Қорытынды сұрақтар:
1.Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлерден нені ұқтың?
2.Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай?
3.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?
Тақырып 8. Саяси институт – 2 сағат
1.Саяси институт ұғымы.
2.Саяси институттардың классификациясы және құрылымы.
3.Саяси институттар және әлеуметтік қатынас.
4.Мемлекет саяси институт ретінде.
5.Мемлекеттің негізгі функциялары, мәңі, белгілер. Заң мемлекеті.
Мемлекет – бұл саясатты жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Мемлекет категориясы анықтауыштардың бірі болып табылады, өйткені барлық басқармалық функцияларды мемлекет жүзеге асырады. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі.
-
Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған.
-
Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі. Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді:
-
Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді.
-
Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады.
-
Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді.
-
Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды.
Бұл теориялардың дәлелдемесі тарихта белгіленген және бұл дәлелдемелерді мемлекеттің пайда болғанын түсіндіргенде қолдануға болады. Кез келген мемлекеттің бірқатар ерекшеліктері бар, және бұл ерекшеліктердің бірігуін мемлекет деп атайды.
Ерекшеліктер:
1. Қоғамда үкіметтің орнауы, яғни бұл үкімет барлық қоғамға жатпайды, ол тек қана белгілі бір басқарушылық адамдарға жатады. Және бұл адамдар үшін басқару ісі мамандық болып табылады. Алғашқы қауымда белгілі бір мәселелерді шешуге руме тайпаның барлық мүшелері қатысты. Тайпа көсемі де басқа адамдармен бірге еңбек әрекетімен айналысты. Бұл мемлекеттің пайда болуынан бастап басқарушы адамдармен басқалармен жұмыс істемейді. Олар тек қана басқарады, егер ертеде басқарушылар сыйлық алуды тілесе, ал қазір олар төлемді талап етеді. Яғни қоғамнан тыс шығып өз категорияларын құрайды.
-
Шекараның болуы. Мемлекеттердің пайда болуынан бастап шекаралар жүргізілді және шекараны бұзу, мемлекеттің ішкі ісіне араласу болып саналады.
-
Күш жұмсауға заңдық құқығы. Адамның өміріне араласып, оны азаматтығынан айыруға тек қана мемлекеттің құқығы бар.
-
Заң шығару құқығы. Ешкім (партия, класс) заң шығару құқығы жоқ.
-
Әскерді, мемлекеттік аппараттарды қамтамасыз ету үшін салық алу құқығы.
Мемлекет саяси ұйым ретінде 6 мыңға жуық жыл өмір сүріп келе жатыр. Алғашқы мемлекеттік бірігулер ежелгі Шығыста пайда болды. Осы 6 мың жылда маңызды эволюциялық өзгеріске ұшырады. Осы өзгерістерді екі ірі кезеңдерге бөлуге болады.
-
Дәстүрлі мемлекеттер – Алғашқы мемлекеттер бірігуі, өткен салттар мен дәстүрлерге сүйеніп. Бұрынғы көсем-монарх болып ауысады. Дәстүрлі мемлекет монархиялық мемлекет болып саналады.
-
Конституциялық мемлекеттер – негізін реттелген және қабылданған конституция құрайды.
Қазіргі замандағы мемлекеттер түрлері: Қазіргі замандағы мемлекеттердің көбі конституция негізінде өмір сүріп, дамып келе жатыр.
Конституция –мемлекеттің негізгі құжаты, барлық заңдар мен кодекстердің алдында мәртебесі үлкен. Қазіргі заман конституциясы бірнеше бөліктен тұрады.
-
мемлекеттердің саяси құрылысын анықтайды
-
Азаматтардың негізгі құқығын анықтайды.
-
Үкімет органдарының құрылымын, қызметін және бір-бірімен қарым-қатынасын анықтайды.
Конституция өмірі әр мемлекетте әртүрлі. Негізгі эталоны болып АҚШ конституциясы табылады. Бұл конституция өзінің 200 жылдың өмірінде 26 рет түзетуден өтті. Франция конституциясы жиі ауысты (қазір 16) 6 жыл ішінде Қазақстанда 2-ші конституция әрекеттің ұзақтығы нақты факторлармен анықталады.
-
Қазіргі заман мемлекеттердің барлығы басқару түрі бойынша 2 ірі түрге бөлінеді.
-
Монархиялар – негізгі ерекшелігі – басқарушы монарх болып табылады, заңдық соттық басқару өз қолында. Бұл басқару түрі мұра болып қалады. Монархиялар 2-ге бөлінеді.
-
Абсолютті монарх өзі елді басқарады
-
Шектелген (конституциялық)
Монархпен қатар өкілетті орган өмір сүреді, ол парламент түрінде болады. Мұнда басқарушы монарх емес – парламент. Монархтың бар болуы – мемлекеттің дәстүрі мен тұрақтылығының көрсеткіші және конституциялық монархиялар барлық дамыған капиталистік мемлекеттер саналуы мүмкін.
-
Республикалар – негізгі ерекшелігі – басқарушы болып халық табылады. Ол өз басшылығын тікелей немесе жалғастыра жүзеге асырады, тікелей – сайлау кезеңінде, жалғастыра – сайлау өкілдері арқылы (депутаттар т.б.) Республика үшін сайлау органдарының нақты болуы тән.
Республика бөлінеді:
Басшылықты жүзеге асыру президентке жүктеледі. Ол мемлекет басшысы болып саналады. Оның қызметі парламент қызметінен жоғары. Мұндай республикалар дамыған мемлекеттерге тән. (Мысалы: Батыс Европа).
Парламент басшылықты жүзеге асырушы парламент. Мұндай республикалар саяси қарым-қатынастағы орташа дамыған мемлекеттерге тән (Африка).
Қазақстан Республикасы бұл президенттік республика. Президент жұмысы өте кең, сондықтан оны алып тастау мүмкін емес. Қазіргі заман мемлекеттердің территориялық құрылысының сызығы бойынша саяси болу.
-
Унитарлы территориялы құрылыс. Оның территориясында 1 ғана субъекті үкімет бар. Мұндай мемлекеттерге басқарушы орталығының шешімі барлығына міндетті. Мемлекет бойынша бір заң, бір президент (Қазақстан)
-
Федеративті мемлекет құрылымы. Мұнда бірнеше субъекті басқару бар (Ресей, Германия, АҚШ). Басқару орталығымен қатар жергілікті басқару субъекті бар. Ресейде орталық үкіметімен қатар бірнеше субъекті үкімет өмір сүреді. Ресейдегі мұндай бөліну ұлттық бөлінуімен байланысты. Бірақ мұндай шарт міндетті емес, АҚШ-та барлық азаматтар, американдықтар, бірақ мұнда басқару орталығымен қатар басқару штаттары бар. Әрбір жеке штатта өз заңы бар, ең қиын мәселе орталық басқару қызметі мен жергілікті басқару қызметінің бөлінуі. Осылардың әрқайсысы өзіне көп басқарушылықты немесе күшті алғысы келеді. Осының себебінен қақтығыс болуы мүмкін (Шешенстан).
-
Конфедеративті мемлекет құрылымы бірнеше мемлекеттер достастығы. Бірақ бұл достастық барлық аспектілері қоспайды, тек қажеттерді ғана (СНГ).
Көбіне тұрақсыз, басқа тез және жеңіл ауысады.
Құқықты мемлекет және оның негізгі нышандары.
Құқықты мемлекет идеялары мемлекеті құрылымымен анықталады, ол ондай мемлекеттің жоқтығымен мақтанады. Құқықты мемлекет ол идеал утопия. Құқықты мемлекетте 1-ші орынды адам алады. Мұндай мемлекетте адам толық бұғаудан босатылу тиіс. Мемлекет адамды оның құқығын қорғау үшін қолдан келгенін жасау керек. Негізгі нышандары:
-
Дамыған азамат қоғамның бар болуы.
-
Мемлекет іс-әрекет сферасындағы шектеулік.
Мемлекет азаматтардың ерікті шаруашылығымен айналысуына мүмкіндік жасау керек.
-
Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі.
-
Құқықтың азаматтарға, кәсіп орындарға, ұйымдарға ортақ болуы.
-
Халық тәуелсіздігі. Халық басшылығы. Бұлбасшылық мемлекет тұрғысынан қорғалып, сақталынады. Халық басқарудың негізгі және соңғы көзі болады, соңғы сөзді халық айтады.
-
Үкіметтің бөлінуі. Үкімет бір, ол адамдарға тиісті, өз басшылығын өкілдер арқылы жүзеге асырады. Жоғарғы басшылық бір болса да, ол 3-ке бөлінеді:
-
заңдық
-
орындаушылық
-
соттық
Бұл бөліну мынадай мақсаттарды көздейді:
а) Әр басқаруды басқа 2 басқаруға қарсы қойып өлшеу
б) бөліну қоғамды неғұрлым компоненті басқаруға мүмкіндік береді.
-
Қоныстандыру әдісінің тыйым салу әдісінің үстемдігі.
-
Индивидтің бостандығын шектейтін жалғыз басқа адамдардың бостандығы мен құқығы. Азамат барлық істерін жасай береді. Басқа адамның бостандығын бұзбағанша. Осылайша қазіргі заманғы мемлекеттер нақты үшін топтарға бөліне алады, өзіне тиісті мінездемелермен. Осы үлкен топтарда жүздеген басқару түрлерін жүзеге асыратын нюанстар бар, ол территориялы құрылыс түрінде. Барлық мемлекеттер басқару түріне қарай бөлінеді:
-
демократиялы
-
демократиялы емес
Қорытынды сұрақтар:
1.Саяси институт ұғымын аңықтаныз.
2.Саяси институттардың классификациясы және құрылымы.
Тақырып 9. Саяси процесс– 2 сағат
1.Саяси процесс түсінігі.
2.Саяси өзгертулер.
3.Саяси өзгертулердің үлгілері: функционалдық, даму, құлдырау.
4.Негізгі факторлары.
Саяси процесс
1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;
2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т.с.с.
Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т.б.) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;
4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.
Дүниежүзілік саяси және құкықтық ілімдер тарихы — адам-заттың рухани мәдениетінің манызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси-қүқықтық ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, қүқық, бостандык, мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-қуқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары қазіргі замандағы саяси және кұкықтық ілімнің дамуы мен оның бағытына едәуір ықпал етеді, біздің қазіргі іс-әрекетімзге бағыт береді. Қазіргі дүниені неғүрлым дұрыс танып, білу үшін және болашақ жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін адамдар әр уақытта, әр дәуірде өзіне дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың үзақ ғасырлық тәжірибесін пайдалану тарихи қажеттілік болып табылады. Қазіргі кезде елімізде алуан түрлі саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келді. Олар дүниеге келіп ғана койған жоқ, белгілі-бір мақсат ұстанған нақты күш ретінде саяси аренаға шықты. Олардың саяси қызметі мемлекет ісіне, құқыққа, саясатқа белгілі бір дәрежеде ықпал да жасауда.
Қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы, дамуы және саяси платформасы әлемдік тарихтың және Қазақстанның бұған дейінгі әр кезеңінде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас және үндес болып келеді. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде әлемдік саяси-кұқықтық ілім тарихының саяси тәжірибесі мен ғылыми тұжырымдарын ескерудің пайдасы зор болмақ.
Саясат пен ққұқықта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс
жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екендігі
белгілі. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесінің бұған дейінгі
тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен
идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары
саяси және қүқықтық ілімдер тарихы ғылымында сараланады.
Ендеше адамзаттың саяси және құқықтық жолда болашақты
Қорытынды сұрақтар:
1.Саяси процесс түсінігі аңықтаныз.
2.Саяси өзгертулер.
Тақырып 10. Саяси даму және өзгеріс – 2 сағат
1.Саяси даму және саяси өзгеріс.
2.Саяси даму: мақсаттары, мазмұны және шарттары.
3.Саяси дамудың дағдарыстары.
4.Саяси жаңарту теориясы: даму кезеңдері.
5.Жаңарту кезеңдерінің сипаттамалары.
Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;
екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;
үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;
төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.
Саяси модернизация теориялары - XX ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі -универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру.
Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.
Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.
Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.
Саяси өзгеріс- саяси құбылыстардың эволюция қарқынының, тұрақты және өзгеріп отыратын белгілерінің, институттары мен түрлерінің, құрылымдары мен қызметтерінің өзгеріп отыруы. Саяси өзгеріс биліктің негізгі құрылымдары мен тетіктерін қозғамайтын қасиеттерін трансформациялауды білдіреді. Мысалы, көшбасшылар, өкімет, жеке институттар өзгеруі мүмкін, бірақ басты құндылықтар, ережелер, билікті жүзеге асыру тәсілдері бұрынғы сипатта қалады.
Саяси ғылымда өзгеріс көздері, тетіктері мен түрлері туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалы, Маркс саяси өзгеріс себептерін экономикалық қатынастар ықпалынан, Парето элиталардың циркуляциясынан, Вебер харизматикалық көшбасшы қызметінен, Парсонс адамдардың әр түрлі рөлдерді атқаруынан көрген.
Саяси өзгеріс түрлері: қызмет істеуі, дамуы және құлдырауы. Саяси құбылыстардың қызмет істеуі азаматтардың өзара қатынасын, мінез-құлық түрлерін немесе мемлекеттік билік институттары өздерінің тікелей қызметтерін орындауда қалыптасқан негізгі мәндерден өзгертпейді. Саяси өзгерістің екінші тәсілі - бұл даму. Саяси құбылыстардың негізгі өлшемдерінің оң сипатта эволюциялық өзгеруін білдіреді. Өзгерістің үшінші түрі - бұл құлдырау, саяси құбылыс эволюциясының теріс дамуын білдіретін негізгі түрлер мен қатынастардың өзгеру тәсілі.
Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесінің қызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалық үрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән.
Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді:
-
қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы жағдайы;
-
өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың туындауы;
-
дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі.
Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар:
1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді);
2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы);
3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі).
Сонымен бірге мемлекетаралық, аймақтык және халықаралық қақтығыстарға байланысты сыртқы дағдарыстар да болады.
Қорытынды сұрақтар:
1.Саяси даму және саяси өзгеріс дегенді қалай түсінесіз?
2.Саяси даму: мақсаттары, мазмұны және шарттары.
Тақырып 11. Саяси идеологиялар– 2 сағат
1.«Саяси идеология» түсінігі, мәні және функциялары.
2.Оның қоғамның саяси өмірінде рөлі.
3.«Деидеологизация» және «реидеологизация» концепциялары.
4.Идеология және саясат. Идеологиялық нығаю.
5.Идеология және билік. Мемлекеттік және саяси идеология.
6.Идеологиялық күрес. Либерализм және неолиберализм.
7.Консерватизм және неоконсерватизм. Коммунизм және социализм. Социал-демократия.
8.Анархизм. Радикализм. Экстремизм. Фашизм. Феминизм.
9.Антиглобализм. Экологизм.
Саяси идеология қоғамдық сананың басты элементі болып саналады. Ол идеологиялық жүйенің өзегі бола отыра қоғамның саяси өмірінде маңызды орын алады. Сонымен идеология дегеніміз не?
Идеология теориясының негізін қалаушылар неміс ойшылдары К. Маркс, Ф.Энгельс және К.Мангейм. К. Маркс пен Ф.Энгельстің ойынша қоғамдағы әлеуметтік- кластық диференция нәтижесінде пайда болатын рухани негіз. Ол бір типті алғашқы қауымдық қауымдастықтың орнына әр түрлә әлеуметтік типтердің пайда болған кезінде олар арасындағы мүдделердің қайшылығынан туындайды,
Идеологияға мынандай анықтама беруге болады. Идеология- түрлі әлеуметтік топтардың, кластардың, қауымдастықтың қоғамдық болмысын олардың мүдделері тұрғысынан көрінетін және оған қызмет ететін қоғамдық сананың функционалдық сипаты.
Идеология –шындықтың бір жақты әлеуметтік-мүдделік бейнесі. К. Маркс пен Ф.Энгельс идеологияны бірнеше рет «иллюзияға толы», «жалған сана» деп атаған.
Дегенмен, марксизм көзқарасы бойынша, қоғамдық құрылысты объективті зерттеу барысында әлеуметтік –кластық жікке бөліп қарауды жоққа шығармайды.
Қоғамның әлеуметтік құрылы біркелкі болмағандықтан. Оның мүшелері арасында мүдделер қайшылығы туындап отырады. Сондықтан олардың арасында идеологиялық күрес жүріп отырады. Идеологиялық күрестің басты міндеті адамдардың санасына аталған қоғам мүшелерінің барлығының мүддесін білдіреді-ау деген идея ұстанып, оған ортақ нысан беру болып табылады. Осы мақсатта құндылықтарды этернизациялау (лат.мәңгілік) тәсілі қолданылады. Кез-келген билеуші класс өз идеологияясын адамдар санасына барынша құнды, маңызды етіп көрсетіп оны қоғам мүшелерінің санасына бекітуге тырысады. Осыған сәйкес, идеология дүниетаным мен құндылықтарды біріктіріп, өз дүниетанымын әлеуметтік институттар арқылы экспансиялайды. Бұрынғы уақытта бұл құралдың рөлін негізінен шіркеу, тәрбиелеу және білім беру жүйесі атқарса, қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникация атқарады.
Идеология осылайша қоғамды біріктіріп, билеуші элита билігініңәлеуметтік негізін қалауды көздейді.
Аяси идеологияның үш деңгейін көрсету саясаттану ғылымында кең тараған.Олар:
Теориялық-тұжырымдамалық. Бұл деңгейде негізгі ұсынылатын қоғамдық құрылыстың негізі болатын белгілі бір құндылықтар мен идеалдарды тудыратын саяси теориялар қалыптасады.
Бағдарламалық-директивтік. Бұл деңгейде әлеуметтік –философиялық қағидалар мен идеалдар нақты саяси бағдарламаларға, саяси элитаның лозунгтары мен талаптарына айналып қарсы топтармен күресудің стратегиясы мен тактикасына айналады.
Әрекеттік. Қоғамдық санаға қандайда бір идеологиялық ұстанымдағы бағдарламалар мен лозунгтарды енгізу белгілі бір саяси қылықтырдың типін туғызады. К.Мангеймнің ойынша, саяси идеологиялық жүйенің күшті бір қыры ол адамдарды қуаттандырып, бір ірекетке жұмылдыра алуында.
Әлемдік тәжірбиеде көптеген идеологиялық жүйелер қалыптасқан. Біз солардың ішіндегі ең ірілеріне ғана тоқталамыз.
Либерализм. Бұл әлемде аса кең тараған жүйелердің бірі. Оның негізі ХVII-XVIIIғғ. Қайта Өрлеу ккезеңінің идеяларының негізінде буржуазияның ұстанымы ретінде қалыптасты. Оның қайнар көздері болып Ш.Л.Монтескьенің, Д.Локктың, Т.Гоббстың, А.Смиттің Т.Джефферсонның, Дж.С.Милдің және т.б. еңбектері саналады. Либерализнің іргетасы болып тұлғаның бостандығы, қоғамдық инститтарға қатысты оның бағалануы, өзі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі, барлық адамдардың құқықтары мен мүдделеріне деген құрмет саналады. Либерализм өзінің идеологиялық ұстанымында индивидуализм мен гуманизм қағидаларын үйлестіруге тырысады. Мысалы, АҚШ-та индивидуализм қоғамдық құрылымның негізі ретінде қарастырылады. Өз күшіне ғана сүйену амарикандық «өмір образы» болып саналады. Сонымен бірге либерализм идеологиясы жеке бас бостандығы мен жеке меншікке негізделеді.
Консерватизм. Тарихта либрализмге қарсы консерватизм ұзақ уақыттан бері өз ұстанымдарын ұсынуда. Консерватизм төңкеріске қарсы феодалдық-клерикалдық идеология ретінде Құдай тәртібін бұзбауға насихаттаудан пайда болды. Консерватизм идеологиясының жасаушылар ағылшындық ойшыл және саясаткер Э.Берг және француздық қоғам қайраткерлері Ж. Де Местр және Л. Де Бональд.
Консерватизм идеологиясы табиғи түрде қалыптасқан тәртіпті бұзбауға шақырады. Сондықтан консерватизмнің негізі болып дәстүршілдік- яғни, отбасымен, дінмен, әлеуметтік жіктелу сияқты дәстүрлі құндылықтарды сақтауға үндеумен ерекшеленді.
Консерватизм де либерализм сияқты тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырады. ХХ ғасырдың 70-жылдарында неоконсерватизм пайда болды. Оның пайда болуы АҚШ-та билік басына республикашыл Р.Рейганның, Ұлыбританияда консерватор М.Тэтчердің, ГФР-да ХДСХСС блогының жетекшісі Г.Кольдің келуімен тығыз байланысты. Неоконсерватизм неолиберализм мен социализмге қарсы тұру қажеттілігінен пайда болды. Неоконсерватизм «аз билік ететін билік ең жақсы билік» деген қағиданы, яки антиэтатизмді ұстанды.
Социализм. Социалистік идеологияның негізі классикалық утопиялық социализмнің өкілдері Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн еңбектерінен бастау алады. Оны ары қарай К.Маркс пен Ф.Энгельс дамытып, іс жүзіне төңкеріс жасау арқылы асырған В.И.Ленин болды. Ленинизм идеясы ХХғ. 90 жылдардың басына дейін өмір сүрді. Оған қарама-қайшы әлеуметтік-саяси ұстанымдарды неміс ойшылдары К.Каутский мен Э.Бернштейн социал-демократиялық идеология ұсынды. Оның негізінде түрлі «социализм моделдері» пайда болды. Оның ішінде аса белгілісі шведттік модел болды.
Фашизм. ХХғ. 20-30 жылдарында национал-социалистік идеология, яғни фашизм кең қанат жая бастады. Фашизмнің басында италияндық социал-демократ Б.Муссолини мен неміс саясаткері А.Гитлер болды. Фашизм идеологиясы нәсілшілдік пен элитаризмге сүйенді. Мысалы, германдық фашизм арий нәсілінің артықшылығы насихатталды. Бірінші орынша жеке тұлға емес нәсілдік-этникалық және ұлтшыл-мемлекетшілдік қойылды. Фашизмге көсемшілдік немесе фюреризм тән.
Қорытынды сұрақтар:
1.Саяси идеология дегеніміз не? .
2.Қоғам өміріндегі идеологияның алатын орнын атаңыз.
3. Саясат және идеология өзара қатынасының ара жігін көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |