Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет37/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Жұмаділов Қ. «Соңғы көш» қалай жазылды? // Жұмаділов Қ. 12 томдық шығармалар жинағы. ХІІ том: «Қалың 
елім, қазағым...» – Алматы: «Қазығұрт», 2005жыл. (386-401беттерде) 
2. Жұмаділов Қ. Соңғы көш. Роман-дилогия. І кітап.// Жұмаділов Қ. 12 томдық шығармалар жинағы. ІV том – 
Алматы: «Қазығұрт», 2005жыл. 
3. Жұмаділов Қ. Соңғы көш. Роман-дилогия. ІІ кітап.// Жұмаділов Қ. 12 томдық шығармалар жинағы. V том – 
Алматы: «Қазығұрт», 2005жыл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


73 
Сейдімханова Т.Б., 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің аға оқытушысы 
 
 
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ШЫҒЫСТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР 
Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысындағы жаһандану үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыз-
дың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың қалдырған мұрасына қайта үңілу оның тағылымдық мәнін 
қайта зерделеу – заман тудырып отырған қажеттілік. Өткен ғасырдың күрделі кезеңінде өмір сүрсе де 
ғаламдық ой таным дәрежесіне көтерілген Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасының түп 
қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы 
қоғамды түзеу. Ар ілімін адамдық сапаның алдына шығарып бүкіл поэзиялық туындыларына өзек 
еткен Шәкәрім тағылымы бүгінгі күн үшін де аса қажетті әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Ұлы 
Абайдың ізбасары бола отырып, ұстазы жеткен деңгейде қалып қоймай өзгеше өрнек тауып, 
қайталанбас қолтаңба қалдыруының өзі – Шәкәрім ұлылығын айғақтайтын басты белгі. Бүгінгі 
күннің басты мәселесінің бірі – дін тақырыбына қатысты ақынның тұжырым, түйіндерін танып 
білудің маңыздылығы да дау тудырмайды. Себебі, ғұлама суреткер дін мәселесін шын ақыл мен 
салқын сана арқылы сараптап, негізгі өзегін өмір игілігіне айналдыра білген. Жаратылысқа деген 
сенім мен сүйіспеншілікті махаббат пен мейірімнің, жақсылықтың көзі ретінде бағалау арқылы 
қалың жұртын өмірді сүюге, адамды аялауға үндеген. Күрделі болмыс иесінің шығармашылық 
мұрасын әр түрлі аспектіде тереңдей, кешенді түрде қарастырудың қажеттілігі де осыдан туындайды. 
Шәкәрім туған халқының Шығыс пен Батыстың озық ойлы әдебиеті мен мәдениетінің інжу-
маржандарымен таныстыру жолында да көп іс атқарды. Бірнеше жұрттың тілін білу арқылы ол 
Шығыстың жауһар қазыналарынан нәр алды. Бұл оның суреткерлік өмірбаянына әсер етпей қалмады. 
«Оятқан мені Шығыс жыры» немесе «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деп жырлаған ақын 
Шығыстың Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын ерекше қастер тұтты. Оның Фирдауси 
мен Сағдиді, Иассауиды жақсы білгені байқалады. Әсіресе немістің құдіретті ақыны Гете мен 
орыстың сөз зергері Пушкинді баураған, жаңа дәуірдегі еуропалық поэзияға қуатты ықпалын 
тигізген Хафиздің тау бұлағының мөлдір кәусарындай жаһұт жырларын қазақ тіліне аударып, хал-
қына жеткізді. Атап айтқанда, Шәкәрім Хафиздің «Ей, жарымыз, ай нұры», «Көңіл жібі қолымнан»,
«Кешегі басшы піріміз» сияқты көптеген өлеңдерін қазақ оқырманына жеткізеді. Оның қаламынан 
туған Хафиз жырларының аудармадан гөрі төлтума көбірек ұқсауы Шәкәрімнің аудармашылық биік 
шеберлігін байқатса керек. Тұтастай алғанда, Шәкәрімнің қазақ жұртының әлемдік мәдениетпен 
сабақтастығын нығайтудағы қызметін үш салаға бөліп қарастырған жөн. Оның бірі Шәкәрімнің 
дүниежүзілік әдебиеттің озық ойлы өкілдерінің есімдерін әрдайым құрметтеп, оларды өзінің 
өлеңдерінде үнемі насихаттап отыруы десек, екіншісі – ақынның Л.Толстой сияқты өз заманының 
алып тұлғалы қаламгерімен хат алысып, сырттай болса да шығармашылық байланыста жүруі. Ал 
үшінші әрі ең арналы сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің озық үлгілерін тәржімалаудағы 
өлшеусіз еңбегі. Міне, осы үш сала Шәкәрімнің бүкіл болмысындағы, оның көркем шығармашылы-
ғындағы интернационалдық идеяны сомдап береді. 
Осы орайда айта кететін бір жайт – Шәкәрім өз дәуірінің парасатты да білімдар азаматтарының 
бірі болды. Ол да алдындағы Абай ағасы тәрізді өзінің туған топырағынан, сондай-ақ Батыс пен 
Шығыс мәдениеттерінен нәр алды, бұрын-соңды өмір сүрген түрлі елдер ғалымдарының, 
ақындарының еңбектерімен танысты, олардың пайдалы жағын зердесіне түйіп өсті. 
Осы себептен де болар, Шәкәрім өз өлеңдерінде үнемі дүниежүзілік ғылым мен білімнің, әде-
биеттің озық ойлы шам-шырақтарының есімдерін атап, өз халқына осынау қайраткерлердің сыны 
мен бағасын жеткізіп отырады. Оларды өзі де үлгі тұтады, бұқараны соған шақырады. 
Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар, 
Тауып айтқыш тәтті сайраушылар. 
Байрон, Пушкин. Лермонтов, Некрасов, 
Қожа Хафиз, Науаи, Физули бар,-[1, 32 б] 
деп Батыс пен Шығыстың жарық жұлдыздары санамалай жырланатын шумақта ақынның рухани нәр 
алған тамырларының қаншалықты тереңде жатқаны байқалады. Бұл жай ғана өзіне таныс есімдерді 


74 
құрғақ қайталап, тізіп шығу емес. Ақын осындай ұлағатты жандар әр елде бар, соларды біле жүрейік, 
сезе жүрейік, олардан ғибрат алайық деген ойды алға тартады. Сонымен қатар бұл жолдар Шәкәрім-
нің бүкіл шығармашылық мұрасының осынау аттары аталған қаламгерлермен тығыз сабақтастықта 
болғанын дәлелдейді. 
Ұлттық мәдениеттер арасын жалғастыру, жақындастырудағы дәнекерлік ролін айқындайтын 
негізгі сала аудармашылық бағытта да ақынның шығармашылық қарымы қуатты, құлашы кең. 
Шәкәрімнің қаламы арқылы Шығыс пен Батыстың бірқатар жауһар туындылары қазақ жұртына 
мәлім болды. Мұнда да Абайдың үлгісін айқын із тастап отырады. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, 
Физули Бағдади, Науаи секілді жарық жұлдыздарын қастер тұтты. Әсіресе, Гете мен Пушкин сынды 
сөз зергерлерін тәнті еткен Қожа Хафизді ол өзінің ұстазы деп есептеді. Хафиздің тау бұлағының 
кәусарындай мөлдір жырларын ол қазақ тіліне бар бояуымен, өзіндік нәрімен аударды. Сондай-ақ, ол 
әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» хикаясының Физули жырлаған нұсқасын тәржімалады. Өзі Физулиден 
аудардым дегенімен бұл шығарманы аударма дүние деу қиын. Дұрысы- Шәкәрімнің «Ләйлі-
Мәжнүн» Шығыстың әйгілі ақындарымен өнер жарыстыра отырып, нәзира үлгісінде туындатқан төл 
шығарма деуге лайық. Кезінде ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің өзі бұл дастанға Физули дастанының 
аудармасы емес, Шәкәрімнің төл туындысы ретінде баға берген болатын.[2, 210 б] 
Шығыс мәдениеті- ежелден-ақ қазақ әдебиеті нәр алған түпсіз қазына. Қай заманда да, әсіресе 
ұлттық әдебиеттің қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген жырауларға, одан кейінгі ақындар поэзия-
сына, ұлы Абайдың арғы-бергі жағындағы қазақ өлеңінде Шығыс поэзиясының, орта ғасырлардағы 
түркілік әдебиеттің ықпалы күшті болды. Ұлы Абайдың әсіресе махаббат тақырыбына жазылған 
лирикалық туындыларында, имандылық пен философиялық мәні салмақты поэмаларында Шығысқа 
тән дәстүрлі айшықтар мол. Ол өз өлеңдерінде Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Низами 
тәрізді Шығыс жырының жарық жұлдыздарын атап қана қойған жоқ, шығармаларымен таныс болды, 
солардан үйренді.[3] 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, Шәкәрімнің де тамыр алған нәрлі бұлағы, шығармаларына 
дәстүрлік, көркемдік негіз қалаған қасиетті тұғыры осы Шығыстың классикалық әдебиеті болады дей 
аламыз. Ұстазы Абай секілді, сондай-ақ, өз тұстастары тәрізді Шәкәрім де Шығыс әдебиетінің небір 
асыл шығармаларын,олардың көркемдік-эстетикалық айшықтары мен өрнекті үлгілерін жақсы білді. 
Күншығыс жауһарларының әр дәнін мейлінше тиімді пайдалану қажеттігін түсінді. Ежелгі сөздің 
құдіретін бағалай білді. 
Ең алдымен, ақын шығармаларына шығыстық аңыздар, сюжеттер ерекше ықпал етті. Ежелден 
келе жатқан классикалық сюжет желілерін пайдалану жалпы бұл кезең әдебиетінің көп пайдаланған 
тәсілі болды. Шәкәрім де осындай шығыстық сюжеттерге жиі қайырылып отырды. Осы салтпен ол 
көлемді де көркем «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын, басқа да бірқатар өлеңдер, прозалық шағын-шағын 
миниатюралар жазды. Атап айтқанда, ақынның «Бір ханның кеудесіне жара шыққан», «Бір ханда екі 
ұл бопты, бір туысқан», «Наушеруан аңда жүріп, киік атқан», «Аңда жүріп шөлдеген Ашам патша» 
сияқты сюжетті өлеңдері ертеректегі Шығыс ақыны Сағдидің «Гүлстан», «Бустан» дастандарындағы 
оқиғаларды арқау етсе, Сағидің хикаяларында кездесетін Құжаж патша, Хатам патша, Ануширван, 
қызын етікшеге берген адам Атымтай жомарт оқиғалар шағын әңгімелерден тұратын, Шәкәрімнің 
«Бәйшешек бақшасы» атты прозалы туындысында қайта баяндалады. 
Белгілі сюжетті пайдаланудың әртүрлі жолы бар. Шығыс әдебиетіндегі нәзира дәстүрі бір 
тақырыпты әр кезеңде әртүрлі ақындардың қайталап жырлауы болып саналғанмен, онда ақындар 
бірін-бірі дәлме-дәл, өзгеріссіз қайталамаған. Әр ақын өзінің заманына қарай, көркемдік мақсатына 
сәйкес және ең бастысы өзінің шеберлік дәрежесіне орай өзгерістерге, толықтыруларға барып 
отырған. Мұндай сипат Шәкәрімде айқын. Ләйлі-Мәжнүн хикаясын баяндауда Шәкәрім Физули 
нұсқасындағы тараулар мен оқиғаларды сұрыптап, қажет санамаған жерлерін қалдырып кеткен. 
Сағди дастандарындағы хикаяларға да солай қараған. Шәкәрімнің мұндағы нысанасы- сол оқиғалар 
арқылы оқырманға пайдалы ғибрат айту. Сол үшін де оларды қазақтың тұрмысына, ұғымына мейлін-
ше жақындатып, қазақыландыруға тырысқан. Не болмаса ежелгі сюжеттердің бірнешеуін біріктіріп 
оқиға құрады, яки Шығыс оқиғасына өз тарапынан мазмұн қосып, содан барып өз түйінін ұсынады.
Екі ғасырдың тоғысында ғұмыр кешіп, қалам тербеген, ұлттық сөз өнерінің өркендеу жылна-
масынан өзіндік өрнегі айқын, терең де өрелі ойға суарылған көркем мұралары арқылы лайықты 
орын алатын Шәкәрім ақынның бүкіл поэтикалық әлемі қаншалықты бай болса, оның шалқар 
шабытына күш-қуат сіңіріп, қасиет дарытқан нәрлі бастаулар да соншалықты мол әрі жомарт еді. Ал 
осынау берекелі бастаулардың әрбір қайнар көзіне тереңірек үңіліп, әдеби-көркем ой керуенінің әр 
кезеңінен суыртпақтап сыр тартар болсақ, Шәкәрімнің ойшыл, суреткер, ақын ретінде қалыптасуына 
ең бірінші кезекте қазақтың ежелден келе жатқан аса бай фольклорлық мұрасы ықпал еткенін 


75 
көреміз. Шәкәрім ақынның шығармашылығы мен халықтық фольклор дәстүрлерінің сабақтастығы 
туралы мәселе төңірегінде талқыға түсер тұжырымдардың тамыр-тармақтары сан салалы. Ол заңды. 
Өйткені фольклор халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан, адамдар жадында сақталып қалған 
ауызша мұра ғана емес, әрбір кезең әдебиетінің көркемдік-эстетикалық бастау көзі болатын рухани 
қазына. Сондықтан да «Өзінің ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті өркендемек 
емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебиетін негіз қылуға міндетті. Алдымен сабақты шеттен 
емес, өзінен алуға міндетті. Жазба әдебиетіміз негізді, берік еліміздің әдебиеті боламын десе
өзіміздің ауыз әдебиетімізге қайтуға міндетті». Осы тұрғыдан алып қарағанда, Шәкәрімнің де тамыр 
алған нәрлі бұлағы, шығармаларына дәстүрлік, көркемдік негіз қалаған қасиетті тұғыры осы 
Шығыстың классикалық әдебиеті болады дей аламыз. Ұстазы Абай секілді, сондай-ақ, өз тұстастары 
тәрізді Шәкәрім де Шығыс әдебиетінің небір асыл шығармаларын,олардың көркемдік-эстетикалық 
айшықтары мен өрнекті үлгілерін жақсы білді. Күншығыс жауһарларының әр дәнін мейлінше тиімді 
пайдалану қажеттігін түсінді. Ежелгі сөздің құдіретін бағалай білді. 
Ең алдымен, ақын шығармаларына шығыстық аңыздар, сюжеттер ерекше ықпал етті. Ежелден 
келе жатқан классикалық сюжет желілерін пайдалану жалпы бұл кезең әдебиетінің көп пайдаланған 
тәсілі болды. Шәкәрім де осындай шығыстық сюжеттерге жиі қайырылып отырды. 
Шәкәрім ақынның Шығыс әдебиетінен нәр алып өскенін айғақтайтын тағы бір дерек – оның 
шығармаларында Шығыс ойшылдарының есімдерінің аталып отыруы, Шығыс поэзия кейіпкерлерінің 
кездесуі. Фирдоуси, Сағди дастандарында әділдікпен аты шыққан Ануширван атты кейіпкердің 
Шәкәрімде Наушеруан болып журуі және оның әділдік пен мейірімділіктің символы іспетті 
көрсетілуі бір қарағанда елеусіздеу болғанмен, ақынның Шығыс маржандарын жақсы білгендігін
мол игергенін аңғартары анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет