Сембаева Ә.
ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ даласы - тұнып тұрған тарих. Оған куә бүгінде сайын дала төсінде ежелгі замандардан
бізге бүлінбей жетіп, уақыт сынына төтеп берген ескерткіштер мен таңбалар тарихи . Таңбалар сөзін
қолданғанда есімізге еріксіз оралатыны Тамғалы тастарындағы тасқа қашалған ұлтымыздың ардақты төл
туындысы. Самсап тұрған суреттер көнеден сыр шертіп, тарих тұңғиығына тартады.Тамғалы суреттері
көне замандарда ғұмыр кешкен андронов тайпаларының дүниетанымын, діни түсінігі мен тұрмыс -
тіршілігін сипаттайтын тұтас кешен болып табылады. Мұндағы суреттерден аңшылық бейнелері мен
мал шаруашылығын, күнделікті өмір салтын байқаймыз. Суреттерді
қарапайым өмір салтын ғана
бейнелейді деп қабылдасақ қатты қателескен боламыз. Себебі, мұнда тұтастай философиялық мән
-мағына бар.
Қазақстан аумағында петроглифтік өнердің әртүрлі хронологиялық
шеңберін көрсететін
көптеген жартастағы бейнелер анықталды. Орта Азиялық аймақтағы жартастағы суреттер эволюциясын
сақ стилінің қалыптасуы байқалатын қола және темір ғасыры дәуірлерінің петроглифтерінен анық
байқауға болады.
Қазақстан аумағындағы палеолит, неолит және энолит дәуірлеріне жататын
жартастағы бейнелердің стилистік дамуы мен хронологиялық шеңберін анықтау қиындық тудырып
отыр. Бұл қазіргі кезде петроглифологиядағы айтыс тудырып отырған сала. А.Г. Медоев Қараүңгір
мен Тесіктас жартастарындағы бейнелерді зерттей отырып, бұл суреттер жоғарғы палеолит дәуіріне
жатады деген тұжырымға келді [1,5 б]. А.А. Формозов пен Я. А. Шердің ізінше З.С.
Самашев бұл
мәліметтерді дәйексіз деп санап, бейнелерді қола дәуіріне жатқызады [2,135 б].
Қазақстанның ежелгі тайпалары мен халықтарының мәдениеті тас ғасыр кезеңіндегі (палеолит
–мезолит – неолит ) үлкен аймақты қамтыған табиғи және әлеуметтік сипаттағы ауқымды өзгерістер
аясында қалыптасып, дамыды. Тұтас алғанда, тас ғасырды бірнеше ғасырлар бойғы тәжірибе, ойлар,
қателіктер,
жетістіктер, сараптау,синтездеу,құлдыраулар
мен шарықтаулар, жетілдірулер мен кері
кетулер арқылы, адамды, адамның «Менін» әлеуметтік
жағдайдың көрінісі ретінде, модельдеген
орасан зор адамзат лабораториясы ретінде образды түрде елестетуге болады. «Біз» - табиғаттан бастау