немесе керісінше, саяси дамудың ұлт сипатына әсер ету мәселелерін шешуге
көмектеседі.
Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-
құлықтық субъективті механизмдерін және
сонымен бірге психологиялық
мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған.
Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші
жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген.
Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін
қалыптастырады.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық,
биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар.
Парадигма-үлгі
деген мағына береді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі
анықтамалар мен
тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.
Теологиялық анықтама билікті белгілі бер мақсатқа,
белгілеген
нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын
ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және
өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
Достарыңызбен бөлісу: