Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет39/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

 
Список литературы 
1. http://publ.lib.ru/ARCHIVES/S/SUTEEV_Vladimir_Grigor%27evich/_Suteev_V.G..html 
2. http://ru.wikipedia.org/wiki/ 
This article is about fairy tales and short stories of Vladimir Suteev, their teaching, cognitive, intellective sides. All his stories 
are full of kindness, sympathy, gentleness, unselfishness, helpfulness and amiability, tolerance and tenderness, courtesy and 
cordiality. The author does recommend them to watch, as they are really worth to see. 
 
 
Кусева С., 
Қазақ Мемлекеттік педагогикалық 
 Қыздар университетінің 2-курс магистранты 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ
ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ТҰТАСТЫҚ 
 
Тәуелсіздік жылдары қазақ ақындары өлең өлкесінің өрелі жанры- поэмаға құлаш ұруын 
үдете түсті. Ел көгінде желбіреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты.
Поэма жанрының әр дәуірдегідей ең басты көркемдік ерекшелігі бұл жанрдыда да айқын көзге 
шалынды. Ақын атаулының бәрі де өз туындысында өзі өмір сүрген заманнның ең үлкен де ауқым-
ды мәселесін жырлауды басты нысана етіп ұстайтыны аян. Тәуелсіздік жылдарында да қазақ поэма-
ларында қазақ қоғамындағы ең өзекті, көкейкесті мәселелердің басты көркем суретке айналғаны 
байқалады. 
Қазақ халқына тәуелсіздіктің аса жеңіл жолмен, көктен оп-оңай түсе салмағаны тарихи ақиқат. 
Тәуелсіздікке ғасырлар бойғы ерлік күреспен , шиеленіскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы 
жетті. Міне бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдік нысана етіп 
ұстанғаны бірден көрінеді. 
Е.Раушановтың "Періштелер мен құстар” жыр кітабы — мазмұны мен тілі келіскен, қазіргі қазақ 
поэзиясының шыр¬қау биікке жеткенін, өлеңнің көркемдік мүмкіндігін барынша танытқан маңызды 
жинақ. "Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын” келістіре алған ақынға "шырқау биікке жеткенді” 
деген сөзді әбден елеп-екшеп, ойланып барып-ақ айтып отырмыз. Мына қос шумаққа қараңызшы: 
Шыжыған күннен қорынбақ болып, 
Көлеңке іздеп жан-дене, 


79 
Шыршықты бетке ап шомылмақ болып, 
Шыққанда қыздар сәндене. 
Шыршық ағатын, ыршып ағатын, 
Жыршы болатын бар ағын. 
Шыршық ағатын, шымшып ағатын, 
Ақ қайраң санын жағаның. 
Не деген сурет, не деген сөз саздылығы! Әр жолы әндетіп тұрған жоқ па?! 
Осындай өлеңдері бар жинақтың қандай биік бағаға да лайықтылығын айтып жатудың өзі артық 
сияқты. 
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік 
салада да өзгеріске түскенін атап айтқан жөн. Ақындардыңың көркем ойлау, көркем бейнелеу -
көркем образдар жүйесінің белгілі бір шығармашылық мақсатқа құрылғанмен, яғни көркемдік 
ұқсастық, тұтастық болғанмен әр ақын өзінше жеткізе алды. Поэзиялық шығармаларда: Біріншіден, 
кеңестік дәуірдің соңғы жылдарында орын алған көсемсөздік сипат жалғасын тапты. Екіншіден, нәзік 
лириканы бойына сіңірген жыраулық дәстүрдің жаңғыруы көруге болады. Үшіншіден, көне түркі-
лердің сарынын жеткізетін түркішіл желі дүниеге келді. Төртіншіден, ұлттық танымын еуропалық 
үлгімен көмкере білген шығармашылық иелері әдебиет алаңына шықты. 
«Тәуелсіздік жылдары қазақ ақындары өлең өлкесінің өрелі жанры- поэмаға құлаш ұруын үдете 
түсті. Ел көгінде желбіреген азаттық туының желбіреуі қазақ ақындарының шабытына шабыт 
қосты»,- деп баға берген болатын поэма жанрының маманы Ә.Нарымбетов. 
Қазақ халқы тәуесіздікке қол жеткізуі қазақ әдебиетінің де оның ішінде поэма жанрының да жан-
жақта құлаш ұра дамуына үлкен әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы кезеңдегі поэтикалық шығарма-
ларды алап қарасақа әртүрлі тақрыптарды арқау етіп, жан-жақты дамығанын көре аламыз.Сол 
себепті де осы кезеңдегі поэтикалық шығармаларды тақырыптық жағынан төмендегіше жіктеп 
қарастырсақ болады: 
1. Тарихи оқиғаларға байланысты («Желтоқсан» оқиғасына қатысты): Асқар Егеубаев «Жел-
тоқсан», Зәбира Сүлейменқызы «Желтоқсан ызғары», Несіпбек Айтұлы «Мұқағали-Желтоқсан» және 
т.б. 
2.Тарихи тұлғалар жайындағы: Жәкен Бөдешұлы «Жақия», Темірхан Медетбек «Махамбет рухы-
ның монологы», Серік Тұрғынбекұлы «Махамбет және Жәңгір хан», Кәкімбек Салықов «Дананың 
сәтті сапары» , Кәкімбек Салықов «Қаныш- Жұлдыз» қарсы алды», Серік Тұрғанбекұлы «Кейкі 
батыр», Мыңбай Рәш «Киелі домбыра»; 
3. Елбасына арналған поэтикалық жырлар: Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек» дастаны, Тұрсынхан 
Әбдірахманқызы «Елтұтқа» поэмасы, Күләш Ахметова «Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық» 
поэмасы; 
4. Жаңаша бағытта туған поэмалар: Қ.Мырзалиевтің «Бес жыл өткен соң» поэмасы, Мұхтар 
Шахановтың «Өркениеттің адасуы» мен «Жазгер жады космсформуласы»; 
5. ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар жайындағы поэмалар: Қ. Мырза Әли «Өткелдер», «Дерт», 
«Заман-ай»; 
ХХ ғасырдың соңғы ондылдығында қазақ ақындары кеңестік дәуір тұсында айта алмаған, терең 
бойлай алмаған тарихи тақырыптарға ден қойды.Ол кешегі Ресей патшасы жүргізген отаршылдық 
зардаптары еді. Тарихи тақырыппен қоса тарихи тұлғалар өмірін арқау еткен поэмалар қатары да 
өсті. Сонымен қатар бұл жылдары тарих қойнауына енген ХХ ғасырдың көркем шежіресін жасаған 
поэмалар көбейді. Солардың қатарына Қадыр Мырза Әлінің «Өткелдер», «Дерт», «Заман-ай» 
поэмаларын атауға болады. Ақын «Өткелдер» поэмасында балалық шағын соғыс ұрлаған , ерте 
есейір ауылдағы қыз-келіншек пен қариялардың ауыр бейнетін бөлісу мақсатында қолдарындағы 
күрегін алып егістікке шыққан өз замандастарының көзімен көрген шындығына жан бітірген. «Кетті 
жанып бір кезде шанғандары: Сталиндік құжаттар- Жалған бәрі!» деп басталған шығарма отыз 
жетінші жылғы зұлматтан бастап сөз болады. Отызыншы жылдардың ойраны «У іштік қой тостақтан, 
кесемен де!» дейтін тек қана лирикалық киіпкерге емес, жалпы қазақ халқына у ішкізгені мәлім. 
Одан соң іле-шала Ұлы Отан соғысының басталғаны, оған халқымыздың ерлерінің лек-легімен 
аттанғаны, «бәрі де майдан үшін» науқанымен ел ішінің ішер ас, киер киімге жарымауын ақын бірде 
«қанжар сұқты жоқшылық өзімізге» деп түсіндірсе, енді бірде: 
Аштық... 
Сосын абақты, 
Енді майдан 
«Жығылғанға – жұдырық!» деген осы!-деп көрсетеді. 


80 
ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық 
озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресіне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның 
ішінде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар 
Егеубаевтың «Желтоқсан», Зәбира Сүлейменқызының «Желтоқсан ызғары», Несіпбек Айтұлының 
«Мұқағали-Желтоқсан» атты дастандары. Бұл поэмалар сюжетті шығармалар емес. Олар жанрдың 
лирико-публицистикалық саласына жатады. 
Аталған поэмаларында ақындар Сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан 
кешкен қанды қырғынды айқын бейнелеп береді. Азуы алты қарыс қарулы әскердің қазақ жастарына 
аяусыз басып-жаншығанын шынайы шындыққа сәйкес дұрыс суреттеген. Қолында ешбір қаруы жоқ 
жас жігіт, жас қыздардың әділетсіздікке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлік күресін биік шабытпен 
толғанады. Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасын осы поэмадан анық байқалады. Сондықтан да, 
Асқар Егеубаев, Зәбира Сүлейменқызы, Несіпбек Айтұлының аталған туындыларын тәуелсіздік 
жылдарындағы эпикалық жырларындағы елеулі жетістік деп таныған жөн. 
1945 жылы Екінші дүниежүзлік соғыс аяқталар тұста американдық империалистер Жапонияның 
Нагасаки, Хиросима қалаларына атом бомбасын тастап, мыңдаған бейбіт тұрғындарды қырып салды. 
Міне,осы жойқын зұлымдықты,алапат жауыздықты көріп,біліп,түсініп отыра,іле-шала КСРО-ның 
сол кездегі басшылары Кеңес елінде де полигондар ашып,жер бетіндегі халықты қырып-жойып ақыр 
заман орнататын ядролық қарулар жасауға белсене кірісіп кетті.Қазақстанның әр жерінде (Семей, 
Капустин Яр, Азғыр, Сарышаған, Ембі, Байқоңыр т.б.) полигондар ашып, ядролық қаруларды жап-
пай сынауға кең жол ашты. ХХ ғасырдағы және ХХІ ғасырдың басындағы қарапайым, бейбіт бұқа-
раның басынан кешкен адам басындағы адам айтқысыз азапты, ауыр трагедияны жырлауға қазақ 
ақындары да өз тарапынан үн қосты. Халық трагедиясын ашына, айқын бейнелеген поэтикалық 
туындылар көптеп жарық көрді. Халықтың ауыр трагедиясын тебіріене тоғаған поэмалар да дүниеге 
келді. Сондай ауыр тықырыпты өзек еткен қазақ поэмаларының бірі- ақын Қабибола Сыдиықұлының 
«Жандауысы» дастаны.Қабибола Сыдиықұлының лирико- публицистикалық поэмасын- заманның 
шындығын шынайы бейнелеген өткір пафосты туынды десе де болғандай. Ядролық сынақтан зардап 
шеккен халықтың қайғы- қасіреті, зары, мұңы шығармада айқын да анық бейнеленген. Әсіресе, 
поэмадағы Семейлік Серікбайдың, Нарындық Нағима ананың, Аралдық Аралбайдың жан жүрегі 
езіліп, қабырғасы қайысып күңіренген монологы, яки қазақ топырағындағы су, ауа, жер- ананың зар 
еңіреп сөйлеп кетуі ядролық апаттың әдебиеттегі айқын бейнесі болып тұр.
Қазақтың эпикалық поэзиясындағы халқын, еліне аса үлкен еңбек сіңірген тарихи тұлғалар 
туралы поэма жазу белгілі бір әдеби дәстүрге айналғаны белгілі. Осы дәстүр қазақ елі тәуелсіздік 
алғаннан соң да өз жалғастығын тапты. 90- жылдардағы қазақ халқының классикалық ақыны, 
қаһарман батыры Махамбет Өтемісұлы (Жәкен Бөдешұлы «Жақия», Темірхан Медетбек «Махамбет 
рухының монологы», Серік Тұрғынбекұлы «Махамбет және Жәңгір хан»), ұлы ғалым Қаныш 
Сәтбаев ( Кәкімбек Салықов «Дананың сәтті сапары») , қазақ халқынан шыққан тұңғыш ғарышкер 
Тоқтар Әубәкіров (Кәкімбек Салықов «Қаныш- Жұлдыз» қарсы алды») , 1916 жылғы Қазақстандағы 
ұлт-азаттық көтеріліс қолбасшысының бірі, атышулы батыр Кейкі Көкембайұлы (Серік Тұрған-
бекұлы «Кейкі батыр»), ұлы композитор, Қазақстанның халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиев 
(Мыңбай Рәш «Киелі домбыра») туралы құнарлы поэмалары жарық көріп, мәдени жұртшылықтың 
жылы ықыласына бөленді. Жәркен Бөдешұлының «Жақия» поэмасы көркемдіктің ескі тәсілдерінен 
қол үзіп, әдебиет өрісін кеңейткен жаңашыл шығарма ретінде танылды. Поэмадағы Махамбеттің 
батырлық бітімін көркемдік жарқын бояулармен безендірудің жаңа әдістері бар. Поэманың екінші 
бөлімінде 1986 жылы Махамбеттер ұраны- соқпағымен жаңа кезеңдегі сорақы әділетсіздігіне, Ресей 
империясының жан төзгісіз үстемдігіне батыл түрде жанкештілікпен қарсы шыққан Желтоқсан 
батырлары- Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдіқұлов, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалардың 
әдеби бейнесін сомдаған ақынның Махамбет арманы мен ерлігінің қазіргі уақыттағы өзекті жалғасын 
жырлайтын өрнекті жыр жолдары оқырман жүрегіне рух нұры болып төгіліп тұр. 
Тәуелсіздік жылдары елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көптеген көркем шығармалар 
жарық көрді. Бұл реттте Ғ.Қайрбеков, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, С.Сейітов, М.Айтхожа, 
Н.Айтұлы, С.Досанов, З.Сүлейменқызы, т.б. ақындарды атап өтсе болады. Сондай-ақ, Несіпбек 
Айтұлы «Бәйтерек» дастанымен, Тұрсынхан Әбдірахманқызы «Елтұтқа» поэмасымен, Күләш 
Ахметова «Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық» поэмасымен үн қосты.
Жиырмасыншы ғасыр аяқталар тұста қазақ поэмасы жаңа биікке ұмтылыс жасады. Соның айқын 
көрінісі- Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» атты өлеңмен жазылған роман-
поэмасы еді. Жарық көрісімен- ақ бұл поэма дүниежүзілік зиялы қауымның назарына бірден ілікті. 
Сондай- ақ поэма әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, дүниежүзі елдерінің рухани қазынасына 


81 
айналды. Поэманы бұлайша дүниежүзі жұртшылығының бірден жоғары бағалауы тектен тек емес еді. 
Өйткені поэма идеялық мазмұнының терңдігімен, көркемдік күш-қуатының молдығымен өз 
оқырманын бірден баурай алады. Поэма құрылысы жағынан өте күрделі. Суреттеп отырған объектісі 
аса үлкен, адамзат тарихындағы ғасырларға созылған ұзақ мерзімді қамтитын алып эпопея десе де 
болғандай. Поэманың негізгі көтерген мәселесі ретінде халық пен оның әр түрлі дәрежедегі 
басшыларының ықылым заманннан күні бүгінге ара- қатысы деуге болады. Осы тұста қазіргі қазақ 
поэзиясы мен поэтикасының, жалпы қазақ әдебиетінің даму барысы жайында әртүрлі сыншы 
ғалымдар әртүрлі ойлар айтып жүр. Соның ішінде бірнешуіне тоқтала кететін болсақ, Аманхан Әлім: 
«Қазіргі поэзияда болсын, прозада болсын,нарық дегенді желеу етіп, сылтау етіп, қара дүрсін, 
қарабайыр проза мен поэзия пайда бола бастады. Оның бәрін бұлар сөз бостандығы, еркін ой мінбері, 
болмаса, Құдай бере салған тығыны атылған тоған сияқты көреді.Қазір газеттерді қарасаңыз, кілең 
мақала болып, жарияланған нәрселерді, жағдайларды өлеңге көшіру. Мысалы,көшеде тұрған, 
баспасөз проблема етіп сан рет көтерген Сайын көшесіндегі қыздар жайлы өлең жазу керек пе? 
Меніңше, қажеті жоқ... 
Біз оқырманның талғамын өсіруге тиіспіз. Үлкен поэзияны түсінетін дәрежеге көтеруіміз керек. 
Оқырманды шайнап берген асты жеуге үйретпеу керек. Оқырманды ойлануға үйрету керек. 
Оқырманды поэзиямен оңаша қалуға, поэзиямен сырласуға үйрету керек. Біздің ақындар қазір 
жүрекке емес, санаға емес, құлаққа жұмыс істейді. Мінберде өлең оқыйды да, жарты сағат залды 
сілкіп тұрады. Құлаққа жұмыс істеу- сахынада пәлен мың адамда жинап алу, бұл дінге тән қасиет. 
Дінде ғана барлығын бағындырсам, бәрі бін дінді болса деген ұғым болады. Ал, поэзияда залды 
толтыру мақсат емес» - деп ой қорытса, Бақытжан Майтанов: «Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэ-
зиясын толғандырған ең келелі мәселелердің бірі ұлт тарихы мен болашағы екені дау тудырмайды. 
Бұл тақырыпты арнайы жырлау шарт емес еді. Бәрі түсінікті сияқты жағдайды нәшіне келтіріп айтам 
деп жадағай қалыптан шыға алмай қалу қауіпі әрдайым жойылмайды. Біз кім не туралы жазса да 
өлең болмысынан ұлттық рухтың қашан да сезіліп тұруын мегзейміз. 
Соңғы жиырма жылдағы қазақ әдебиеті тәуелсіздік аусымен тыныстағандықтан әрбір ақын, 
жазушы шығармашылығында ой бедерлеу, сезім ұштау түрлеріне бұрынғы уақытпен салыстырғанда 
алмастай өзгеше еркіндік қанат жайғаны анық. Бұл ұлттық сана мен рухтың ертеректегі жасырын 
ұясынан шығып, бой жазып, нағыз харакеттік күш-қуатқа ие болуы»,-дейді. 
Ал, Айгүл Үсенова: «Қазіргі поэзияда формалық жағынан дәстүрден тыс, яғни дәстүрлі өлшем-
дерден өзгеше дамудың ақ өлең, верлиберлер, прозалық өлеңдер мен графикалық суреттер арқылы 
көрінуде. Мұндай формалар ақын ізденістерінің бірі, яғни мазмұнды берудің бір жолы ретінде 
талантты ақындардың шығармаларында орын алмаса да, тәжірибелік деңгейде ұшырасып жатады. 
Осылардың ішінде ең көнесі әрі кең жайылғаны- ақ өлеңдер. Ақ өлеңдер қазақтың қара өлеңіне 
мүлдем кереғар құбылыс деуге болмайды, олардың қайшылығы ұйқастарында ғана. Ақ өлең 
поэзияның негізгі құрылымдық негіздерінен бас тартып, ұйқассыз, шумақсыз қалыпта көрініп, 
модернистік бағыттың аясында танылып жүрді. Оның оқырман санасына өгей болып, ақындардың 
өзінен қолдау табудың орнына сынына ілігіп жүргеніне Қ.Мырзалиевтің төмендегі байламы дәлел : 
«ақ өлең бізде бұрынан бар. Бірақ ойға, образға, екпін-ырғаққа ғана сүйенген ұйқассыз өлең күні 
бүгінге дейін оңбай-ақ келеді. Содан да болса керек, Абай орыстың он, он бір буынды шалыс 
ұйқастарын өзіміздің көне қара өлең формасына аударған. Иә, қазақ поэзиясы түшкірінгіш поэзия. 
Ұйқассыз өлең жаза бастасақ болды , сәби жырымыздың өн бойын бөрткен басып кете жаздайды. 
Төл туындыларымызды былай қойғанда аудармашылардың өзінде осылай. Сондықтан біздің көпті 
көрген тәжірибелі тәржімашыларымыз Уитменді де, Току Бокуді де, Пабло Неруданы да амалсыз 
ұйқасқа түсіріп жүр». 
Қорыта айтқанда, Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік сипатына 
басты арқау болған–азаттық идеясын көтерген тарихи-рухани құндылықтардағы сарындар мен 
көркемдік қазақы әдіс-тәсілдер. Егемендік жарияланған күннен бері поэзиялық шығармаларда көне-
түркі сарыны, жыраулар әдебиетінің үлгісі, Мағжан Жұмабаев бастаған романтикалық-символистік 
бағыт, көптеген шығармашылық иелерінің айқындаушы стилі ретінде қалыптасты. Осы реттен алып 
қарағанда, шынайы азаттық идеясының мәңгі өлмейтінін, оның жердің айналу бағыты сияқты қайта 
айналып, өз жолын бір басып өтетінін көреміз және тарихи факторлардың ұқсастығы немесе рухани 
жаңғыру арасындағы байланыс принциптерін танимыз.
Қоғам өз-өзінен қожырап, ұранға айналған құндылықтар өзін-өзі жоққа шығара бастаған кезде, 
жаңа арна тауып алуға ұмтылған шығармашылық тасқынын белгілі арнаға түсіре білген таланттар 
бұл күнде әдебиет айдынынан өздерінің жүзу алаңын жасай білді. 


82 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет