Ежелгі Рим
Егер, ежелгі грек ойшылдары, тек қана түрлі саяси-психологиялық феномендерді анықтаса,онда Ежелгі римде көшбасшылық феноменің өзі мен көшбасшылардың саяси - психологиясы саласындағы Плутарх пен Светонийдің ашылған жұмыстары пайда болды. Шынын айтқанда, ұлы саяси психологияның әрі қарай дауында, ХХ ғасырдың өзінде психологиялық өмірбаяндар тәсілі деп аталатын еді. Жарқын мысал ретінде бір ғана мысалды қарастырайық. Плутарх Гай Юлий Цезарьдің өмірін жазғанда былай деп келтірген: «Цезарь, провинциядан орала салып, консулдық қызметке орнығуға ойлайды. Ол Кросс пен Помпейдің бір-бірімен тағы тату еместігін көріп, біреуіне өтініш айтуымен, екіншісін өзіне жау етіп қойғысы келген жоқ, ол сонымен қатар, екеуінің қолдауынсыз жетістікке сенген жоқ. Сонда ол оларды татуластыруға кірісті, оларға өздеріне қарсы әрекеттермен тек Цицерондар, Катуллдар және Катондардың билігін күшейтетінін айтқан және олар, Кросс пен Помпей, достық одаққа біріксе, онда біріккен күштермен және бірегей жоспармен билейтінін ұғындырды. Осыдан ғылым тарихында, саяси айтқанда «фракцияға», яғни, жаушылдық одаққа «өзінше қарсы қоюшылық болатын «достық» ұғымы туындайды. Оларды үгіттеп және татуластырып, Цезарь барлық үшеуінен сенатты да, халықты да биліктен айырған мықты күшті жасады, және де істі жүргізгені сондай, анау екеуі бір-бірінің арқасында күшті тұлғалар мен билеушіліерге айналған жоқ, бірақ, оның өзі, Кросс пен Помпей арқылы Керике ие болды, және тез арады екеуінің қолдауы арқылы өте жарқын түрде консул атағына ие болды».
Бәрі түсінікті: достарымен жауларының психологиясын ескеріп, «бөлісте, белес» принціпі бойынша әрекет ет. Осылай, енді Плутарх бізге Цезарьдің әрекетінің нақты саяси – психологиялық моделін берді. Ол оның мақсат қоюшылығын және саяси стратегияны жарқын көрсетті, және оның жарқындылығы жоғарыда аталған психологиялық сәттерді ескеру арқылы іске асады.
Цицерон өзінің еңбектерінде, ораторлық шеберлік бойынша, «саяси ораторларға» ерекше мұқият психологиялық кеңес берген. Жеке алғанда, ол ораторлық нұсқау ретінде, сотта істі жеңуге құмар (қазіргі тілмен айтқанда, қорғаушыларға) былай деп жазған: «Талап етілетіні, төрешілер оратордың іске қандай көңіл-күймен келсе, олар сондай көңіл-күймен келгені жөн. Егер мұндай «көңіл-күй болмаса, онда төрешілердің көңіл-күйін оңғартып, ақылдың барлық күшін және ойларды төрешілердің не сезетінін, не ойлайтынын, не күтетінін, не қалайтынын, оларды неге ауыстыруға болатынын білу қажет».
Цицерон бойынша, оратордың сөзінің көбі тыңдаушылардың көңіл-күйін және оларды өзінің артынан ерітуге барлық амалдарды қолдануға бағытталуы тиіс. Оратордың - саясаткердің сөзі, оның есептеуінше, өте күшті және ыстық болуы қажет және де оратор басқаларды қоздыруға бағытталған саяси сөз, оратордың өзін тыңдаушыларға қарағанда көбірек қоздыруы тиіс деп Цицерон ескерткен.
Жалпы Ежелгі Рим саясаткерлері қолданбалы психология бойынша алысқа жетті – әсіресе, ораторлық шеберлік саласында одан маңыздысы сол уақыт авторлары саяси психологияны теориялық және методикалық (психологиялық өмір баяндар тәсілі) негіздерін жасауды бастаған.
Қайта жаңғырту кезеңі
Тарихтағы алғашқы толық құқылы саясаткер және саяси психолог Н.Макиавеллидің ұлы еңбегі «Мемлекет басшысы» саяси көшбасшылықтың проблемаларының саяси-психологиялық анализінің жарқын үлгілірінің бірі және сол сәтте, адамдармен басқарудың саяси өнерінің қазіргі уақытқа дейінгі өте сапалы көмекшісі болып табылады. Бұдан басқа, осы жұмыста монархтың саяси әрекетінің жасырын психологиялық сәттері жақсы жазылған және көрсетілген, (монарх - «тиран»), оларды қолдану, автордың пікірінше, тек ақталған жоқ, сонымен қатар, жиі дағдарысты кезеңдерде өте қажет.
Негізінен, адамдар табиғаты бойынша Н. Макиавелли өте төмен пікірде еді: «Адамдар туралы негізінен, мынандай ойда болды: Адамдар рақымсыз және тұрақсыз, алдауға және екіжүзділікке бейім, оларды қауіп сескендіреді және байлық қызықтырады». Адамдар, Макиавеллидің есептеуінше, табиғатынан иррационалды және өзімшіл, сондықтан олардың мақсаттарына жету үшін, жақсы жағдайлылық туралы сөздер болмайды, әсіресе, әрекет құралдарын таңдауда: мақсатқа жету жолдары мен тәсілдерін ақтайды. Н. Макиавелли өз кезеңінің сенімді ұлы және иезуит – әкелердің алдыңғы шәкірті болады. «Мақсат тәсілдерді ақтайды» – бұл иезуиттер орденінің негізін салушы Игнаций Лойоланың белгілі сөз ұраны сол кездегі саясаткерлер үшін танымал болды. Н. Макиавелли осы қағиданы былай дамытқан: «барлық жануарлардан мемлекет басшысы екеуіне ұқсасын: арыстанға және түлкіге. Арыстан апанды, ал түлкі қасқырдан қорқады, яғни, осыдан, апанжарды айналып өту үшін түлкідей және арыстандай, қасқырларды қорқытушы болу керек».
Бірақ, өзінің нақылдарының барлық иезуиттілігінің екіжүздігіне қарамастан, Н. Макиавелли, мемлекет басшысының қарапайым адамдары бағыныштылары туралы ұмытқан жоқ: «Мемлекет басшысы бағыныштыларының наразылығын немесе жақтыртпастығын туғызбау үшін өзі ешқандай теріс әрекет жасамауы тиіс. Егер иұны ол игерсе, онда ол өз ісін жасайды және оның басқа нәпсілері оған еш қауіп тудырмайды».
Макиавеллилық «арыстан» бейнелері тек атаулы ғана болып қалмай отырды, теориялар және тәжірибелер саяси психологияның бейнелері. Бұл тірі және өте бейнелі ұғымдар әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Олар кез келген саясатқа, имиджелогия – саясаткерлердің тиімді бейнесін құрауда әлі де кең қолданылады.
Адам табиғаты, психология және сәйкесінше адамдардың түрлерінің белгілі типтерінің саяси әрекетімен байланысты. Тұрақты сұрақтардан басқа, Н. Макиавелли дағдарысты қоғамдағы «өткір әлеуметтік қақтығыстарды» қарастырды. Саясаттағы жалпылық психологияның күрделі сұрақтардың бұдан да қиын екенін мойындау керек, өйткені, Н. Макиавеллидің кезінде және оның алдындағы ғалымдар кезеңінде, қазіргі сөздер мағынасындағы «топтар» сөзі болған жоқ. Адамдардың қоныстануының тығыздығының көрсеткіштері сондай болған, әрбір «топ» бірнеше ондық, ең көбі, жүздеген адамды өте сирек асырып, топтасқан. Бұған қарамастан, мысалға, өте терең оймен жазған:
«Терең және өте табиғи жаушылық, біреулердің билік құмарлығымен және басқалардың бағынуға құлқының болмауымен туындайды, бұл «мемлекетте болып жатқан алаңдаушылықтардың негізгі себебі» деген және түсіндіруі бойынша: «бұл айырмашылықта, әсіресе үрлі ақыл-күйлерінің республикаларда төңкерістер туғызатын басқа себептер табылады».
Басқа сөзбен, Н. Макиавелли дағдарысты қоғамды (мұнда біреулер билеуге бағынғысы келмейді, бұның «жоғарыдағылар» істей алмайды, алайда әрине, тырысады), ал «төмендегілер» қаламайды, деген лениндік революциялық жағдайдың белгілеріне ұқсайтынына, назар аударайық) – тұрақты қоғамға (мұнда біреулер билейді, ал басқалар бағынады) қарама-қарсы, және қоғамды құрайтын адамдардың ірі топтарының психологиялық жағдайларындағы айырмашылықтарының негізгі себебін іздеген. Оның пікірінше, тарихи үрдістің өзі мемлекеттілік формаларының ауысуын қоса, әдетте «өте міндетті өмірлік жағдайлар» мен «өте міндетті оқиғалар кезеңімен» ондағы әрекет әсерімен байқалады, мұнда ең әуелі адамдардың әрекеттері, жеке алғанда, «белгілі көңіл-күйге бос ұсынған адамдардың әрекеттері көрінеді. Н. Макиавеллидің өз кезеңіндегі бейнеде көзқарасының антифаталды екініне назар аударайық, ал соншалықты «гуманисті» – егер де бұлай саяси-психологиялық мағынада әрине айтуға болса. Шын саясатты мораль мен діннен бөліп, барлық саяси ғылымдардың негізін салушы саяси үрдістердің өзін бірінші болып зерттеуге кірісті, және әрине, саяси-психологияны ескермей өте алған жоқ.
Бірақ, әрине, сол уақыттың қоғамдық ғылымдарының деңгейінің жеткіліксіз дамуының арқасында, тіпті ұлы ойшыл Н. Макиавеллидің саяси-психологиялық әрекеттердің кейбір қатарының жеке сыртқы жақтарын ғана түсіндіріп олардың ішкі механизмдерін, жұмыс істеу принципін түсіндіре алған жоқ. Бірақ, оның істегенінің, саяси өз кезі үшін ұлы жетістік еді.
Н. Макиавеллидің «Мемлекет басшысы» қазір де тек қана белгілі емес – ол саясаткерлердің бір қатарына қажетті кітап болып табылады (әсіресе бастапқыларға). Бірақ өз мағынасында, Макиавеллилік «мемлекет басшысы» еңбегі болды және қала береді, адамдарды шын, нақты, және тәжірибелік саяси психологиялық құлдық бойынша алдыңғы құрал болып табылады. «Макиавеллизм» терминінің қазіргі уақытта ең қу, екіжүзді және адал еместі, яғни шын саясатта болу мүмкін құбылыстарды атау үшін бекер қолданбайды. Ол алдына қойылған мақсат – кейде адамдардың үстінен билік ету, мақсаты үшін, ешбір амал, тәсіл әрекеттен бас тартпайтын тәсілді білдіреді.
Ағарту кезеңі
Атауынан белгілі, ағарту кезеңі ғылымдардың кезеңі болды. Сәйкесінше, іс жүзінде, адамның саяси-психологиялық рөлі қоғам танушылардың назарының ортасында болды. Бұл тіпті көшбасшылар болсын, және басқа да жеке тұлғалардың саяси психологиясына ғана қатысты болған жоқ, сонымен қатар, белгілі әлеуметтік – саяси қоғамдастықтар – әуелі, ұлттық-этникалық қоғамдастықтарға қатысты болды. Мысалы, осы сұрақтармен ерекше айналысқан Дж. Вико: «ұлттар кетеді... табиғаттың үш түрі арқылы, олардан үш түрлі рухани құрам, халықтардың үш түрлі табиғи құқықтары шығады, сәйкесінше осы үш құқық түріне үш азаматтық жағдайдың түрілері, яғни мемлекеттер бекітіледі».
Басқа сөзбен айтқанда қазіргі тілмен, мемлекет басқарылатын азаматтардың табиғатына сәйкес келеді, және саясатты психологиядан айырып оқытуға болмайды. Адам табиғатының өзі бойынша Вико былай деп жазған: ол саналы, сабырлы, мейірімді және парасатты... және заңдар ретінде ар-ұятты, ақыл-ойды және талапты санайды.
Т. Гоббс болса, керісінше, өзі секілділер жайлы мұндай мейірімді пікірде болған жоқ, мысалға оның есептеуінше адам – бұл жануар, жануарға тән қорқыныштары, қалаулары бар: «адамның негізгі ұмтылысы - өз құмарымен нәпсісіне жету үшін билікке ұмтылысы». Гоббстың айтуы бойынша адам табиғатының басты қақтығысы бұл адамға тән аса құмарлық пен оның өзінің табиғи қорқынышы арасындағы қақтығыс. Философ-гуманисті Дж. Локктің пікірінше, керісінше, адам өз табиғаты бойынша еркін, тәуелсіз және саналы тірі өкіл. Дәл сондықтан әрбір адам негізінде «ұлыларға тең және ешкімге бағынышты емес», себебі, «тек табиғат заңдарына бағынады және әділетті қоғамды құрастыруға дайын».
Әділетті қоғам Дж. Локктің айтуы бойынша түрлі адами қоғамдастықтардың өкілдері арасында, кейбір ерекше «қоғамдық келісім» негізінде қоғамды, әсіресе әділетті қоғамды қалыптастыруға болады. «Қоғамдық келісім» Дж. Локктің айтуынша адамзаттың қажеттілікке саналы жауабының бейнесі болып табылады.
Еске түсірейік, сол кезде үлкен жетістіктерге жеткен «қоғамдық келісім» теориясы шын өмірде өзінің орнын тапқан жоқ, тек XX ғасырда ол кейбір дәрежеде шын саяси тәжірибелік орынға ие болды, яғни, жеке алғанда, осындай текті расталу ретінде Каудильо Франко өлімінен кейін испанияда, әйгілі Монклоа сарайында түрлі саяси күштер арасында жасалған «Монклоа Пактің» есептеуге болады. Бұл Пакт саяси режимнің ауысуынан кейін, дағдарыстық жағдайда қоғамның дамуының перспективаларын және әлеуметтік-саяси өмірдің қалыптарын анықтады және қазіргі уақытқа дейін істеп келеді. Берілген мысал, басқаның арасында саяси психологияның болжамдық рөлінің жақсы бейнесі болып табылады.
Т. Гоббсқа қарағанда, адамның табиғатына одан әрі оптимистикалық көзқарасқа ағарту кезеңінің ірі тұлғасы Ж. Ж. Руссоға тән. Оның есептеуінше, барлық дерлік адамдар, түрлі дәрежеде, «әділет пен рақымшылықтың ішкі принціпіне» ие. Дәл мұндай «ар-ұят сияқты психологиялық қабілет адамның құдайлық инстингтінің негізгісі болып табылады». Руссо айтқандай: «адамдар еркін болып туады, бірақ әр жерде темір байлауларда». Яғни, ол осы ойды былай дамытқан: адамдар коррупцияланған қоғамның байлауында туады бірақ, өз табиғаты бойынша еркіндікке ұмтылады. «Адам әлеуметтік және сәйкесінше құлға айналғанда, ол әлсіз ұялшақ және құлдыққа бейім жануарларға айналады», алайда «табиғи адамның өз мүмкіндіктерінде қоғамдық мейірімшілік көздері болған».
Кезенінің тағы бір белгілі ойшылы, Ш. Л. Монтескье «қиын-қыстау» кездегі саяси институттағы дамуын зерттеп жалпылық психологияның маңызды рөлі мен оның саяси үрдістерге әсерін түсінуге қадам басқан. Өзінің алдындағы зерттеушілерге қарағанда, ол саяси-психологиялық түрлі құбылыстарына бейнелеуін беріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың артында тұрған жеткілікті нақты психологиялық себептерін көрсеткен. Мысалға, тарихи көзқарастан, топтағы адамдардың әрекетінің бейнелеуі өте қызық: «қиын уақытта әрқашан аландатушылар туады, олардың артынан ешкім басқармайды және күшпен әкелінген жоғары билік алынғанда, оны қайта қалыптастыру үшін ешкімнің күші жеткілікті болмайды;...Топтың күнә көтермейтіндігін өзінің санадан өткізілуі топты күшейтіп аландаушылықтарды артырады.Тақтан түрік патшасы ослай тайдырылғанда, бұл көтерілістің қатысушыларының ешқайсысындада оны тайдыратын ойы болған емес, бірақ біреудің мәнгілікке белгісіз болып қалған дауысы топтың арасынан естілді, Мұстафаның аты аталды және Мұстафа кенеттен патша болды». Әрі қарай біз көреміз, Ш. Монтескьенің қалайша дер кезінде және нақты топтық әрекеттің дәл сол нақты көрінгені соңынан болған – шындығында, тіпті басқа тарихи кезеңде, (оның ішінде, топ әрекеті), нақты көрсете алды және болжай алды.
Осылайша, Ағарту кезені саяси үрдестегі тек қана жалпы емес сонымен қатар, басқа нақты психологиялық факторлардың түсінігін алға жетеледі. Бұдан басқа, Ағарту кезеңі осындай түрдегі осындай кең кітаптың байқаулардың бейнелеуінің және ой толғануларының жанрының, сонымен қатар, олардың философиялық-методологиялық ой елегімен откізудің негізін қалаушы болды. Негізі бойынша, дәл Ағарту кезеңі толығымен нақты саяси психологияның дәл осы кезеңнен кейін дами бастаған бағыттарының философиялық негіздерін қалады.
ХIХ ғасырдың саяси психологиясы
Ұлы француз төңкерісі кезеңінен, оның өте көлемді болғанына және оған алапат көлемдегі өзінің саяси әрекеттерімен адамдардың қатыстырылумен, саяси психология енді зерттеушілер назарынан кете алмады және тек бір жалпы бейнелеулердің объектісі болып қала алмады. Дәл осы кезде ол тәуелсіз ғылымға айнала бастайды және де әлі де жеткілікті дәрежеге ие болмайды. Сәйкесінше, дәл осы уақыттан көптеген авторлар берілген ғылымның шын тарихының есептелуін санайды, бірақ оның дәрежесінің формализациясының ХХ ғасырдың екінші жартысында болғанына қарамастан.
Ұлы француз төңкерісі және одан кейін болған жағдайлар (жеке алғанда, өнеркәсіптік төңкеріс) саяси-психологиялық проблемалардың екі үлкен қабаттарына назар аударылды. Бір жағынан, сыртқа атқылап шыққан топтар психологиясы ерекше қоғамтанушылардың назарын аударды. Басқа жағынан, одан аз емес назарды саяси режимдер психологиясы аударды.
Көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде топтық психологияның сұрақтарына назар салған, бірақ, кәсіби – психологиялық көзқарастан, «топтар» феномені және жеке алғанда, топтың әрекеті тек ХIХ ғасырдың аяғында ғана зерттелді. Бұл түсінікті: тарихи тәжірибені ғылыми санадан өткізуіне және алапат ғылыми шайқалуларды түсіну үшін уақыт қажет болды. Бұл зерттеу енді үш классикалық аттар – Г. Тард, Ш. Сигеле және Г. Лебонның аттарымен байланысты.
Г. Тард топты «жандандырылған бір нәрсе» деп зерттеген және оған осындай ерекше қасиеттер: «тым артық шыдамсыздық,...» өз керемет билігінің және топта болатын адамдардың «қозғыштығы» деп жазған. Ол саясатта кездесетін екі типті топты кездестірген: а) «назар салатын және күтетін» топ; ә) «әрекет ететін және белгілі талаптарды көрсететін» топ. Сол кезде әйгілі психологиялық теориялармен сәйкестендіріліп және рөлін біраз арттырып, әсіресе, «топтық инстинктер» рөлін, Г. Тард топты демондандырды және ең алдымен оның осы «жануарлық-демондық» қасиеттері, топтық әрекетті анықтайтын, қасиеттер арқылы жалпы саясаттағы психология рөлін түсінгісі келді. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл тым сыры ашық қиынның тым жеңілге өтудің редукционистік позициясы болды. Міне сондықтан Г. Тардтың аты саяси психологияның «негізін қалаушылардың» қатарында болса да, уақыт өтісі мен оның көзқарастары мен пікірлерінің айтылуы қысқарып бара жатыр.
Дәл сондай тағдыр ғылымда Ш. Сигелені де күтті. Бұл тіпті ойға қонымсыз, бірақ оның есімі барлық дерлік әлеуметтік және саяси психологияларға белгілі, бірақ, оның нақты жұмыстары, ешкімге мәлім емес және де, ол басқаға қарағанда, өте қызықты көзқарастармен ерекшеленеді. Мысалға, бұдан басқа, Ш. Сигеле «топтың интеллектуалдық тәртіпсіздігі және сан-сезімдік орташа деңгейлілігі ойлар мен сезімдерге өте алады». Оның пайымдауынша, топтағы барлық саяси-психологиялық үрдістер алғашқы кезекте «жеке тұлғаны өзінің көрінісіне ұқсатуға бағыттайтын және сезімдерді аятатын, адамдардың үлкен санына бағынышты». Ол өте нақты жағдайларды да білген, мысалы, егер, «сөйлеуші топты сабырға келтіремін десе, онда, нәтиже тіптен қарама-қарсы болады, қуылып шыққандар сөздерді естімейді, ал айқай, белгі, әрекет дұрыс түсіндірілмеуі мүмкін». Сәйкесінше, топтың әрекетін мақсатты түрде бақылау және басқару, мүмкін емес, деп санады Ш. Сигеле. Оның қорытындылауы бойынша, саясатта, «онымен тек келісу ғана қажет».
Ұмытылуға айналған Г. Тард пен Ш. Сигелемен топ әрекеті бойынша қаншама көп жаңалық ашылғанына назар аударайық. Ал олар осы туралы әйгілі Г. Лебонға қарағанда әлдеқайда ерте жазған. Бірақ, ғылым тарихының заңы осындай: кейінірек оның өзіне З. Фрейд тірелгендей, Г. Лебон да Г. Тардтың және Ш. Сигеленің жаңалықтарына тірелді: реферанттады, кей жерде пікірін ерекшеледі, және топтардың саясаттағы «мен» рөлінің зерттеуінің пирамидасының құрылуына негіз болып алынды және қолдады.
Аталған, Г. Лебонның есептеуінше, «психологиялық тұрғыдан топ, топ бірлігінің менталдық заңымен әсерінде ерекше бірегей ағзаны құрайды; топты құрайтын адамдардың ойлары мен сезімдері бір бағытта таралған». Г. Лебон топқа қосылған тұлғаның ерекшелік белгілірін бөліп шықты. Оларды нақтырақ келесі бөлімдерде қарастырайық. Ал қазір болса тек Г. Лебонның негізгі шешімін келтірейік: «Осылайша топтың құрам бөлігі шкаласы бойынша бірнеше қадам төмен түседі». Ең нақтысы, Г. Лебонның есептеушісіне, бұл саясатта, әсіресе, «ұжымдық әрекеттер талап ететін, яғни, жеке тұлғаны емес, «топтық адамды» - топта жүретін адамды қалайтын саясатта көрінеді. Мысал ретінде, Лебон «демократиялыққа» және ерекше саяси құрылым ретінде социализм мен саяси ойдың ағысына өз назарын аударды.
Дәл осы өзінің жұмыстарымен Г. Лебон саяси психологияда, оның тарихында ерекше орынға ие болды. Шынында, ол өте ерекше және тәуелсіз жанрдың негізін қалаушы болып табылады: саяси ойдың ағымдармен саяси режимдердің саяси-психологиялық зерттелуі. Өкінішке орай, осы жанр әрі қарай дамымай қалды. Г. Лебонның социализмді ұнатқан жоқ. Ол әлеуметтанушылар тайдыруға армандаған, элита тұғырларында нық тұрды. Бірақ, бұл оған өте білгір және жеткілікті объективті (әсіресе, бұл қазір, уақыт өте келе, әлемдік масштабта социалистік тәжірбиенің құлдырауынан кейін түсінікті болды) зерттеушіге айналуға бөгет болған жоқ.
Ол өте қатал жазған: «Төменгі қабаттардағы көре алмаушылық және жауыздық, жоғары қабаттар, билік өкілдерінде саяси процестерге қызығушылықтың болмауы, өте жоғары менменшілдік және ерекше байлық культі, ойшылдардың көңіл-күйінің құлазғуы – қазіргі кездегі көңіл-күйлер осындай». Қоғам осындай аптатты құбылыстарға қарсы тұру үшін өте қатаң болуы қажет». Әрине, оны мамандар даярлайды және Г. Лебон бұның саяси-психологиялық көзқарастан қалай болатынын біледі: «Ақылдың француз революциясы кезінде қандай жағдайда болғанын біз білеміз: өте сезімтал гуманитаризм, ол идиллия мен философтардың сөзімен басталып, жазалаумен аяқталады. Осы көңіл-күй, сырттан қарағанда, өте мейірбан, шындығында ол билеуші топтың әлсіреуіне әкелген қауіпті нәрсе...Халық тек оған көрсетілген, социалистік жолмен әрі қарай қозғалу кеңесі беріледі».
Г. Лебон бойынша, осындай анық және логикалық теорияға қарағанда өзімен «ақылдың күйін» көрсететін, социалистік ойлардың жұқпалылығы, артынан топты бұрынғы құрылысқа қарсы қоя алатын, бірақ оларды өз конструктивті құрылымды күшімен ұстай алмады. Осыдан өз кезінде КСРО-ны да шапшыған, социализмнің негіздік пародоксы туындайды. Топтың көтерілісі – бұл көбінде эмоциялар мен көңіл-күйдің жарылысы, олардың сипаты ұзақ емес деп санады Г. Лебон, және де ол өте дұрыс ойда еді.
Петроградта 1917 жылы болған төңкерістің белсенді қатысушысы С. Д. Лестивславский былай деп жазған: «Кеңес жиынында орныққан көңіл-күй басылған жоқ және депутаттар резолюцияны ақыры қабылдап, көп адам болып күтіп жатқан топқа, Екатериналық төрге араласқанның өзінде де. Сол кеште Таврикалық сарай көтерілістің бірінші күніндегідей дәл сондай дәрежеде толы еді және көзге өте анық түрде «сол кездегі» және «қазіргі» көңіл-күйдің үлкен айырмашылығы көрінген.
Топтың көтерілісіне әкелетін осындай алаңдаушылықтар, деструктивті әрекеттерді қолға алғанда, азая бастайды және соны топтық психологияның консервативті-қорғанышты құрылымы жеңе бастайды. Әрбір қырып-жоюшы, көтеріліске бағытталған талпыныс, уақыт өте келе бұрын бұзылғанның аздап болса да, бөлігінің қайта қалпына келтіру әрекеті болып табылады. Л. Д. Троцкий Г. Лебонның дұрыстығын растады. 1926 жылы ол күнделікті былай деп жазған: «Қазір пролетариат қазан төңкерісі кезіндегі және одан кейінге алғашқы жылдары болғанға қарағанда, төңкерістік перспиктивалар мен кең жалпылауларға аз бейім. Төңкерістік партия топтық көңіл-күйлердің түрлі өзгерісіне пассивті теңесе алмайды. Бірақ ол өзгерісті бейқам өткізе алмайды, өткені соңғысы өте терең тарихи тәртіппен туғызылған». Саясаткер мен саяси-психологиялық тәртіптің бағасын нақтырақ билейік. Социализмнің саяси-психологиялық табиғатын зерттеп, Г. Лебон бұны, яғни, оның эмоционалды жұқтырмалылығын социализм өзімен сенімбілімнің бір түрі деп түсіну арқылы анықталған. Әрбір сенімбілім өзінің «басшыларына» ие – сәйкесінше Г. Лебон социалистік көсемдердің жалпыланған саяси-психологиялық бейнелерін сипаттаған. Осындай «көсемдерден», социалистердің билікке келуі арқылы, «демократия» ұғымының жамылатын билейтін жаңа топтар құрылады. Г. Лебон демократияның табиғаты мен салдарын өте өткір сынайды. «Шынында басқаларға қарағанда, демократиялық режим әлеуметтік теңсіздіктерді үлкен көлемде туғызады».
Демократиялық мекемелер ерекше түрлі таңдаушыларға тиімді және мекемелерді қорғауы тиіс, оларды осы мекемелерді қорғауы тиіс, оларды басқа режимдерге қарағанда таңдауы тиіс. Демократия аристократия сияқты касталарды құрайды. Жалғыз айырмашылығы бұл, әрбір мұнда кіре алады немесе кірді деп ойлай алады. Демократиялық мекекелер тек білім таңдалғандарға және топтарға қолайлы болады, оларды өзін осы мекемелердің өте жеңіл бәрін өз қолымен алатынымен құтықтау ғана қалады».
Осылай Г. Лебон саяси әрекеттің табиғи мақсаттылығымен бейнелейді, егер қазіргі тілмен айтсақ, «барлық деңгейдегі депутаттарды». Тағы бір ескерейік: Г. Лебон саяси режим, саяси өмірді ұйымдастыру тәсілі және тіпті таңдау құқығы сияқты феномендарды саяси-психологиялық анализінің тәжірбиесінің алғашқы жалғыз үлгісін ұсынды. «Қайғылы мысал көрсетеді, еркі жоқ, ар-ұяты жоқ, әлсіз халықтарда демократияның тағдыры анық көрсетіп отыр. Өз-өзін басқару, шыдамсыздық, заңдылықты танымау, тәжірбиелік сұрақтарда білімнің жоқтығы ұрлауға қызығу осындай жағдайда тез дамиды. Сосын анархия келеді, бұдан кейін диктатура орнығады»
ХХ ғасырдың психоанализі
Саяси психологияның дамуына З. Фрейдтың психоаналитикалық теориясы, кейіннен оның шәкіртері де әсерін тигізді. Адамның әрекетіне психоаналитикалық көзқарасы бойынша, көптеген адамдардың әрекеттері инстинктивті мақсаттар (Эрос және Танатас), және адам эпосы (Мен), Супер-Эго (жоғары Мен) З. Фрейд бойынша құрылыстың негізінен компоненттері арасындағы күрес нәтижесі. Г. Лебон және басқа да оның «топтық жанға» замандастарының пікірлерімен әсерімен З. Фрейд жеке тұлға мен топтың саяси әрекетінің проблемасында психоанализ тұрғысынан келді.
З. Фрейд әлеуметтік, және жеке алғанда, саяси өмірдегі топтың феноменін «қарапайым жан әрекетіне регресс жағдайы деп аталады» және мұнда адамдар ежелгі қарабайыр ордаға тән психологиялық сипаттамалар кенеттен оянады. Адам топта гипноз жағдайында болады, гипнозда оның психикасының түбінен қарабайыр Ид («Ол») шығады және ол супер – эгоның сананы бақылаумен басқармайтын және олардың арасында тепе-теңдікте болатын, өте нәзік Эгомен ұсталынбайтын. Осы жағдайда саналы жеке тұлғаны жоғалуы, ойлар мен сезімдердің басқа, бірақ басқа адамдармен бірдей бағытта қайтаориентация дамиды, рухани сфераның эффективтілігі басым болады, бұл нәтижесінде кенеттен ойларды тез арада орындауға жоғары бейімділігін құрайды.
Топтардың барлық типтерінде, З. Фрейд бойынша, басты қосылыс тізбегі ретінде «ұжымдық либидо» болады, өз негізінде және тірегінде индивидуалды либидо жатады, ал мұның негізін адамның сексуалды энергиясың құрайды. Мысал ретінде, З. Фрейд екі жасанды жоғары ұйымдасқан топты қарастырды: шіркеу және әскер. Олардың әрқайсысында анық «либидо факторы» байқалады, яғни, бірінші жағдайда, Христосқа сүйіспеншілік және әскер болмысына сүйіспеншілік, екінші жағдайда, «Жасанды топтарда әрбір адам бір жағынан көсеммен, екінші жағынан – басқа топтық тұлғалармен либидозды байланысқан», олар идеалды «Менді» өзінікі қылып бір ғана субъектіні таңдады және осының салдарынан, өзінің «Мен» бейнесімен идентификациядан өткендерге». З. Фрейд жазған: «Егер көсеммен байланыс үзілсе, топтық тұлғалар арасындағы өзара байланыстар үзіледі және топ ыдырайды». Осылайша, ақырында көшбасшының жалпы идеализациясы топ мүшелерінің дәл осындай өзін идентификациялануына және басқа тұлғалармен идентификациясына әкеледі.
«Топ көсемі – оның арғы атасы, оған бәрі қорқыныштан бағынады. Топ оны шектеусіз билік басқаруын қалайды, тынымсыз авторитетті іздейді... Көсем – гипнотизер: өз тәсілдерін қолданылып, субъектіде оның архаикалық тұрасының бөлігін аятады, бұл ата-анаға қатысты да байқалған – адамның қатысты да байқалған – адамның қарабайыр орда – арғы атаға қатынасы».
Адамның психологиялық табиғатын З. Фрейд қарастырғанда, мынаған назарын аударған, жеке тұлға мен қоғамның мақсаттары негізінде ешқашан бірдей болмайды. Эростың мақсаты (адамдағы негізгі бастаудың бірі; оның арқасында өркениет дамиды) «жалғыз адам индивидтерінің қосылуы, ал сосын отбасының, нәсілдің, халықтың, ұлттық бір ұлы бірлікке, адамзат бірлігіне қосылу табылады, онда адамдарды либиданальды қатынастар біріктіреді». Бірақ адамда, З. Фрейд бойынша, басқа да бастау бар – Танатос (гректің «өлім құдайы» атымен). Бұның мағынасы, табиғи агрессивтілік, деструктивтілік және тұлғалардың жаушылығы өркениеттің туындауына қарсы тұрады, артынан дезинтеграцияны әкеледі, өйткені, «инстинктивті талпыныс рационалдық қызығушыларды» күшті өлім инстинктінің мүмкіндігінше, психиканың ішкі құрылымында Эрос күреседі. Өркениеттің дамуына қоғамның адамдағы агрессивті инстинктерін бақылағаны және керек болса, қуғынға ұшыратқаны қажет, оларды «Супер-Эго» формасында интернализациялап және оларды «Эгоға» бағыттап, бұл әрине, кейбір «сынуды», адам психикасындағы деструкцияны туғызады.
Адамның басқаларға және өзіне деструктивтілігі, садизм және махоизм арқылы және де, басқасы – соңында тек бір ғана деструктивті мотивациялық құрылымның альтернативті көріністері арқылы байқалады. Сыртқы рұқсаттың болмауы невроздардың (басылған либидозды инстинктер) және кінә сезіміне әкеледі. Бұл – адамзаттың өркениет үшін төлемі және бұл саясатта көрінеді. Сондықтан психоанализдің атасі кезінде А. Энштейнге басталған екінші дүниежүзілік соғысқа қарсы болған ғалымдардың өтінішіне қол қоюға сұранысын қанағаттандырмады, өйткені нық сенімді еді: Танатас- адам табиғатында, ол адамдарды соғысқа жетелейді және бұнымен күресу мағынасыз.
З. Фрейд саяси психологияға тағы бір ірі жаңалық енгізді: ол жаңа жанр – психобиографияны (психоөмірбаянды) жасады, негіз ретінде АҚШ Президенті Вудро Вильсонның өмірін алып, детальді психоаналитикалық зерттеуге ұшыратты. Басынан Фрейд бұл Президентке өзінің антипатиясын жасырған жоқ, оның ойынша, В. Вильсонның «әлемді зұлымдықтан босатамын» деген ойы тек фанатиктің адамдарға әкелетін тағы бір қауіптің бір дәлелі еді. Зерттеу саяси – психологиялық инфонтилизмнің мәселесін және оның ұстаушыға, барлық қоғамға жалпы алғанда, және де саяси психологияның әсерін, кейін саяси психологияның жаңа мүмкіндіктерін ашты.
Психоанализ психотарих жанрының негіздерінде салды, бұл бағыт сол уақыттан бастап, психоаналитикалық модельдерді тарихи үрдістердің динамикасын сипаттауға тырысады. Психотарихи зерттеулер, негізінен, жеке индивидтерде тоқталады және психобиографиялар түріне енеді, бірақ кейде бұл бір кең нәрсе – «кезең биографиясының» түріндей. Бір жағынан, психоанализ шын тарихпен өте келісімді болды, өйткені қосарланған, бірдей мақсаты бар – әрбір құбылыста ерекшені іздеу. Басқа жағынан, олар парадоксалды орынсыз болып шықты, өйткені, психоанализ өзі өзімен тым күшті «проскриптивті компоненті» бар, ал ол тарихшының шешімдерін аздап қате шығаруы мүмкін, дәл сол кезде тарихтың өз мақсаты тек қана өткен оқиғалардың бейнеленуі болып табылады. Соған қарамастан, психотарих та, психобиография да батыс саяси психологиясына тез бейімделді. Бірақ, бір сәтті ескерген жөн, «адами фактордың рөлінің оң бағалау мүмкіндіктеріне қарағанда, тарихтың ортодоксалды психоаналитикалық түсініктемесі өткен шындықтың белгілі қате ұғынуына, оның стереотиптендірілуіне әкелуі мүмкін. Осындай барлық жағдайларда, нәтиже бірдей болады, әйтсе де, екі түрлі типтерде қатысады. Немесе бұл субъектінің саяси әрекетінің барлық мотивтерінің бір ғана себеп пен модельге тырысуға жетелейді (эдип комплексі сияқты) – онда бұл психотарихтың психотарихқа айналуы болады. Осындай редукционизм қайтанланған шешімдері бар кейбір зерттеулерге тән: мысалы, «Наполеон Ватерлоу маңында шайқасты, тұмаудан ауырып, жеңілді», «Варфоломей түніндегі гугеноттардың қырылуы король Кралдың ішінің күрт ауыруынан болды» деген сияқты және т.б..
Достарыңызбен бөлісу: |