Сценарий Кіші мектеп жасындағыларға Узнать больше



бет2/6
Дата09.01.2024
өлшемі69.5 Kb.
#488756
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Жаңа жылға арналған сценарий 1-4с

2Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр.
Көңілді әуенмен. Сиқыршы келеді.
1-Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Сиқыршы! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол!
Сиқыршы: Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге, шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін.
Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді, шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үрлейміз. (Балалар үрлейді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.

Сиқыршы: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.
Қоян мен қасқыр келеді. Қап, бәлем музыкасымен.Қоянның қолында құмыра болады.Аяз атаның киімін киеді,.ал, қасқыр ақшақар киімін киеді.
2.Жүргізуші: Балалар, бұл кейіпкерлер қай мульфильмнен? Естерімізге түсірейікші.
Қоян: Салеметсіздерме балалар!.Жаңа жылдарың құтты болсын!.Жаңа сендердің мерекелеріңе келе жатып мына құмыраны тауып алдым.(Екеуі таласады .Құмыраны жерге түсіріп алады). Ішінен мыстан кемпір шығады.
Мыстан: -Мен шықтым-ау ақыры, мына қараңғы жерден. Мені сиқыршы сиқырлап тастап еді.
-Мына шыршаның әдемісін ай.Үйіме алып кетсем бе екен.
Сиқыршы:-Мыстан, енді сені қазір тағы да сиқырлап тастаймын.Балалардың мерекесіне кедергі келтірме.Одан да біз бен бірге жаңа жылды қарсы, ал, балалардың өнерін тамашала.
Мыстан: Менің бір шартым бар, мен сендерге жұмбақ айтамын жауабын тапсаңдар мен де қаламын, ал егер таба алмасаңдар шырша менікі.

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)

  2. Тісі жоқ тістеп алады, қолы жоқ сурет салады.( аяз)

Жұмбақ шешіледі.Мыстан кемпір қалады.
1-жүргізуші:Балалар, біздің мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар неге кешігіп жатыр?.
Сиқыршы: .Мүмкін, адасып кеткен шығар.Біз Аяз атаны іздеп келейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет