Саяси даму және модернизация


Саяси жаңғырудың кезеңдері мен факторлары. Модернизация процесінде дәстүрлердің рөлі



бет2/4
Дата08.12.2022
өлшемі62.24 Kb.
#466785
1   2   3   4
Саяси даму және модернизация

Саяси жаңғырудың кезеңдері мен факторлары. Модернизация процесінде дәстүрлердің рөлі

Саяси жаңғырту – бұл қоғамдық ойдың маңызды бағыты, оған дәстүрлі мәдени және әлеуметтік-экономикалық формаларды терістеу, саяси өзгеріс және жаңа қағидаттарды іздеу тән. Сонымен, бұл саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтуі үдерісіндегі өзгерісі. Осыған байланысты саяси жаңғыртуды ғалымдардың әлі де жеткілікті зерттемегендігін атап көрсеткен жөн. «Саяси жаңғырту» ұғымы «саяси даму» терминімен органикалық байланыста, бірақ онымен барабар емес. «Саяси жаңғыртудың» мәнін түсіну үшін «саяси даму» категориясы маңызды болғандықтан, осы категориялардағы олардың ортақ және ерекше жақтарын көрсету мақсатында біз оның мазмұнын қысқаша қарастырамыз.

Саясаттанушылар саяси жүйенің қабілетін көрсеткен саяси дамудың негізгі үш өлшемін бөліп көрсетеді:

  • 1) қоғам мен билік құрылымдарының (институттардың, нормалардың, коммуникациялардың) өзгерісіне деген;
  • 2) жаңалыққа (жаңашылдыққа) – жаңа әлеуметтік проблемаларға, қоғамдық пікірге, азаматтардың талаптары мен мүдделеріне икемді түрде жауап беруге деген;
  • 3) азаматтардың қоғамның саяси өміріне тең құқықты қатысуын қамтамасыз етуге деген (олардың саяси жүйенің институттарына деген жағымсыз немесе жағымды қатынастарынан тәуелсіз).

Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация

Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет