Сауат ашуға даярлау


І. Балаларды сауаттылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет2/6
Дата23.05.2024
өлшемі34.22 Kb.
#501726
1   2   3   4   5   6
Тусупова Айзат

І. Балаларды сауаттылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 Балабақшада оқытудың тиімді жолдары
Қазіргі кезде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етеді. Оқыту әдісі дидактикалық негізгі бір құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұнды әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. «Әдіс» деген сөз гректің «metotos» деген сөзінен шықан. «метод» деген ұғым – белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа, жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. «Әдіс-дәл, жалпы мағынасында мақсатқа жету, іс-әрекетті нақты ретке келтіру тәсілдері ».
Біздің балабақшада әдістемелік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылғандығынан, тәрбиешілер жоспарда көрсете отырып, сабақтарын қызықты, ұтымды өткізіп, балалардың тілін, ақыл-ойын , танымдық қабілеттерін дамытуда. Олар сабақта әр түрлі әдістерді: Әңгімелеу, көрсету, әңгіме кітаппен жұмыс әдістері, сөздік әдістері практикалық, проблемалық, көрнекілік, көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдістері т.б. пайдалануда әдістемелік кеңес кезінде тәрбиешілерге әдістердің түрлерін білуіне және өз жұмыстарында оларды пайдалану үшін Монтессори, Глена Домано, Никитин, Заитцев, Глюшенский, Тюленова, Воскабович, Санатал әдістерінен кеңес берілді.
Атап айтсақ, Монтессори – саусақ санау арқылы, моншақтарды тізу, орналастыру саусақ қимылдарын дамыту.
Глена Домано – жан-жануарлар туралы әңгіме жүргізу арқылы танымын , сөздік қорын дамыту;
Никитин - тапсырмаларды алдын-ала дайындау.
Заицев - Әр түрлі фигураларды саусақ қимылдарын дмыту.
Бұл әдістеме мектепке дейінгі баланы оқуға және есептеуге жеделдетіп үйретуге арналған, мұның тиімділігі баланың психофизиологиялық ерекшеліетерін ескертуі. Әдістеме әр-бір баланың женке ерекешеліетерін ескертуді оның талабын, мүделерін және қабілеттерін ескеруге көзделген. Заицев әдістемесі бойыннша бала оқуды 2-3 жастан үйренеді бұл жастағы бала оқытудың ойын түрін тез меңгереді.
Глюшенский – еңбекке, суретке бейімдеу, қылқаламды дұрыс ұстауға үйрету;
Тюленева – бала өзінің жеткен жетістігін сезіну, табиғат құбылыстарын білуге үйрету;
Боскабович – кубиктерді санау фигураларды білу;
Санатал - Өлең айту, ырғақты қимыл көрсету.
Осы әдіс түрлерімен жеке танысып оқып үйретіп, тәрбиешілер өздеріне әдістемелік құрал ретінде пайдаланылады. Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында алға қойған мақсатына жетіп, қызықты да тартымды сабақтар өтіп жүрген «ақшағала» естиярлар тобының тәрбиешісі А.Алмабаева мен «қарлығаш» мектепке даярлық тобының тәрбиешісі А.Анисованы атауға болады. Қорыта келгенде, оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдзістерінің үйлесімді етіп таңдап ала білуіне, тәрбиешісінің іскерлігіне- біліміне, сабақ құрылымын жасай білуіне байланысты демекпін.[2]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет