***
Стамқұлов Ә. С., Мұхитдинов Н. Б.
Меншікті шаруашылықты праволық реттеу
КІРІСПЕ
КПСС XXVII съезі халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта берудің кең көлемді программасын қабылдады. Онда еліміздің Азық-түлік программа-сына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің молшылығын жасаумен бірге, халық тұтынатын товарларды көбейтудің, тұрғын үй мәселелерін шешудің шаралары белгіленді.
Съезд материалдарында азаматтардың өзіндік (меншікті) қосалқы шаруашылыцтарына көмек көрсету, жеке ұжымдық бағбандық пен бақша шаруашылығын кеңінен дамыту мәселелері тиісті орын алды. Бұл мәселелер Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1987 жылғы VI пленумында да ерекше айтылды.
Өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізудің нақты құқықлық негіздері мен оларға көрсетілетін көмектердің түрлерін айқындап беретін арнаулы қабылданған қаулылар бар. Олардың ішінде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1977 жылғы 14 сентябрьдегі «Колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілердің және басқа азаматтардың меншікті қосалқы шаруашылықтары және бау мен бақша серіктіктері туралы» және 1981 жылғы 8 январьдағы «Азаматтардың меншікті қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулыларын ерекше атап айтуға болады.
Колхозшылардың, жұмысшылардың қызметшілердің және басқа азаматтардың меншікті (дербес) қосалқы шаруашылықтарында және бау-бақша серіктіктерінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге, олардың артығын мемлекетке, сауда орындарына және базарларда сатуға қолайлы жағдайлар жасалып, ет, сүт және басқа өнім өндіруді молайту мүмкіндіктерін толық пайдалану шаралары жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде меншікті қосалқы шаруашылықтарда азық-түлік өнімдерін өндіруді арттыруға зор мүмкіншіліктер туып отыр.
Республикамыздағы колхоздардың аумағында азаматтардың 3 мың гектар, совхоздардың аумағында 19 мың гектар өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізетін жері бар. 1986 жылдың аяғында азаматтардың өзіндік меншігінде 2563,2 мың ірі қарасы, оның ішінде 1303,6 мың сиыры, 563,0 мың шошқасы, 4905,8 мың қой мен ешкісі, 418,8 мың жылқысы, 56,5 мың түйесі болды. Қазақ ССР-інде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің 24 пайызын «қосалқы шаруашылықтар берді, оның ішінде 20 % мал шаруашылығының өнімдері болды. Республикада өндірілетін еттің – 29,7, сүттің 42, жұмыртқаның 30, көкөністің 35 % проценті аталған қосалқы шаруашылықтардың есесіне тиеді155.
Ауылдағы көптеген отбасы өз шаруашылығында бақша және мал мен құс өсіріп, отбасы мүшелерін азық-түліктің барлық түрлерімен тұрақты түрде қосымша қамтамасыз ете отырып, колхоздарда, совхоздарда және басқа мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарда да белсене еңбек етіп жүр.
Қосалқы шаруашылығы бар отбасылар және бау-бақша өсірумен айналысатын көптеген азаматтар жұмыстан бос уақытында, мағыналы дем алып, өздерінің денсаулығын жақсартуға, бала тәрбиесіне, қоғамдық жұмыстарға қатысуға да уақыт табуда.
Азаматтардың меншікті малын жайылыммен, шөппен қамтамасыз ету үшін шабындықтар мен жайылымдар бөлініп беріледі. Сондай-ақ оларды колхоздар мен совхоздар мал азығымен де қамтамасыз етіп отырады.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1987 жылғы VI Пленумы «Облыстық партия комитеттері, облыстық атқару комитеттері, республиканың Мемлекеттік аграрлық-өнеркәсіптік комитеті шынайы еңбеккерлерді қолдап, олардың өзара мүдделері — мемлекет және жеке мүдделерді ұштастырудың заңды жолдарын табуына көмектесу кереқ.. өзара пайдалы шарт жасау арқылы колхоздар мен совхоздарда, колхозшылар мен совхоз жұмысшыларының меншікті шаруашылықтарында мал бордақылауды барынша көтермелеп, дамыта беру кереқ Бүл үшін шаруашылықтар жай және балауса жемшөпті жеткілікті мөлшерде, ал концентрат жемді мүмкіндігіне қарай беруге, бұл орайда ауыл шаруашылығының қызметкерлерінің заттай ақы ретінде едәуір мөлшерде концентрат алатынын ескеруге тиіс»156, деп көрсетті.
Алайда республикамызда өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу мүмкіншіліктерін азаматтардың толық пайдалана алмай отырған жайы да бар. Мысалы, қазірде республикада ауылдың 7 тұрғынына 1 сиырдан, екеуіне бір қойдан ғана келеді, жекелеген аудандардың колхоздары мен совхоздарында тұратын әрбір бесінші отбасы ешқандай мал ұстамайды157.
1987 жылы Одақ көлемінде өзіндік меншігінде бірде-бір мал ұстамайтын отбасылар ауылда тұратын барлық отбасының 33 %, сиыр ұстамайтындары 54 % болды158. Ал шошқа, қой мен ешкі ұс-тамайтындар бұдан да көп.
Республикамызда қазір колхозшылардың, ауылдық жерлерде тұратын жұмысшылар мен қызметшілер отбасының 30 %-не жуығы өз меншігінде мал ұстамайды, 32 % сиыр жок159.
Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің толып жатқан резервтері бар. Солардың бірі – меншіктегі мал санын заңда көрсетілген мөлшерде ұстаумен бірге оның өнімділігін молайту және сол шаруашылықтарды жүргізу үшін бөлініп берілетін жер телімдерінің қүнарлығы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
Сонымен бірге азаматтардың қосалқы шаруашылықтарына берілетін заңда көрсетілген жәрдемдер мен жеңілдіктер де толық пайдаланылмай келеді. Кейбір азаматтар салақтық жасап өзінің шаруашылығына дұрыс қарамайды, үй іргесіндегі жерді толық және тиімді пайдаланбайды. Ал кейбіреулер өзіндік қосалқы шаруашылықты тек қосымша пайда табу мақсатында ғана пайдаланады. Колхоз, совхоз және басқа қоғамдық ауыл шаруашылықтарында тиіп-қашып қана жұмыс істейді. Ауылда тұратындардың арасында шаруашылықтар мен мемлекет тарапынан берілетін көмекті дұрыс пайдалана алмай жүргендері де бар. Осындай олқылықтар өзіндік қосалқы шаруашылықтар алдына қойылып отырған маңсаттарға сай келмейді және оны жүргізу принциптерін бұзуға жол берді160.
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы ноябрьдегі «Аграрлық-өнеркәсіптік комплексті басқаруды одан әрі жетілдіру туралы»161 қаулысында азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығы, бау-бақша серіктіктері еліміздің азық-түлік кешенінің құрамдас бөлігі ретінде, оны одан әрі дамыту шараларын жүзеге асыруды СССР Мемлекеттік аграрлық-өнеркәсіптік комитетіне тапсырды.
Бұл ретте өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу мәселелерін құқықтық реттеу, жеке мүдденің қоғамдық мүддеге сай келу принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілетінін атап айтқан жөн.
Мемлекеттік және қоғамдық меншіктерді, сондай-ақ мүлкін, өзіндік меншігін пайдақорлық, біреудің еңбегін пайдалану мақсатында жұмсауға тыйым салынды. Осы тұрғыда заңның талаптарын бұлжытпай орындау әрбір азаматтың, лауазымды қызметкердің, кәсіпорынның, ұйымның және мекеменің міндеті.
Сұрақ-жауап ретінде жазылып, оқырмандарға ұсынылып отырған осы кітапта меншікті қосалқы шаруашылықтарды жүргізудің заңды актілерінде көрсетілген негізгі ережелер және өзіндік меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері, олардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сатуға байланысты колхоз, совхоз және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жасалатын арақатынастарды реттейтін, келісім шарттарының түрлері мен мазмұндары жан-жақты қамтылған.
Сонымен бірге өзіндік қосалқы шаруашылықтар иелері заңда белгіленген тәртіп бойынша жерді, суды, орманды пайдаланады, меншігіндегі малды мемлекеттен және колхоздардан жәрдем алыл бағатын болғандықтан, олардың заң жүзінде реттелуі де көрсетілген.
Жоғарыда аталған мәселелермен қатар, өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу құқығының мазмұны, принциптері, оны қорғау және осы саладағы тәртіптерді бұзғаны үшін заң жүзіндегі жауапкершілік туралы да айтылады.
___________________
-
ӨЗІНДІК ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың маңызы неде?
Үй іргесіндегі өзіндік қосалқы шаруашылық – бұл социалистік ауыл шаруашылығының, яғни азық-түлік кешенінің құрамдас бөлігі болып саналады. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді молайтуға қомақты үлес қосады. Әрбір адам үй шаруасында өзіне қажетті ет, сүт, жұмыртқа, бал, жүн, картоп, көкөніс және жсміс-жидек өндіреді. Жалпы елімізде өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің 25 %-ы осы аталған шаруашылықтарда өндіріледі.
1986 жылы бүкіл елімізде өндірілген өнімнің: еттен – 27, сүттен – 21,5, жұмыртқадан – 27, балдан – 56, жүннен – 25,3, картоптан – 60, көкөністерден – 90, жеміс-жидектерден 40 %-ы осы шаруашылықтарда өндірілді. Осы өндірілген өнімнің көпшілігі шаруашылық иелерінің (отбасы мүшелерінің) қажеттеріне жұмсалады. Ал 12 %-ы базарда немесе сауда-дайындау орындарында сатылады162. Мұның өзі халық сатып алатын товарлардың мөлшерін молайтады.
Колхоздар мен совхоздар және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдар өз аумағында тұратын азаматтардан артық азық-түлік өнімдерін сатып алып, қажеттеріне жаратады. Өзіндік қосалқы шаруашылық жалпы азық-түлік қорын молайтуға үлес қосады. Мемлекет есебінен бұл азық-түлік өнімдерін өндіру үшін елеулі қаражаттар жұмсалмайды.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың маңызы тек осы аталған экономикалық шеңбермен шектелмейді. Оның әлеуметтік мәні де аз емес. Мысалы, аталған өзіндік қосалқы шаруашылықтардан алынатын азық-түлікті өндіру үшін, еңбек ресурстарын мсмлекет немесе қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдар іздестірмейді. Керісінше өзіндік қосалқы шаруашылықтардың еңбек ресурстары ауыл шаруашылық өнімдерін молайтуға қатыстырылады.
Колхоздарда, совхоздарда және басқа мемлекеттік және қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін еңбекшілер, сессияға жасы жеткендер және басқа жұмыстан бос азаматтар қабілетіне қарай өздерінің косалқы шаруашылықтарында еңбек етіп, пайдалы жұмыспен айналысады, дене шынықтырып, денсаулығын жақсартады. Айта кететін тағы бір жағдай, ол өзіндік қосалқы шаруашылығы бар азаматтар, өздеріне қажетті азық-түлік өнімдерін сатып алуға қаржы жұмсамайды және оларды іздестіруге уақыт кетірмейді.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтардың қоғамдық шаруашылықтарға келтіретін пайдасы қандай?
Совхоздарда, колхоздарда басқа да шаруашылық кәсіпорындарында және ауыл мекемелерінде жұмыс істейтін колхозшылар, жұмысшылар мен қызметшілер өзіндік қосалқы шаруашылығында өндірілетін өнімдер есебінен өздерінің қажеттерін қамтамасыз етеді.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтар болмаған жағдайда аталған азаматтар және олардың отбасы мүшелері өздерін ауыл шаруашылық өнімдерімен мемлекет (қоғам) қорынан немесе совхоздар мен колхоздар есебінен сатып алуға мәжбүр болар еді.
Сонымен бірге өзіндік қосалқы шаруашылықтар ауылда азық-түлік қорларын молайтудың тиімді көзі болып саналады.
Сондай-ақ совхоздар мен колхоздар қоғамдық малдың төлін, құсын қосалқы шаруашылық иелеріне келісім-шартпен мемлекетке өткізу салмағына жеткенге дейін бақтыруына (бордақылауына) болады немесе азаматтардың малын бақтырып (өсіріп), өзіндік қосалқы шаруашылықтарда өндірілстін басқа өнімдерді (мысалы, сүтті, ас бұршақты) келісім-шартпен сатып алып, мемлекетке өткізуіне болады.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтардың еңбек резервтерін, азық-түлік өндіру мумкіндіктсрін дұрыс және тиімді пайдалануды жолға қойған колхоздар мен совхоздарда және басқа шаруашылықтарда жалпы өндірілетін ауылшаруашылык, өнімдерінің 10–20 %-ы қосалқы шаруашылықтардық үлесіне тиеді. Кейбір шаруашылықтарда бұл көрсеткіштер одан да жоғары. Мысалы, Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты Қаскелең тәжірибе шаруашылығының 1985 жылғы мемлекетке тапсыратын ет және сүт өнімдерінің 40 %-ы осы шаруашылықтағы азаматтардын өзіндік қосалкы шаруашылығынан өндірілді163.
Осы шаруашылықтың басшылары былай дейді: қосалқы шаруашылықтың жері аз, жайылымды, шабындықты көбейтуге мүмкіндік жоқ, сондықтан малды, құсты азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында бағып, өсіріп мемлекетке өткіземіз.
Кокшетау облысының Қызылсай совхозында мемле¬кетке өткізілетін еттің 5, сүттің 15 проценті өзіндік қосалқы шаруашылықтарының үлесіне тиеді. Оның үстіне совхоз олардан жылда 500–600 бас бұзау сатып алып, совхоз малының санын молайтады.
Тағы бір айтылатын мәселе – жерді тиімді пайда-лануға азаматтардың қосалқы шаруашылықтарын қатыстыру. Ол үшін көлемі шағын жерлерді, трактор, техника құшін пайдалануға мүмкіншілік бола бермейтін – ауыл ішіндегі, арналар арасындағы, жол жағасындағы, тағы басқа ыңғайсыз жерлерді ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатында заңда көрсетілген тәртіппеп беруге болады.
Құнарсыз, батпақты, тасты, бұталы тағы басқа осындай алқаптарды ұжымдық бау серіктіктестеріне беpiп, жасыл алаңдардың, бау мен бақшалардың көлемін арттыруға болады.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың қандай түрлері бар?
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың бірнеше түрі бар. Заңда көрсетілген құқықтық режим олардың түрлеріне байланысты белгіленеді. Осы тұрғыдан алғанда, өзіндік шаруашылық – колхоз бен совхоздарда – колхозшылардың және жұмысшылар мен қызметшілердің шаруашылықтары болып бөлінеді. Әрбір отбасының өндіріспен байланысты болуына қарай өзіндік косалқы шаруашылықтың осы топтың қайсысына жататынын ажыратуға болады. Мысалы, колхозшының қосалқы шаруашылығы колхоз өндірісімен байланысты. Колхозшы отбасының барлығы колхозға мүше болып кірулері кереқ Егер колхозшы отбасының кейбір мүшесі басқа жерде жұмысшы немесе қызметші болып жұмыс істесе де, колхозшы отбасының құқығы сақталады.
Жұмысшылар мен қызметшілер әртүрлі өндірістерде жүмыс істейді және ол өндірістер ауылдық жерлерде немесе басқа елді мекендерде орналасуы мүмкін. Соған орай жүмысшылар мен кызметшілердің және отбасы мүшелерінің (жасына және денсаулығына қарай пенсия алатындар) өзіндік дербес шаруашылықтарын атына тіркеуіне байланысты түрлері болады: совхоз және басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысшылары және қызметшілерінің ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін және тұратын басқа да адамдардың қызметше қарай өндірілетін жер үлесін пайдаланатын жұмысшылар мен қызметшілердің, кала мен жұмысшы поселкелерінде жеке қоныс мекендері мен үй іргесіндегі жерлерін пайдаланатын жұмысшылар мен қызметшілердің, саябағы бар жұмысшылар мен қызметщілердің өзіндік қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бау және бақшасы бар жүмысшылар мен кызметшілердің және басқа азаматтардың шаруашылықтары жатады.
Өзіндік қосалқы шаруашылығының принциптері қандай?
Бұл жерде әңгіме өзіндік қосалқы шаруашылықты реттеуге байланысты қойылатын талаптар социалистік коғам принциптеріне сәйкес туындайды. Мысалы, Негізгі заңдағы (Конституцияда) «Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге – еңбегіне қарай» деген прннципі сакталады. Өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу құқығының принциптері бар. Олар: өзіндік қосалқы шаруашылықтың социалистік ауыл шаруашылығының құрамдас бөлігіне жататындығы, өзіндік қосалқы шаруашылық құқығының талаптары жалпыға бірдей қолданылатыны, жеке мүддені қоғамдық мүддемен ұштастыру, қосалқы шаруашылықты өз еңбегімен жүргізу, шаруашылықтың белгілі мақсатқа сай және нормаланған мөлшерде жүргізу принциптері сақталады.
Азаматтар өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізгенде аталған приициптерді басшылыққа алып, шаруашылығының қосалқы сипатын сақтауға міндетті. Оны табыстың, негізгі көзі деп қарауға болмайды. Өйткені негізгі табыс – азаматтардың колхоздарда, совхоздарда және басқа кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда үлгілі еңбек тәртібін сақтай отырып, алатын еңбек ақысы және қоғамдық тұтыну қорлары болып саналады.
Өзіндік қосалқы шаруашылығының құқығы деген не?
Өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заң актілерінде көрсетілген тәртіп ережелерінің жиынтығы, яғни азаматтардың, экономикалық және әлеуметтік жеке қажеттіктерін қосымша өтеу үшін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге бағытталған заңда көрсетілген әрекеттерінің, тәртібі.
Өзіндік қосалқы шаруашылықты реттейтін кандай негізгі заң актілері бар?
Мұндай актілердің қатарына алдымен СССР Конституциясы мен Қазақ ССР Конституциясы жатады. Онда «Азаматтардың пайдалануында қосалқы шаруашылық жүргізу (соның ішінде мал мен құс ұстау), бау мен бақша өсіру үшін, сондай-ақ жеке тұрғын үй салу үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша берілетін жер телімдерді болуы мүмкін» деп көрсетілген. Мемлекет пен колхоздар азаматтардың қосалқы шаруашылықты жүргізуіне көмектеседі (13 бап).
Колхоз мүшелерінің, қосалқы шаруашылығы колхоздың Үлгі жарғысы және балық аулайтын колхоздардың Үлгі жарғысымен реттеледі164. Колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілердің және басқа азаматтардың, қосалқы шаруашылығы және ұжымдық бау мен бақшалары жөнінде арнаулы қаулылар бар. Олардың қатарына КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1977 жылы 14 сентябрьде қабылдаған «Қолхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілердің және басқа азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтары және ұжымдық бау мен бақша туралы», 1981 жылы 8 январьда «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында ауыл шаруашылық өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулылары жатады.
Ұжымдық бау өсірушілер туралы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі мен Қазақ, республикалық кәсіподақтар кеңесінің 1986 жылы сентябрьдегі қаулысымен бекітілген «Қазақ ССР-індегі, Бау өсіру серіктігінің Үлгі Жарғысы» бар165.
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесі 1987 жылы сентябрь айында «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын, ұжымдық бау мен бақшаны дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулы қабылдап, жалпыодақтық жаңа тұжырымдар белгiледi166 .
Өзіндік Қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын мүлікке байланысты қатынастар азаматтық және отбасы туралы заңдармен реттеледі.
Азаматтардың аталған шаруашылықтарын жүргізу үшін берілетін жер телімдерін пайдалану жөнінде Қaзақ ССР жер туралы, ормандардағы жайылымды пайдалану, шөп шабу, орман туралы, су туралы заңдары бар (соның ішінде Қазақ ССР-інің Жер кодексі 1971 жылы 21 июльде, Орман кодексі 1978 жылы, 11 августа, «Су кодексі 1972 жылы 27 декабрьде, Жер қойнауы туралы кодексі 1976 жылы 4 августа қабылданған).
Аталған зақдардан басқа өзіндік қосалқы шаруашылықтың кейбір мәселелерін реттеуге бағытталған СССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Төралқаының жарлықтары, СССР Министрлер Кеңесінің, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың қаулы мен қаулылары т. б. заңды актілері бар. Олар жөнінде кітаптың тиісті жерлерінде сөз болады.
Өзіндік қосалқы шаруашылығы құқығының құрылымы қандай?
Аталған қосалқы шаруашылык құқығының кұрылымы мынадай: жерді пайдалану құқығы, өзіндік шаруашылықты жүргізу үшін өзіндік меншік құқықсы, мемлекет және колхоздар тарапынан берілетін жәрдемдерді пайдалану құқығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және сату үшін келісімдер жасау құқығы және өзіндік шаруашылық құқығын қорғау (сақтау) мәселелерінен кұралады. Кітаптың мазмұны, тараулары осы кұрылымға сай келеді. Бірақ мемлекет және колхоздар тарапынан берілетін жәрдемдерді өзіндік шаруашылық иелерінің пайдалану құқығы, жерді пайдалану құқығы мен өзіндік меншік құқығына үйлесімді болғандыктан, сол құқықтардың аумағында айтылатын болады.
Өзіндік шаруашылық құқығының құрылымына еңбек ету құқығы да жатады. Ол жөнінде СССР Конституциясында (Негізгі заңында) «Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге – еңбегіне қарай» деген принципіне сәйкес мемлекет еңбек пен тұтыну мөлшерін бақылау жасайды. Бұл принциптің өзіндік қосалқы шаруашылыққа да қатысы бар. Өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізгенде адам құшін қанауға болмайды. Ол тек отбасы (аула) мүшелерінің еңбек құшімен атқарылуы, жүргізілуі тиіс. Бұл еңбек туралы арнаулы қаулылар жоқ Мемлекет пен колхоз тарапынан еңбек етуді жеңілдететін жәрдемдер туралы, ол жәрдемдердің түрлеріне қарай кітаптың тиісті орнында айтылады.
Өзіндік қосалқы шаруашылықпен айналысатын азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері қандай?
Өзіндік қосалқы шаруашылықпен айналысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері осы шаруашылықтық түрлеріне қарай анықталады. Олар жер телімдерін пайдалануына, меншігінде тұрғын үй, қора-жай ұстауға байланысты болады. Өзіндік қосалқы шаруашылығы бар азаматтардың жалпы құқықтары мынадай:
- қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген жерді пайдалану;
- тұрғын үй, қора-жай салу, бау-бақша өсіру;
- мемлекет пен колхоздың қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін берілетін көмектерін пайдалану;
- өзіндік шаруашылығында заңда көрсетілген мал түрлерін, қоян, құс, бал арасын ұстау;
- қосалқы шаруашылық өнімдерін өз еркі бойынша пайдалану; артық өнімдерді колхоздарға, совхоздарға, сауда орындарында, базарда сату.
Қосалқы шаруашылығы бар азаматтардың жалпы міндеттері:
- қосалқы шаруашылықтық өз мәнін сақтау, оны қосымша табыстың негіз есебінде пайдалану;
- қосалқы шаруашылықты өзінің, отбасы мүшелерінің еңбегімен жүргізу, адам қүшін қанамау;
- жерді, суды тағы басқа табиғат байлығын көрсетілген мақсатқа және ұтымды пайдалану;
- табиғатты аялап, оның байлығын қорғау;
- мемлекеттің, колхоздардың және басқа кооперативтік ұйымдардың меншігін заңсыз пайдаланбау, оларды ұқыпты қарау және сақтау;
- колхоздардың, совхоздардың, көршілес жер пайдаланушы азаматтардың құқықтарын сақтау, бұзбау; олардың егінін, өсімдіктерін таптамау, малға жегізбеу;
- өзіндік меншіктегі немесе пайдаланудағы мүлікті еңбексіз табыс табу үшін, қоғам мүддесіне нұқсан келтіретін етіп пайдаланбау.
Қосалқы шаруашылықтың түрлеріне байланысты құқықтар мен міндеттердің ерекшеліктері туралы кейінгі тақырыптарда айтылады.
Өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу құқығы – отбасының құқықсы ма, жоқ жеке азаматтардың құқығы ма?
Бұл сұрақты заң әдебиеттерінде көрсетілгендей, дербес өзіндік шаруашылықтың субъектілері кімдер деп те қоюга болады. Колхоздың Үлгі жарғысында (П.42), қазақ ССР-інің азаматтық кодексінде (заңында) аталған шаруашылықты жүргізу құқығы колхозшы отбасына (ауласына) тиісті. Сондай-ақ Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің, 112-бабында және колхоз жарғысына сәйкес колхозшы үйінің меншілігінде өзі пайдаланып отырған үй іргесіндегі жер телiмдерінде шаруашылығы, тұрғын үйі, малы, құс және ауыл шаруашылығының, ұсақ саймандары болады»167 деп көрсетілген, Осыған орай колхозшы отбасын (ауласын) өзіндік шаруашылықтың субъектісі деуге болады. Отбасында (аулада) қанша колхозшы адам болса да, бір ғана өзіндік қосалқы шаруашылығы болуы кереқ Егер колхозшы отбасының (ауласының) кейбір мүшелері жұмысшы және қызметші болып жұмыс істесе де сол отбасының (ауланың) мүшесі болып саналатын болғандықтан олардың басқа өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізуге құқығы жоқ.
Жұмысшылар мен қызметшілердің отбасында да, бір ғана өзіндік қосалқы шаруашылық болады. Қазақ ССР-нің, Жер кодексінің 92-бабында жұмысшылар мен қызметшілерге қосалқы шаруашылық жүргізу үшін үй іргесіндегі жері олардың әр отбасында беріледі деп көрсетілген. Сол сияқты жұмысшылар мен қызметшілердің өзіндік меншігінде ұстайтын мал саны да олардың отбасына нормаланған.
Мысалы, Қазақ, ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1977 жылы 8 декабрьде қабылдаған жарғысында «Жұмысшылар, қызметшілер және қоғамға пайдалы еңбекпен шұғылданатын басқа да азаматтар, 1 және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен жасы қартайған азаматтар, отбасы басына мал ұстай алады»168 деп көрсетілгсн.
Сондықтан жұмысшы мен қызметшілердің және колхозшы отбасына жатпайтын басқа азаматтар отбасының пайдалануында өзіндік қосалқы шаруашылығы болуы мумкін. Отбасы мүшесі қайсысына үй іргесінен жер ресурс басқадай жер берілгендігіне қарамастан, малдың, кұстың отбасы мүшесінің қайсысына тиісті болғанымен, оларды отбасында ортақ пайдаланады.
Жалпы отбасында (аулада) бір қосалқы шаруашылық болуға тиіс.
Өзіндiк қосалқы шаруашылықтан алынған өмімдерді сатудан түскен табыстарға салық салына ма?
Өзіндік қосалқы шаруашылықтан алынған ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен табыстарға салық салынбайды. Бұл туралы СССР Министрлер Кеңесінің 1983 жылғы 29 сентябрьдегі «Халықтан табыс салығы алынбайтын азаматтардың табыстары туралы» қаулысында атап көрсетілген169.
Колхоздардың, совхоздардың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің азаматтарға өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін беретін көмектері қандай?
Колхоздар, совхоздар және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындар, сондай-ақ тұтынушылар кооперациясының жергілікті ұйымдары колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілердің және басқа азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу жағдайларын жақсартуға, олардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сату мүмкіншіліктеріне жағдай жасауға, шаруашылықты ұйымдастыру мен агрономиялық, техникалық-малдәрігерлік және басқа көмектерді көрсетіп отыруға міндетті.
Колхоздар, совхоздар және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үй іргесіндегі жер телімдерін әрбір отбасыға бөліп беріп, оларды өңдеуге, жемшөп дайындауға, оны тасып жеткізуге, өнімді тасымалдауға және өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған басқа да құрал-саймандарымен жабдықтауға міндетті. Сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылыктарда жұмыс істеуі үшін жеткілікті мөлшерде олардың жылқы немесе басқа жұмыс көлігі, шағын механикаландыру құралдары болуы кереқ
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы сентябрь айында «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын, ұжымдық бау мен бақшаны дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес колхоздар, совхоздар және басқа ауыллардағы мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдары азаматтарға жылқы және басқа күш көлігін сатуға құқылы. Азаматтар оларды өзіндік косалқы шаруашылыктарында ұстап, қосалқы шаруашылықтың және шаруашылықтармен жасаған шарттарды орындау жұмыстарына пайдалана алады.
Колхоздар, совхоздар және басқа да ауыл шаруашылық орындар азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын ұйымдастыру, ұлғайту мақсатында, жеке өзіндік меншігіне үй, мал қораларын салуға, оларды уақтылы жөндеуге қажетті шағын механикаландыру құралдарын сатып алуға заңда көрсетілген тәртіп бойынша қажетті мөлшерде банк қарыздарын беріп отыруға тиіс.
Колхоздар, совхоздар және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары өздерінде жұмыс істейтін жас отбасыларын өзіндік қосалқы шаруашылығын құрып, дамытуға мүдделілігін арттыру мақсатында оларға шаруашылық есебінен мал төлін тегін беріп және қажетті шаруашылық қора-жайларын салуына көмектесіп тұруға тиіс.
Совхоздарда және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары қолданылып жүрген тәртіп бойынша дәнді- дақылдар өсірумен шұғылданатын бригадалар мен звенолардың жумысшыларына бригада (звено) бойынша жоспардан тыс алынған жалпы түсімнің 15 %-дей мөлшерде тегін астық беру; ауыл шаруашылык жұмыстарына белсене қатысқан шаруашылық қызметкерлеріне, сондай-ақ егін жинауға қатыстырылған азаматтарға еңбек ақысы ретінде орындаған нормасы үшін 1,5 кг дейінгі мөлшерде астық беру; картоп, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, бақша және мал азықтық дақылдарын өсіру мен жинауға белсене қатысқан шаруашылық қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтарға еңбек акы есебінен, осы өнімнің жоспарлы жалпы түсімінің 15 %-на дейінгі мөлшерде және шаруашылық басшысының қалауы бойынша, жоспардан тыс жалпы түсімнің 30 %-нан аспайтын мөлшерде алынған өнімнен беріп отыруға құқығы бар.
Совхоздардың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорыпдарының өндірісіне белсене қатысып, бірақ қолданылып жүрген ережелер бойынша астық алуға құқығы жоқ қызметкерлерге аталған шаруашылықтарда ұзақ жұмыс істеген зейнеткерлерге, мемлекетке астық тапсыру жоспары орындалғаннан кейінгі, кәсіподақ комитетімен келісе отырып, жалпы түсімнің 3 %-на дейінгі мөлшерде, ал тұрақты еңбек ететін қызметкерге немесе зейнеткерге жылына 2 центнерден асырмай астық, сатылады. Мұндай материалдық ынталандыру шаралары мен өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізудің материалдық негіздері колхоздарға да ұсынылған.
Колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары аумағында тұратын азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығын арттыру мақсатында шошқа торайларын, құс балапандарын өсіріп сатуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |