Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


§2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық



бет6/27
Дата13.06.2016
өлшемі3.91 Mb.
#133197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
§2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық

басқару органдарының атмосфералық ауаны және су ресурстарын қорғау мен пайдалану саласындағы қызметі
Қоршаған ортаның атмосфералық ауа құбылыстары – бізді қоршаған табиғи ортаның өмірлік қажетті бөлшектерінің бірі. Ол биологиялық, өндірістік, тасымалдық-қатынастық маңызы бар құбылыстарды қамтитын көптеген қызметтер атқарады.

Қоғамдық өмірдің барлық жағына өзіндік әсерін тигізетін ғылыми-техникалық прогресс, қалалар мен ел-жұрттың өсуі қоршаған ортаға адамның ықпалын ұлғайта түсетіні сөзсіз. Тіпті пайдасыз жайларға да соқтырады. Мысалы, табиғи кеңістіктегі оттегі озоны, планетаның гидрологиялық реттіліктерінің және дүниелік өлшемдерінің нашарлауы, ол болмаса негізгі қабаттың зияндануы мүмкін екендігін де жоққа шығаруға болмайды94.

Атмосфералық кеңістікті сақтау оны ластанудан қорғау, алдын ала сақтандыру жөнінде ғылыми негізделген жан-жақты шараларды іске асыруда. Профессор Н.М. Малышконың пікірі бойынша, «Мемлекеттік басқару органдарының ауа кеңістігін ластанудан қорғау барысында іске асырылып жатқан жұмыстары орасан. Онда ауа кеңістігінің жай-құйін, оны ластайтын жағдайлар мен көздерді бақылау, зерттеу, оны тұтыну, қорғау нормаларын сақтауда, ауа кеңістігін қорғау ережелері мен оны іске асырудың барысын тексеріп отыру, сондай-ақ қажетіне қарай атмосфералық ауа қоршаған ортаның тиімділігіне пайдалы сапасын сақтау мақсатымен тиісті шаралар қолдану өкілдіктері берілген» 95.

Қазақ ССР-інің 1981 жылы І2-маусымда қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау туралы96 Заңның 52-бабына сәйкес барлық мемлекеттік, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың ауа кеңістігін, оның тазалығын сақтау жолындағы талаптарды іске асыру, ауаны залалсыздандыратын қоқыс тастандылары мен ауа тазалығын зияндандыратын т.б. әрекеттерді болдырмай-ақ, заңда көрсетілген басқадай шарттары мен ережелерін сақтау, қолдану ауа кеңістігін қорғаудағы мемлекеттік бақылаудың міндеті болып табылады.

Ауа кеңістігі мен оның тазалығын қорғауды басқару жергілікті атқарушы және арнайы өкілдік берілген мемлекеттік органдар арқылы іске асырылады. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің қарамағына кіретін табиғи ортаны залалсыздандыру, ауа кеңістігінің санитарлық тұрғыдан қорғалуын іске асырады. Сондай-ақ алдын ала сақтандыру, өндірістік орындар мен тұрғын үй, қоғамдық ғимараттардағы, көшелердегі, көпшілік алаңдардағы айқай-шуларды жоюды қадағалайды.

Ауа кеңістігінің тазалығын қорғау мен сақтаудың айрықша өкілдік берілген мемлекеттік басқару оргаңдарына Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бақылау, қадағалау органдарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік автомобиль инспекциялары жатады.

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғи ресурстарды мемлекеттік экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі агенттігі және оның жергілікті орындардағы органдары атмосфералық ауа кеңістігі мен оның тазалығын, оларды пайдаланудың ережелері мен талаптарының сақталуын іске асырады. Мұндай ортаға физикалық және жасанды іс-әрекеттермен байланысты туындайтын жағдайлар қатал ескерілуі тиіс. Бұдан біраз уақыт бұрын айтулы жұмыстарды атқаруда Гидрометеорология және табиғи орта мониторингі жөніндегі мемлекеттік комитеттің міндетінде болатын. Ал бұл құндері Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Гидрометеорология және табиғи орта мониторингі жөніндегі агенттігі97 осы аталған бақылау қызметімен айналысады. Оның қызметтері табиғи ортаның мониторингін іске асыруға бағытталған.

Еліміздің Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның жергілікті жерлердегі органдарына табиғатты пайдаланушылардан ауаны ластандыратын қоқысты заттарды жайғастыру жөніндегі рұқсаттарын тексеру, ауа кеңістігіне ықпал ететін құрылыстар салу, оларды қайта құру, жасау, объектілер мен өнеркәсіп орындарын пайдалануға беру және оларды орналастыру жұмыстары жүйеленген. Сонымен бірге елді мекендердің қай- қайсысының да алғашқы жобалануынан бастап, олардың экологиялық талаптарға сәйкес келуін бақылауға, тексеруге, сондай-ақ минералдық өңдеу заттарын қолдану барысын, қазба байлықтарын өңдеуге, ғылыми жаңалықтар мен жасандыларды, жаңа техникалық құрал-жабдықтарды, шетелдік құрал-жабдықтардың пайдаланылуының экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылап тексеруте құкылы. Егер олар ауа кеңістігі мен тазалық талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда қарсы мәселе көтеруге болады.

Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінің мәліметі бойынша 1996 жылғы ауа кеңістігіне тұрақты орындардың өзінен тасталған зиянды қоқсық заттар 3 миллион тоннаға жуықтаған. Ауаны ластаушы негізгі орындар «Испат-Кармет» және «Балқашмыс» акционерлік қоғамдары болып табылған. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінің жергілікті органдары 1996 жылғы автомобильдерді пайдалану барысында ауа тазалығын сақтау жөніндегі заңдылықты сақтауды бақылау мәселесіне көп көңіл аударды. Осы мақсатпен Республиканың барлық облыстарында «Таза ауа» қозғалыс шаралары жүргізілген. Барлығы 60 мың автокөлік тексеруден өткізілген. Тексеру барысында олардың 12 мың яғни 25 процентінің улы түтінділігі анықталған. Торғай, Талдықорған, Жезқазған облыстары мен Алматы қаласында бұл көрсеткіштер 38, 40, 93 проценттерді құраған. Бұл дегеніміз автокөлік кәсіпорындарын бақылау қызметтерінің қанағаттанарлықсыз жұмыстарының нәтижесі. Ал Алматыда 393 жекеше автопарк кәсіпорны бар98.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлык, эпидемиологиялық қызметі «Қазақстан Республикасының тұрғындарының санитарлык-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңының 11-бабына сәйкес Республикада мемлекеттік санитарлык-эпидемиологиялық қадағалауды қолға алмаған. Бұл мекеме қалалық, құрылымдарды жоспарлау барысында жобалық құжаттарды реттеу жөніндегі олардың тазалық ережелері гигиеналық талаптарға сай келетін өлшемдерін жасап, оны қабылдауға құқылы. Сондай-ақ қажетіне қарай құрылыстың кейбір объектілерін қайта құру барысында, егер ауа тазалығына зиян, залал келтірердей құдігі болса, оларды тексеріп бақылауға міндетті. Санитарлық, химиялық бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологияық, радиологиялық, токсикологиялық, (сауықтыру) лабораториялық зерттеулер жүргізуге, бұған қоса, электромагниттік тербелістер мен физикалық біліністерді өлшеп отыруы тиіс. Ол санитарлық cavықтыруды сақтау жолында эпидемиологиялық зияндылыққа қарсы алдын ала сақтандыру, ауа тазалығын бұзатын зиянкестерге қарсы іс шараларын жүргізуі кереқ

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды іске асыратындар санатында сол аумақтағы мемлекеттік санитарлық бас дәрігерлері, олардың орынбасарлары, басқарма бастықтары, бөлімдер, лаборатория меңгерушілері, тазалық сақтау дәрігерлері, жұқпалы аурулар дәрігерлері, олардың көмекшілері жатады.

Олар тәуліктің кез келген уақытында қызметтік анықтамаларымен кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге тазалық сақтау ережелерінің сақталу жағдайын, гигиеналық нормалардың талаптарға сәйкестігін бақылап тексеру мақсатымен кедергісіз кіруге құқылы. Олар бұған қоса азаматтар мен заңды тұлғалардан тиісті ережелер мен талаптарды бұзатын жағдайларды жоюларын талап ете алады. Жобалау, жоспарлау құжаттары бойынша қорытынды тұжырымдар беруге, егер олар тазалық сақтау талаптары мен ережелеріне сай келмеген жағдайда олардың келісім берілуін тоқтатуға, гигиеналық айыптар салуға, тіпті азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін кемшіліктерге дейін тоқтатуға, құші бар заңды құжаттар негізінде әкімшілік шаралар қолдануға құқықтары бар.

Жұмыс барысында зиян келтіріп, ауаны ластарлық жағдай белгіленгсн мөлшерден асып кетер болса, объектілерді іске косу технологиялық жаңалықтарды, құралдармен жабдықтау материалдарын пайдалану барысында тазалық сактау, гигиеналық шектер бұзылар болса, тіпті қажет болған жағдайда Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісімі болмаған жағдайда Мемлекетгік санитарлық- эпидемиологиялық қызмет органдарының қызметкерлері жоғарыда көрсетілген құқықтарын пайдалануға міндетті.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының иелерінің қаулыларын, нұсқаулық ескертпелерін мемлекеттік және мемлекеттік емес барлық ұйымдар, сондай-ақ белгілі қызмет иелері мен азаматтар да орындауға тиісті.

Ал бұл талаптарды, ескертпелер мен нұсқауларды, қорытынды тұжырымдарды орындамағандар Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес жауап беретін болады.

Бұл экологиялық мәселені шешу үшін Үкімет пен қала Әкімі тарапынан әр-түрлі шаралар қолданылады. 1999 жылы 14 мамырда қалалық маслихаттың 1-шакыруының XXV сессиясының 1999–2015 жж. аралығында іске асырылуы тиіс «Таза ауа – жанға дауа» деген Алматы қаласының экологиялық жағдайын сауықтыру жөніндегі кешенді бағдарламасын бекіту туралы шешім – Алматы үшін маңызы зор оқиға. Бұл бағдарламада қаланың экологиялық мәселелерін шешу, ең алдымен, ауа бассейініннің қорғалуы көзделеді.

Ауа кеңістігі мен тазалығы саласьн бақылауды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік автомобиль инспекциясы іске асырады. Бұлардың автокөлікпен атмосферлық ауаға бөлінетін зиянды заттарын бақылаудың белгілі бір бөлігін экологиялық полиция99 ұйымы бақылайды. Ол автокөліктердің ауа кеңістігі мен тазалығына зиянды, әсерінен қоршаған ортаны қорғайды. Өз қызметтерін іске асыруда МАИ қолданыста жүрген автокөліктердің техникалық жай-құйін тексереді; мезгіл-мезгілімен автомобильдер мен мотоцикльдерді техникалық тексеруден өткзуді ұйымдастырады, сонымен қатар т.б. шараларды қарастырады100.

Атмосфера мен оның тазалығын қорғауда мемлекеттік бақылауды құқықтық тұрғыдан үнемі реттеп және жетілдіріп отырудың қажет екенін жоғарыда айтылғандардың өздері-ақ айқындай түседі.

Біздіңше, дәл бүгінгі құні ауа кеңістігі мен оның тазалығын қорғау жөнінде арнайы заң қабылдау аса қажетті, я болмаса ҚазССР -нің 1981 жылдың 12-маусымында қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңының нормалары мен талаптарын жетілдіріп,толықтыру кереқ Ал аталған Заңды сол ескі қалпында жүзеге асыру мүмкін емес. Өйткені ондағы баптар ескірген, қазіргі заман талабына жауап бере алмайды. Мәселен, АҚШ-тың атмосфералык ауаны ластауға қарсы құрес барысында 1970 жылы қабылдаған «Ауа тазалығы туралы» Заңын алайық. Оған сәйкес қоршаған ортаны қорғау туралы агенттігі адамдардың денсаулығына зиян келтірмейтін шекте ауаны ластайтын қоспалардың ең төменгі мөлшері белгіленіп отырады. Мұндай қоспалардың кұрылыстарға, ауыл шаруашылық өсімдіктеріне, мәдениетіне, ел-жұрттың жалпы тұрмыс жағдайына залал тигізерлік екінші мөлшерлері белгіленген. Сондай-ақ атмосфералық ауа туралы Заң бойынша өкілдікке жаңа өнеркәсіп орындары мен өндірістік машиналардың шығаратын зиянды қоқыстары мен түтіндерінің де шектеулі мөлшерлерін белгілеу міндеттері жүктелген. Бұл Заң штаттарда бақылаудың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес түрлі шараларды қамтитын өз жоспарларын жасап, іске асыру міндеттерін де белгілейді.

Штаттардың іске асыруға тиісті жоспарларында ауа ластығын төмендететін, тазартатын тиісті шаралар, құрал-жабдықтар мен тиянақты да тиімді әдістері нақтылай анықталуға тиіс. Ал бұзылмаған шынайы табиғи аудандарына келер болсақ, «Таза ауа туралы» Заң ауа сапасын бұзуға бастайтын мүмкіндік атаулыны жоюдың қатал ережелерін қарастырады. Бұл аудандардың өзінде және көршілес аймақтарда ауа тазалығын ластайтын кез келген құрылыстарды салуға тыйым салынады101. Американдықтар, сонымен бірге қоршаған ортаның сапасы көптеген жағдайда ызыңдар мен шуларға байланысты, ластаудың мұндай түрлері адамдардың денсаулығына, олардың жалпы тұрмыстық жағдайына әсерін тигізеді деп есептейді. Сол ортаның эстетикалық және экономикалық құндылығын түсіреді, әрі төмендетеді деп есептейді.

АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік жанынан ызың-шуды төмендету, реттеу басқармасы құрылған. Ызың-шулардың адам денсаулығына зиян келтіретіндігін ешқандай даусыз айғақ ретінде мойындап, АҚШ Конгрессі 1972 жылы «Ызың-шуларға қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Бұл Заң бойынша ызың-шудың деңгейін төмендетуді, оны реттеп отыру штат әкімшілігне және жергілікті өкімет орындарына жүктелген102.

Қазақстанда да шулы ызыңдармен құресті құқықтық тұрғыдан қарастыру, реттеу қажет. Мұндай өзекті мәселе заң теоретиктері тұрғысынан аз зерттелген.

Одақ жағдайында қызмет еткен атмосфералық ауа мен оның тазалығын қорғауда экологиялық басқаруды іске асыру саласындағы мемлекеттік арнайы органдардың қызметі мен міндеттерін бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы нақтылы айқындап белгіленетін одақтық Ережелер тәрізді Атмосфералық ауа мен оның тазалығын қорғайтын арнайы Ереже. Сонымен қатар мемлекеттік басқарудың бұл саладағы мемлекеттік бақылау органдарының өкілдігінің қызметі мен жұмыс жүйелеріндегі өз міндеттерін іске асырудың реттері мен тәртіптерін, талаптарын және де олардың өкіметтік, мемлекеттік өкілдіктеріне толық кепілдік берерліктей айрықша Ережелер қабылдау керек-ақ103.

Суды қорғау және оны дұрыс та тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінің қажетті де маңызды саласы болып табылады104.

Қазақстанда су мемлекеттік меншікте (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 6-бап).

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы 31наурызда

Қазақстан Республикасының Су Кодексін бекітті105. Оның мақсаты мен міндеттері — ел-жұрт пен тұрғындардың экономикалық салалардың және қоршаған табиғи ортаның мүдделі қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз ету жолында су қатынастарын реттеу, су ресурстарын ластаудан, залалданудан, қоқыстанудан, азайып жоғалуынан қорғау, сондай-ақ қауіптіліктерді алдын ала ескерту, залалды ыкпалдылық етулерді жою – бұл саладағы, яғни су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту, құшейту болып табылады.

Су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайтуда, күшейтуде суды пайдалану мен оны қорғауда мемлекеттік басқарудың орны үлкен. Оның міндеттері Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 17-бабында аталып көрсетілген. Онда су ресурстарын пайдалану мен есептік ретін дұрыс жүргізу, суды қорғау міндеттерін орындау, залалды ықпалдарды дер кезінде жойып отыру ережелері мен талаптарын сақтауда, іске асыруда барлық министрліктер мен мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, өнеркәсіп орындары, ұйымдар мен азаматтар қамтамасыз етуге тиіс.

Су ресурстарын мемлекеттік басқару дегенді қалай түсінуге болады? Құқықтық әдебиетте бұл мәселе әрқалай анықталып жүр. Біздіңше, Б.Байсаловтың «Су шаруашылығын басқару – су заңдарының және сол заңдарға негізделген басқа да құқықтық актілердің орындалуын жүзеге асыратын қызмет түрі болып табылады. Ол су шаруашылығын ұйымдастырып жүргізуді, су ресурсын пайдалану мен сақтауды, су шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстарын тұрғызу мен ұстауды және оларды пайдалану мен қорғауда белгіленген ережелер мен тәртіптердің қатаң әрі табанды түрде сақталуы мен орындалуын кқамтамасыз етуді көздейді. Су шаруашылығын басқаруды су ресурстарының иесі – мемлекет және суды пайдаланатын немесе тұтынатын шаруашылыктар жүзеге асырады»106 – деген анықтамасы дұрыс.

Ауыл шаруашылығындағы суды пайдалануды мемлекеттік басқаруға да су пайдаланудың осындай жалпы сипаты тән.

Су мемлекеттік меншік құқығының нысаны болғандыктан, су ресурстарының қорғалуы мен пайдаланылуын басқару мемлекеттік сипат алады.107 Мемлекет су меншігі иесінің құқықтық өкілеттігін және егемендік құқықтық өкілеттігін өзінің органдары арқылы жүзеге асырады. Олар өз құзырлығының шегінде суды тиімді қорғау мен пайдалануды ұйымдастыруға бағытталатын мемлекеттік басқару актілерін орындайды. Басқару меншік қатынастарын айқындайтын тәсіл болғандықтан, меншік құқығы мен басқару құқығы арасында байланыс бар. Түптеп келгенде, суды пайдалану және қорғау арасында басқаруға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу осы байлықтың меншіктік қатынастарын реттеу болып табылады. Бүгінгі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін су пайдалануды басқаруда меншік материалды кепілдіктің қызметін атқарады.

Іс жүзінде суды пайдалануды мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушы қызметі белгілі-бір әрекеттер кешені ретінде сипатталады, олар басқару қызметі деп аталады. Қызметтердің мазмұны суды пайдаланудың тиімді әрі дұрыс ұйымдастыруымен анықталады. Су Заңы мемлекеттік басқарудың ең маңызды қызметтер қатарына: суды есептеу мен су кадастрын жүргізуді, суды бөлу және қайта бөлу, суды тіркеу, судың пайдалануын қадағалау, суды пайдалану саласындағы дауларды шешу т.б.

Басқару қызметтері өзара тығыз байланысты болады. Дегенмен судың тиімді пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыруда әр қызметтің дербес шешетін мәселелері болады. Есеп және кадастр судың дұрыс реттелуінің қажетті шарты болып табылады. Өз кезегінде су пайдаланушылардың арасында суды реттеу және қайта реттеу басқару қызметі болып табылады. Оның орындалу нәтижесінде судың құқық қатынастары пайда болады және аяқталады. Суды тіркеу нәтижесінде су нысандарын төлқұжаттау қамтамасыз етіледі.

Суды пайдалануды басқарудың кейбір қызметтері бір мезгілде бірнеше мәселені шешеді. Айталық, суды пайдалану және қорғау мәселелеріндегі дауларды шешу, суды пайдалануды қадағалау және бақылау басқару элементтері ғана емес, олар мемлекеттің құқық қорғау қызметі болып табылады. Мемлекеттің суға меншік құқығы болуына байланысты, суды реттеу қызметінің маңызы ерекше. Осы қызмет аркылы мемлекет судың құқықтық тағдырын шешеді және меншік иесі болған соң, өзінің үйлестіру құқығын жүзеге асырады.

Суды тиімді пайдалануды ұйымдастыруға байланысты басқару органдарының басқа әрекеттері, оларды белгілі-бір кәсіпорынға бергеннен соң ғана іске асырылады. Екінші жағынан, бұл қызмет суды пайдалану құқығының туындауына негіз болады. Су мемлекеттің меншігі болып табылады. Құзырлы мемлекеттік органдар су нысандарын мекемелерге, ұйымдарға және азаматтарға заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға бергеннен кейін ғана субъективті құқықтар пайда болуы мүмкін. Су ресурстары құқығының негізгі ерекшелігі осында. Сондықтан да суды бөліп беру қызметі суды пайдаланудағы қатынастарды құқықтық реттеудің, негізі болады және басқа мемлекеттік басқару элементтерге қарағанда құқықтық сипат алады. Суды бөліп беруді жүзеге асыратын үйлестірудің де құқықтық өкілеттігінің өз ерекшеліктері бар. Арнайы пайдаланылатын суға рұқсат берілерде, оның іске асырылуы мүдделі органдармен келісіледі. Мұндай тәртіп кездейсоқ орнатылмаған, өйткені су нысандары көбіне кешенді түрде пайдаланылады, яғни бірнеше мақсатта жұмсалады, сондықтан олардың өзара байланысын ескеру қажет болады. Суды пайдаланудағы мемлекеттік басқару қызметін қарастырғанда мынадай жағдайларға назар аудару қажет.

Біріншіден. суды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың қызметтері жалпы тұрақты. Осының арқасында елдегі суды қорғау қатынастарын дамытуға мемлекеттің мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты қызметтердің мазмұны мен сипаттары, жүзеге асырылу түрлері мен тәсілдерінің жетілуі және т.б. өзгеруі мүмкін. Мемлекеттің дамуына қарай кейбір қызметтер жойылып, олардың орнына нарық қатынастарының объективті заңдарын нақтылай бейнелейтін басқа қызметтер пайда болуы мүмкін. Айталық, су кадастрын жүргізу және суды экономикалық бағалау қызметінің пайда болуы, тек суды пайдаланушылардың шаруашылық дербестігі нығайғаннан кейін ғана және нарықтық қатынастардың дамуы мен жетілу мәселесі айқындалған соң ғана мүмкін болды. Соңғы жылдары суды қорғау мен жоспарлау қызметінің мазмұны елеулі өзгерістерге ұшырады.

Екіншіден, суды қорғау мен пайдалану саласындағы басқару қызметі жан-жақты әрі ауқымды сипатқа ие болып, мемлекет атынан орындалады. Осы арқылы олар пайдалану құқығына негізделген ішкі су ресурстарының ішкі шаруашылық басқару қызметінен әлдеқайда ерекшеленеді. Соңғысы суды пайдаланушылардың атынан жүзеге асырылады және соларға бағынышты адамдарға ғана тиісті болады. Олардың пайда болу тәртібінде, тәсілдерінде және орындалу түрлерінде т.б. айырмашылықтар кездеседі.

Үшіншіден, мемлекеттік басқару қызметтері суды қорғау мен пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастардың дамуы мен жетілуінің объективті жағдайларын бейнелейді, сондықтан олар басқару органдарын құруда, олардың жұмыс формалары мен тәсілдерін анықтауда өте маңызды мәнге ие болады.

Суды қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары суды пайдалану мен қорғауды одан әрі дамыту және жетілдіру жөніндегі проблемасын шешу үшін құрылады және олар қызмет барысында бір-бірімен өзара қатынаста болады. Сондықтан жұмыс көлемі, мазмұны және ауқымдылығы, нақты формасы мен қызметтерін жүзеге асыру тәсілі жағынан бірі-бірінен ерекшеленгенмен, өздерінің құрылымына сәйкес, олар белгілі бір жүйені құрайды. Бұл жүйеде олардың барлық құрамды бөліктері өзара байланысып, бір орталықтан басқарылады.

Суды қорғау мен пайдалануды басқару органдарының жүйесі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Су заңдарымен анықталады.

Кең мағынада алып қарағанда, су ресурстарын басқарумен мемлекеттік барлық органдар айналысады, атап айтқанда. Президент, Парламент, Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, сот, прокуратура және т.б. Олар мемлекет атынан жұмыс жүргізудің, белгілі бір өкілеттігіне ие болады және олардың қызметін мемлекет қорғауға алады. Айталық, сот және прокуратура органдары суды қорғау мен пайдалану саласындағы қатынастарға байланысты істерді шешеді және қадағалайды, су құқығын бұзушыларды жауапқа тартады.

Су ресурстарын басқаруда Парламент пен жергілікті өкілетті органдардың да қатысы елеулі. Парламент Су заңдарын шығарады әрі жетілдіреді, су қатынастарын реттеу жөніндегі халықаралық келісімдерді бекітеді немесе бұзады. Мәслихаттар суды пайдаланудың жалпы шарттарын белгілейді, судың қорғалуы мен тиімді пайдалануын бақылайды.

Су ресурстарын басқаруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқарар қызметі мол. Ол су ресурстарын қорғау, қайта өңдеу, пайдалану салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, оларды қорғау мен пайдаланудың тиімді негізгі бағыттарын бекітеді, су мен оны пайдаланудың мемлекеттік есебін жүргізудің тәртібін белгілейді, сондай-ақ су мониторингі мен мемлекеттік кадастрды анықтайды, суды қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылаудың орындалу тәртібін белгілейді.

Сонымен барлық мемлекеттік өкімет органдары мен басқару органдары су ресурсының тиімді пайдалануын ұйымдастыруда белгілі бір құқық пен міндеттерге ие. Бірақ олардың біреуінің басқару қызметтері көп те, біреуінікі – аз. Сонымен қатар кейбір органдар үшін суды қорғау мен пайдалану саласындағы басқару қызметі негізгі болып табылса, мемлекеттік органдардың кейбір бөлігі үшін бұл маңызды, бірақ оның бұдан өзге де қызметтері болады. Осы тұрғыдан алғанда су ресурстарын басқару саласындағы маңызды қызметті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы департаменті атқарады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша, ол өз қызметін тікелей бассейіндік, облыстық және басқа да табиғат қорғау органдары бөлімдерінің қатысуымен және басқа да арнайы өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындайды. Қазіргі Су заңына сәйкес аталған Департаменттің қызметіне мыналар кіреді: су пайдалану лимитін бекіту, су мен оның пайдалану есебі, мемлекеттік су кадастры мен мониторингін жүргізу, табиғатты қорғау органдарымен келісе отырып, суды арнайы пайдалануға рұқсат беру, суды пайдаланудың барлық түрінің техникалық шарттарын беру, экологиялық талаптарды ескере отырып, су ресурстарын кешенді пайдалану негізінде оларды аймақаралық, облысаралық, ауданаралық және салааралық деңгейде бөлуді қамтамасыз ету, өзендер, көлдер, басқа да су қоймаларының жағдайын жақсарту мақсатында, оларды сақтау үшін іс-шараларды іске асыру, судың зиян келтіретін әсерлерін ескеру және оларды жою, өзен бассейіндеріндегі су ресурстарын сақтау мен пайдаланудың негізгі бғгыттарын жасау, су ресурстарын қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, су қатынастарын реттеу мәселесінде кейбір мемлекеттермен өзара байланыс жасау.

Су шаруашылығы департаменті ведомстволық қызметтерге де ие. Оның суды қорғау мен пайдалану жөніндегі өз құзыретті деңгейіндегі нұсқаулары барлық азаматтар, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, ұйымдар мен мекемелер үшін міндетті болып табылады. Бұл олардың қандай ведомствоға жататындығы мен меншіктігіне қарамастан міндетті саналады.

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің де суды қорғау жөніндегі қызметі ерекше үлкен. Жалпы алғанда, су ресурстарын басқару органдарының қазіргі жүйесі тәжірибе жүзінде өзін-өзі ақтағанын атап өту қажет. Бұл жүйе бұдан кейін де сақталу тиіс. Дегенмен қазіргі Заңда суды пайдалану саласындағы кейбір басқару органдарының қызметі әлі де нақты анықталмаған. Бұл су қатынастарын жетілдіру мен дамыту мәселесін шешуде бірталай қиындықтар келтіреді. Болашақта заң шығарушы органдар жаңа Су кодексінде бұл кемшілікті жою кереқ

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысымен 1995 жылдың 29-сәуірінде бекітілген «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау туралы» Ережеде108 су ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың мемлекеттік органдарын айқындап, олардың қызметтік өкілдіктері мен міндеттерін жүзеге асырады. Бұл Ережеде Су ресурстарын қорғауды реттеу жөніндегі мемлекеттік тексеруші инспекторлардың құқықтық кепілдіктерін анықтап көрсеткен.

Суды пайдалану мен қорғауды басқару мынадай мемлекеттік органдар андар арқылы іске асырылады:

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы – министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті арқылы (олардың қарамағына қарайтын аймақтары шеңберінде);

- Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (олардың өз қарамағына қарайтын шеңберінде);

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметі (өзіне қарасты шеңберде);

- Қазақстан Республикасының Геология және жер асты байлығын қорғау жөніндегі комитеті (жер асты суларын қорғау бөлімі);

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті (өзіне қарасты шеңберде);

- Қазақстан Республикасының Тасқындардан қорғау жөніндегі комитеті (ПО – «Казселезащита» өзіне қарасты шеңберде).

Қазақстан Республикасының Ішкі істер миннстрлігі Су ресурстарын басқаратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ басқа да қажет еткен осындай органдарға суды ластанудан, залалданудан сақтау, қорғау шараларын іске асыруда тиісті дәрежеде ықпалды көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы»109 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы»110 Заңдарына сәйкес шекара әскерлері өздері әскери қызметін өтеп жүрген аудандарда, аймақтарда қажет болған жағдайда су ресурстарын қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау органдарына, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы шекаралық өзендер мен ішкі теңіз суларының, кемелердің т.б. өзен-теңіздерде жүзетін заттар арқылы былғанып ластанудан сақтау, қорғау қызметінде ықпалды қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік бақылау ісін салалап айтар болсақ:

- Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық заңды тұлғалар мен жеке азаматтардың меншік түріне және кімге қарастылығына, бағыныштылығына қарамастан Қазақстан Республикасының суды пайдалану мен қорғау жөніндегі заң талаптарын сақтау;

- Су объектілерін тиімді пайдалану, су ресурстарын ластануда қоқсықтанудан, сарқылмай құрып кету тәрізділерден қорғау, сондай-ақ су объектілерін мақсатты түрде пайдалану ережелерін сақтау

- Су үшін төлем ақыларын уақтылы өтеп отыру;

Су шығаратын құрьлымдар мен су шаруашылығы жүйесін, су қоймаларын, су қоймасы ретінде пайдаланылатын басқа да көздерін пайдалану ережелерін сақтауы;

- Барлық заңды тұлғалар мен жеке азаматтардың меншік түріне қарамастан, су объектілерін алғашқы алынған су мөлшерінен бастап, оған жіберілген судың, басталған су сапасын анықтау, суды тұтыну, тасталған, жіберілген суды есептеу, құрал-жабдыкгарының нақтылығы мен жай-құйі және ол құрал-жабдықтар мен аппараттарды белгілеген мерзімдер бойынша мемлекеттік аттестациялаудан өткізіп отыру жайында есеп берудің көрсетілген мерзімдік уакыттарына сай орындалу тәртіптерін сақтауы;

- Су ресурстарын қорғау аймақтарында суды қорғау шараларын, сондай-ақ судан келер қауіп-қатерлерге (таскындар мен оның т.б. зардаптарына) қарсы күрес шараларын іске асырып, орындап отыру;

- Суды ұтымды пайдалану және оны қорғау ісінде судың табиғи құйіне ықпал етерлік құбьлыстар мен қайта құру жұмыстарын жоспарлайтын, іске асыратын өнеркәсіп орындарының, басқа да құрылыс объектілерінің өз жобаларында белгіленген ережелердегі талаптарды сақтау;

- Суды пайдалану мен тұтыну қажетіне қарай бөлу, сондай-ақ суды пайдаланудың белгіленген тәртіптерін сақтау;

Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасы орынбасары суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас бақылаушысы болып табылады. Ол – Су ресурстары басқармасының бастығы, оның орынбасары. Су шаруашылықтарының аумақтық су қоймалары, су алаңдары бірлестіктерінің бастықтары қызметі бойынша суды пайдалану және оны қорғауды реттеу жөніндегі мемлекеттік бақылаушылары (аумақтық су қоймалары бойынша) болып табылады, ал олардың орынбасарлары – суды пайдалану және оны қорғауды реттеу жөніндегі аумақтық су қоймалық мемлекеттік Бас бақылаушыларының орынбасарлары.

Комитеттің су ресурстары жөніндегі басқармасының орынбасары, бас және көрнекті мамандары суды реттеу және оны қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аға бақылаушылары болып табылады. Бұл қызмет иелері суды пайдалану мен оны қорғауда тиісті шараларды талап етуге құқылы; суды пайдалану мен оны қорғау ережелері сақталмаған, бұзылған жағдайда суды пайдалануға берілген ерекше рұқсаттарды тоқтатуға құқылы; тәуліктің кез келген уақытында өздерінің қызметтік куәліктерін көрсете отырып, өнеркәсіп орындарына, мекемелерге, ұйымдарға т.б. объектілерге Қазақстан Республикасының Су туралы заңдылығы ережелерінің сақталу барысын тексеру мақсатымен кіріп бара алады; лауазым қызмет иелерінен, жекелеген адамдардан суды пайдалану мен оны қорғау жай-құйін анықтау мақсатымен анықтамалар, оның ішінде лабораториялық талдау нәтижелерін және т.б. толтыруға құқылы; қайықтар мен кемелерді, басқадай суда жүзу құралдарын тоқтатып, өндірістік зиянды қоқыстар немесе адам денсаулығына, су объектілеріндегі өсімдіктер мен жан-жануарларға зиянды ықпал етерлік заттар деңгейлерін тексеруге құқылы; жүргізілген тексерулер мен көріп-аңғарғандары туралы актілер жасауға құқылы; әкімшілік жауапкершілік жолымен Қазақстан Республикасының Су жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін ақшалай айып салуға құқылы; айыпты азаматтарды қылмыстық жауапқа тарту мәселесін шсшу жөнінде материалдар беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның жергілікті органдары суды пайдалану мен су көздерін қорғауда мемлекеттік тұрғыдан басқару жұмыстарын өздеріне жүктелген шектер бойынша іске асырады. Бұл органдар суды пайдалану мен оның төлемдерінің дұрыстығын; су жөніндегі заңдылықтың экологиялық талаптарының орындалуын, судың қоқсықтанудан, ластанудан, жоғалып-құрып кетпеуден қорғаудың дұрыстығын; суды тұтыну мен оны бөлудің тиісті мөлшерлерін сақтауды, сондай-ақ суды пайдалану және ағынды суларды үйлестіру шарттары мен реттерін, тәртіптерін, ағын суларды қорландыру, су шаруашылығы жүйелері мен су қоймаларын т.б. су көздерін пайдалану ережелерін орындаудың дұрыстығын бақылауға, тексеруге құқылы.

Қазақстан Республикасы Гидрометеорология және табиғи орта мониторингінің бөлімшелері өткізген бақылауларының көрсетуінше, Ертіс, Орал өзендерінің су алаңдары соншалықты ластанғаны байқалады. Негізгі ластаушы заттар құрамында ауыр металдар, жез, цинк, бор, хром, мұнай қоспалары, фенол, азоттық құрамдар бар. Орал өзенінің негізгі ластандырушылары Ресейдің ірі өндірістік тораптары, Елек өзенінің арнасымен Орал өзеніне бормен, хроммен ластанған сулар Ақтөбе облысынан келіп құяды111.

1996 жыл бойынша Сырдария, Шу, Талас, Есіл өзендері су алаңдарында сулардың ластану көрсеткіш төмендегіден байқалады: бір ғана жағдай – Лениногорск маңында Береке өзенінің су объектілерінде цинкпен соншалықты жоғарғы дәрежеде ластанғандық байқалды.

Табиғатты қорғау объектілерін салуға бөлінген жалпы құрделі қаржының 1996 ж. пайдаланылғанының 65%-ы су ресурстарын қорғауға бағытталды. Тараз қаласындағы тазарту құрылымы құрылысы созылып барады. Мұндайда ағын сулар ешқандай тазартусыз сүзгі алаңдарына құлайды, нәтижесінде су асты суларын ластауы мүмкін. Онда Свердлов, Жамбыл аудандарының шаруашылық және ішер ауыз сулары ластанып залалданады.

1996 жылғы Республика бойынша ел-жұртты, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде көптеген ыңғайсыз жайлар байқалды. Oның себебі су құбырларын жөндеу, жаңартып-жаңалау, қайта салу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілмеді, көптеген жағдайларда ауылдық су құбырлары тазартылып, залалсыздандырылмады, су жүретін арналарда көктемдік тазарту жұмыстары (дезинфекция) т.б жұмыстары жүргізілмеді.

Соншалықты ыңғайсыз жағдайлар Каспий теңізі маңындағы аймақтарда да қалыптасты. Бұл аймақтарда жерлер мен жағалаулар суларының мұнай мен мұнай өнімдері қоқсықтарымен соншалықты ластанғандығы байқалып аңғарылды.

Павлодар қаласында пайдалануға берілген 15 жылдық мерзім ішінде «Химпром» ӨБ өндіріс орнында сынап шашырандыларының есебінен жер қыртыстары мен жер асты суларының былғанып ластанған ошақты көздері пайда болған. Жер бетінің сынаппен былғанып-ластануы 521 мың 150 шаршы метрлік аумақты қамтыған. Осынша былғап-ластаушы сынаптың қорланған жалпы мөлшері 900 тоннадан асып жығылады. Сынаптың құрамы 7 ШРК-дан (Шектеулі рұқсат етілген концентрация) жоғары, ал бұл дегеніміз жер асты сулары мен Ертіс өзені суларын уландыру, ластау қауіптерін туғызады.

Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің бақылау-тексеру қызметі 1995–1996 жылдар аралығында суды пайдалану және су көздерін қорғау жұмысындағы іс-шараларды мемлекеттік тұрғыдан бақылауды іске асыруда көптеген жұмыстар істеді. Олар 1996 жылдың өзінде ғана 41333 тексеру жүргізді; табиғат қорғау заңдылығының 88474 бұзылу көріністері анықталды, 88061 ескерту жасалып, 7 млн 30 мың 803 теңге төлем өндіріліп алынды112.

Суды пайдалану мен қорғау жұмысын мемлекеттік тұрғыдан басқаруды іске асыру ісіне сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі де қатысады, атсалысады. Ол жөніндегі Ереженің 3 пунктіне сәйкес113 бұл органдар коммуналдық және тұрмыстық қызмет орындарының елді мекендерді сумен қамтамасыз етуінің, сарқынды сулар мен оның қалдықтарын жою шараларының, елді мекендерді тазартып огыру жұмыстарының жай-құйін бақылайды, алдын ала сақтандыру, ескерту шараларын жүргізеді, жер беті мен жер астындағы сулардың шаруашылық, ауыз су көздерін былғанып-ластанудан сақтау жолдары мен оларды іске асыру шараларын ескертіп отырады, олардың іске асырылуын бақылайды. Су қоймалары мен алаңдарын пайдалануда, оларды орналастыруда, жоба-жоспарын жасауда, сулардың, жай-құйіне ықпал етерлік құрылыс істерін жүргізуде, өнеркәсіп орындарын, ғимараттар мен т.б. объектілерді жаңғыртып-жаңартқанда белгіленген тазалық-гигиеналык шектер мен олардың талаптарының орындалуын, сақталуын бақылауды іске асырады.

Жоғарыда көрсетілгендей су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік тұрғыдан басқаруды іске асыруда 1995 жылғы 29 сәуірдегі «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау туралы» Ереженің 3. п. сәйкес114, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер қойнауын және жер ресурстарын басқару жөніндегі органы115. Денсаулық сақтау мннистрлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет116 саласындағы органдар да қатысып атсалысады. Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды іске асыру олардың құқықтары мен міндеттері жоғарыда аталған құқықтық құжаттың 14-пунктіне сәйкес мемлекеттік бақылау-тексеру түрлеріне сәйкес ережелермен, мемлекеттік бақылау-тексеруді іске асыратын, жүргізетін органдар туралы Ережелермен анықталып, айқындалған. Бұл органдар жөніндегі құқықтық-нормативтік актілерді зерттеу барысы көрсеткендей, су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудың мемлекеттік бақылау саласында олардың құқықтары мен міндеттері ол құжаттарда белгілі дәрежеде айқындалып, тұжырымдалмаған. Біздің көзқарасымызша, бұл органдардың өкілеттілігін анықтай жазып, жоғарыда аталған Ережені толықтыра түсу қажет тәрізді. Мысал ретінде айтар болсақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 19-ақпандағы Қаулысымен бекітілген Жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы Ережедегідей117.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет