметі экономикада және халықтың өмірінде әлі маңызды ролге ие бола қоймағанын байқаймыз.

Жағдайда түзету үшін қабылданған шаралар да жоқ емес. Бұл орайда 2000 жылдың аяғынан бастап қолданысқа енгізілген « Сақтандыру қызметі туралы» заң мен сол жылы қарашада президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» айту керек. Аталған бағдарлама мемлекеттің азаматтардың және шаркуашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды және орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарламада қамтылған кезең ішінде сақтандыру қызметіне сұраныс өседі, бәсекеге қабілетсіз ұсақ және орташа сақтандыру ұйымдарының үлесі айтарлықтай қысқарды, болжам бойынша негізгі құрылтайшылары мен акционерлерін отандық ірі банктер, кәсіпорындар мен шетелдік сақтандыру компаниялары болатын ірі сақтандыру ұйымдары құрылады деп күтіледі. 2002 жылдың соңына қарай өмірді сақтандыру саласында -5-10 сақтандыру ұйымы, сақтандырудың жалпы түрлері саласында 15-20сақтандыру ұйымы жұмыс істейтін болады, сондай-ақ 2-3 мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымы құрылу тиіс.

Сарапшы мамандардың пайыдауынша, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесіне көшкенен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмдері әрі табыс көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылықты арттыруға тиісті болатын. Сондай-ақ, ірі өндірістерді жекешелендіру, жекеменшіктің үлесін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тәрізді процестерде шапшаң өзгеретін нарық қатынастырының ағымдағы сақтандыру қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал жасау керек. Осыған байланысты объективті қызығушылық та артып, уақыт өтекеле сақтандыру қызметінің жаңа түрлері де пайда болады. Ал сақтандыру саласында нарық қатынастарының қалыптасуына елдегі тұрақты саяси ахуал мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жағдай жасады. Сөйтіп сақтандыру ісі елімізде жақсы өрістеді.

Республика бойынша 1994 жылы 22 сақтандыру компаниясы құрылған болса, бұл көрсеткіш 1997 жылы 58-ге жетті. Енді республиканы айтпағанда, үстіміздегі жылы тек Алматы қаласының өзінде ғана сақтандыру компанияларының жалпы мөлшері 70-тен артып отыр. Мұны үлкен жетістік демесек болмайды. Дегенмен де біздегі сақтандыру қызметінің барлық түрлері бірдей ойдағыдай дамуда емес. Мысалға, статистика деректеріне сүйенсек, әзірге өмірді сақтандыру, азаматтардың меншігін (тұрғын үйді қоса) сақтандыру және зейнетақыны сақтандыру ісі өте төмен деңгейде. Себебі, сақтандырудың аталған түрлеріне деген сұраныстың артуы ең алдымен өндірістің өсуіне, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына байланысты. Бүгінгі таңда бұл салалардың қандай күйде екендігі айтпасада белгілі.

Жалпы, сақтандыру қызметі сатылады. Ол үшін өзін немесе әлдебір мүлкін сақтандырылған адам құжат ретінде сақтандыру полисін алады. Қазіргі кезде осы сақтандыру полистері көбіне автокөлік иелері мен түрлі жүктерге беріледі. Өйткені, бұлардан табыс мол түседі. Бұл дұрыс, сақтандыру нарығында бәсекелестіктің болуы керек дегенімізбен де тек пайдалары үшін ғана жұмыс істеп қоюға болмайды. Осы мәселеде сақтандырудың барлық түрлері бірдей қалыптасуы үшін, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау да керек тәрізді. Қалай дегенмен де бәсеке өз алдына, тепе-теңдіктің болуы шарт.

Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:


    1. Сақтандырушылардың қаржылық жағдайын бағалау.

    2. Сақтандыру резервтерін орналастыру тәртібі.

    3. Активтер және қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің нормативтік ара қатынасы.

Әдебиеттер.

    1. Заңнамалық және нормативтік кесімдер.

  1. «ҚР-ның сақтандыру туралы» заңы 02.07.92ж.

  2. ҚР-сы Президентінің Жарлығы «Сақтандыру рыногын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымды – құқықтық шаралар туралы» №1658, 16.04.94ж.

  3. «ҚР-сы сақтандыру туралы» заңы 03.10.95ж.

  4. «ҚР-сы Үкіметінің қаулысы 25.06.96ж. №791 «ҚР-ның сақтандыру рыногын 1996-1998жж дамытудың негізгі бағыттары».

  5. Заң күші бар ҚР-сы Президентінің Жарлығы «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» 15.06.95ж. №23293.

  6. «ҚР-ның сақтандыру қызметі туралы» Заңы 18.12.01ж.



    1. Монографиялар, жинақтар және анықтамалықтар.

1. Воблый К.Г.Основы экономии страхования. – Москва, Анкил, 1993.

2. Журавлев Ю.М., Секерж И.Г. Страхование и перестрахование: теория и практика. –

Москва, 1993г.

3. Журавлев Ю.М., Страхование финансовой гарантии, - Москва, Анкил, 1993г.

4. Лер О.Э. Страховой рынок Казахстана. – Алматы, Каржы-Каражат, 1996г.

5. Манес А. Основы страхового дела,- Москва, Анкил,1992г.

6. Рябикина В.И., Аудит страховых компаний. Москва, Финстатинформ, 1995г.

7. Орналюк – Малицкая Л.А.. Страховые операции.- Москва. Финансы и статистика,1991г.

8. Орналюк – МалицкаяЛ.А. Платежеспособность страховой организации.- Москва, Анкил, 19947г.

3.Оқулықтар мен оқу құралдары.

1. Страховое дело. Под ред. проф. Рейтмана Л.И.- Москва, 1992г.

2. Страхование от А до Я (книга для страхователей) Под ред. Корчевской Л.И. и Турбина К.Е.-И. Москва, Инфра - М, 1996г.

3. Страховой портфель книга предпринимателя, книга страховщика, книга страхового менеджера – Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И.-Москва, 1998г.

4. Словарь страховых терминов. Под ред. Коломина Е.В., Шахов В.В.- Москва, 1994г.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р.- Алматы, 2001г.

6. Жуйриков К.К. страхование в Казахстане – пути дальнейшего развития. – Алматы, 1994г.

7. Жуйриков К.К. Страхование в условиях перехода рынку.- Алматы, 1993г.

8. Жуйриков К.К. Бизнес и страхование. – Алматы, 1998г.

9. Общая теория финансов – учебник под ред. Профессора Дробозиной Л.А.- Москва: ЮНИТИ, 1995г.

10. Финансы - учебник для экономических специальностей под ред. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. – Алматы «Берен», 1993г.

11. Финансы - учебник для экономических специальностей, второе переработанные издание, под ред. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. – Алматы: Каржы-Каражат, 1997г.

12. Финансы. Автор РоднионоваВ.М.- Москва, 1995г.

13. Шахов В.В введение в страхование.- Москва, Финансы и статистика, 1999г.

14. Экономика и бизнес- учебник под ред. Камаева В, Д.-Москва, Издательство МГТУ им. Баумана, 1993г. 1. Страховое дело. Под ред. проф. Рейтмана Л.И.- Москва, 1992г.

2. Страхование от А до Я (книга для страхователей) Под ред. Корчевской Л.И. и Турбина К.Е.-И. Москва, Инфра - М, 1996г.

3. Страховой портфель книга предпринимателя, книга страховщика, книга страхового менеджера – Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И.-Москва, 1998г.

4. Словарь страховых терминов. Под ред. Коломина Е.В., Шахов В.В.- Москва, 1994г.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р.- Алматы, 2001г.

6. Жуйриков К.К. страхование в Казахстане – пути дальнейшего развития. – Алматы, 1994г.

7. Жуйриков К.К. Страхование в условиях перехода рынку.- Алматы, 1993г.

8. Жуйриков К.К. Бизнес и страхование. – Алматы, 1998г.

9. Общая теория финансов – учебник под ред. Профессора Дробозиной Л.А.- Москва: ЮНИТИ, 1995г.

10. Финансы - учебник для экономических специальностей под ред. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. – Алматы «Берен», 1993г.

11. Финансы - учебник для экономических специальностей, второе переработанные издание, под ред. Ильясова К.К., Мельникова В.Д. – Алматы: Каржы-Каражат, 1997г.

12. Финансы. Автор РоднионоваВ.М.- Москва, 1995г.

13. Шахов В.В введение в страхование.- Москва, Финансы и статистика, 1999г.

14. Экономика и бизнес- учебник под ред. Камаева В, Д.-Москва, Издательство МГТУ им. Баумана, 1993г.

15. Рябикина В.И., Аудит страховых компаний. – Москва, Финстатинформ, 1995г.

16. Гвозденко А.А. Финансово-экономические методы страхования.- Москва, Финансы и статистика, 1998г.

17. Балабанов И.Т., Степанов В.Н. Занимательное страхование.- Москва, Финансы и статистика, 1998г.

18. Страхование: принципы и практика. Составитель Дэвид Бланд. – Москва, Финансы и статистика, 1998г.

1. «Экономика и жизнь» журналы

2. «Каржы-Каражат – Финансы Казахстана» журналы

3. «финансы» журналы

4. «Вопросы экономики» журналы

5. «Бизнес и право» журналы

6. «КазМБА Жаршысы – Вестник КазГАУ» журналы

15. Рябикина В.И., Аудит страховых компаний. – Москва, Финстатинформ, 1995г.

16. Гвозденко А.А. Финансово-экономические методы страхования.- Москва, Финансы и статистика, 1998г.

17. Балабанов И.Т., Степанов В.Н. Занимательное страхование.- Москва, Финансы и статистика, 1998г.

18. Страхование: принципы и практика. Составитель Дэвид Бланд. – Москва, Финансы и статистика, 1998г.

4. Мерзімді басылымдар.

1. «Экономика и жизнь» журналы

2. «Каржы-Каражат – Финансы Казахстана» журналы

3. «финансы» журналы

4. «Вопросы экономики» журналы

5. «Бизнес и право» журналы

6. «КазМБА Жаршысы – Вестник КазГАУ» журналы

7. ҚР-сы Қаржы Министрлігінің ақпараттық бюллетені

8. «Панорама» газеті



9. « Деловая неделя» газеті

10. «Азия-Экономика и жизнь» газеті

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет