Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет27/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Байтұрсынов А. «Ақ жол»: Өлеңдер мен тәржімелер, публ. Мақалалар және әдеби зерттеу /Құраст. Р. Нұрғалиев. –
Алматы: Жалын, 1991. – 464 бет.) 
2. Хализев В.Е. Теория литературы: Учебник/ В.Е. Хализев.– 4-е изд., испр.и доп.– М.: Высш. шк., 2005 – 405 с. 
3. Веселовский А.Н. Историческая поэтика/Вступ.ст. И.К. Горского; Сост., коммент. В.В. Мочаловой. – М.: Высш. шк., 
1989. – 406 с. – (Классика литературной науки) 
4. Бахтин М. М. Эстетика словесного творчества. 2-е изд. - М.: Искусство, 1986. - 445 с.
5. Р.Уэллек, О. Уоррен. Теория литературы. – М.: Прогресс, 1978. – 325с. 
6. Тюпа В. И., Ромодановская Е. К. Словарь мотивов как научная проблема // Материалы к "Словарю сюжетов и 
мотивов русской литературы": От сюжета к мотиву. Под ред. В. И. Тюпы. Новосибирск: Институт филологии СО РАН, 
1996. - С. 3-15. 
7. Гаспаров Б. М. Язык, память, образ. Лингвистика языкового существования. Текст. / Б. М. Гаспаров — М.: Новое 
литературное обозрение, 1996.-352с. 
8. Меднис Н. Е. Мотив воды в романе Ф. М. Достоевского "Преступление и наказание" // Роль традиции в 
литературной жизни эпохи. Сюжеты и мотивы. Новосибирск, 1995. - С.79-88.
 
Асқаров Н., 
Филология ғылымдарының кандидаты 
 
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Кез-келген елдің алдағы он бес жиырма жылдан кейінгі болашағын қазіргі білім жүйесі мен 
ғылымының жай-күйіне, отбасы мен тәрбиенің барысына қарап болжауға болады. Яғни, Қазақ-
станның болашағы әрбір отбасында, мектеп партасында, жоғары оқу орындарының қабырғасында 
қаланып жатыр.
Сөз жоқ, білім мен ғылым – болашаққа салынған инвестиция ғана емес, ел болашағын баянды 
ететін де басты фактор. Ол өз жемісін сол мезетінде емес, біршама уақыт өткен соң ғана береді. 
Сондықтан да ертеңін ойлайтын, болашағын баянды етуді көздейтін ел білім беру мен ғылымын 
дамыту саласына ерекше мән береді, оны тиімді ұйымдастыруға баса назар аударады. Осы жағынан 
алғанда еліміздің білім саласында оң өзгерістер мен ілгеріге бастар қадамдар бар екені рас. Бұл 
маңызды іске мемлекетпен бірге жеке сектордың да, үкіметтік емес ұйымдардың да ат салысқаны 
абзал. Елінің келешегіне бей-жай қарамайтын әрбір саналы азаматты өскелең ұрпақтың білімі мен 
тәрбиесі, елдің интеллектуалдық өресінің өсуі, сол арқылы дамыған елдермен бой да, ой да 
жарыстыру секілді жайттер толғандырмай қоймаса керек. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы мұндай 
жауапты істен сырт қалмай, Елбасының «интеллектуалдық ұлт» жобасын іске асыруға ат салысу, 
еліміздің интелектуалдық күштерінің қуатын ортақ іске бағыттауға жұмылғандары жөн болар еді.
Осы орайда елімізде ұлттық мектеп моделі қандай болуы керек, ондағы отбасының рөлі, жалпы 
білім берудегі мақсат неден тұруға тиіс? деген сауалдар туындайды. Сөз жоқ, бұл салада ойласатын, 


55 
көп болып кеңесетін және шешімін бірге қарастыратын мәселелер жеткілікті. Соңғы жылдарда 
қоғамда отбасы институтына теріс әсер етуші ықпалдардың артуы, шет елдерден түрлі ағымдар мен 
ой-пікірлердің, мәдени-ақпараттық өнімдердің талғаусыз тасқындай енуі, соның салдарынан 
отбасында, өскелең ұрпақ арасында ұлттық салт-дәстүр мен адамшылық қалыпқа симайтын 
жағымсыз іс-әрекеттердің бой көрсетуі жасырын емес. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, соңғы 
жылдары елімізде ажырасудың саны күрт артқан. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қолжұмсау-
шылықтың көбеюі де дабыл қағарлық жағдайға жеткен. Сол секілді ата-анасының ажырасуы себепті 
«тірі жетімдердің» пайда болуы, әлеуметтік жағдайларға орай «кәрі қыздар» мен «сүр бойдақтардың» 
артуы, қазақ қыздарының шетелдіктерге күйеуге шығуы секілді жайттердің етек алуы да 
алаңдатарлық жағдайлар қатарында. Бұл заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, «ел боламыз 
десек, бесігімізді түзейтін» межеге жеткенімізді көрсетеді.
Әрине, мұның барлығы – салдардар. Мұндай сорақылықтардың орын алуына белгілі бір жағдайда 
«отбасын жоспарлау», «гендерлік саясат», «адам құқығы», «жыныстық тәрбие», «есірткісіз қоғам» 
секілді ұрандарды перде ету арқылы отбасының өзегін іріту, оқушылар мен студенттерді жастай 
жыныстық қатынасқа түсуге ынталандыру саясатының жоғары деңгейде, жүйелі түрде насихат-
талуының етек алуы, телеарналар арқылы зұлымдықтықты, арсыздықты бейнелейтін кино өнімдері-
нің жаппай көрсетілуі, пайда табуға ғана негізделген нарықтық құндылықтардың алға шығуы, 
мектепте әйел мұғалімдердің көбейіп кетуіне байланысты ұл балалардың жасқаншақ, ынжық болып 
өсуі, жалғызбасты аналардың көбеюі, әйелдердің жаппай жұмыс істеп, балалардың ата-ана 
тәрбиесінен тыс қалуы, әжелер институтының жұмыс істемеуі секілді көптеген себептердің әсері тиіп 
жатқанын байқамау мүмкін емес. Осыдан барып, бала бойында отаншылдық сезімнің әлсіреуі, өз 
елінен, ұлтынан жеру, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қорсыну, қоғамды жатсыну құбылыстарының 
орын алуы таң қаларлық құбылыс емес.
Отбасымен балабақша, мектеп, жоғары оқу орны, әскер, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет 
ошақтары, қоғамдық ұйымдар, спорт, т.б. әлеуметтік институттар тікелей байланысты болғанына 
қарамастан, отбасы үнемі аталған салаларға бағынышты күйде қалуда. Енді осы бағыттағы 
көзқарасымызды өзгертуге, ұлттың дәстүрлі құндылықтары мен дүниетанымына, адамгершілік 
қағидаларға теріс әсер ететін ықпалдарға қарсы иммунитетін қалыптастыратын шараларды бірлесе 
қолға алғанымыз игі. 
Бұл ретте, отбасы мен орта білім беру жүйесінің алатын орны ерекше. Өйткені баланың басты 
ұстазы – ата-анасы. Өмірдің, қоғамның, мемлекеттің өзегі – отбасы. Адам отбасында туып, өседі, 
Отан аясында қалыптасып, дамиды. Ал, оның жетілуіне, дүниетанымы мен көзқарасының қалып-
тасуына әсер етуші орта – мектеп. Сондықтан мектеп жай ғана білім беруші емес, адам, тұлға тәрбие-
леуші рухани-парасатты ордаға айналуы қажет. Ал мектептің жаны – мұғалім. Баланың қандай 
болмағы, тегінен, ұшқан ұясында көргенінен бөлек, мұғалімнің де ақыл-ойы мен парасатына тікелей 
тәуелді екені һақ. Ендеше, бұдан былайғы кезеңде ұрпақ тәрбиесіндегі басты үш таған – мұғалім, 
оқушы және ата-ана бірлігіне ерекше көңіл бөлетін кез жетті.
Тегінде адам баласының ең үлкен дұшпаны – надандық. Надан адам еліктегіш келеді, біржақты, 
сыңарезу болады, мәселенің байыбына бармайды, фанатизмге душар болады, өзгенің пікіріне
ұстанымына төзімсіз болады, көрінген адамның да, ағымның да жетегінде кетеді. Мұны түзейтін ақ-
адал тәрбие мен шыншыл білім.
Жалпы білім үш құрамдас бөліктен тұрады: білу, игеру және даналыққа қол жеткізу. Бізде білу 
көп, игеру жағы шамалы, ал даналыққа жеткендер ілуде біреу ғана. Мұның барлығы да білім беру 
саясатын қайта қарауды қажет етеді. Ал білім жүйесі мемлекеттік саясатқа, мемлекеттің алдына 
қойып отырған мақсатына тікелей тәуелді. Олай болса, елдің интеллектуалдық кеңістігінде еңбек 
етіп, тер төгіп жүрген ұстаздар, ғалымдар, шығармашылық жандар қауымы еліміздің ХХІ ғасырға сай 
ұлттық мектеп моделін бірлесе ойластырып ұсынса деген ойымыз бар.
Осы орайда қазақтың белгілі ғалымы, ежелгі әдебиеттің ірі маманы, білгір ұстаз Алма 
Қыраубайқызының елімізде тұңғыш рет ұлттық мектеп үлгісін ұсынып қана қоймай, аталған 
мектепті Алматы облысының Қарасай ауданындағы Жандосов ауылында ашқанына назар аударған 
орынды. Мектеп «Гуманитарлық Қазақ мәдениеті мектебі» деп аталып, 1993-96 жылдары сынақтан 
өткізілді. Алайда ел еңсесін әлі де тіктей қоймаған қиын кезеңге тап келіп, қаржылық қиындықтарға 
байланысты мектеп аяғынан тік тұрып кете алмады. Дегенмен аз ғана уақыт ішінде өз жемісін беріп, 
зор нәтижеге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді. Алма Қыраубайқызының уақытынан ерте 
туған осынау оңды бастамасын заманға сай жетілдіріп, қайтадан жаңғыртса, ұлттық төл мектеп үлгісі 
болуға сұранып-ақ тұр. 


56 
Біздіңше, еліміздегі білім беру жүйесінің мақсаты – сауатты, білімді, біліктілігі жоғары маман 
дайындаудан ғана тұрмауы керек. Ол, ең алдымен, өзінше ойлай алатын, өзіндік көзқарасы бар, 
дербес шешім қабылдай алатын, ұлтын сүйетін, ана тілі мен ата дәстүрін ардақтайтын, елінің 
тағдырына бей-жай қарамайтын, ақ пен қараны, обал мен сауапты айыра алатын, парасатты, ой 
ауданы кең, дара тұлғаларды қалыптастыруы керек. Білім беру саласындағы тәрбие амалдары мен 
білім мазмұны осы мақсатқа сай ұйымдастырылып, жүйеленуге тиіс деген ойдамыз.
Жақсы маманды шетелден жалдап алуға болады, ал еліне жаны ашитын, еліне болсын деген 
азаматтарды қайдан аламыз? Оны өзіміз тәрбиелеуіміз қажет. Мұндай маңызды да игілікті істі 
жалғыз мектепке, білім ошақтарына итеріп тастап қарап отыруға болмайды. Бұған шама-шарқымыз 
келгенше барлығымыз үлесімізді қосуға тиіспіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет