Сценарий мақсаты: Оқушылардың өз ана


тілін залымдар. Жаутаң қағып жетпіс жыл жүрдік боданда, Содан да қалған тіл



бет6/7
Дата05.09.2022
өлшемі47.92 Kb.
#460236
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7
Сценарий тілдер күні

тілін залымдар.
Жаутаң қағып жетпіс жыл жүрдік боданда,
Содан да қалған тілімізде жұғын бар.
Қадір тұт өз тіліңді намыс болса,
Көзіңді сал көк аспан алыстарға.
Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын
Құрмет көрсет Мұхтардай арыстарға.
2-жүргізуші:
Туған тіліңді қорғау-туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір, азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса-бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.
1-жүргізуші:
Көрініс. «Асыл мұра» сомдайтындар 5- сынып оқушылары.
Сахна сыртында Махамбет:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме. . .
(Батыр отырған баланың қасына келеді. Бала әдеппен иіліп сәлем береді).

Бала Құрманғазы: Армысыз аға?


Махамбет батыр: Қай ұлансың, қарағым?
Бала Құрманғазы: Мен, Қызылқұрт Сағырбайдың баласы Құрманғазымын.
Махамбет батыр: Көзіңде өшпес жалын бар, болғалы тұрған ұлмын де, иә!
Қабырғасын сөксе де қайыспас қайсар нар болатын түрің бар ұлым!

Бала Құрманғазы: Өзіңіз кім боласыз аға ?


Махамбет батыр: Мен де, ұлан, мен болам,
Ағатай –беріш ел болам,
Исатайдың серігі,
Ел жұртым деп жанымды
Шүберекке түйген ер болам
Халық жауы хандардың,
Қарны жуан билердің
Басын кессе-дер болам, , ,
Жайықты малға толтырып
Халыққа теңдік әперсем-
деп, арманға қол созған,
Махамбет батыр мен болам!

Бала Құрманғазы : Ақын аға Махамбет, мені өзіңмен ала кет,

Батыр: Жоқ қарағым, ертерек, қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған. Әзірге жассың, ертерек! Мынау не қарағым?

Бала Құрманғазы: Домбыра жасап алмақпын, ел кегін егіз шектен еңіретіп төгетін.

Батыр: Мақұл, балам, әзірге қош. (батыр кетеді, бала Құрманғазының орнына шал Құрманғазы келіп отырады. Жәймен күй ойнап тұрады. )
Қария Құрманғазы: Айналайын, қыз да болсаң мұрамды ұстарлық болып туыпсың. Көп жаса , қызым, көп жаса!
Жан шошыр бастан өтті талай майдан,
Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан.
Екпінді кек күш беретін,
Ұл туар дәл өзімдей ана қайдан.
Бұл тартқаның қандай күй?

Дина қыз: Бұл күйді «Көбік шашқан» деп атайық, ата.

Құрманғазы: Тауып айттың, қарағым. Күйдің аты «Көбік шашқан» Атың кім шырағым.

Дина қыз: Атым Дина,

Құрманғазы: Мерейлі бол, Динажан, мен кек күйшісі, Құрманғазымын. Тәрбиешім-Махамбет ақын-Исатай ердің серігі. Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді.
(домбырасын Динаға ұсынады)

Дина қыз: Егер де маған, атажан, шынымен сеніп берсеңіз, кек ұрандас күйіңізді халыққа ойнап беруге жас жүректен ант етемін( тізерлеп отырып домбыраны сүйеді).



2-жүргізуші:
Міне күй атасы Құрманғазы мен Динаның кездесуі жөнінде ел осылай аңыз етеді. Дина апа осы антын адал орындады. Ол күй атасы Құрманғазыдан алған асыл мұрасын алтындай сақтап, қазынасына табыс етті.
1-жүргізуші:
Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет