Сақтандыру қорларын ұймдастыру және олардың мүделерін қорғау


жылы Қазан революциясынан кейін сақтандыру ісінің қалыптасып дамуы, 3 этаптан тұрған



бет3/10
Дата19.05.2022
өлшемі66.41 Kb.
#457410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сактандыру

1917 жылы Қазан революциясынан кейін сақтандыру ісінің қалыптасып дамуы, 3 этаптан тұрған:

  • сақтандыру барлық түріне (əлеуметтік сақтандырудан басқалары) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін сақтандыру істері жөнінде комиссариат құру туралы 1918 жылы 23 наурызда РСФСР- дың халықтық комиссариатының «Барлық сақтандыру түрлеріне (əлеуметтіктен басқа) мемлекеттік бақылау енгізу туралы» Декрет, «Өртпен күрестегі мемлекеттік шараларды ұйымдастыру туралы» Декрет қабылданған болатын, мақсаты сақтандыру компанияларының ақша қорларын мақсатсыз жұмсамауға бағытталды. 1921 жылы «Мүлікті мемлекеттік сақтандыру туралы» Декрет қабылданып, Халық комиссариаты жанында Мемлекеттік сақтандырудың басқармасы құрылды [2].

  • Ресей республикасының сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы 1918 жылы 28 қарашада жəне РСФСР-дың декреті қабылданды.

  • КСРО мемлекеттік сақтандыру туралы Ережені 1925 жылы қыркүйектің 18-де орталық атқару комитеті мен халық комиссариаты бекіткен.

Сонымен қатар, республикалық қаржылық халық комиссариатында мемлекеттік сақтандырудың бас басқармасы құрылды. Осы басқарма өзіне тиесілі сақтандыру тарифтерін əзірлеу, қаржы халық комиссариаты бекіткен қағидалар мен нұсқаулар шығару, сақтандыру нысандарының негіздемелерін əзірлеу, жергілікті мемлекеттік сақтандыру мекемелеріне басшылық ету, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді міндетіне алды.
Кепілдендірілген сақтандыру ауқымы кредиттік мекемелерде, мемлекеттік өнеркəсіптерін, сауда ұйымдарын, қоймаларды, теміржол жəне су жолы көліктерін қамтыған ерікті сақтандыру қызметі іске асырылды.
1930 жылы ақпанның 3-де КСРО мемлекеттің қабылдаған мемлекеттік сақтандыруды, өзгерістер қаулыға сəйкес сақтандыру аясын жетілдіру, құқықтық реттеу, мемлекеттік сақтандыру өңдеу жұмыстары халық комиссарлары комиссияға берілді. Жеке басын сақтандыру мемлекеттік еңбек жинау кассаларына берілді.
Барлық міндетті сақтандыру бойынша операцияларды тиісті қаржылық органдар жүзеге асырды.
Сақтандыру аясындағы жағдайларда түзету мақсатында кеңестер одағы мемлекеттік сақтандыруды қайта құру 1948 жылдың аяғында КСРО Бас мемлекеттік сақтандыру басқармасымен оның органдары бірігіп, Ережесін бекітті.
Бұл жылдары мемлекеттік сақтандыру аясында алынған таза табыстың 50%-і одақтық бюджетке аударылған. Ал қалған 2%-і запастағы қорға қалдырылып отырған.
Кеңес Одағындағы мемлекеттік сақтандыру 1953 жылы КОКП ОК Пленумының қыркүйектегі шешімімен колхоздарда сақтандыру ісі жолға қойылса, 60 жылдары ауылшаруашылық аясындағы сақтандыру жүйесі назарға алынды. 1956 жылы ақпанның 10-да КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі Жарлығына сəйкес жануарларды сақтандыру бойынша төлемдерді қабылдау, 1958 жылы ақпанның 17-де КСРО мемлекеттік сақтандыру жергілікті органдары одақтас қаржылық республикалық қаржы министрлігіне кіріп отырды.
1960-1980 жылдарға дейін қоғамның əр түрлі аяларында əр түрлі нысанда жүзеге асырыла бастаған міндетті сақтандыру жəне ерікті сақтандыру істері жүзеге асырылды 1963 жылы қазанның 21-де кəсіподақ ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлерінің өмірі мен мүліктерін сақтандыру жөнінде ұсыныс жасаса, ал 1967 жылы тамыздың 28-де КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен КСРО министрлер кеңесінің қаулысы мемлекеттік сақтандыру мен колхоздардың экономикалық байланыстары мен мүдделерін сақтау жəне құқықтық реттеу мəселесін қарастырды. Ал, 1968 жылы «Жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке басты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарын ақшасыз есеп айырысу жолымен төлеуі туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына орай сақтандыру қоғамдық өте қажетті элемент екенін атап өтуге тиіспіз.
1977 жылы тамыздың 2-дегі қаулыға сəйкес мемлекеттік сақтандыру ісін одан əрі дамыту жөнінде шаралар қолданылды. Сол жылғы қаулыға сəйкес совхоздар мен колхоздар мемлекеттік ауыл шаруашылық кəсіпорындары, тағы да мемлекеттік басқа органдар, кəсіпорындар стихиялық апаттармен өзге де қолайсыз жағдайлардан келген залалдардың орнын толтыру тəртібін жетілдіру туралы ұсыныс. Министрлер советінің қаулысына сəйкес 1986 жылдың 3 қыркүйегінде кəсіпорындардың міндетті сақтандыру мəселелерін, өзгерту мəселелерін қарастырды.
1981 жылы қазанның 2-де КСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумында азаматтардың қарамағындағы мүліктерді міндетті мемлекеттік сақтандыруға жатқызды. Жаңа тарифтер мен бағалар құқықтық нормалар, сақтандыру сомалары, сақтандыру аумағы, сақтандыру объектілері, сақтандыру құнын анықтау тəсілдері сақтандыру төлемдері мен өтемдері белгіленді.
Жалпы, 1969, 1971, 1973, 1975, 1976, 1977, 1980, 1984 жылдары қоғамның əр түрлі аялары мен жан-жақты түрлі нысанда жүзеге асырылған міндетті жəне ерікті мемлекеттік сақтандыру үлкен жетістіктерге жеткен болатын. Кеңестер Одағының ыдырауы мен Қазақстанның егемендік алуына аздаған уақыт көлемі қалған кезде еліміздің сақтандыру жүйесі кемеліне келген шағы дей аламыз.
Кеңестік кезеңде Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру саясатын Қазақ ССР мемлекеттік сақтандыру Бас басқармасы атқарған болатын, Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып жариялануымен, еліміздің сақтандыру нарығында 1991 жылы Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің шешімімен Қазақ ССР мемлекеттік сақтандыру Бас басқармасы Мемлекеттік коммерциялық компаниясы болып қайта құрылды [3].
Қазақстандағы сақтандыру ісін өркениетті арнаға түсіру мақсатында қабылданған 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы» Заңы егеменді еліміздің сақтандыру жүйесін реформалаудың, шын мəнісінде экономикалық құқықтық қайта құрудың бастамасы еді. 1994 жылы сəуірдің 16-сындағы «Сақтандыру нарығын қалыптастыру жəне дамыту жөніндегі ұйымдық- құқықтық шаралар жөніндегі» Жарлығы қабылданып, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу мен тиімді дамыту көзделген болатын. 1996 жылғы маусымда еліміздің сақтандыру жүйесін кешенді дамыту мақсатында 1996-1998 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен мақұлданған болатын. Мұнда сақтандыру рыногын дамытудың жалпы мемлекеттік бірінші кезектегі іс-шаралары, отандық жəне шетелдік сақтандыру ұйымдарының мамандары мен ғалымдарының ұсыныстары, сақтандыру қорғау жүйесінің тиімді қызмет атқаруларын жоғарылату мəселелері ескерілген еді.
2000 жылдың 18 қазанындағы «Сақтандыру қызметі туралы» қабылданған Заң жобасында сақтандыруды ұйымдастырудың негізгі түсініктерінің анықтамасы жəне сақтандыру компанияларын реттейтін негізгі құралдары көрсетілген [4]. Бұл кезеңде, яғни 2001 жылдың басында Қазақстанда 42 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін жүргізу лицензиясы негізінде өз жұмыстарын атқарған болатын. Қазіргі таңда (осы ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне шаққандағы жағдай бойынша) 39 сақтандыру ұйымы қызметтерін атқаруда. Олардың үшеуі мемлекеттік қатысуымен, төртеуі шетелдіктер үлесімен құрылған. Қазақстанда қызмет етіп отырған осы сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы 5 миллиард теңгені, активтері 10 497,1 миллион теңгені сақтандыру резервтерінің жалпы көлемі 4,3 миллиард құрап отыр. 2001 жылдың бірінші жарты жылдығында сақтандыру сыйлық ақысының көлемі 6,8 миллиард теңгені көрсеткен. Қаржылық көрсеткіштері мен төлем қабілеттілігі нормативтері толық орындаған 30 сақтандыру ұйымына «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сəйкес сақтандыру қызметін жүргізуге құқық беретін жаңа үлгідегі лицензиялар тапсырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет