Саясаттану



Pdf көрінісі
бет29/78
Дата18.05.2022
өлшемі3.44 Mb.
#457190
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

Саяси жүйенің 
функциялары
95


4. 
Экономиканың қалыпты жүмысына дамуына қажетті жағдайлар жасап 
отыру. Мысалы, саяси жүйе өндіріс қүрал-жабдықтарының меншік түрлерін 
қүқықтық түрғыдан реттейді.
Сөйтіп, саяси жүйе саяси саланың бір бөлігі, яки билікті жүзеге асырушы, 
қоғамдық істерді басқару, таптардың, әлеуметтік топтардың, үлттардың, 
мемлекеттердің арақатынасын реттеуші мемлекеттік және мемлекеттік емес 
әлеуметтік үйымдардың бір-бірімен байланысты жиынтық жүйесі. Ол 
қоғамның түрақтылығын және әлеуметтік тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. 
Қоғамның саяси жүйесінің дамуының басты бағыты - терең демократиялық 
өзгерістер жасау, бюрократтық-әкімшілдік басқарудан айырылу, жеке 
адамдардың қү-қықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, 
қүқықтық мемлекетті қалыптастыру, көппартиялық пен саяси плюрализмді 
дамыту, заң шығарушы, істі атқарушы және сот органдарының дербестігін 
қамтамасыз ету, саяси билікті жүзеге асыру, елдің толық тәуелсіздігіне қол 
жеткізу. Сонымен саяси жүйе қоғамдық өмірдің барлық салаларының дамуына 
бағыт беріп, ықпал етеді, оларды реттеп отырады. Қоғамның саяси жүйесі 
барлық елде бірдей болмайды. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне сай 
қүрылады, өзгеріске түсіп дамиды.
Саяси жүйені жіктеп-топтау жөнінде әлі де ортақ 
пікір 
қалыптаспаған 
маркстік 
көзқарасты 
жақтаушылар саяси жүйені жіктеуде, қай қоғамдық 
экономикалық формацияда екендігіне, әлеуметтік-экономикалық қүрылымына 
қарап, соны өлшем етіп алады. Бүл көзқарастан әлбетте қүлиеленуші феодал- 
дық, буржуазиялық, социалистік саяси жүйе келіп шығады.
Әлеуметтік негізге сай жіктелгенде әскери және азаматтық басқару үлттық- 
демократиялық немесе буржуазиялық-демократиялық жүйе болып бөлінеді. 
Әртүрлі өлшемдерге сүйенген батыс саясаткерлерінің саяси жүйелерді 
түрлеріне қарай топтауларының мәні ерекше. Елдегі басқарудың саяси 
тәртібіне қарай саяси жүйе демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық 
болып бөлінеді. Саяси тәртіп дегеніміз - конституциялық заңдар жиынтығы, 
мемле-кеттік қүрылыс, оны басқарудың бейнесі. Зерттеуші ғалымдардың 
көпшілігі саяси тәртіптің қандай дәрежеде екенін белгілейтін өлшем ретінде 
демокра-тиялық дамуы мен қоғамның мүшелерінің саяси белсендігін алады. 
Осы негізге сүйене отырып олар саяси жүйені демократиялық және антидемо- 
кратиялық деп бөледі. Демократиялық жүйеде өкіметтің билігін шектеп
96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет