Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет40/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Дәстүр және жаңашылдық: Монографиялық жинақ. – Алматы: Ғылым, 1980.
2. Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы – көркемдік кепілі: Әдеби мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1989.
3. Қазақтың жүз поэмасы- Алматы, 2013 
4. Қазақ әдебиетінің тарихы- Алматы, 2005 
 
 
Сарпекова Мөлдір 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің магистранты 
 
Т. КӘКІШҰЛЫНЫҢ «МАҒЖАН-СӘКЕН» АТТЫ МОНОГРАФИЯСЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қазақ әдеби сынының даму жолдары, жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің, оның көрнекті 
өкілдерінің шығармашылықтары хақында ғылыми ізденістер жасап, өкімді еңбек етіп келе жатқан 
Тұрсынбек Кәкішұлының „Мағжан-Сәкен„ монографиясы аса құнды еңбектердің бірі десек қате-
леспейміз. Әдебиетші-ғалым ретінде түркі жұртына танымал тұлға, ол кісіні дүйім жұрт біледі. Атап 
айтсақ: «Қағидаға айналған қателер» (Нәубет, 1990), «Санадағы жаралар» (1992), «Ескірмейді 
естелік» (1994), «Кер заманның кереғар ойлары» (1995), «Мағжан–Сәкен» (1999), «Сайыс» (2000), 
«Сәбең өткелдері» (2000), «Сәкен сүйген сұлулар» (2002) атты зерттеулері тәуелсіз елдің әдебиеттану 
ғылымына қосқан орасан зор еңбек екені даусыз.
Әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының негізін қалап, туған әдебиетіміздің болашағына 
үлкен жол ашқан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Е.Ысмайылов, М.Әуезов, 
Б.Кенжебаев, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев бастаған және осы ізденістер арнасын ары қарай сәтті 
жалғастырып кете алған кейінгі толқын әдебиет зерттеушілері мен сыншылар ұлтымызға теңдессіз 
мол мұра қалдырды. Қазір қолымызды қалған осынау баға жетпес құнды мұра бүгінгі әдебиетін 
іздейтін, әдебиетін сүйетін біздерге жас ұрпаққа таптырмас рухани азық.Осының ішінде ең атап 
өтерлік рофессор Тұрсынбек Кәкішұлының „Мағжан-Сәкен„ монографиясы. Монография қазақ 
әдебиетінің маңдайына біткен екі дара түлғаның өмірі мен шығармашылығына негізделген.Тарихта 
қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. 
Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын-жазушыларымыз сөз маржанының 
қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам 
алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды.Өмірге жұлдыз болып 
келетін,халықтың еркесі,халық жүгін көтеретін дара адамдар ,дарынды жандар аз-ақ.Бірақ қазақ 
әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20-сыншы ғасырда кенже қалған 
емес.Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады.Қандай марғасқа ,жаны жайсаң адамдар өмір 
сүрді сол кезеңде.Айтқым келгені әр адамның өз келбеті,өз жан-дүниесі болады.Егер ақынға сезім 
мен сұлулықты,қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады.Қазақтың 
маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын.Қазақ халқы келбетті ер 
адамдарды көргенде сері деген.Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп талай дүниелер 
дүниеге келді.Соғыстың да ащы дәмін татып,бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы 
кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес.Жаңалыққа толы 
қым-қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына,өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып 
тастап отырды. 
Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған түбегейлі өзгерістер, жаңа заман дамуының 
қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен поэзиясында сол дәуір бейнесін 
берерлік екінші образ — жүйрік пойыз-экспресті тудырды. «Біздің тұрмыс — экспресс» деп жырлады 
ол. Монографияның басты кейіпкерлерінің бірі Сәкен Сейфуллинді осылай бағаласақ, екінші 
кейіпкері Мағжан Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға 
жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың 
басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, 
дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай 
қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған 
Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, 
бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… 


83 
Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға 
жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» 
деп жазды. 
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар 
ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың 
бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей 
қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы 
адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына 
үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.Монографиядан жәй ғана сөзге негізделмей, нақты 
тарихи деректерді аршып, сирек құжаттарды сөйлете отырып қалам тербейтін ғалымның зор еңбегін 
көре аламыз. Замана көші тұтас ұлттың тағдырын тарих диірменіне салып жібергенде де осынау 
Алаш перзент-терінің ұлт қамына арашаға түсіп, басын бәйгеге тігіп, қаймықпай еңбек еткенін көз 
алдымызға елесте-теміз. Туған әдебиетіміздің ХХ ғасыр басындағы өсіп-өркендеуі, тақырыптық-
идеялық арналары, әдебиетімізді өз қолымен жасасқан қаншама ұлт қаламгерлерінің тағдыр-талайы 
да, оның ішінде Мағжан Жұмабаевтың, Сәке Сейфуллиннің тағдыр-жолы екі алыптың өмірімен егіз-
қатар, сабақтас, аралас ашылады.Осынау монографияға бер-гісіз мақалалардың танымдық-тағы-
лымдық мәнін айтпағанның өзінде, бүгінгі әдебиетіміздің зәру мәселесіне үн қосуының өзі неге 
тұрады? Қазіргі тәуелсіздік, егемендік биігінен ой толғайтын автор ештеңеге жалтақ-тамай, ешкімнен 
ықпай-үрікпей, тарих қойнауында қалған ащы шындықтарды оқырман алдына жайып салады. 
Жалпы, Алаш арыстары Мағжан, Сәкен, Сәбит туралы тақырып Тұрсынбе Кәкішұлының індете 
зерттеп, көп қаузаған, өнімді еңбек етіп, бірнеше еңбек арнаған ең бір жанына жақын тақырыбы 
десек, артық айтпаймыз. Керек болса, ғалымның бүкіл ғұмырын арнаған басты ғы-лыми бағытының 
бірі десек, қателеспейміз. Соңғы жылдары осынау әдеби-танымдық маңызы өте терең, тағылымы 
мол тақырыпқа бірнеше жеке монография, бірнеше үлкен-үлкен мақалалар арнады. «Сәкен 
Сейфуллин», «Мағжан-Сәкен», «Сайыс», «Сәбит Мұқанов» атты арнайы жазылған еңбектерін былай 
қойғанда, қан-шама мақалаларында осынау үш алып-тың арасындағы адамдық, азаматтық, 
шығармашылық қарым-қатынастар әр қырынан әңгіме арқауына айналды. Сол арқылы үш алып 
ғұмыр кешкен дәуір шындығы, сол тұстағы күреске, қарама-қайшылыққа толы әдеби өмір шындығы, 
сол алыптарымызбен қоян-қолтық еңбек еткен, әдебиетке атсалысқан, олжа салған қаншама айтулы 
қаламгерлерімізбен бірге, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің іс-әрекеттері, ой-армандары 
бірге сөз болады, қатар ашылады. 
Ең бастысы, үш алыптың қаламгерлік тағдыры арқылы тұтас дәуірдің, тұтас қоғамның әлеу-
меттік-саяси бет-пердесін де бұл еңбектер терең ашады. Жалпы, Мағжан-Сәкен-Сәбит қарым-
қатынасы түптің түбінде туған әдебиетіміздің тұтас дәуіріне әсер еткен, әдебиеттің ең бір күрделі 
мәселелерін шешуде, әсіресе, идеялық бағытын анықтауда айрықша роль ойнаған фактор ретінде 
ғана емес, қазақ әдебиетінің болашақтағы даму арналарын айқындаған ел серкелерінің жеке қарым-
қатынас ауқымынан шығып кететін тарихи кезең шындығы суреттеледі. Осынау өте күрделі, 
көлеңкесі мен күнгейі көп, даудамайы ешқашан басылмаған мыңқатпарлы өмір шындығын 
Тұрсынбек Кәкішұлы негізінен тарихи деректерге табан тіреп тұрып толғайды. Шынайы шындыққа 
қана арқа сүйеген соң автор ешнәрседен қорықпайды, сенімді отырады, мол материалдарды еркін 
игереді. 
Тарихи деректер, сирек құжаттар, алыптардың өз туындылары бұлтартпас дәлел ретінде ұсыны-
лып отырғандықтан оқырманда ешқандай күдік қалмайды. Туған әдебиетімізбен біте қайнасқан 
осынау алыптар тағдырының, олардың шығармашылық жолының, олар көрген, тартқан қиянаттың, 
бастан кешкен азаптың, тауқыметтің тағылымы мен ғибратын мен алдыңғы қатарға шығарар едім. 
Осынау дүниелер арқылы Тұрсекең ұстанатын басты мұрат пен түпкі мақ-сат та діттеген жеріне 
жетіп, аталған еңбектер оқырман жүрегіне бірден жол тапты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет