Үшінші кезеңде Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының
мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар бойынша педагогикалық
үдеріске жасалған теориялық және тәжірибелік зерттеулердің нәтижесін оқу-
тәрбие үдерісінде пайдалануда бастауыш мектеп мұғалімдеріне әдістемелік
кеңестер мен ұсыныстар берілді, оларды қолдану әдіс-тәсілдері анықталды.
Жүргізілген
жұмыстардың
нәтижесін,
жаңартылған
білім
мазмұны
бағдарламасының мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар
арқылы бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыста ғылыми
дүниетанымының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында бақылау
жұмыстары, тест, сауалнамалар жүргізілді. Эксперименттің бақылау кезеңіндегі
тексерулердің қорытындысы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми
дүниетанымының кеңейіп, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын
біртұтастық
бірлік-бейнеде
қабылдаудағы
пәнаралық
іскерліктерінің,
білімдерінің, ой-өрісінің, эстетикалық тәрбиесінің әлдеқайда артқандығын,
дамығандығын көрсетті /2-кесте/. Осы қорытынды кестелерге қарап, бастауыш
сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғалық
болмыс бітімін дамытуда пәнаралық байланыс материалдарын сабақ
мазмұнына сәйкес және тақырыптарға үйлестіріп пайдаланғанда оқушылардың
білім мазмұнын қабылдауы жеңілдегендігі, оқуға, берілген бөлімдер мен ортақ
тақырыптарға деген қызығушылықтары мен ынталарының артып, ғылыми
танымдық іс-әрекеті деңгейінің көтерілгендігі анықталды. Зерттеу нәтижесінің
қорытындысында бастауыш сынып оқушыларының жалпы сапалық үлгерім
көрсеткіші жоғарылағандығы дәлелденді. Эксперименттік топтардағы
оқушылардың білім деңгейлерінің жоғары, орта білім деңгейлерінің өсіп,
артуын берсе, төменгі білім деңгейіндегі оқушылардың саны мен пайыздық
көрсеткіштерінің төмендегенін көрсетті.
Кесте 6. Жаңартылған білім мазмұнында пәнаралық байланыс арқылы
оқушы тұлғасын дамыту мен ғылыми дүниетанымының қалыптасуын
анықтаудағы эксперименттің /аяқталу/ көрсеткіші
р/с
Пәнаралық
байланыс
жайында
оқушылардың
түсінік
көрсеткіш
түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |