Сценарий Кіші мектеп жасындағыларға Узнать больше



бет4/6
Дата09.01.2024
өлшемі69.5 Kb.
#488756
түріСценарий
1   2   3   4   5   6
Жаңа жылға арналған сценарий 1-4с

3.....................: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып,
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.
4.........................: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Ән: «Шыршаға бардық» ................................
2-Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.
Би: «Аққала»
1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де- деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.
1.............................: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарап жылыстап.
2.........................: Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.
3..........................: Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
4.............................: Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Ақшақар: Қандай керемет, өнерлі балалар екенсіңдер!Енді балалар ата-аналарымызбен ойын ойнап серігіп алайық.
Ойын: «Қырықаяқ» (Мақсаты: балалардың көңілдерін көтеру, әрі ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Топ болып әрекет етуге үйрету)
Ойын шарты:5 бала 5 анасы шығады. 2 топқа бөлініп ойнайды
Аяз ата: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын қоян жылымыз қайда? Сиқыршы сиқырлап тастамадыма екен! Балалар, қоян қандай қимыл жасайды? Дауысы естілмейді ме!
2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1-жүргізуші: Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ит жылын
Ұзатып сап Тауықты
Жаңа жыл жарылқасын ескі жыл есіркесін –деп , өткен жыл мен. Келер жылымызды қошеметпен қарсы алайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет