Сценарийі 1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар!



Дата30.03.2024
өлшемі17.39 Kb.
#497016
түріСценарий
Сцен. 24


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Республикалық «Ұлан» газетінің қолдауымен өткізілетін
XLVIII «Жас тілшілер» форумының
СЦЕНАРИЙІ


1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар!
2-жүргізуші: Сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас журналистер мен мектеп оқушылары! Бүгін республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газетінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының дәстүрлі 49 «Жас тілшілер» форумының күндері басталды.
1-жүргізуші: Форумның ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Кіріспе сөз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаевқа беріледі.
(ҚР мемлекеттік гимні орындалады)

Жүлдегерлерге марапаттар мен сыйлықтарды табыстамас бұрын білікті мамандардың кеңесін тыңдап, көкейлеріндегі журналистика мамандығына қатысты сауалдарына жауап таба алу үшін арнайы шеберлік сабағын ұсынуды жөн көрдік. Ендеше сөз кезегі ________________________________________ Берікбол Төлегенге беріледі.




2-жүргізуші: Бүгінгі қуанышты сәттің куәгері болуға жиналған жұртшылық қауым! Республикалық мектеп оқушылары арасында 2024 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың 25 наурызына дейінгі аралықта өткен «Журналист болғың келе ме?», «Газет, әлде интернет?», «Мультимедиа журналисінің бір күні», «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі», «Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Ұлы даланың жеті қыры», «Әл-Фараби мұрасы – ақыл ойдың маржаны», «Алаш баспасөзі тағылымы», «Ұлы жеңіске тағзым» тақырыбында шығармашылық жұмыстарға жарияланған байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстардың жеңімпаздарын дипломдармен марапаттау рәсімі өз мәресіне келіп жетті.
1-жүргізуші: Шара барысында еліміздің бірнеше аймақтарынан келген мектеп оқушылары мен жас тілшілер білікті журналистердің дәрістеріне қатысып, болашақта кәдесіне жарар шеберлік сабақтарына қатыса алады.
2-жүргізуші: Ендеше, уақытты көпке созбай 49-Жас тілшілер форумының «Журналист болғың келе ме?» номинациясы бойынша қатысушыларды марапаттау үшін сөз кезегін __________________________________________________________________ береміз.
Марапаттау рәсімі


1-жүргізуші: «Газет, әлде интернет» номинациясы бойынша бақ сынаған қатысушыларымызды лайықты жүлдесімен марапаттау үшін сахна төріне __________________________________________________________________шақырамыз!
Марапаттау рәсімі


2-жүргізуші: Құрметті көрермен, байқау қатысушыларын марапаттау рәсімін әрмен қарай жалғастырамыз. «Мультимедиа журналисінің бір күні» номинациясы бойынша жеңімпаздарды құттықтап, марапатын табыстау үшін ____________________________________________________________ шақырамыз.
Марапаттау рәсімі
1-жүргізуші: «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі» номинациясы бойынша бақ сынаған қатысушыларымызды лайықты жүлдесімен марапаттау үшін сахна төріне __________________________________________________________________шақырамыз!
Марапаттау рәсімі
2-жүргізуші: «»Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы» номинациясы бойынша қатысушыларды марапаттау үшін сөз кезегін __________________________________________________________________ береміз.
Марапаттау рәсімі
1-жүргізуші: «Ұлы даланың жеті қыры» номинациясы бойынша қатысушыларды марапаттау үшін сөз кезегін __________________________________________________________________ береміз.
Марапаттау рәсімі
2-жүргізуші: «Әл-Фараби мұрасы – ақыл ойдың маржаны» номинациясы бойынша қатысушыларды марапаттау үшін сөз кезегін __________________________________________________________________ береміз.
Марапаттау рәсімі
1-жүргізуші: «Алаш баспасөзінің тағылымы» номинациясы бойынша қатысушыларды марапаттау үшін сөз кезегін __________________________________________________________________ береміз.
Марапаттау рәсімі
2-жүргізуші: «Ұлы жеңіске тағзым» номинациясы бойынша қатысушыларды марапаттау үшін сөз кезегін __________________________________________________________________ береміз.
Марапаттау рәсімі
2-жүргізуші: Форумның соңғы жылдардағы жаңалығы – «Ең үздік жас тілші» марапатының иегерін анықтау жыл сайын дәстүрге айналып келеді. Дәл қазір форумның осы бір дәстүрін әрі қарай жалғау үшін «Ең үздік жас тілші-2023» иегері, Журналистика факультетінің 1-курс студенті Алчинова Нұрбибіні сахнаға шақырамыз.
Марапаттау рәсімі


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен Республикалық 49 «Жас тілшілер» форумының марапаттау рәсімі өз мәресіне жетті. Байқауға шығармашылық жұмысын ұсынып, жеңімпаз атанған барлық қатысушыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Жақсы күндерде жолыққанша!
Бірге: Қош, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет