Сауаттылық-білімділік-кәсіби кұзыреттілік-мәдениет-діл (менталитет).+



бет2/3
Дата21.07.2023
өлшемі19.17 Kb.
#475758
1   2   3
Документ Microsoft Office Word (3)

В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтап көрсетеді:

  1. Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым- қатынас (мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды).

  2. Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды).

  3. Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік роль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында нақты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролі орын алады).

  4. Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату (мұғалімніңөктемдігі басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді).

  5. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым- қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақбұлдұрыс нәтижеге жеткізбейді).

  6. Мұғалім шәкірттер алдында өзінің артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен ғана айналысады, үнемі өзінің балалардан жоғары екенін дәлелдеуге тырысады).

. Аса көп таралған іс-әрекет стилін анықтауда мұғалім бағыттылығы негізге алынып қарастырылады: мұғалімнің оқыту үдерісіне бағытталуы, мұғалімнің оқыту үрдісіне және нәтижесіне бағытталуы, мұғалімнің психологиялық ерекшелігіне байланысты.
Осы аталған бағыттылықтар негізінде мынандай стильдер топтамасы анықталған:
а) эмоционалды-импровизиациялық стиль (мұғалім үшін оқыту үдерісіне, оның жылдамдығы, интуицияға негізделуі маңызды, оқу материалын бекітуге аз көңіл бөлінеді).
б) эмоционалды-әдістемелік стиль (мұғалімнің оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, оқытуды жоспарлауға, оқу материалын саралауға, бақылап, бағалауға аса мән береді).
в) пайымдаушылық-импровизациялық стиль (оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, дәстүрлі оқыту әдістерін қолдану, жұмыс жылдамдығы баяу).
г) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет