Акция шығару проспектісі «май» Акционерлік қоғамы



жүктеу 481.75 Kb.
бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі481.75 Kb.
  1   2   3   4
Акция шығару проспектісі


«МАЙ» Акционерлік қоғамы

қоғамның қысқартылған атауы – «МАЙ» АҚ


Уәкілетті органның жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізуі инвесторларға проспектіде сипатталған акцияларды алуға қатысты қандай да бір нұсқау беру болып табылмайды. Жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізуді жүзеге асырған уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауапты емес. Акция шығару проспектісі тек Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес қаралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспекте мазмұндалған ақпараттың шынайылығына жауапты, және көрсетілген барлық ақпараттың шынайылығын, инвесторларды қоғам мен оның акцияларына қатысты адастыру емес екенін растайды.



1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер.
«МАЙ» АҚ Өскемен майсығу зауыты Қазақстан, ШҚО, Өскемен қ. /Акционерлік қоғам/ бұрынғы Зульбинка селосындағы жеке кәсіпкерге тиесілі майсоғуынан 1922 жылы құрылған.

1931 жылдың 9 қазанында Өскемен қаласының қалалық атқару комитетінің шешімімен май зауытының орналасу орны бүгінгі күнге дейін орналасып келген Ертіс өзенінің «Жоғарғы кемежайы» болып бекітілді.

Май зауытының құрылысы 1932 жылдың 1 маусымында басталып, 1938 жылы аяқталған. Престеу цехы сол кездегі негізгі цех болып саналды, мұнда майды өңдеу үлкен дене еңбегін қолданумен іске асырылатын ағылшын-американдық престері құрылған.

1953 жылы майсығу зауыты пайдалануға берілді.

1960-66 жылдары зауытты қайта құру жүзеге асырылды, нәтижесінде зауыт өндірісі тәулігіне күнбағыс майтұқымын 230 тоннаға дейін өңдеуге жетті.

1979 жылы зауытты қайта құру аяқталып, нәтижесінде күнбағыс майтұқымын тәулігіне 230 тоннадан 400 тоннаға дейін өңдеу қуаты артты. Зауыт қуатын арттыру қосымша жаңа НД-1250 экстракторын құра отырып, экстракциондық цехын қайта құру есебінен жүзеге асырылды. Сондай-ақ //рушальдық-қағу бөлімшесі және басқа нысандардың қайта құрылуы жүргізілді.

Өнімнің әр түрін көбейту мәселесін шешуде зауыт мамандары 1987 жылы жылына 200 тонна шығарылатын күнбағыс халвасының өнімі бойынша құрал-жабдықты жобалады және жөндеуден өткізді.

1993 жылы зауыт ашық типтегі акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1997 жылы «МАЙ» ААҚ-ның мемлекеттік акция пакеттері инвестициялық жеке меншік қорлары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сатылды. 1997 жылдан 2000 жылға дейін акционерлер бірнеше рет ауысты.

1999-2000 жылдары құны 7 млн. АҚШ долларын құрайтын кәсіпорынды қайта құру жүзеге асырылды. Негізгі технологиялық құрал-жабдықтар ауыстырылды, атап айтсақ De Smet фирмасының жаңа экстракторы, жаңа технологиялық желілері алынды. Қайта өңдеудің өндірістік қуаты 100-110 мың тонна күнбағыс тұқымы, 45-50 мың тонна май өнімі. 2000 жылдың қарашасында үздіксіз ДЕ-СМЕТ экстракциясын қайта құру аяқталды. Осы 2000 жылы «МАЙ» ААҚ–ның бақылау пакет акциялары, «Obersee Holding AG» компаниясы «Алтын Бидай» ЖШС-нен алынды.

Негізгі өндіріс цехтарын бірнеше рет қайта құру нәтижесінде технологияларды жетілдіру, күнбағыс май тұқымын өңдеу қуаты тәулігіне 400 тоннаға дейін артты. Май өнімі тәулігіне 160 тоннаға жетті.

«МАЙ» АҚ қазіргі кезде Қазақстандағы май саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

«МАЙ» ААҚ-ның негізгі қызмет түрі - май түріндегі тұқымдарды өңдеу (күнбағыс, рапс, соя, лен, сафлор) және өсімдік майы, күнбағыс халвасы, шрота өнімі.

2. Акционерлік қоғамының атауы- «МАЙ» акционерлік қоғамы, қысқартылған атауы – «МАЙ» АҚ, шетел тіліндегі атауы жоқ

Қоғамды хронологиялық тәртіпте қайта тіркеу жөніндегі мәліметтер:



- Ашық типтегі акционерлік қоғамы /«МАЙ» АТАҚ/ Красина атындағы Өскемен майсығу зауыты базасында мемлекеттік мүлік жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық комитетінің бастамасымен 13.11.93 жылғы №259 Қаулысымен құрылған, Қалалық әкімшілік басшысының 03.12.1993 жылғы №1475 шешімімен тіркелген.

- 1995 жылы «МАЙ» АТАҚ «Май» облыстық қаржы басқармасында (ААҚ) Ашық акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркелді және ҚР Мемлекеттік регистріне (№ 8740 0995ж 05.07) енгізілді. Заңды тұлғаның тіркеу нөмірі-№3388-1917-АО 1998ж 29.12., аталған формада өндіріс 2005 жылдың 3 мамырына дейін жұмыс істеді.



- «Май» акционерлік қоғамы («Май»АҚ) 2005 жылдың 3 мамырынан осы уақытқа дейін (Мемлекеттік кайта тіркеу туралы куәлік № 3388-1917-АҚ).

-акционерлік қоғам заңды тұлғалардың таратылуы нәтижесінде құрылмады


3. Акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметі.

Акционерлік қоғамның мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік нөмірі 2005 жылдың 3 мамырынан В сериясы, №0134665, мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған орган - Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасы



4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі 181600004187, ҚР салық төлеу куәлігі 2005 жылы 11 мамырда берілді, 18 серия, №0033908

5. Акционерлік қоғамның орналасқан орны туралы ақпарат, байланыс телефоны мен факс нөмірі, электрондық пошта мекен жайы:

Пошталық индексі: 070019

Облыс: Шығыс Қазақстан облысы

Қала: Өскемен қаласы


Көше: Степная


Үй нөмірі: 4

Телефон нөмірі: 26-23-61

Факс нөмірі: 26-32-95

Е-mail: maikg. kz



6. Акционерлік қоғамның банктік реквизиті. Е/ш 005467609 БИК 190901722 «АТФ Банк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалында

7. Акционерлік қоғам қызметінің түрі:

Қоғам азаматтық құқыққа ие және заңмен рұқсат етілген кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті міндеттер жүктелген.

Қоғамның негізгі қызметі қолда бар және қоғам қызметі барысында сатып алынатын өндірістік қуаттар, машина, құрылғылар мен шикізаттар профиліне сәйкес май тұқымдары мен басқа да ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, өсімдік майын, халва, қарақұмық жармасын, және басқа өнімдерді өндіру.

8. Акционерлік қоғамға берілген рейтингтердің немесе ҚР-ның рейтингтік агенстволары мен халықаралық рейтингтік агенстволар шығарған бағалы қағаздардың болуы туралы мәлімет: рейтингтер жоқ



9. Акционерлік қоғамның барлық өкілдері мен филиалдарының пошталық адресі мен атауы: өкілдіктер мен филиалдар жоқ

10. Акционерлік қоғамның қаржы есебіне аудит жүргізген (жүргізетін) аудиторлық мекеменің толық ресми атауы (аты, жөні керек жағдайда аудитордың тегі): «KPMG Janat», жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Бердалина Жанат.

2. Қоғам органдары және құрылтайшылары (акционерлер)

11. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі



Директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы

Қазіргі уақыттағы және соңғы 3 жылдағы атқарған лауазымдары, соның ішінде қатар атқару


Директорлар кеңесі мүшелеріне тиесілі акциялардың акционерлік қоғам акцияларының жалпы санына пайыздық қатынасы

Еншілес және тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлес (%)

Төраға –

Штехели Георг Лоренц

10.08.1945 ж.т.


Қазіргі уақыттағы және соңғы 3 жылдағы атқарған лауазымдары, соның ішінде қатар атқару президент «Obersee Holding AG» компаниясы

0,00142%


0%

Мүше -

Кемпф Эрнст Арнольд

20.10.1956 ж.т.


Қазіргі уақыттағы және соңғы 3 жылдағы атқарған лауазымдары, соның ішінде қатар атқару жоқ

0,00142%


0%

Мүше -

Каэлин Эгон

28.03.1964 ж.т.


Қазіргі уақыттағы және соңғы 3 жылдағы атқарған лауазымдары, соның ішінде қатар атқару жоқ


0%

0%

Соңғы екі жыл мерзімдегі директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер:

- Штефан Виталь Майер, 13.09.1964 жылы туған, акционерлердің жалпы жиылысының 2000 жылғы 06 желтоқсандағы шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшелігіне алынып, акционерлердің жалпы жиылысының 2005 жылғы 04 сәуірдегі шешімімен қоғамның Директорлар кеңесі құрамынан шығарылған.

- Каэлин Эгон, 28.03.1964 жылы туған, акционерлердің жалпы жиылысының 2005 жылғы 04 сәуірдегі шешімімен қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелігіне алынды.

12. Акционерлік қоғамның дара атқару органы –

Атқарушы директор - 2001 жылдан («Май» ААҚ Директорлар кеңесінің 05.03.2001ж шешімі) Галаев Ахмет Алаудинұлы,1955 жылы туған.



«Май» АҚ атқарушы директоры 2001 жылдан басқа лаузымды қатар атқармайды.

13. 2004 жылы қоғамның лауазымды тұлғаларына төленген сыйақылар мен еңбекақының жалпы мөлшері 1200 мың теңге.

14. «Май» акционерлік қоғамының ұйымдастырушылық құрылымы

1) «Май» акционерлік қоғамының ұйымдастырушылық құрылымы басқару аппаратынан, шикі өнім қоймасынан, шикі өнім цехынан, негізгі өнім рафинация цехынан, сығу цехынан, халва цехынан, май расфасовкасының цехы, шрот элеваторы, көлік цехы, материалдық қойма, шаруашылық қойма, электрошаруашылық және КИП, котельная, төгу стансасы, тазалау құрылысы, РСУ, депо, жөндеу- механикалық шеберханаларынан тұрады.

2) акционерлік қоғам қызметкерлерінің жалпы саны: 472 адам;

3) Акционерлік қоғамның жай акцияға иелік жасайтын қызметкерлер саны-18, олардың ортақ акциялар санындағы үлесі 0,0526907% құрайды; акционерлік қоғамның артықшылық берілген акциясы бар қызметкерлер саны - 95 адам, олардың ортақ акциялар санындағы үлесі 6505036% құрайды;

4) акционерлік қоғам бөлімшелерінің басшылары туралы мәлімет:





Тегі, Аты-жөні

Тағайындалуы (лауазымы)

Жас мөлшері

1.

Галаев Ахмет Алаудинович

Атқарушы директоры

18.10.55

2.

Молчанов Сергей Владимирович

Бас инженер

10.03.65

3.

Костина Татьяна Владимировна

Бас бухгалтер

20.04.69

4.

Агапеева Людмила Ивановна

Бас технолог

02.05.51

5.

Кандакова Мария Ивановна

5 разрядты прессовщик, нгеізгі өндірістің ауысым шебері Аға техник-химик Инженер-химик Орталық зауыт зертхана бастығы

16.02.44

6.

Борисова Антонина Ивановна

Аусым инженер технологы Аға инженер технолог Негізгі өндіріс бастығы

29.05.52

7.

Слембаев Бауржан Зайнулдинович

Қауіпсіздік қызметінің бастығы

17.06.49

5) филиал мен өкілдік басшылары туралы мәлімет: - филиалдар мен өкілдіктер жоқ

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет