Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет37/41
Дата30.10.2022
өлшемі191.88 Kb.
#463636
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Саясаттану лекциялар (1)

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Әлемдік саясат дегеніміз не?
2. Сыртқы саясаттыңи мақсаты неде?
3. Ұлттық мүддеге не жатады?
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

  4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №15 Егемен Қазақстанның саяси проблемалары

Сабақтың мақсаты:


Егемен Қазақстанның саяси даму жолдарын қарастыру

Негізгі мәселелері:


1. Егеменді Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
2. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар.
3. Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.


1. Егеменді Қазақстанның саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанны тәуелсіз мемлекет ретінде 10 жылғы демократиялық-саяси дамуы саясаттану теориясы тұрғысынан терең талдау-сараптауға өте бай материал берді. Еліміздің құықық, демократиялық мемлекет үрдісінде дамуының жол жеткен нәтижелеріне буқаралык ақпарат құралдарында ғылыми еңбектерде, сондай-ақ саяси партиялар мен олардың жетекшілері тарапынан әртүрлі, қайсыбір қайшылықты, кейде тіпті кереғар көзкарастар, бағам-тұжырымдар болса да басты, түбегейлі өзгерістер даусыз.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және «сыртқы саясаттын негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына жолдауында: «...бұл уақыттың, әр жылы ондаған жылдарға пара-пар... Біз алғашқы жетістіктердің қуанышы мен қиындығын, сондай-ақ, қоғамдық-саяси жүйенің және мемлекеттік-экономикалық құрылыстық алмасу кезеңіндегі тауқыметті бастан кешірдік. Өмір біздің «демократиялық даму үлгісін таңдауымыздың дұрыс болып шыққанын көрсетіп береді» деген аса маңызды саяси қорытынды жасады. Бұл тұжырым еліміздегі осы жылдардағы саяси-конституциялық реформалардын табиғатын, негізгі нәтижелерін деп ашады.
Осы жылдар белесіндегі еліміздің қоғамдық кұрылысындағы аса маңызды жетістіктердің бірі — Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси жүйесінің пайда болып, қалыптасуы.
Сонда, кешегі кеңестік Қазақстанның саяси жүйесінен он жыл бойы тәуелсіз, дербес дамыған бүгінгі Қазақстанның саяси жүйесінің басты айырмашылығы неде?
Мемлекетіміздің он жылғы тәуелсіз дамуыныңқоғамымыздың осы өмір саласына әкелген түбегейлі өзгерістерінің мәні мен табиғаты, принципті жаңашылдығы неден көрінеді?
Әрине, ең бастысы, тәуелсіз еліміздің саяси жүйесінде түбегейлі демократиялық-құқықтық реформа жасалып, ол конституциялық институциялық- құрлымдық, мазмұндық функциялық терең өзгерістерге түсті.
Ол мәнді өзгерістердің құрылымы мен мазмұны, жинақтай айтсақ, негізінен мыналарға келіп саяды:
— ең алдымен еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіптік негізде жұмыс істейтін Парламент, көп партиялықтәрізді принципті жаңа құрылымдардың пайда болып қалыптасуы және толыққанды қызмет жасауы;
— Қазақстанның Коиституциясы және заңнамасымен жоғары және жергілікті мемлекеттік билік тармақтары қалыптасуы, әр билік тармағынын міндеттері мен құзыретінің накты белгілнуі;
— саяси жүйенің барлық ресми институттары қызметінің негізінен бір ортақ мақсатқа — демократиялык, құқықтық, дүниауи және әлеуметтік мемлекет құруға бағьпталуы;
— қогамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі - тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлуетті жүйесінің пайда болуы;
— Казақстанда бұғанға дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құкықтық негіздердің толық дерлік жасалуы;
— халықаралық танымал демократиялықинституттар негізінен мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінін қалыптасуы;
— жаңа кәсіптік Парламенттің қалыптасп, оның елімізде демократиялық, құқықтық, дүниауи және әлеуметтік мемлекет орнатудың заңдық-құқықтықнегіздерін қамтамасыз ететін маңызды саяси институтқа айналуы;
— Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде
еліміздің саяси жүйсеінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің ұйымдық-құқықтық мәселелерін түпкілікті және жан-жақты реттейтін қазіргі заманғы заң жүйесінің ж:асалыы ;
— жалпы еліміздіңдемократиялык, дүниауи, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағында әлеуметтік-экономикалық дамуынқамтамасыз етуге қажетті бүкіл заңжүйесінің 1995 жылға Конституцияға сәйкес жаңадан түзеліп қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі;
— елдегі жоғары билік тармақтарының қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесін реттеуге бағытталған жаңа ұлттық заң жүйесін жасау жөніндегі қызметінің басты нәтижелерінің бірі - елімізде халықтың саяси және құқықтық мәдениетінің едәуір өсуі, заңдарды қоғамдық және азаматтыққатынастарды реттеудің негізгі тетігі, көзі деген түсініктің қоғамдық санада барған сайын үстемдік алуы.
Әрине, еліміздің саяси жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер, сөз жоқ, тек осы айтылғандармен ғана шектелмейді.
Басқа мемлекеттердің саяси жүйе-лері шиеленіскен қоғамдық жан кешті теке-тірестер, терең сілкіністер мен шым-шытыраққақтығыстарарқылы өтетін жолды, аса күрделі процестерді Қазақстан он жылда саяси эволюция, демократиялық даму жолымен бір шама сәтті өтті. Президент Н.Назарбаев Қазакстан халқына жолдауында атап көрсеткендей - «еліміз реформалар жолын ірі саяси сүргіндерге ұрынбай өтті".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет