Сақтардың мәдениеті



бет3/5
Дата21.10.2023
өлшемі1.73 Mb.
#481341
1   2   3   4   5
Мәдениет 10-дәріс

2.Қазақ Ағартушылығы – жалпы ағартушылықтың тарихи қалыптасуының нақты ұлттық айырықша формасы. Ресей мен Батыс Еуропадағы көптеген ағартушылық қозғалыстарымен тұспатұс келген Қазақстандағы ағартушылықтың қазақ халқының тарихи және ұлттық дамуына, оның рухани әлеміне негізделген өзіндік ерекшеліктері болды. Қазақстандағы ағартушылықтың ерекшеліктерін анықтайтын маңызды белгілердің бірі Қазақстанның Ресейдің құрамына қосылуына байланысты көтерілген ұлттық мәселенің ушығу нәтижесі мен салдары еді. Біздің көзқарасымызша, дәл осы себептен ағартушылық арқылы қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси құрылымның буржуаздық жаңаруына деген қажеттілік Қазақстан мен Ресейдің берік одақ құруынан және сол мәдениетті қазақ қауымының қабылдауынан байқалды. Қазақ ағартушылары еуропалық, әсіресе орыс өркениетінің қазақ халқының ортасына енуі үшін қолайлы жағдай жасады, ал олардың сауатсыздыққа қарсы және әділдік орнату жолындағы күресі Батыс ағартушылары жүргізген күреске қарағанда әлдеқайда өзге нәтижеге әкеліп соқтырды.

Өз ұлтының философиялық бастауын шынайы қызығушылықпен зерттеп, таныту ұлттың өзіндік санасы мен халықтың бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Қазақ ағартушыларының «ұлттың жұдырықтай жұмылып, бірігіп, үлкен күшке айналу, толыққанды болу, бәсекеге қабілеттілікті дамыту, халықтың күш-жігерін арттыру» идеялары – қазіргі таңда заманауи қазақстандық қоғамның ұлттық идеясына айналған

Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады.

Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады.

Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырауАсан ҚайғыҚазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет