10. Тестік бағалар
сұрақ.(01)
Төменде А жəне В топтарының биологиядан тапсырған тест қорытындысы бағанды
диаграммамен берілген. А тобының орташа балы 62,0 тең, ал
В тобының орташа балы
64,5-
ке тең. Егер оқушылардың жинаған балы 50 немесе одан көп болса, онда оқушылар
тестен өткен болып саналады. Мұғалім диаграммаға қарап, В
тобы А тобына қарағанда
тесті жақсы тапсырған деп шешті. А тобының оқушылары мұғалімнің шешімімен
келіспеді. Олар мұғалімге В тобы тесті олардан жақсы орындамағанына көзін жеткізбекші
болды. Диаграмманы пайдаланып, А тобы қолдана алатындай, бір математикалық дəлелді
көрсет.
11.
Баспалдақ
сұрақ.(01)
Суретте биіктігі 252 см, ені 400 см, 14 сатысы бар баспалдақ
салынған. 14 сатының əрқайсысының биіктігі қандай?
12. Президентті қолдау
сұрақ.(0123)
Алдағы болатын сайлауда президентті қолдайтындар санын анықтау үшін, Зедландияның
тұрғылықты халықтарынан сұраулар жүргізілді.Төрт
газет тұрғылықты халықтар
арасында өздерінің сұрауларын жүргізді. Осы сұраулардың қорытындысы төменде
көрсетілген.
1
газет: 36,5% (6 қаңтарда кез-келген сайлауға қатысуға құқығы бар, 500 азаматтан сұрау
жүргізілді).
2
газет: 41,0% (20 қаңтарда кез-келген сайлауға қатысуға құқығы бар, 500 азаматтан сұрау
жүргізілді).
3
газет: 39,0% (20 қаңтарда кез-келген
сайлауға қатысуға құқығы бар, 1000 азаматтан
сұрау жүргізілді).
4
газет: 44,5% (20 қаңтарда, сайлау орталығына дауыс беру үшін
өздері телефон соққан,
1000
адамнан сұрау жүргізілді).
Егер сайлау 25 қаңтарда болатын болса, президентті
қолдаудағы болжамға, қай газеттің
нəтижесінің қорытындысын пайдаланған дұрыс? Жауабыңның екі себебін дəлелдеп
көрсет.
Достарыңызбен бөлісу: