Саясаттану



Pdf көрінісі
бет21/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси биліктің
қызметтері 
мен түрлері
76


Дәстүрлі үстемдік. Ол қалыптасқан дәстүрдің қуаттылығына деген сенімге 
негізделеді.
Харизматикалык үстемдік. Ол қауымдастық мүшелерінің өз көсемдерінің 
шамадан тыс (өте жоғары) қабілетіне, беделіне деген сенімге негізделген.
Биліктің жария, ашық үйымдастырылуы жалпыға бірдей қабылданған 
нормаларға (заңдарға) сәйкес іске асырылады және оның ақылға қонымды, 
парасатты негізі болады. Осыған орай, саяси көсемдер билік басына сайлау 
немесе заңда көрсетілген басқадай тәртіптер бойынша келеді.
Дәстүрлі билік әдетте жеке адамның қолында болады. Мәселен, жоғары 
дәрежелі әмірші, мүрагерлік жолымен тағайындалатын хан, патша т. б.
Саяси биліктің харизматикалық түрі - халық бүқарасының соқыр сеніміне 
негізделген, 
биліктің 
мейлінше 
ерекшелігін, 
қайталанбайтындығын 
мойындауға негізделген. Мүның өзі дәстүрлі биліктен үтымды (рационалды) 
билікке өту кезеңіне сай келеді. Тарихтың өн бойындағы билік төңірегіндегі, 
ол үшін болатын күрес күрделеніп ақыры саяси проблемаға айналды. Бүл 
проблеманы тек XVII ғасырда ғана саяси ойшылдар қүрылымы жағынан қайта 
қарап, оны демократияландыруға талпыныс жасалды. Оны бүрынғыдай 
билеушілердің еркіне жібермей заңға бағындырып, қоғамға тиімділігіне назар 
аударуға қол жеткізілді. Осы қадамның арқасында түтас билікті бірнеше 
тәуелсіз дербес, бірақ өзара тығыз байланысты, бірін-бірі бақылап отыратын 
биліктерге бөлудің негізі жасалды. XVII ғасырдың ортасында билікті бөлудің 
алғашқы жобасын ағылшынның көрнекті философы Джон Локк (1632-1704 
жж.) жасайды. Ол билікті заң шығарушы, атқарушы (оның ішінде сот билігі де 
бар) және халықаралық қатынастарды басқарушы федеративті етіп бөлді. 
Кейінірек XVIII ғасырда француздың ағартушысы Шарль Луи Монтескье 
(1689-1755 жж.) билікті бөліп басқарудың қазіргі қолданылып жүрген 
қағидасын жасап берді, Бүл қағида бойынша билік заң, шығарушы (парламент, 
жергілікті өзін-өзі басқару органдары) атқарушы (үкімет және оның 
мекемелері, жергілікті жерлердегі басқару әкімшіліктер және сот болып 
бөлінеді).
Бүгінде өркениетті болып саналатын, қүдықтық мемлекеттердегі биліктің 
бөліну принципі заң шығарушы, істі атқарушы, сот болып демократиялық 
мазмүнға ие болып отыр. Осы аталған мемлекеттік билік-саяси билік болып 
табылады. Демократиялық мемлекетте саяси биліктер қүрылымы мен жүйесі, 
адамдардың билікті жүзеге асыруға қатысы, билікке бүқараның бакылау
77


жасауы шешуші роль аткарады. Саяси биліктің түпкі мақсаты халықты 
басқаратын толық билікке жету. Саяси билікті бір орталықтан бағытталған 
белгілі бір қатынастарды реттейтін бақылап оны әрекетке келтіретін саясат 
деп те түсінуге әбден болады.
Саяси биліктің әр түрлі, саяси институттар мен саяси қатынастардың 
жүйесімен сипатталатын үш дәрежесі бар. Институциональды биліктің 
қүрылысы өзара бірлікте әрекет ететін үш функционалды деңгейге бөлінді.
1. Биліктің жоғарғы сатысының макросаяси жүйесі үкімет, оның орталық 
мекемелері) қоғамның негізгі ішкі процесіне және мемлекеттің сыртқы 
саясатына тарайды. Макробилік (макрокөлемді, ірі) мемлекеттік Орталық 
институттары қызметінің жоғары дәрежесі (президент, парламент, министрлер 
кабинеті).
2. Биліктің орта немесе аралық деңгейі (мезобилік) биліктің орта 
буындарынан қүрылған олар әр дәрежедегі бюрократтанған (муниципалдық) 
жергілікті жердегі басқару орындарындағы биліктерді де қамтиды. Бүл деңгей 
институционаланбаған биліктің 
формалды емес 
(қоғамдық үліымдар, 
қозғалыстар, топтармен) халықпен тікелей байланысты яғни саяси билік- 
саясиланбаған билікпен аралас келеді.
3. Биліктің микродеңгейлік өзін-өзі басқаратын адамдардың арасында 
тікелей саяси қарым-қатынаста болатын жаны қүмар, билікті жеккөруші және 
т.б.
Билік ету әдістері әртүрлі болуы мүмкін, демократиялық, авторитарлық т.б. 
Билік бізге әртүрлі салада көрінуі мүмкін. Мысалы, экономикалық, саяси, 
рухани салалардағы биліктер, мемлекеттік билік, жергілікті жердегі билік, 
жеке билік, ата-ана билігі және т. б. Билік ауқымы мен көлемі жағынан шексіз, 
шекті, аумақтық болып бөлінеді. Ал биліктің түрлеріне (вариациялары) келсек 
олар дарабилік, қосбилік, көпбилік, толық билік, жалпы билік биліксіздік, 
қолайлы билік, биліктің бүрмалануы, билік дағдарысы, дәрменсіз билік деп те 
бөлінеді. Ал енді осы биліктерді мазмүны жағынан жіктер болсақ, олар былай 
топталады: Қызмет саласы жөнінен (саяси, идеологиялық, әлеуметтік, 
экономикалық, заңдық, діни т.б.); Көлемі-қуаты жөнінен (мемлекеттік, 
халықаралық, отбасылық, т. б.). Билік мазмүны жағынан әр түрлі белгілері 
бойынша институциялануы жағынан - үкіметтік, қалалык, мектептік және т. б. 
болады. Биліктің субъектісі бойынша - топтық, партиялық, халықтық, 
президенттік, 
парламенттік 
және 
басқа 
саны 
жағынан-дара 
билік
78


(монократиялық), олигар-хиялық (біріккен топ), полиархиялық институттарға 
адамдардың бірігуі.
Басқарудың әлеуметтік типі бойынша - монархиялық, республикалық; 
басқару тәртібі бойынша - демократиялық; авторитарлық, деспоттық, 
тоталитарлық, бюрократиялық және т.б. Қүрылымдық-формальдық белгілері 
бойынша - институттық, институттық емес, жеке билік, екі жакты немесе көп 
жақты билік (олигархиялық, полиархиялық);
Жүзеге асыру тәсілі бойынша-үстемдік, күштеу, мәжбүр ету, (заң 
шеңберінде) иландыру, сендіру т.б.
Билік жүргізушінің билік ету шеңбері бойынша - жеке билік жүргізу, 
коллегиялық топ болып басқару;
Басқару тәртібі бойынша - деспоттық, авторитарлық, конституциялық, 
либералдық, демократиялық, бюрократтық т. б. үсақ таптар жатады.
Саяси билікті ресурстар дегеніміз олардың үстінен 
бағынушыларға ықпал жасау мен билікті ерікті іске 
асыруға бағытталған әдістер мен қүралдардың жиынтығы. Қазіргі кезеңде кең 
тараған және биліктің әр түрінің өзіндік ерекшеліктерін танып білуде тиімді 
болып табылатын, тіршіліктегі маңызды салаларға сәйкестендіріп бөлінген 
ресурстар мыналар:
Экономикалық ресуртар - қоғамдық өндіріс пен түтыну үшін қажетті 
материалдық қүндылықтар (ақша, қүнарлы жерлер, қазба байлықтар, азық- 
түлік т.б.). Әлеуметтік ресурстар - бүлар көбінесе экономикалық ресуртармен 
сәйкес келеді. Табыс, байлық экономикалық ресурс болумен қатар әлеуметтік 
ресурстар көрсеткішіне жатады. Олар қызмет орны (лауазымы) білімі, 
мәртебесі, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б.
Мәдени-ақпараттық ресурстар-білім мен ақпарат, сондай-ақ оларды алу 
және тарату қүралдары БАҚ (Бүқаралық Ақпарат Қүралдары).
Күш ресурстары - бүл қару және аппараттар күші. Күш қолдану арқылы 
мәжбүр ету. Зорлық жасау, мәжбүр ету - билік жүргізуші субъектінің өз 
өктемдігін күш қолдану мүмкіндігін пайдалана отырып іске асыруы. Оны іске 
асыруға асыратындар арнайы дайындығы бар адамдар. Мемлекетте оларға, 
әскер, полиция, қауіпсіздік қызметі, сот, прокуратура жатады.
79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет