«Сегіз қырлы бір сырлы»



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі22.98 Kb.
#457929
1   2   3
сценар2Ә

1 жүргізуші Сайысымыздың бағдарламасы:
2 жүргізуші 1. «Таныстырсам өзімді» — таныстыру( топтың аты,эмблемасы,ұран)
2. «Сегіз қырлы бір сырлы»- ән айту; картоп тазалау; салат жасау
1 жүргізуші 3. Тапқырлар Сұрақ — жауап(салт — дәстүрге байланысты)
2 жүргізуші 4. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
»- қол күрес; отжимание; попади в цель(смять бумагу и попасть в цель)
І жүргізуші Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы — деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың
І — кезеңі «Таныстырсам өзімді»деп аталады. Сонымен топтарымызды ортаға шақырайық.
2 жүргізуші ІІ — кезең «Еңбек ердің – санаты, білім — ердің қанаты»- демекші адам ақыл — парасатымен сұлу, Ақылды жігіт ата — анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай атаған.
«Көсем жігіт»- ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт»- дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт»- еліне қамқор жігіт,
І жүргізуші «Сері жігіт»- аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың келесі кезеңі «Сегіз қырлы бір сырлы»деп аталады.
1. Патриоттық ән айту
2. Картоп тазалау
3. Түйме тігу, салат әзірлеу
2 жүргізуші Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата — баба үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.
Енді ақыл — ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салар кез келген сияқты. Бұл кезеңде жігіттеріміз сұрақтарға жауап береді.
1 жүргізуші Жігіттің көркі — өнері
Талап кісі — мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Өнердің қадірін білген бабаларымыздан қалған бұл сөздердің қасиеті күні бүгінге дейін өз құнын жоғалтқан емес. Келесі кезең :сұрақ — жауап(салт — дәстүрге байланысты)
«Тапқырлар»деп аталады.
2 жүргізуші Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай — дегендей сайысымыздың келесі кезеңі
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»- қол күрес; отжимание; попади в цель(смять бумагу и попасть в шарик)деп аталады. Бұл сайыста жігіттеріміз қол күрес; отжимание; попади в цель(смять бумагу и попасть в цель)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет