Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет4/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - Том ІІ. – Алматы, 1977. 
2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. - Том І. – Алматы, 1977. 
3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. 
4. Бөкейханов Ә. 
5. Аристотель. Поэтика. Риторика. О душе. – М., 2009. 
6. Аль-Газали, Абу Хамид. Исследование сокровенных тайн сердца / Пер. с арабского. – М., 2008. 
7. Йассауи Қ.А. Хикмет. Жинақ: Даналық сыр. - Алматы, 1998. 
8. Йүгінеки А. Ақиқат сыйы / Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы. 
Баспаға дайындағандар: Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов. - Алматы, 1985. 
9. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. 
Әбдезұлы Қ., 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
профессоры, филология ғылымдарының докторы 
 Алдашова Н.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
 университетінің магистрі 
 
ҚЫЗЫЛ СҰҢҚАР 
 
Сәкентану – Т. Кәкішұлының үнемі жалғастыра жазып келе жатқан сүйікті саласы. Ғалымның 
ашқан «ақтаңдақтар» әлемінің алғашқы бастауын Сәкеннен тартсақ орынды. Сәкен әлемі шын-
шыл ғалым үшін тек Сәкен бейнесімен дараланып қалмайды. Біле білсек, Сәкеннің қысқа ғұмыр 
жолы – бүкіл зиялы қауымның, бүкіл шығармашылық тұлғалардың XX ғасыр басында зұламат
зобалаңның талқысына түскен тар кезеңдегі қилы тағдырының көрінісі. Сәкеннің азаматтық
тұлғасын таныту, бүкіл бір дәуірдің тарихи өзгерісін айқындау болып табылады. 
Т. Кәкішұлының Сәкенді тануға келген ізденіске толы шығармашылық жолындағы негізгі ныса-
насы – өз жұртының тарихы мен елдік қасиетін қастерлеген, бар өмірін отан игілігін еселеуге
арнаған айбынды азаматтардан құралған қазақ мәдениетін жасаушы зиялы ортаны, ол ортаның жеке
өкілдері арасындағы ара-қатынасын көрсету, қазақ әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне зер салып, 
әдебиет тарихын шынайы түрде қалпына келтіру, сәкентануды дамыту деп ұққан абзал.


12 
Ұстаз-ғалым Т. Кәкішұлының «Сәкен Сейфуллин» атты еңбегі Мәскеуде «Жизнь замечательных 
людей» сериясымен жарық көрді. Ал, Қазақстанда – «Сәкен Сейфуллин» атты ғұмырнамалық хикая – 
«Өнегелі өмір» сериясымен басылды. Ғұмырнамалық хикая – «Ұлы белес», «Жаңа өмір өткелдері», 
«Жыр тасқыны» сынды бөлімдерді құрап, онда Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен өнегесі, революция 
дауылпазы ретіндегі қайраткерлік қырлары, қазақ совет әдебиетіндегі орын-үлесі, қоғамдық-шығар-
машылық қызметі күрделі кезең, әлеуметтік тартыс, қат-қабат оқиғалар желісімен байланыс-
тырылып, сенімді сөз етіледі. С.Сейфуллиннің өмірі мен жастық кезеңі, Нілді жұмыскерлерінің 
ереуілі, алғашқы өлеңінің өмірге келу сәті, әлеуметтік-қоғамдық қызмет, шығармашылық әсер-
ықпал, елдік мүддеге лайық тұлға болып қалыптасуы, т.с.с. нанымды өріс алады. Атақты ақынның 
есімі мен еңбегі әр қырынан көрініс беріп, оның бәрі – баршасынан ұлтқа қызмет ету, елдік мүддеге 
адалдық, шығармашылық іске табандылық терең танылады. С.Сейфуллиннің өмірі мен өнерпаз-
дығының белесті тұстары, қазақ-орыс тіліндегі туындылары, әдеби-сын, зерттеу еңбектері, негізгі 
және қосымша әдебиеттер де байыпты беріледі. 
Қазақ зиялыларының өмірбаянын там-тұмдап баяндап берер еңбектердің тапшылығын түсіне
отырып жазылған, әрі дәйекті деректерге толы еңбек деп Т. Кәкішұлының «Қызыл сұңқар» (1968)
тарихи-әдеби очеркін атауға болады. Жеті тараудан тұратын бұл еңбектің жарық көруіне айтар-
лықтай ат салысқан сәкентанушы С. Мұқанов «Тұлпардың тұрмысы» атты алғы сөз жазуымен 
еңбектің ұзақ жасауына ақ батасымен жол ашқандай. Жалпы бар ғұмырында С. Сейфуллинді аға, 
рухани ұстаз тұтқан С. Мұқановтың ақын туралы айтқан, жазған еңбектеріне қарап, оны «Сәкента-
нушылардың – көшбасшысы» деп таныған орынды. Т. Кәкішұлының кітабына жазған алғы сөзінде 
С. Мұқанов С. Сейфуллинді зерттеп-тануға үлес қосқан, ол туралы көркем шығармалар жазған
адамдардың туындыларын санамалай келе ғалым еңбегінің маңыздылығына тоқтала отырып: «Сә-
кеннің өмірін және қызметін көптен бері шұқшия зерттеп жүрген адамның бірі...Тұрсынбек... 
Сәкеннің өміріне және ісіне байланысты материалдарды тінте іздеп, талмай тауып, тоқтаусыз зерт-
теп келе жатқан адам»,-деген сөзі осыдан қырық жылға жуық уақыт бұрын айтылса да, зерттеушінің 
одан кейінгі ғылыми ізденістерінің шын сипатын танытады. Тарихи да көркем сипатты бұл очерк
С. Сейфуллиннің өмір сүрген ортасын, атқарған қоғамдық қызметтерін көрсету арқылы оның қан-
дай азамат болғанын анық байқатады.
Ол еңбегін жазар алдында ғалым ақынға аз да болса қатысы бар деректерді талмай жинап, көп-
теген мәлімет тапқан. Оған еңбекте келтірілген деректердің молдығы, мен дәйектемелердің сенім-
ділігі айғақ. Омбы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Ленинград, Москва, Орынбор сияқты қала 
мұрағаттарын ақтарып, ақынмен жолдас болған, дидарласып, бір рет болса да, тілдескен адамдармен
кездесудің арқасында жинаған мол материалдардың күші әдебиетшінің бала кездегі С. Сейфул-
линге деген ынтықтығын арттырады. Ақынның еңбектерінен тағылым ала отырып, сәкентанушы 
Т. Кәкішұлы өзі де Құран сөзімен айтсақ, «Талдама» немесе терең білімді ғалым дәрежесіне кө-
терілді. 
«Қызыл сұңқардан» бұрын С. Сейфуллиннің шығармашылығына қатысты бірнеше ғалымдардың 
ғылыми зерттеулері жарық көрген. Десек те, бұл еңбек қазақ әдебиеті мен пуллицистикасы тарихына 
өзіндік орнын алуға әбден ылайық.
Қаламгер өзіне ғана тән стилінің барлығын, публицистикалық тілді жетік меңгергенін осы 
еңбегінде көрсете білген. Әр жазу стилінің өзіне ғана тән айрықша қасиеттері мен кемшіліктері де 
бар екені белгілі. Көркем әдебиет әуезділігімен, қиялдың шарықтауымен, көркемдегіш әдістермен 
өзгешеленсе, ғылыми стиль өзінің нақтылылы, тіліндегі қарапайым сөз қолданысына қоса, тер-
миндердің көп пайдаланғандығымен ерекшеленбек. Ғылыми стильмен көркем әдебиет тілі бір-
бірімен өріле бітісіп, қайнасып кетуі неғайбыл. Ал баспасөзде өзінің баяндау әдісінің айшықты-
лығымен, тіл орамы жағынан ауызекі сөйлеу тіліне жақын болып келетін айрықша ерекшеліктері-
мен өзіндік тұғырын анықтап алған публицистикалық жанр басқа сөз, ой қолданыста кездесе қал-
са, өзгеше реңк беріп, айтылар ойдың мазмұнына өз әсерін тигізеді. Осы «Қызыл сұңқар» кітабын-
дағы қаламгердің пулблицистика тілімен көркем әдебиет жанрының тоғыстырылу себебін тарихи
фактілердің көп қолданысынан іздеген абзал. Бұл – тұңғыш тарихи-әдеби очерктің ең үлкен
артықшылығы. Бұндай жазу стилі әдеби туындының оқылуы жеңіл болып, мағынасының оңай
ұғылуына көмектеседі.
«Дәуір суреттері» (1967) зерттеу еңбегінде біздің әдебитте тарихымыздың елеулі бір кезеңі – 
кеңес дәріндегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар негізін шығармашылығы, қазақ кеңес әде-
биетінің жалпы бағдары, өсу жолдары баяндалғаны белгілі.
Еңбекте Т.Кәкішұлының Сәкен Сейфуллиннің әдебиет тарихы, ұлт тағдырындағы орнын зерт-
теудегі өзіндік бағыты да бағдарланған. Зерттеуші бұрын әдебиеттану ғылымында көбірек сөз 


13 
болып, халыққа әбден таныс жазушылар өмірінен де қызғылықты тың деректер таба білген. Мәселен, 
С. Сейфуллин туралы талай монографиялар мен зерттеулер жарық көрді гой. Соған қарамастан Т. 
Кәкішевтің кітабындағы «Дәуір дауылпазы» деп аталған тараудан Сәкен жөніндегі орнықты, бай-
салды тұжырымдар табамыз; түпнұсқа материалдары, мұрағат деректерін меңгерген ғалымның аяқ 
алысын көреміз. Әсіресе, С. Сейфуллиннің творчествосындағы эволюция хроникалық ізбен нанымды 
көрсетілген», -дегендей пікірлер [1] Тұрсынбек Кәкішұлының Сәкен тақырыбына толымды дайын-
дықпен кіріскенін көрсетіп жатты. 
Қарап отырсақ, Тұрсынбек Кәкішұлы өзі ондаған жылдар бойы үзілісі бар, үздіксіз ізденуі бар 
қайта-қайта айналып соғып отырып, толықтыра түскен, толтыра берген сакентанудағы Кәкішев 
зерттеуінің бар бағдарын сол алғашқы ізденістерінің өзінде-ақ байқаған, анықтап алған екен.
«Дәуір суреттерін» қарап отырғанда жаңа, кеңестік қазақ әдебиетінің қаз тұрып, тұсауы кесілген, 
қадым басқан кезеңінен көп елес-суреттері көз алдымызға келеді. Соның ішінде сұңқардай саң-
қылдап, дауылпаздай қанат қомдаған Сәкен Сейфуллин үні өзгеше естіліп тұр. Автор жаңа әдебиет
іргесін қалаушы, оның сан-сала жанрларының бастаушы болған Сәкен туралы бұрын баршағы жария 
емес жәйттерді де алға жаяды.
Т. Кәкішұлының «Қызыл сұңқар» кітабына арнайы жазған алғы сөзінде қазақ әдебиетінің клас-
сигі, қазақтың әйгілі қаламгері Сәбит Мұқанов Тұрсынбек Кәкішұлының Сәкен Сейфуллин ғұмыр-
баянын, шығармашылық өрісін зерттеген еңбегінің жаңа сипат, бар құндылығын айқындап берген 
тамаша тұжырымдарын жасады.
Осында өмірдің небір өткелдерінен өтіп, кемел шағына келген заманалық тұлға алысқа беттеген 
сәкентану ілімі жайлы көргендікпен ой түйді.
Сәкентанудағы іргелі ізденіс нәтижелеріне тоқтала келіп, Cәбең былай дейді: 
«Бірақ, бұдан Сәкен туралы айтылатын сөздер таусылып қалды деуге болмайды. Аталған 
еңбектер ұлы Сәкенді сипаттаудың бастамасы ғана. Ол туралы жазылатын шығармалар әлі көп те, 
көлеміді болуға тиісті.
...Сәкеннің өмірін және қызметін көптен бері шұқшия зерттеп жүрген адамның бірі – филология 
ғылымдарының кандидаты Тұрсынбек Кәкішев. Оның «Октябрь өркені» деген атпен жазылған
көлемді еңбегі оқырмен көпшілікке мәлім. 
Т. Кәкішев онымен тоқырамай, Сәкеннің өміріне және ісіне байланысты материалдарды тінте 
іздеп, талмай тауып, тоқтаусыз зерттеп келе жатқан адам. Сол істерінің нәтижесінде көпшілік оқуына 
ұсынылған «Қызыл сұңқар» атты осы көлемді кітап туып отыр. Сәбит Мұқановтың кітапқа жазған 
«Тұлпардың тұрмысы» атты алғы сөзіне қайта оралатынымызды ескере отырып, біраз ілгері озып, 
Тұрсынбек Кәкішұлының 1997 жылы «Рауан» баспасынан соны деректермен толықтырылып жарық 
көрген «Сәкен Сейфуллин» кітабының алғы сөзіне жүгінуді жөн көрдік. Бұл «Автордан» атты алғы 
сөз – сәкентанудағы Т. Кәкішұлы ізденіс-зерттеулерінің екінші кезіңін таныта түсетін, сол кезеңнің 
дерегін, сол уақыттың беталыс, бағдарын, мінез-құлқын байқататын алғы сөз. 
Тұрсынбек Кәкішұлы Сәкен Сейфуллин өмірін зерттеу тарихын жинақтай жеткізіп, ендігі бет-
алысы жайлы былай дейді: 
«Әйтсе де, Сәкен сынды алыптар өмірі – мәңгілік өмір, оның тындырған ісі, арманда қалған 
мұрасы – бүгінгі және келер ұрпаққа өшпес өнеге. Сондықтан да мен абзал ағаның өміріне, шығар-
машылық қызметіне байланысты ізденіс-зерттеулерді бір сәт те тоқтатқан емеспін. Сәкен ағаның 
Қаскей сияқты жан-жолдастарының, ақынды көріп едім, табақтас болып едім, біздің ауылдың тұсы-
нан өтіп еді, жабықтан қарап едім дегендердің де естеліктерін, сөздерін қағазға түсіріп, үнтаспаға 
жазып алып жүрмін. Оның үстіне, 1987 жылы Сәкеннің жары Гүлбаһрам апайдың архиві қолыма 
түсті. Ондағы дерекерідң шет жағасы «Лениншіл жас» газетінде «Сәкеннің сегіз хаты» деген атпен 
эссе болып жарияланды. Ал оның негізгі сөлі мен нәрі осы кітапқа енгізіліп отыр. Бұған қоса, мемле-
кеттік мұрағаттардан жиналған деректер де аз емес. Осылардың барлығын кітіпты өңдеу барысында 
толық пайдалауға тырыстым. Сонымен қатар кезінде алаш деп таңбалаған адамдардың ақталуы, 
олардың Сәкенмен қарым-қатынасты кітапта түгелдей ескеріліп отырады» [2]. 
Сәбит Мұқанов «Қызыл сұңқарға» алғы сөзде Тұрсынбек Кәкішұлының сәкентанудағы өз соқ-
пағы қалыптасып отырғанын бірнеше нақтылы өзгешелігін көрсете отырып, саралап берген. Жазу-
шының, қазір қарап отырсақ, Сәкен тұлғасын замана, уақыт желі, қалай қарай бұрқасындатсын мей-
лі, тұғыры шайқалмайтын, ақындық, азаматтық орны ақиқат тарихи тұлға мәнінде таныған. 
Тұрсынбек Кәкішев еңбегінде сол негізде сыры мол, астарлы қалың, баянды пікір айтқан.
«Ең алдымен бұл кітапта Сәкеннің өмір жолында оқырмандарға бұрын мәлімсіз материалдар, 
деректер көп. Тұрсынбек оларды Сәкенді көрген, істес болған адамдармен жолығысу арқылы, 
Омбының, Қызылжардың, Ақмоланың архивтерін ақтару арқылы тапқан... 


14 
«Қызыл сұңқардың» бағалы жағы мұнда ғана емес. Бұған дейін Сәкеннің өмірбаяны қысқаша, 
немесе эпизодтық түрде баяндалса, Тұрсынбек Сәкеннің бай өмірін кеңінен толғап, жан-жақты толық 
сипаттайды... 
«Қызыл сұңқардың» тағы бір құнды жағы, Тұрсынбек Сәкенге тән деректерге тоқталып қана қой-
май, қазақ халқының тіршілігінде болған үлкен оқиғаларды Сәкен өміріне байланыстыра жазып, 
біраз шындықтардың сырын ашуға талаптандырғандығында... 
«Қызыл сұңқар» жарық көрген тұста оның жаңашыл сипаттары, сәкентанудағы жанрлық-көр-
кемдік ерекшелігі жайлы көптеген оң пікірлер айтылып, еңбек лайықты бағасын алды.
Сыншы Төлеген Тоқбергенов бұл кітапты «Нағыз тарихи-әдеби очерк жанрына сай еңбек» деді. 
Шығарманың жалпы мәнін жан-жақты айқындай отырып айтқан қазақтың белгілі сыншысының
талғам-таразысы туғызған ақиқат тоқтамдар өміршең зерттеудің өзекті арқауын айқындай түседі 
дегеннің өзінде қайсыбір тұжырымдар автордың өзіндік пікірі екендігін ұмытпаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет