Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет70/78
Дата10.09.2024
өлшемі226.13 Kb.
#503535
түріСборник
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Клиникалық жағдай №38

Дәрігер қабылдауына 11 жастағы қыз бала келесі шағымдармен келді: мардымсыз қақырықтың бөлінуімен ұстамалы жөтел, жөтелгенде төс артының ауыруы, 4 тәулік бойына фебриль қызу, дауысының қарлығуы, жалпы әлсіздік, дел-салдық.


Бір апта бұрын жіті ауырған, сол кезде дене қызуы 37,6оС дейін жоғарылаған, мұрнынан кілегейлі бөлінділер аққан, жөтел қосылған, дауысы қарлыққан, соңғы 4 тәулікте дене қызуы бұрынғыдан да жоғарылаған – 38,50С дейін.
Амбулаториялық жағдайда қолданған «Доктор МОМ», парацетамол нәтиже бермеген.
Жанұясында ағасы да ауырған, белгілері ұқсас. Жылына 2-3 рет ЖРВИ ауырады. 4, 7 жасында жіті бронхиттен амбулаторияда емделген, 7 жасында жіті пневмониямен ауырған. Аллергиялық анамнезі ауыр емес, әкесі темекі тартады.
Об-ті: жөтелі ұстамалы, қақырығы аз, дауысы өзгерген. Мұрнынан кілегейлі бөлінді. Тері жамылғыларыбозғылт, таза. Мойнының артқы лимфалық түйіндері 1,0 см дейін үлкейген, шамалы ауырсынады. Аңқа кілегейінің бар тұсы біршама қызарған, артқы қабырғасында түйіршіктілік бар. Өкпе аускультациясында негізгі тынысы қатаң, ірі және ортакалибрлі ылғалды сырылдар естілді, тыныс жиілігі 20 мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, 80 мин. Басқа жүйелердің физикалық зерттеулері ауытқулар анықтамады.

1. Диагнозын негіздей тұжырымдаңыз.


2. Осы дерттің этиологиясын болжаңыз.
3. Зерттеулер тағайындаңыз.
4. Науқасқа антибактериялық ем тағайындау көрсетпелері бар ма?
5. Антибактериялық дәрмектердің нәтижелі тобын таңдаңыз.

38. Жауаптары:





  1. Жөтелді, аускультациядағы сырылдарды, анамнезіндегі бронхиттердің болуын ескере отырып, келесі тұжырым жасаймыз:

Негізгі ауруы: Рецидивтеуші бронхит, өршуі.

  1. Клиникасындағы жабысқақ жөтелді, полилимфоаденияны, дертті ағасымен жұғысуын ескере отырып, Mycoplasma pneumoniae либо Chlamydia pneumoniae атиптәк этиологиясын болжаймыз.

  2. Қанның клиникалық анализі, арнайы JgА, M, G антиденелерін анықтау, кеууде сарайының рентгенографиясы.

  3. Науқасқа антибактериялық ем тағайындау көрсетпелері фебриль қызудың 3 тәуліктен аса орын алуы.

  4. Макролидтік антибиотиктерден: азитромицин 10 мг/кг 1 рет/тәу. 3 тәулік немесе кларитромицин 7,5 мг/кг 2 рет/тәу. 10-14 тәулік немесе джозамицинді таңдауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет