Дуалистік монархия белгілері:
• билік монарх пен парламент арасында бөлінген;
• монарх үкіметті
тағайындайды;
• монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.
Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль,
Индия, Греция, Австрия.
Президенттік республикаға жататындар: АҚШ,
Индонезия, Иран, Ирак,
Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол
Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет)
мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).
Президенттік республика белгілері:
• Президент мемлекет басы және
атқарушы билікті басқарады;
• Президент үкіметті құрады;
• Үкімет президент алдында жауапты;
• Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.
Парламенттік республика белгілері:
• Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;
• Президентті парламент сайлайды;
• Үкімет парламент алдында жауапты;
• Үкімет парламентте көп орын иеленген партия
арқылы құрылады;
• Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.
Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия,
Финляндия, Исландия.
Оның белгілері:
• Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;
•
Президент кең құзыреттерге ие;
• Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр
Парламент алдында жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: