Scratch ортасындағы mblock бағдарламасын қолданудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата17.11.2023
өлшемі1.13 Mb.
#483542
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ясауи университетінің хабаршысы №2, 2023-314-328

3-сурет – Шифрланған сейф.
Scratch + Arduino негізінде mBlock бағдарламалау ортасында құрастырылған 


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№2 (128), 2023
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
325 
Орта мектепте STREAM әдісі арқылы «Scratch+Arduino негізіндегі mBlock 
бағдарламалау» факультатив сабақ ретінде оқытуда осы құрастырылған ЦББР қолданылды 
және мектепте өз үйлесімін тапты. Осы зерттеуде ұсынылған практикалық сабақтар мектепте 
жүзеге асырудың алғашқы кезеңі болып табылады. Біздің болашақта қарастыратынымыз 
қосымша сабақ жоспарларын STREAM әдісі негізінде әзірлеу және қызығушылық танытқан 
әріптестермен және оқушылармен бөлісу.
Алғаш рет құрастырылған факультатив сабақтың тиімділігін анықтау үшін эксперимент 
Қосшы қаласының Р. Қошқарбаев атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте және IT 
мектеп-лицейінде өтті. Жалпы экспериментке бақылаушы және эксперимент топтары болып 
72 оқушыдан тұратын екі топ қатысты. Оқушылардың білік, білімін бағалау үшін мынадай 
сауалнама сұрақтары қойылды: 
1. STEM дегеніміз не? 
2. STEM, STEAM және STREAM айырмашылықтары? 
3. STREAM әдісін қолданып шығармашылықпен еңбектенуге қандай өнім ұсынасыз? 
4. Ғылыми жоба құру сізді қызықтыра ма? 
5. Scratch немесе Arduino немесе mBlock бағдарламалау тілін білесіз бе? 
6. Scratch немесе Arduino немесе mBlock аппараттық бағдарламалау тілдерінің 
арасындағы байланыс қызықтыра ма? 
7. Scratch немесе Arduino немесе mBlock бағдарламалау тілін меңгеру не үшін қажет? 
8. Әуен қандай шағын динамикпен орындалады? 
9. mBlock бағдарламалау тілі қай тілге негізделіп жасалған? 
10. Моторлы қолды белгілі бір бұрышқа бұра алатын және қозғалта алатын тұрақты 
ток моторын атыңыз? 
Сауалнама айқындау және қалыптастыру кезеңінде екі рет өтті. Эксперимент өткенге 
дейінгі сауалнама нәтижесі (3-кесте, 4-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет