Саясаттың объектісі қоғам болып есепте-
леді. Субъектісі-қоғамдағы үлкен әлеуметтік
топтар, мемлекет,
партиялар, нақтылы жеке
адам. Саясаттың негізгі мәселесі мемлекеттік
билік, ал билік белгілі бір таптың екінші
тапты өзіне бағындыру қабілеті болғандықтан
таптардан, әлеуметтік топтардан тыс саясат болуы мүмкін емес.
Күнделікті қоғам өмірінде саяси қатынастар
таптар арасындағы өзара
қатынасы ретінде билік арқылы көрініс тауып отырады. Саяси қатынас ең
алдымен үстемдік және тәуелділік арқылы жүргізілетін адамдар арасындағы
қатынас белгілі бір тарихи кезеңдегі объективтік қажеттілік. Мұнсыз
қоғамдық қызметтің жүруі мүмкін емес. Саяси мүдде
тек қана экономикалық
жағдаймен шектелмейді. Саяси мақсат жоқ жерде қоғамды басқару жоқ, демек
саясат жоқ деп айтуға болады. Саяси мақсат саяси мүддеден басталады. Саяси
мүдденің негізгі мазмұны саяси билікті жеңіп алу болып табылады.
Әлеуметтік құрылымның, сипатын анықтайтын басты элемент алдымен,
үлкен әлеуметтік топтар, яғни, таптар, ұлттар, ұлыстар,
олардың қауымдасты-
ғының нысаны мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар болып келеді.
Әлеуметтік топтар және олардың ұйымдары белгілі бір идеологиялық құнды-
лыққа негізделеді. Қазіргі жағдайда саяси қатынастар
мен қозғалыстардың
негізгі үш құндылығына
ұлттық қауіпсіздікте теңсіздік пен қауіпсіздік;
экономикалық молшылық пен даму;
еркіндік және конституциялық-құқықты жатқызамыз.
Саясат экономикалық заңдарды саналы түрде қолдану түрі болғандықтан
саясат экономикаға белсенді ықпал етеді. Осыдан саясатты ғылымға негіздей
отырып, дәйекті жүргізу, қоғамды ғылыми тұрғыдан басқару да саясаттанудың
зерттейтін мәселелерінің бірі болуға тиіс деп айтуга болады. Себебі,
қоғамдағы саяси басшылық әлеуметтік-экономикалық өркендеудің сыннан
өткен, сұрыпталған нақтылы
ғылыми-теориясына негізделуді, сүйенуді талап
етеді. Қоғам мәдениетінің саясатқа тигізетін ықпалына келсек, біріншіден,
жеке адамды тәрбиелеу және оның әлеуметтенуіне
ықпал ету арқылы қоғам-
дық жағдайға бейімдеуде, екіншіден, саясат субъектілерінің іс-әрекеттеріне
бағыт беріп
отыратын қоғамда материалдық, рухани мұралар жүйесінің
қалыптасуында, үшіншіден, іс-әрекеттер мен мінез-құлыктардың және әртүрлі
саяси мәселелерді іске асыру үлгілерін жасауда көрінеді. Ондай мінез үлгілері
адамның әрбір саяси жағдайға көзқарасын айқындап отырады. Төртіншіден,
мәдениеттің саяси өмірге ықпалы саяси институттар қызметінің моделдерін
жасау арқылы көрінеді.
Сонымен, саясат қоғамның барлық салаларымен тығыз байланысты. Саясат
Достарыңызбен бөлісу: