268
Қазақстан Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі
Жанақ,
Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді.
Сонымен бірге қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына
таныстыруды мақсат тұтқан.
Шоқанның Петербургке барған кезі 1861 жылғы басыбайлылық тәртіпті жою жөніндегі
реформаның қарсаңы еді. Шаруларды патшаға қарсы үндеген, қоғамды сынаған т.б. Чернышевский,
Добролюбов, Некрасов сияқты алдыңғы қатарлы ақын-жазушылардың «Современник» журналында
жарияланған мақалалары
Шоқанға қатты әсер етіп, саяси әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына
негіз болды.
Петербургте Шоқан достары П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен Ф.М. Достоевскийді
кездестіреді, көрнекті орыс ғалымдары А.И. Бекетовпен, шығыс зерттеушілері Ф.Р. Отен-Сакенмен,
И.И. Захаровпен, Е. Кавалевскиймен, ақындар А. Манасов Қ. Курачкин, Я. Полонскиймен танысып,
араласады. Бұлардың бәрі оның идеялық жағынан көп толып өсуіне бірден-бір себеп болғанын көреміз.
Ресейдің әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, орыстың революцияшыл демократтарының пікірлері оның
демократтық көзқарасын тереңдете түседі. Қазақ халқының, әсіресе, оның төменгі тобының ауыр халі
мен оның жағдайларына
жан ашырлықпен қарап, түсініп көре білді.
1861 жылдың көктемінде денсаулығы төмендеуіне байланысты туған еліне оралды. Ол қа-
зақ халқының тыныс-тіршілігін жақсартып, көмектесуді ойлап, әділеттілікті жақтап, халықтың мұң-
мұқтажын түсіне білу мақсатымен Атбасар уезіне аға сұлтан болуды да ойлады. Сайлауға қатысып,
көпшілік
дауыс алғанымен, Сібір әкімшілігі оны аға сұлтандыққа бекітпеді. Себебі, демократтық
бағыттағы озық ойлы зерттеуші ғылым билеуші топ үшін қауіпті адамдардың бірі еді.
1862 жылы Потанинге жолдаған хатында: «Мұндағы мақсатым – өзі халқымды әкімдер мен
зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді», – деп ашық жазды. Ал, А.Г.Майковқа жазған хатында Шоқан
бұл пікірін тереңдете түсіп: «Жергілікті сұлтандармен және қара сүйек қазақтардан шыққан байлармен
қазір аразбын», – дейді ол, – мен оларға жалшыларды жақсы ұстаңдар, еңбек ақысын дұрыс төлеңдер
дегенді талай рет талап еттім. Мен даланың
пролетариатымен жақсы доспын, өйткені бір-бірімізді
жақсы ұғамыз».
1863-64 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформа-
сын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы
кезде Шоқан «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазды.
Ш.Уәлихановтың көп салалы әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық,
ағартушылық, демократтық көзқарастары өз заманының биік деңгейінде болғанын айқындайды.
Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуір айында қайтыс болды. Алтынемел тауының баурайындағы
Көшентоған деген жерге қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: