Тақырыбы: Жеңіл атлетика



Дата05.12.2023
өлшемі398.58 Kb.
#485489
stud.kz-31819


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


Тақырыбы: Жеңіл атлетика
Орындаған : Оңал Айберген
Қабылдаған: Турехан Кулманбетов
Топ: МДШ-112


  1. Жоспары:

1. Кіріспе.


2. Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика тарихы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы.
3.Жеңіл атлетика түрлері
Жүру
Жүгіру
Таяқпен секіру
Биіктікке секіру
Ұзандыққа секіру
Лақтыру
4.Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережесі
5. Жеңіл атлеттер
Әмен Елемесұлы Тұяқов
Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы
Ольга Васильевна Шишигина
6.Жалпы дамыту жаттығулары
7. Қорытынды

Кіріспе
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі туындайды.


Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулердің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибені көрсетіп отырғандай. Сонымен болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Жеңіл атлетика


Спорттың ең көп тараған түрі.
Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру,спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке , командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық Әуесқойлық Жеңіл Атлетика Федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиадалықойындар 1896 жылдан (1-Олимпиадалықойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылданөткізіліпкеледі. Жеңіл атлетика ойындарыөтекөнеденбелгілі. ОлежелгіОлимпиадаойындарыныңбағдарламасынаенген.

Жеңіл атлетика тарихы


Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің заманымызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің заманымызғаға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен.
Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады.
Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. СолжылдарыАмерикадаатлетиканыңдамуынаүлесқосқандардыңбасымдені университет ошақтарыболды. 1880 -90 жылыжеңіл атлетика жеке дара спорт түріретіндекүлліЕуропағакеңтаралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен I Олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және2000 жылыСидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізеді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.

Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы


Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкіл Қазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е. Кадяйкин, Ғ. Қосанов, Ә. Тұяқов, В. Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиадалық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиадалық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.

Жүру
Адам баласының табиғи жүруі бар. Сосын жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылғы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесіне сай әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмау керек. Бұл жағдайда кез келген спортшы қалыптасып уйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүрудің алғы шарты орындалады. Спорттық жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.


Жүгіру
Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа жүгіру, кедергілі жүгіру, кросс, марафондық жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Б.з.б. 776 жылы 1-ші Олимпиадалық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болды, ол «стадидром» деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығы сәйкестеліп алынған болатын. 17 ғасырдың орта кезеңінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар көбіне алыс қашықтықтарда сынға түсті. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ жеріне 19 ғасырдың аяғында жетті.
Жүгіру – қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып 3 бөлінеді. Қысқа қашықтыққа – 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа 800, 1000, 1500, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа – 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймады. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың оырдалуына байланысты болады.
Таяқпен секіру

Таяқпен секіру – жеңіл атлетикалық бағдарламаның техникалық түрлерінің вертикальді секіру снатына жататын түрі. Спортшылардан секіргіштікті, спринтер сапаларын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін талап етеді. Ерлер арасында таяқпен секіру 1896 жылдың бірінші жазғы олимпиадасында, әйелдер арасында – 2000 жылдың Сидней Олимпиада ойындарынан бастап олимпиадалық спорттың түрі болып табылады.

Ережелері

Жарыстар биіктікке секіруге арналған жерге тақтайша ұстаушылары және қантын орнымен жабдықталған секіру секторларында болады. Алдын ала кезең және финалда спортшыға әрбір биіктікті бағындыруға үш талпыныстан беріледі. Биіктердің өсуі төрешілермен жарыстар барысында анықталады, бірақ ол 5 см кем бола алмайды. Әдетте аз биіктерде 10 – 15 см-лер болып және содан соң адым адыммен 5-ке ғана өсе бастайды. Жерге қону орнының өлшемдері 5х5 м, ал жұқа тақтайшаны ұстаушылар арасындағы қашықтық 4 м.

Таяқпен секіру кезеңдері

Екпіндеп жүгіру үшін жол ұзындығы - кемінде 40 м, ені – 1, 22 м болу керек. Спортшы төрешілерден бағандардың орнын өзіне лайықты етіп таяқтың тіреуіш жәшігінің артқы бетінен 40 см-ден, жүгіру бағыты бойынша 80 см-ге реттеуге сұрауына құқығы бар.


Талпыныс сәтсіз болып есептеледі егер:
1)Жұқа тақтайша секірудің нәтижесінде орнынан сырғып түссе;
2)Спортшы тіреуіш жәшігінің арғы шеті арқылы өтетін вертикаль жазықтықтың арғы жағында орналасқан сектор бетін, қонатын жерді қосқанда, денесінің кез келген бөлігімен немесе таяқпен тиіп кетсе;
3)Спортшы ұшу кезінде тақтайшаны құлаудан қолмен ұстап қалуға талпынса.
Төреші сәтті талпынысты ақ байрақтың көтеруімен белгілейді. Егер жұқа тақтайша бағандардан ақ байрақтың көтеруінен кейін құлап кетсе – талпыныс есептеле береді. Егер таяқша талпынысты орындау барысында сынып кетсе спортшы талпынысты қайтадан орындауға құқығы бар.

Биіктікке секіру



Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.
Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі – «аттап» секіру, екіншісі – алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі – «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткіш– «шалқадан жатып өту» әдісімен орындалып отыр.
Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына тусуі керек. Яғни, негізгі мақсат – итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ өткеннен кейін, итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Ұзындыққа секіру




Ұзындыққа секіруде де биіктікке секірген сияқты итерілетін аяқ белгіленеді. Жүгіріп келген бетте итерілетін белгіден өтіп кетпес үшін, яғни, аяқпен дәл түсу үшін жылдамдық алатын қашықтықты 15-20 адымдай өлшеп алады.
Ұзындыққа секірудің екі түрлі жаттығуы бар. Бірінші, аяқты «бүгіп» секіру. Екінші, аяқты «қайшылап» секіру. Аяқты «бүгіп» секіргенде, ең әуелі аяқты жоғары көтеріп биіктікке секіре, содан кейін аяқты бауырға тарта алдыға созып жеткен жерімізге түсу.
Бүгінгі күнде ұзындыққа секірудегі ең жоғарғы көрсеткішті осы «қайшылау» тәсілімен секіріп орындап жүр. Бұл тәсілмен секіргенде спортшы жүгіріп келіп итерілген бетте мүмкіндік болғанша биіктікке секіруге тырысады. Содан соң ауа кеңістігіне жеткен кезде алдыға қарай аяғымен жүрген сияқты бейнелі адымдар жасайды. Осылайша, ұзындыққа секіргенде алысқа түседі.
Орында тұрып ұзындыққа секірудің негізгі тәсілі, тек мүмкіндік болғанша секірген кезде екі қолдың жоғары сермеген қарымы ғана пайдаланылады.
Ұзындыққа секірудің әдіс-тәсілін үйрену үшін мынадай қосымша жаттығуларды орындауға болады:
Орында тұрып екі аяқтан 100м қашықтықты секіріп өту;
Жүгіріп келе жатып, әрбір 10 адым өткен сайын бар мүмкіншілікпен итеріліп алдыға секіріп түсу;
Серіппеден жоғары секіріп, ауа кеңістігінде аяқты адымдау;
Кіші ағаш аттан жүгіріп келіп, таянбай секіріп өту;
Жүгіріп келе жатып, әрбір екі адымнан кейін үшіншісінде жоғары секіріп жүру жалғасады. Бұл жүруді стадионды 2-3 айналым бойынша орындауға болады.

Лақтыру


Жеңіл атлетиканың бір түрі – лақтыру. Лақтыру құралдары: доп, найза, балға, ядро, гранат.


Допты нысанаға дәл тигізу үшін сабақтан тыс кезде, далада ойнап жүргенде балалармен бірге тасты кім алысқа лақтыратынын анықтаудың пайдасы зор. Бұл сабақта допты алысқа лақтыруға және нысанаға дәл тигізуге жаттықтырады.
Допты алдымен бір орында тұрып, содан кейін жүгіріп келіп лақтыру жаттығулары орындалады. Лақтырудың әдістерін меңгеру күнделікті жаттығу барысында ғана біртіндеп игеріледі.

4. Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережесі


Жеңіл атлетика сабағында жаттығуды оырндау барысында жарақат алатын жағдайлар өте көп. Сондықтан студенттер сабақ үстінде және өз бетінше шұғылданған кезде осы көрсетілген ережені мұқият оырндауға міндетті.
Қысқа қашықтықта тек өз жолымен жүгіруі керек;
Төменгі сөреден шыққанда басқаға тиіп кетпеу;
Жүгіріп келе жатып кілт тоқтап қалуға болмайды;
Жалпы жеңіл атлетикамен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқ-киім киіледі;
Ұзындыққа, биіктікке секіретін жердегі шұңқырдағы құмды немесе үгіндісін қопсытып алу;
Спорт құралдарын лақтыру бағытында тұруға болмайды;
Балғаны темір тормен қоршаулы арнаулы орыннан ғана лақтырады. Темір тормен қоршалған сөре орны болмаса, балғаны лақтыруға болмайды;
Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды. Ядроны лақтырған кезде оның жерге түсіп кетуінен сақтану керек;
Сабақ жүріп жатқанда жүгіретін, секіретін, лақтыратын алаңдарды кесіп өтуге болмайды;
Лақтыратын адамның оң жағында тұруға болмайды. Оның артында тұру керек. Спорт құралын рұқсатсыз алуға болмайды;
Жауынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият құрғатып, сүртіп алып отыру керек;
Тырма ме күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды;
Сабақ барысында жаттығудың қандайы болсын, тек мұғалімнің ғана нұсқауымен орындалады;
Жарыс жолында бара жатқанда бір-біріне кедергі жасауға болмайды;
Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде жол бойында өзара сөйлесуге болмайды.

5.Жеңіл атлеттер


Әмен Елемесұлы Тұяқов

Әмен Елемесұлы Тұяқов (12.2.1938 жылы туылған, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Бұрынғы Гурьев педагогикалық инистутының физика-математика факултетін (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) бітірген (1960). Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы.
КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс (1965, 1967), қола (1962, 1964) және 200 м-ге жүгіруден алтын (1962 – 63, 1965 – 66) медалін алған, 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы (1962 – 63), КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1963, 1967). Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері (1966, Будапешт, Венгрия) және кубогының жеңімпазы (1965, Штутгарт, Германия) болды. КСРО-АҚШ (1965, Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды), КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. Ағайынды Знаменскийлерді еске алуға арналған халықаралық турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу), чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықаралық жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта бапкер (1971 – 92), жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды (1992 – 99). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1965).

Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы

Қосанов Ғұсман - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ.1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. 
Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы(25.5.1935, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Изатулла аулында – 13.6.1990, Алматы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО – АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды.
1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. ЕңбекҚызыл Ту орденімен, медальдарменмарапатталған. Қосановқұрметінеарналғанжеңілатлетикадан “Қосанов Мемориалы” аттыхалықаралықжарыс 1991 жылданбастапөткізіліпкеледі.
Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілки ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсманмарқұмөкінішіносылайжеткізеді...

Ольга Васильевна Шишигина

Шишигина Ольга Васильевна (1968 жыл Алматы қаласы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған.


Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады.
1985 жылы КСРО құрамакомандасысапынакірген.
1986 жылдан КеңестерОдағыныңкөптегенчемпионаттарынақатысқанжәнеоданбірнешедүркінжүлделергеиеболған.
1992 жылы ТМД елдерінің "Жастаройыны" жарысыныңтаңдаулытөрттігінеенген (Донецк қаласы).
1994 жылы Санкт-Петербург қаласындаөткізілгенойындаХалықаралықдәрежедегі спорт шеберінормативінорындаған.
1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласындаөткен Азия ойындарында жеңімпазболған, осыданкейіноған "ҚазақстанРеспубликасыныңспортқаеңбексіңіргеншебері" атағыберілген.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлемчемпионаттарыныңкүміс медаль иегері. Оданкейін 1999 жылғы жабықжайдаөткен (Маэбаши, Жапония) әлемчемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.
2007 жылы Канаданың Эдмонтонқаласындаөткенәлемчемпионатындакүмісжүлденіиеленді. Соданкейінспортшыжарақаталуынаорайүлкенспортпен қоштасты.
2002 жылы Қазақтыңмемлекеттік туризм және спорт Академиясынбітірген. Қазақтыңмемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.

6.Жалпы дамыту жаттығулары


Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар

11-12 жастағы оқушылар пайдаланатын гимнастикалық таяқтың ұзындығы 78-80 см, диаметрі 1-2 см болуы керек. Таяқпе орындалатын жаттығулар көзбен мөлшерлей білуге және бұлшық етті дамытуға көмегін тигізеді.
1.Негіз тұрыс – атяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып, отырып, тұру.
2. Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып, бір бүйірге қарай қисаю.
3. Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты горизонталь бағытта төмен түсіріп ұстап, оны сол қалыпта жоғары көтері.
4. Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде, ал таяқты горизонталь қалыпта арқа сыртында шынтақтың ішінен өткізіп ұстап тұрып, кеудені бүйірге қарай ию.
5. Негізгі тұрыс – таяқты горизонталь қалыпта төмен түсіріп ұстап, сол қалыпта жоғары көтеріп, төмен түсіріп, арқа сыртына апарып, қайтадан бастапқа қалыпқа келу.
6. Таяқты горизонталь қалыпта төмен тусіріп ұстап, үстінен алға және артқа аттап өту.
7. Таяқты алақанға шыншыған сияқты тігінен ұстап, еденге сызылған сызықтың бойымен немесе гимнастикалық оырндық үстімен жүру.
8. Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, орындыққа отыру және қайта тұру.
9. Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, 5-10 адым алға қарай жүру.
10. Тізерлеп тұрып, таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, оны құлатпай тұру және қайтадан тізерлеп тұру қалпына келу.

Секіртпе және қысқа жіппен секіру жаттығулары

Секіре жүріп, екі аяқты бір-бірінен бірте-бірте алшақтатып және қайта жақындату;
Осылайша секіруді бір аяқты алға, екінші аяқты артқа қою арқылы орындау;
Бір аяқты алға және артқа қарай сермеп тұрып, екінші аяқпен секіру;
Бір аяқты сыртқа, ішке және алға сілтей жүріп екінші аяқпен секіру;
Секіруді қолды жоғары көтеріп және жоғарыда шапалақтау арқылы орындау;
Екі аяқты бірге ұстап, бұрыла секіру;
Бір аяқты алға тізеден бүгіп ұстап, екінші аяқпен секіру және алға қарай созылған аяқпен астынан әрбір екінші сан айтылу кезінде қолды шапалақтау;
Секіртпенің екі ұшын бір қолмен қосып ұстап, горизонталь бағытта бастың үстінде айналдырып тұрып тізерлеп отыру және қайтадан тұру;
Сызықты басып тұрып, жіпті сол жақта және оң жақта тепе-теңдікті сақтап айналдыру;
Секіртпені екі бүктеп, тұйықталған ұшы еденге тиіп жататындай етіп ұстап, пайда болған тұзақтан алдымен бір аяқты, содан кейін бүкіл денені өткізу;
Екі бүктелген секіртпенің ұштарынан екі қолмен ұстап, одан секіріп өту;
Екі бірге ұстап, әрбір екінші саннан кейін секіртпе аяқтың астынан өткізіп секіру.

Тепе- теңдікті сақтау жаттығулары


Екі оқушы «қыл көпір» үстінде қарама-қарсы келе жатыпа екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып, оңға айнала бұрылып, сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете береді;


Бір аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен оытрып, тұру; бөрененің үстінде жүре отыру;
«Қарлығаш бейнесін жасап» 2-3 рет айналу жаттығуларын орындау;
Бөрененің үстінде тізені бүге басып жүру;
Бөрененің үстінде тіркеме адыммен жүгіру;
Теріс қарап жүру;
Тіркеме адыммен жүгіріп келіп, жерге секіріп түсу.

7.Қорытынды


Жеңіл атлетика халықты дене шынықтыруға тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылының фундаментальды негізі болып табылады, ал лақтырулар мен секірулер әр қашанда танымал болған. Жеңіл атлетикалық жаттығулар көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функциональдық дайындықтарды дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады. 


Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады. Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады. 
Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді. Осы жаттығуларды дене шынықтыру дайындығы сабақтарында жүйелі қолдану моральді ерік жігер қасиеттерінің дамуына септігін тигізеді. Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады. 
Жеңіл атлетикамен шұғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – жеңіл атлетикамен айналысу тәртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану .

5.Пайдалнылған әдебиеттер тізімі



1) «Қазақ энциклопедиясы», 3 том
2) «Қазақ энциклопедиясы», 8 том
3) «Дене тәрбиесі» Б.Төтентай.
4) «Дене тәрбиес» С.Тайжанов, Б. Төтенай .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет