Саясаттану глоссарий


Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі басқаруға құқық  берілген  саяси  –  ұлттық  құрылым. Авторитаризм



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата15.11.2023
өлшемі260.32 Kb.
#483385
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
КАЗ глоссарий (1)

Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін – өзі басқаруға құқық 
берілген 
саяси 
– 
ұлттық 
құрылым.
Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке 
сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік 
етеді. Ол көбінесі саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне 
сүйенеді. 
Мемлекеттің 
сайлау 
органдары 
шектеледі. 
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе 
шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси – қоғамдық 
қатынастардың 
негізгі 
субъектісі 
мен 
объектісі.
Адам құқықтары – белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін 
адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, 
кепілдіктері.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін 


қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек 
қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай 
құқықтары 
сақталады.
Аймақтық – белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасты бір 
нәрсе.
Аристократия −Ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік 
басқарудың 
түрі.
Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Астыртын партиялар – заң бойынша тыйым саланып, жұмысын астыртын
жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған 
құрылысты 
күшпен 
өзгертуді 
мақсат 
етеді. 
Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік 
басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. 
Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар 
қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет