2.3. Сауат ашуда тілдің қызыметі
Тіл өте жылжымалы мүше. Тілдін, бірде ілгері, бірде кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп , бірде төмен түсуінен, сондай-ақ оның артқы шені, орта шені, ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Тілдің ұшы жоғары тіске тиуінен тіс дыбыстары (д,т...) , ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға жуықтауынан тіл арты дыбыстары ( қ,ғ,к,г,) жасалады. Дыбыстар осылайша тілдің өзге мүшелеріне тиуі, не жуықтауына қарай соны атымен топтастырылады. Ал тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып бүктелінкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а,ы,о,у,з) алдынғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә,е,і,ү) жасалады.
Дыбыс шығаруда астынғы ерін мен үстінгі еріннің қызыметі басым. Екі еріннің жымдасуынан б,п дыбыстары пайда болса, бірде астынғы еріннің тіке қақтығысуынан ф,в, дыбыстары жасалады ал еріннің бірдже дөгелеіп бірде тартылуы арқылы, түрлі дыбыстар, айталық ү,о, дыбыстары жасалады.
Дыбыстардың жасалу орнына қарай алғы,орта, артқы, таңдай болып бөлінеді. Алғы таңдай күрек тіс тұрған қызыл иек пен (альвеолмен) ұштасады. Дауыссыз дыбыстардың осы альвеоларқылы да жасалатындары бар.
Иек (мұрынмен ұласып жатқан тіл) төмен түскенде, ауыз кең ашылады да, жоғары көтерілгенде, ауыз тар ашылады. Осыған орай қазақ тілі дауыстылары ашық (а,ә...), қысаң ( ы,і...) болып бөлінетінін білдеміз.
Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз-көптігінің де әсері болады. Яғни, алғашқы сабақтарда екі-үш дыбысты сөздер үйретілгіні дұрыс. Бірақ қазақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құралған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан ( өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құралған сөздер мен тұйық буын қатар өтіледі. Екі дыбысты ашық және тұйық буыннан үдету амалымен үш немес төрт дыбысты сөздер құрастырылып үйретіледі ( Шо-ра, ша-на, ал, ал-мат.б)
Сөздің ауыспалы, келтірінкі мағынада қолданылуы бірде метафора арқылы, бірде метонимия арқылы, кейде синекдоха тәсілдері арқылы беріліп отырады. Метафора (гр.-metjopora ауысу) –белгілерінің ұқсастығына қарай, сөз мағынасынң ауысуы. Мысалы, орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті (Абай). Метонимия (гр.- metonymia атын ауыстыру) –заттың не құбылыстың атауы,еінші затқа не құбылысқа белгінелетіне (өз ара іргелес, шектес болуына қарай ауысуы). Мысалы, Күрегім менің қырық жамау (Абай. Синекдоха (гр.- sybekdocha ) – бірге жобалап түсіну. [5]
Қорытынды
Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету жалғастырылады.
Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Өздеріне таныс дыбыстардан модель бойынша сөз, сөйлем құратып, оны буындап оқи білуге жаттықтыру. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту. Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланыстылығын нақты мысалмен өткен дыбыстар бойынша түсіндіру. Мысалы: қа-ла, а-та, да-на т.б Кеспе әріпетрден буын, сөз, сөйлем құрастыруды жалғастыру. Жаңа дыбыстармен таныстырып, олардың әріп таңбаларын меңгерту. Кісі аттарын, сөйлемнің басы бас әріптен басталатынын түсіндіру. Ерке, Асқар, т.б Менің әжем бар. Кеспе әріптен осы сөздер мен сөйлемдерді құратып, оны оқи білуге төселдіру. Мысалдар ойлату, оны талдату.
Сөз және сөйлем туралы түсініктерін практикалық жолмен бекіту. Сөзді бірнеше бөліке бөлуге болатыны көрнекі түрде яғни , оның «буын» деп аталатыныт түсіндіру.
Буын ұғымын меңгерту. Сөзді буынға бөліп жаттықтыруды әрі қарай жалғастыру , тапсырмалар беру. 4-5 дыбыстан құралған сөзге дыбыстық талдау жасату. Сөздегі дыбыстардың орнын ауыстырып , жаңа сөз құрату. Ол сөздерді буынға бөлгізу.
3-4 сөзден құралған сөйлем ойлату . Сөйлем енеш сөзден құралған, ол сөйлемдегі сөздерді тадату, яғни ретімен айтқызу . Әр сөзді буынға бөлгізіп және дыбыстық талдау жасату. Дауысты дыбыстардың жуан,жіңішке, дауыссыз дыбыстардың қатаң,ұяң ұғымдарын бекіту. Әрқайсысына мысал ойлатып,талдату.г,ү,я,вф,ещ,цч,ь,ъ дыбыстары мен әрріптерін танытыру.
Жаңа дыбыстарды қатыстырып ,сөз, сөйлем, ойлату. Ол дыбыс сөздің бсаында ,ортасында, аяғында келетінін мысалдардан тауып көрсете білуге төселдіру. Жаттығу жұмыстарынжүргізі. Мысалдар ойлатып, оны кеспе әріпетден құрату және оны талдату. Сөйлемдегі сөздердің орналасу ретін,бірінші және соңғы сөзі тауып айтқызу . Барлық өткен дыбыстарды пайдаланып , модуль бойынша сөйлем құрату. Көрнеі құралдар, текшелер, арнайы белгелер, кеспе әріптермен, сөз,сөйлем құрастырып, оған дыбыстық талдау жасату.[9]
Пайдаланылған әдебиеттер
1.К.Құлжанова. «Сауат ашу кезеңін ұйымдастырудың жолдары» Бастауыш мектеп №5\2009. 35 бет
2. Х. Ахметова. «Балабақшада оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары» Бала тәрбиесі №3\2009. 7 бет
3. К.Нұрбекова. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №11\2004. 53-54 бет
4.А.Важитова. «Сауат ашу» Бастауыш мектеп №3\2006. 34 бет
5. М.Мұсабекова. «Балабақшада » Бастауыш мектеп №8\2002. 20 бет
6.Қ.Дүйсенбаева. «Сауат ашу» Отбасы және балабақша №6\2005 12 бет
7. З.Сақтаева. «Аралас сабақ» Бастауыш мектеп №7\2001 12-13 бет
8. Б.Қабатай. «Ана тілі» Бастауыш мектеп №3\2003 14-15 бет
9. А.Дүйсенбаева. « Ашық сабақ» Бастауыш мектеп №4\2002 9-10 бет
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |