168
қолданушылар автоматты түрде қосымша серверге көшіріледі де әрекеттерін сол серверде жалғас-
тырады. /1,2/
Total Recall технологиясының қызметі арқылыархивтелген мәліметтерден (бизнес қажеттілігі
үшін немесе бақылаушы органдар үшін сақталған мәліметтер) мәліметтер жиынын жүктеу жүзеге
асырылады.
In Memory Database Cache уникалды технологиясы бойыншамәліметтерді сақтау және өңдеу
сервердің жедел жадысында жүргізілетіндіктен,транзакцияларды өңдеу және сұраныстарды шығару
жылдамдығын қарапайым Oracle Database МҚБЖ-не қарағанда бірнеше рет өсіруге мүмкіндік береді.
/1,2/
Automatic Storage Management(ASM) технологиясы мәліметтер қоры
серверінің дискілік ішкі
жүйесінбасқаруда жаңа концепцияны әкелді. Бұл технологияның қызметіМҚБЖ-нің дискілік ішкі
жүйесін қатқыл дисктегі файлдық жүйелі файлдардан және негізгі мәліметтер қоры серверін дискіде
орналасқан файлдардан абстракциялау. ASM технологиясында басқару дискідегі файлдармен емес,
ал файлдық жүйедеформатталмаған дискі бөліктерімен жүзеге асырылады. Егер қолданыста тек бір
қатқыл диск емес, ал олардың жиыны немесе RAID-массиві болса, онда бұл дискілер ASM тобына
бірігеді және МҚБЖ үшін бір қатқыл диск ретінде көрінугу мүмкіндік береді. /1,2/
Жоғарыдағы зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі таңдаOracle мәліметтер қоры басқару жүйесінде
басқа мәліметтер қорын басқару жүйелерінде жүзеге асырылмаған
төрт уникалды технология
кірістірілгенін байқауға болады. Әр жүйенің өз сараптамасына байланысты ерекшеліктері, артықшы-
лықтары, кемшіліктері және құны болатыны белгілі. Демек, Oracle МҚБЖ-нің осындай сипаттамасын
анықтау өзекті.
Бүкіл әлем санасатын, информациялық технология нарығандағы IDC талдаушы копаниясының
2007 және 2011 жылдардағы кірістірілген МҚБЖ-леріне жүргізген сараптамаларына сәйкес, 100
пайыздық есеппен алғанда,Oracle компаниясының шығаратын МҚБЖ нарықтың 26.3 пайызын
алатындығын айтып өткен (2-сурет).Сонымен қатар, 2011 жылдың бірінші жартысында жүргізген
сараптамасында алдыңғы қатарлы, ең ірі – IBM және Microsoft компанияларының
ішінде Oracle
компаниясы алға суырылып шығып отырғанын мәлімделген. Нарықтың 70 пайыз үлесін немесе $11.2
миллиарды осы үшеуінің үлесінде, оның5.6 миллиарды Oracle компаниясының қоржынындаекені
анықталған. Осы сараптамалар нәтижесінен-ақ нарықтағы Oracle МҚБЖ-нің басқа МҚБЖ-лерінің
ішіндегі лидері екенін білуге болады.
2-сурет. 2007 жылғы кірістірілген МҚБЖ-лерін салыстыру нәтижесі
Жалпы ақпараттық жүйеніжәне мәліметтер қорын қолдану бүгінгі күннің іскер адамының және
үлгерімді ұйымдардың функционалдық қызметінің ажырамас құраушысы болып отыр. Осыған
байланысты программалық өнімді және сәйкесінше технологияны құру принципін және оны тиімді
қолдануды меңгеру өзекті болуда.
Ақпараттық жүйені құруда құралдарды дұрыс таңдау, мәліметтердің
сәйкес моделін анықтау,
мәліметтер қорын құруда ұтымды жоба жоспарын құру, сақталымды мәліметтерге сұраныс жіберуді
ұйымдастыру және басқа да жайттар құрылып жатқан жүйенің функционалдылық тиімділігін
анықтайды.
169
Қазіргі танда қандай сала болмасын өз жұмыстарын автоматтандыруды көздеп отыр, соның
ішінде, білімдерді ақпараттандыру мақсатындақұрылатын жобаларды жүзеге асыруда жоғарыда
аталған тиімділіктерге көп көңіл бөлуді қажет етеді. Мысалы, жоғары оқу орындарындағы кредиттік
оқыту технологиясын қолданады, оның рейтингтік бағалау жұмысынавтоматтандыру
жобасының
тиімділіктерін зерттеу жұмыстарын2011 жылдан бері жүргізудеміз.
Соның нәтижесінде MySQL МҚБЖ-де құрылған «Кредиттік оқыту жүйесіне арналған
«Рейтингтік бағалау»» құрылды. Енді бұл жүйеніOracle мәліметтер қорын басқару жүйесін жобалап
өңдеу процесі жүріп жатыр. Бұл жүйелердің мүмкіндіктерін салыстырып, артықшылықтарын негізге
ала отырып сараптамалық талдама жүргізудеміз.
This article discusses the use of DBMS Oracle, occupying a leading position in the world ranking. For this purpose were
analyzed advantages, disadvantages, especially its use.
Достарыңызбен бөлісу: