Сақтардың мәдениеті



бет4/5
Дата21.10.2023
өлшемі1.73 Mb.
#481341
1   2   3   4   5
Мәдениет 10-дәріс

Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. 

Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау оңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе, Ақтамберді жырау (1675- 1768) шығармаларынан айқын көрінеді. Оның шығармаларғындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі, бағыт-бағдарын айқын танытады


3.Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б. музыкалық шығармашылығы.
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрсада, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа көптеген ақын, әнші, композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге көтерілді.
https://www.youtube.com/watch?v=cLBfbKuTNyE куй тартыс Серпер тобы
https://www.youtube.com/watch?v=slJCSlLvGuw Балқадиша Ақан сері
4. XIX-XX ғғ. аралығында қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет сыншыл реализм айқын бедерленген кезең болып табылады. Сыншыл реализм ерекшеліктері М. Сералин, С.Торайғыров, С. Көбеев, т.б. шығармаларынан нақты көрініс тапты. Сөйтіп бұл кезеңде Абай реализмінің дәстүрі дами түсті. Сондай-ақ осы кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихи-әлеуметтік қайшылықтарды көрсетіп қана қоймай, отаршылдыққа қарсы бағытталған күрескерлік ұлт-азатшыл идеяларды да алға тартты. Әдебиет дамуының бұл ерекшеліктерін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т.б. шығармаларынан байқаймыз. Олардың шығармалары ресейлік отаршылдыққа, қоғам өміріндегі надандыққа, әлеуметтік теңсіздікке қарсы бағытталды. Жыраулардың жауынгерлік поэзиясындағы, Махамбет толғауларындағы ерлік пен күрескерлікті жырлау дәстүрі Ахмет Байтұрсынов бастаған ақын-жазушылар шығармаларынан жаңаша жалғасын тауып, ерекше көзге шалынады.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазба әдебиет (бағыттар) – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жалғасы ретінде дамуымен бірге, өзіндік өрнегін де тапқан әдебиет. Қоғам шындығын көркемдікпен суреттеудегі жазушы ерекшелігі түрлі бағыттардың қалыптасуына алып келді. 1905 жылдан кейінгі әдебиетте
  • ұлт-азатшыл (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.),
  • ағартушы-демократтық (М. Сералин, С. Дөнентаев, С.Торайғыров, т.б.) бағыттар белең алды.

  • Бұрыннан әдебиетімізде бар
    - діни- ағартушылық бағытты (М.Ж. Көпеев, М. Қалтаев, Н. Наушабаев, Ш.Жәңгіров, т.б.) қосқанда осы кезең әдебиетінде үш бағыт өркен жайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет