Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-
тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің
ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды,
амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану,
қолдану
мүмкіндігі
деп
біледі.
Мәселен,
Американың
белгілі
саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды
өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді
дейді.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының
арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды
туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал
басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол
көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың
ойынша, билік қатынастары туады.
Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-
тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.
Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық
және антидемократиялық режимдер.
Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін
анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар,
нормалар мен принциптер жиынтығы.
Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:
Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар
кіреді;
Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған
нормалар мен принциптер жатады;
Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады