Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Адам болам десеңіз » Сыныбы: 10 «А» Сынып жетекшісі



бет1/3
Дата12.04.2024
өлшемі289.6 Kb.
#498545
  1   2   3
Адам болам десеңіз тәрбие сағаты


«Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Адам болам десеңіз...» Сыныбы: 10 «А» Сынып жетекшісі: Мырзахметова М


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адам болам десеңіз...»


Тәрбие сағатының мақсаты: Адам бойындағы моральдік, этикалық, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру;
Оқушыларды өз бойындағы қасиеттерді танып білуге, жетілдіруге ұмтылдыру.
Кішіпейілділік, әдептілік, көмек беру– адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың мақсатын айту.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
-Бүгінгі болатын 10 «А» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош
келдіңіздер!
-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Психологиялық дайындық.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге әуелі жақсы тілектер тілейік. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. «Жүректен жүрекке» ойыны
(гүлге жазып, тілектер айтылады. )
-Денің сау болсын!
-Ұқыпты бол!
-Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол!
-Әдепті бол!
-Ақылды бол!
-Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Отаныңның баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
-Атаңның ұрпағы бол!
–Өнерлі бол!
-Нұр жаусын!
-Мерейің үстем болсын!
-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!
-Рахмет!
-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол жақсылық, өзімізге соншалық болып оралады екен.
Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдар бекер айтылмаған. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.
-Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттер. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде бірден ұлы Абайдың сөздері ойымызға орала кетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет