Экологиялық қауіпсіздік түсінігі.
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі. Экологиялық қауіпсізік мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамассыз ету блып табылады. ҚР-ның ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ заңының 4-бап, 6) Экологиялық қауіпсіздік – қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай күй болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі. Ақпараттық соғыстар.
АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – мемлекеттік ақпараттың ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет. Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайы бар: 1) ҚОЛ ЖЕТЕРЛІК – санал уақыт ішінде керекті ақпараттың қызмет алуға болатын мүмкіндік; 2) ТҰТАСТЫҚ – ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп – ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамассыз ететін қабілетін айтады. 3) ЖАСЫРЫНДЫЛЫҚ – заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау. АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС – деп материалдық және интеллектуалдық салаларда қандайда бір ұтыс алу мақсатында бір-бірінің ақпараттық ресурстарына белсенді ақпараттық ықпал жүргізетін қарсыластардың қалпы. Ақпараттық соғыстың басты мақсаты – қарсы жақты өз ырқына мәжбүрлеп көндіру арқылы өз мүддесіне сәйкес келетін саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік ұтысқа қол жеткізу. ҚР-ның ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІДІК ТУРАЛЫ ЗАҢ 4 БАП, 5 тармақшасында айтылады.
Түсті революциялар: түсінігі, мазмұны және әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |