Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»


деуші болмас.(2). (Ол) төмендетеді, жоғарылатады.(3). Сол уақытта жер тұтас сілкін-



Pdf көрінісі
бет31/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

деуші болмас.(2). (Ол) төмендетеді, жоғарылатады.(3). Сол уақытта жер тұтас сілкін-
діріледі.(4). Таулар мүлде үгітіледі.(5); Ұшқан тозаңдай болады.(6)» (Уақиға сүресі); «Әй, адам 
баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе. (1); Ол күні, әр 
емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды 
мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты. (2) (Хаж сүресі)
 
деген 
аяттарды тәпсірлеген ақын-шайырлар ақырет күніне азапқа душар етпейтін амалдармен баруға 
үндейді. Пікіріміз дәлелді болу үшін Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омарынан жеткен жыр 
жолдарына назар аударайық: 
Жел тұрып жұма күні Құбыладан, 
Бір дауыл соғады бетке жан қаратпай! 
Суырып сұрапылың тартқанында, 
Тас бұршақ, домаланады, тау қаңбақтай! 
Теп – тегіс дүниенің болар жүзі, 
Төселген там секілді, бейне тақтай 
Жұмыртқа Мағрұптан көрінеді, 
Қарасаң, жерде отырып Мәшрүпте-ай. 
Адамзат көріп сондай түрлі аламат, 
Күн кешер өлмеген құл жылап-сықтай. 
Күн келіп Көктің бергі қабатына, 
Болады жер қызуы жанған шоқтай... 
Айрылады ұл атадан, қыз анадан, 
Туысқан бір-бірінге жақын-жаттай. 
Ғиссияны тірлікте етушінің, 
Өзгереді формалары хайуанатқа-ай. 
Қарасақал Ерімбет 
Арасы екі дүниенің бір-ақ қадам. 
Сан ұрмай қапыл пәнда, қамыңды ет. 
Арасат майданында бір үлкен той, 
Қайнатқан жүрегіңді запыран-дерт. 
Пішайман сонда ішке түссе керек,
Жаһаннан жаныңды алад лаулаған өрт.


61 
Таразы Машһар күні құрылады,
Тартады кімдер қайғы, кімдер қасірет.
Шораяқтың Омары
Жоғарыдағы жыр шумақтарында Ерімбет Көлдейбекұлы мен Шораяқтың Омары қиямет күнінің 
нақты белгілеріне және жұма күні болатынына тоқталады. Бұл да Құранмен дәлелденген шындық. 
Мәшһүр Жүсіп пен дамолла Тұрмағамбеттен мұра болған жыр жолдарында қияметтің қыл 
көпіріндегі пенденің жай күйі, адамзаттың ахуалы қандай болмақ деген сауалға жауап беріледі: 
Ол күні пайда берме аһыл, ғаялың, 
Жинаған мехнат етіп дүние малың. 
Құлшылық, ғибадаттан пайда болар, 
Егер де кәміл болса дін иманың.
Мәшһүр Жүсіп
Өлшейтін еткен ісіңді, 
Таңдағы күн Тәңірінің, 
Таразы сынды тасы бар. 
Еткенін егін сияқты, 
Орнына барар тасылар,-
Тұрмағамбет Ізтілеуов
Қиямет күні адамзат баласы тірліктегі істері үшін сұралады. Аллаға әр ісі аян пенденің жауап 
бергеннен кейінгі сәті сират көпірі арқылы бейнеленген. Осы көпірден құламай өтуі, таразыда 
сауапты істерінің салмақты болуы оның пәни дүниедегі амалдарына байланысты. Бұл жерден 
пенденің мәңгілік мекені белгіленеді. Яғни, «Сират көпірі – тозақтың үстіндегі жол. Есеп бітіп, 
амалдар таразыға салынғаннан соң барлық адам сираттан өту сынағына салынады». Жарық дүниеде 
жинаған сауапты істері мен күнәләрінің таразыға тартылар сәтін Қашаған ақын да: 
Басқа түссе – амал жоқ, 
Көтерер жүкті адамға-ай. 
Бақилық жолға барғанда 
Жақсы мен жаман теңелер- 
Сираттың жолы қадамды- ай,-
деген жыр жолдарымен сипаттайды. ХІХ ғасырда өзіндік өлең өрнегімен танылған Түбек 
ақынның Бұғыбаймен қоштаса отырып:
Қияметте Бұғыбай жолығайық 
Жолдас болсын иманың, жат саламат,-
 
деуі де сынақ күні өлілердің тіріліп, Алла алдындағы үлкен сынаққа барарын меңзеп тұр. Пенденің 
жалған дүниеде істеген ісі мен ниеті таразыға тартылатын сәтті Құранның көптеген аяттары түсін-
діреді. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет