Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


Жер пайдаланушы азаматтарға келтірілген зияндарды өтеу тәртібі қалай реттеледі?



бет16/27
Дата13.06.2016
өлшемі3.91 Mb.
#133197
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Жер пайдаланушы азаматтарға келтірілген зияндарды өтеу тәртібі қалай реттеледі?
ССР Одағы мен одақтас республикаларының жер заңдары негіздерінің 18-бабына және Қазақ ССР Жер кодексінің 58-бабына сәйкес мемлекеттік немесе коғамдық қажеттер үшін жер телімдерін алудан немесе уақытша пайдалану салдарынан жер иемденушілерге келтірілген

зиян өтелуге тиіс. Жер иелеріне жеке адамдардың келтірген зияндары Қазақ ССР-інің Азамат кодексінің нормаларымен реттеледі.

Азаматтарға келтірілген зияндарды өтеу тәртібі жер телімдерін пайдаланудың түрлеріне байланысты әрқилы, сондықтан ол мынадай актілермен:

СССР Министрлер Кеңесінің 1961 жылғы 15 декабрьде қабылдаған «Мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттіктерге жер бөлуге байланысты құлатылатын азаматтардың тұрғын үйі, басқа құрылыстары мен қора-жайларының бағасын, оларға өтеу және оларды тұрғын үй алаңымен қамтамасыз ету туралы171 және 1974 жылғы 9 августа қабылданған «Мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттерге жер бөлген кезде жер иелеріне келтірілген зияндар мен алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің шығының өтеу туралы»172 қаулыларымен реттеледі.

Азаматтардың өзіндік меншігіндегі жер телімдерінің мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттіктер үшін алынуына байланысты олардың тұрғын үйлерін бұзғанда ол азаматтарға, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ осы үйде тұрақты тұратын басқа азаматтарға мемлекеттік нсмесе қоғамдық тұрғын үй қорынан белгіленген мөлшерде пәтер беріледі. Оның үстіне тұрғын үй иелеріне олардың қалауы бойынша бұзылатын үйлердің құрылыстары мен қора-жайларының материалдарын пайдалануларына болады.

Азаматтардың қалауы бойынша халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері, олардың үй-құрылыс кооперативтеріне кезектен тыс мүше болып кіруін және олардың пәтер алуын қамтамасыз етеді немесе олардың бұзуға жататын тұрғын үйлері мен басқа да құрылыстарының жаңа жерге көшіруі және қалпына келтіруі мүмкін. СССР Министрлер КеңесІ кейбір жағдайларда тұрғын үйлері бұзылатын азаматтарға қалауы бойынша жаңа жерде тұрғын үйлер мен құрылыстар салынып, осы азаматтардың өзіндік меншігіне беріледі. Бұл жағдайда бұзылатын тұрғын үйдің, құрылыстардың бағасы өтелмейді.

Мемлекеттің немесе қоғамның қажеттері үшін жер телімдерін кері алуға байланысты, азаматтардың өзіндік меншіктегі тұрғын үйлері мен құрылыстарын, қора-жайларын бұзғанда, оларға жеміс-жидек өсімдіктерінің, және егінінің, бағасы да төленеді. Бұлардың бағасын азаматтарға жер берген мемлекеттік немесе қоғамдық және басқа кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар (үй-құрылыс кооперативтерінен басқа) өтейді. Басқа жағдайларда, соның ішінде үй-құрылыс кооперативтеріне, жері алынып, кері берілгенде аталған төлемдерді халық депутаттарының жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері өтейді.

Ұжымдық бақтар мен бақшаларға арнап берілген жер телімдерін, қызметіне қарай берілетін жер үлестерін алған немесе уақытша кері алған кезде пайдаланылмаған шығындардың жер жыртудың, тыңайтқыштар енгізудің, егістен басқа жұмыстардың құны сол жерде орналасқан мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарында осындай жұмысқа пайдаланылып жүрген, ал жұмсалған тұқымның, минералды тыңайтқыштар мен басқа да материалдардың құны бөлшек сауда бағалары бойынша анықталады; жеміс-жидек егістіктерінің құны республикада бекітілген нормативтер бойынша анықталады және азаматтардың иелігіндегі салынған үйлер мен қосалқы жайлардың бағасы өтеледі.


Азаматтардың жерді пайдалануға байланысты жер даулары қалай шешіледі?
Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 207–208-баптарына сәйкес азаматтардың жер дауларын халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері шешеді.

Қалалар мен жұмысшы поселкелерге қарайтын жерлердегі және ауыллык елді мекендердегі, халық депутаттарының қалалық, ауыллық, ауылдық Кеңестерінің атқару комитеттері бөліп берген жер телімдеріндегі жеке үйлерді бірге иемденушілер арасындағы ортақ жер телiмiн пайдалану туралы дауды сот қарайды (Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 217-бабы).

Жер дауында екі жақтың бірі, жерді пайдаланушы немесе оның өкілі, халық депутаттарының жергілікті Кеңесі атқару комитетінің шешіміне риза болмаған жағдайда жоғары тұрған Кеңестердің атқару комитетіне немесе Қазақ ССР Министрлер Кеңесіне шағым беруге құқылы. Шешім нәтижесі екі жаққа бірдей тапсырылған құннен бастап, он құн мерзімнің ішінде оған риза емес жағы шағым беруге болады. Берілген шағым тиісті Кеңестің атқару комитетінде қаралып, бұрынғы шешімнің өзгертілмей қалдырылуы немесе бурынғы шешімнің құшін жойып, қайтадан қарауға жіберілуі немесе дау жөнінде жаңа шешім қабылдануы, тіпті шешімді өзгертуі де мүмкін.
Колхоздарда колхозшы отбасына (ауласына) үй іргесіндегі жерді беру тәртібі қандай?
Колхозшы отбасына (ауласына) колхоздың жарғысында көрсетілген тәртіп пен норма шеңберінде үй іргесінен жер телiмi беріледі. Ол отбасына тұрғын үй және жеке шаруашылық құрылыстарын салу үшін, бау мен бақша отырғызуға, сондай-ақ басқа қажеттері үшін пайдаланылады.

Колхозшы отбасы мүшелерінің (ауласының) бөлінуі, үй іргесіндегі телiмiнің, бөлінуін қажет етпейді. Жанадан пайда болған колхоз отбасына (ауласына) егер ол халық депутаттарының ауыллық, ауылдық Кеңесінің шаруашылық кітабында жеке отбасы болып белгіленген тәртіппен тіркелген болса, үй іргесіндегі жерден колхоз жалпы учаске береді.

Кейбір реттерде үй іргесіндегі телiмнiң көлемі көп болса, колхозшылардың жалпы жиналысының немесе уәкілдер жиналысының шешімі бойынша, колхозшылар (аулаларының) арасында бұл учаскені бөлуге жол берілуі мүмкін. Бірақ мұнда жаңадан салынатын құрылыстар елді, ауыллық мекеннің жоспарлау және салу жобасын бұзбайтындай болуға тиіс (Қазақ ССР-нің Жер кодексінің 86, 88-баптары).

Колхоздың Үлгі жарғысының 42 тармағында колхозшы отбасына (ауласына) берілетін жердің көлемі суарылмайтын жерлерде 0,50 гектарға дейін, суарылатын жер-лерде 0,20 гектарға дейін берілуі мүмкін деп көрсетілген еді- Енді оның мөлшерін колхоздар мен халық депутаттарының ауылдық және поселкелік Кеңестері азаматтарының қоғамдық өндіріске қатысуын еске ала отырып белгілейді.

Ауылдық елді мекендерде тұтас құрылыс салған кезде колхоз отбасына (ауласына), жұмысшыларға, қызметшілер мен басқа да азаматтарға олардың тұрғын үйлері (пәтерлері) жанынан жер учаскелер аз мөлшерде бөлінеді, ал жер телiмiнің қалған бөлігі елді мекен аймағынан тыс жерден бөлінеді.

Көп қабатты үйлерде тұратын колхозшыларға, колхоз аумағында осындай үйлерде тұратын жұмысшыларға және қызметшілерге ұжымдық баулар мен бақшаларға жер берілуі мүмкін. Тұрғын аймақтан тыс жерлердегі учаскенің бөлігіне құрделі сипатты құрылыс салуға тыйым салынған (Қазақ ССР-інін Жер кодексінің 96-бабы).


Үй іргесіндегі учаскені колхозшы отбасында (ауласында) қалдыратын қандай негіздер бар?
Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 87-бабына және колхоздың Үлгі жарғысының 42-тармағына сәйкес колхозшы отбасының (ауласынын) еңбекке жарамды жалғыз мүшесі мерзімді әскери міндетінде болса, окуға түссе, колхоздың келісімімен немесе ұйымдасқан түрде жұмысқа алу тәртібімен уақытша басқа жұмысқа ауысса, сондай-ақ колхозшы отбасының, (ауласының) құрамында тек жасы толмағандар ғана қалса немесе колхозшы отбасының мүгедектігіне байланысты барлық отбасы мүшелері қартайған немесе жұмысқа жарамайтын болса, колхозшы отбасының (ауласының) үй іргесіндегі жер телiмiн пайдалану құқығы колхозда көрсетілген мөлшерде сақталады.

Бұдан басқа барлық реттерде үй іргесіндегі учаскелерді сактау туралы мәселені колхоз мүшелерінің жалпы жиналысы шешеді.


Жұмысшыларға, қызметшілерге және басқа азаматтарға үй іргесіндегі жер телiмiн беру тәртібі және мөлшері қандай?
Ауылдық жерде тұратын, колхоз мүшесі емес азаматтардың, отбасына үй іргесіндегі жер телімдерін колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер береді.

КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын, ұжымдық бау мен бақша шаруашылығын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1987 жылғы қыркүйек айында қабылданған қаулысына сәйкес азаматтардың үй жанындағы телімдерінің көлемі совхоздардың жұмысшылары мен қызметшілерінің, басқа да ауыл тұрғындарының қоғамдық өндіріске қатысуын ескере отырып, халық депутаттарының ауылдық және поселкелік Кеңестерінің колхоздар мсн совхоздардың шешімімен белгіленеді.

Совхоздардың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылык кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары басшыларының бұйрығымен өз аумағында жұмыс істейтін және тұрақты тұратын азаматтардың отбасына жер береді. Олардың қатарына жататындар: көмекші (қосалқы) шаруашылықтары, ауыл шаруашылык тәжірибе және оқу тәжірибе шаруашылықтары мен орман питомниктерінің тұрақты жұмысшылары, қызметшілері мен мамандары, ауыл және орман шаруашылықтарының мамандары, бастауыш және орта мектептердің, ауыл шаруашылық техникумдары мен ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелерінін директорлары, оқу бөлімінің меңгерушілері, оқытушылары мен басқа қызметшілері, ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық жарақтандыратын Қазақ мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті материалдық-техникалық құралдармен жабдықтайтын бас басқармасының жөндеу шеберханалары мен өндірістік бөлімшелерінің қызметкерлері, ауылдық жерде орналасқан су шаруашылығы органдары мен гидрометеорология қызметінің қызметкерлері, байланыс, сүт, май шайқау және ірімшік жасау заводтарының, ауыл шаруашылық азық-түліктерін өңдеу жөніндегі басқа кәсіпорындардың, совхоз жұмысшы кооперациялары мен ауылдық тұтынушылар қоғамының қызметкерлері, ауылдық Кеңестердің, клубтар мен кітапханалардың, балалар үйлерінің, бақшалар мен яслилердің қызметкерлері, милицияның учаскелік инспекторлары және өртке қарсы құресу бөлімдерінің, сондай-ақ Қазақ ССР Министрлер Кеңесі бекіткен тізімдегі басқа категориялардың жұмысшылары мен қызметшілері.

Басқа жұмысшылар мен қызметшілерге, сондай-ақ қартайғандарға, мүгедектер мен зейнеткерлерге (үй іргесіндегі жер телімдерінің мөлшері бұрынғы көлемде сақталатындардан басқалары) колхоздарда, совхоздарда, басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, ұйымдар мен мскемелерде, үй іргесінде де бос жер болған құнде, тиісінше колхоз мүшелерінің жалпы жиналысының немесе уәкілдер жиналысының, не совхоздың, кәсіпорынның, мекеме әкімшілігінің шешімі бойынша үй іргесіндегі жер телiмi берілуі мүмкін. Бұл шешімді Қазақ ССР-інің Жер кодексінң. 91-бабына сәйкес халық депутаттарының ауыллық, ауылдық Кеңесінің аткару комитеті бекітеді.


Совхоз жұмысшыларының, қызметшілерінің және колхоз аумағында, сондай-ақ ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың теплица, монша және гараж салу құқығы бар ма?
Ауылдық елді мекендерде тұратын және барлық азаматтардың әрбір отбасы үшін көлемі 50 шаршы метрге дейін, оның ішінде 20 шаршы метрге дейін жылытатын теплица салуға, ал колхоздармен, совхоздармен, басқа да мемлекеттік, кооперативтік кәсіпорындармен және ұйымдармен шартқа отырған жағдайда көкөніс өндірумен айналысқысы келетін азаматтарға 500 шаршы метрге дейін жылыжай салуға құқығы бар.

Жеке үйі бар азаматтарға үй жанынан гараж және монша салуға рұқсат етілген.


Жұмысшылар мен қызметшілерге берілген үй іргесіндегі жер телімдерінің алғашқы көлемін сақтау негіздері қалай?
Қазақ ССР-інің Жер кодексі 92-бабының «а» тармағында үй іргесіндегі жер телімдері бар жұмысшылар мен қызметшілердің қартаюына немесе мүгедектігіне байланысты зейнетке шыққан жағдайында, сондай-ақ СССР Қарулы күштер қатарына мерзімді әскери міндетін атқаруға шақырылған немесе оқуға түскен кезінде, олардың үй іргесіндегі телімдері бұрынғы көлемде сақталады.

Қолхоздың совхозға айналған жағдайында осы кодекстің бабындағы «а» тармағында көрсетілген кәсіпорынға, ұйым мен мекемеге жұмысқа ауысқан бұрынғы колхозшылардың, сондай-ақ осы кодекстің 87-бабында көрсетілген негіздерге сай бұрынғы колхозшы отбасының (ауласының) үй іргесіндегі телімдері бұрынғы мөлшерде сақталады Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 93-бабы).


Үй іргесіндегі нормалы жерден артық, қоғам шаруашылығына пайдалануға ыңғайсыз, үйге іргелес жатқан жерді пайдалану тәртібі қандай?
Жерді пайдалануды реттеуге байланысты мұндай жерлердің болуы мүмкін. Қазақ ССР-інің Жер кодексінде ондай жерлерді үй іргесіндегі жердің мөлшерінен артық беруге шек қойылмаған. РСФСР және басқа республикалардың жер кодекстерінде мұндай жерді үй іргесіндегі жері бар адамдарға оған шектес бірыңғай учаскелерден артық беріледі (РСФСР Жср кодексінің 66-бабы).

Қазақ ССР-інде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1964 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақ ССР колхозшыларырының, жұмысшыларының, қызметшілерінің және басқа азаматтарының үй іргесіндегі пайдаланатын жеріне орынсыз шек қоюды жою туралы» қаулысында «Үй іргесіндегі пайдаланатын жердің қалыптасқан мөлшерін, сондай-ақ отбасы құрамын ескере отырып, кейбір отбасына үй іргесіндегі жер телiмiнің мөлшерін көбейту көзделген»173.

Осыған орай жұмысшылар мен қызметшілерге және басқа азаматтарға берілетін үй іргесіндегі қосымша жер қоғам шаруашылығына пайдалануға ыңғайсыз жерлерден ғана беріледі.
Колхоз бен совхоз жерінде тұратын, бірақ колхоз бен совхоз аумағынан басқа жақта жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің отбасындағы (жоғарыда Жер кодексінің 92-бапсының «а» тармағында көрсетілгендерден басқа) бұрын пайдаланып жүрген үй іргесіндегі жер мөлшері сақтала ма және ондай отбасылардың жер пайдалану құқығы қандай?
Козхоздарда азаматтарға жер берудің үш негізі бар: біріншісі – отбасы мүшесінің барлығы немесе кейбіреуі колхозға мүше болып кіргендерге; екіншісі – колхоз (совхоз) аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты жұмыс істейтіндерге, үшіншісі – колхоз (совхоз) аумағында тұрақты тұратындарға.

Аталған бірінші негіз бойынша колхоз бен совхозға мүше болған азаматтардың арасында еңбек қатынастары туады. Колхозға мүше болған азамат колхоздың қоғамдық жұмыстарында үлгілі еңбек тәртібін сақтап, жұмыс істеуі тиіс. Егер ол колхоздан шығып кетсе, колхоз бен оның отбасының ешқандай мүшелік және еңбек қатынастары болмаса және үй іргесіндегі жерді пайдалану құқығы сақталатын негіздер болмаса, колхоздар мен совхоздар, халық депутаттарының ауылдық және поселкелік Кеңестері олардың қоғамдық өндіріске қатысуын ескере отырып белгілейді.

Екінші және үшінші негіздер бойынша берілетін үй іргесіндегі жерді жұмысшылар, қызметшілер мен мамандардың қоғамдық еңбек қатынастарына және шарттармен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, колхоздарға, совхоздарға және басқа ауыл шаруашылық, кәсіпорындарына, мекемелері мен ұйымдарына, сондай-ақ тұтыну кооперациясыныц ұйымдарына сатылуына байланысты колхоздар мен совхоздар және басқа ауыл шаруашылык ұйымдары, мекемелері мен кәсіпорындары жергілікті кеңестердің келісімімен береді.
Жұмысшылар, қызметшілер және басқа азаматтарға бақша телiмiн беру тәртібі және мөлшері қандай?
1. Қазақ ССР-інің Жер кодексінің, 89-бабында совхоздарда, басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылык кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде тұрақты жұмыс істсйтін жұмысшылар мен қызметшілерге, сондай-ақ ауыллық жерде жұмыс істейтіп және тұратын мұғалімдерге, дәрігерлерге және басқа мамандарға осы мақсатқа арналған жерден үй іргесіндегі жер телімдерін немесе бақша егетін жер беріледі деп көрсетілген. Жоғарыда аталған адамдарға бақша үшін жер телімдері үй іргесіндегі жерлерден немесе оған мұқтаж болмаған жағдайларда басқа жерден беріледі.

Үй іргесіндегі жер телімдерінің орнына, ауылда тұратын азаматтарға бақша егетін жер телімдерін беру уақытша деп есептеуге болады. Себебі СССР-дің 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған Азық-түлік бағдарлама «ауылда тұратын әрбір отбасының, үй жанындағы телiмi болуына, мал мен құс ұстауына жағдай жасау» керек деп көрсеткен.

2. «КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылық өнімін өндіруді молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1981 жылғы 8 қаңтардағы қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 16 ақпандағы қаулысында халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттеріне картоп пен овощ дақылдарын өсіру үшін өнеркәсіптіц, транспорттың және ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге де кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланбайтын жерлерінен, сондай-ақ қалалар мен басқа да елді мекендердің шеңберіндегі пайдаланбайтын жерлерден азаматтарға уақытша пайдалануға жер телімдері, оларды тікелей максатқа пайдаланбайтын уақытқа беріледі деп көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген жеке бақша телімдерінің мүшелері Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 94-бабына сәйкес бір отбасыға суарылмайтын жерлерде — 0,15 гектарға дейін және суарылатын жерлерде — 0,08 гектарға дейін белгіленген.


Жеке бақшаны бұрынғы мөлшерде қалдыру құқығын сақтау үшін қандай негіздер бар?
Қазақ ССР-інің Жер кодексінің жоғарыда аталған 89-бабында көрсетілген жұмысшылар мен қызметшілер қартайғандығына немесе мүгедектігіне байланысты зейнетке шыққан жағдайда, сондай-ақ СССР Карулы Құштерінің қатарына мерзімді әскери міндетін атқаруға шақырылған немесе жоғары оку орнына окуғa түскен жұмысшылар мен қызметшілер отбасыларының, олар әскери міндетте немесе оқу орындарында болған барлық мерзіміпде жеке бақшасын бұрынғы мөлшерде пайдалану құқығы сақталады.

Ауылдық жерлерде тұрғын үйлерді сатуға немесе сыйға тартуға байланысты жер телiмiн пайдалану тәртібі қандай?

Сатып алу, сату немесе сыйға тарту нәтижесінде тұрғын үйді және қора-қопсы құрылыстарын меншіктену құқығының ауысуы осы құрылыстар орналасқан жер телiмiн иемдену құқығының ауысуына соқтырмайды. Мұндай құрылыстар орналасқан жерді пайдалану құқығы тек заңды түрде жер бөлініп берілгеннен кейін пайда болады.

Қалалар мен қала төңірегіндегі поселкелерде тұрақты тұратын және ауылдық елді мекендерде өзіндік құқығында тұрғын үйі бар азаматтарға қора-қопсы ұстау және ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін қора-қоп-сының орнын қоса ессптегенде 600 шаршы метрге дейін жер телiмi беріледі. Оның нақты көлемін жерді пайдалануға беретін органдар белгілейді.


Ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға мал жаюға, шөп шабуға, жемшөптік дақылдар өсіруге және басқа қажеттіктері үшін берілетін жерлердің мөлшері қандай және олар қандай жерден беріледі?
Бұл аталған қажеттіктер үшін жер тек өз меншігінде малы бар адамдарға мемлекеттік жер қорынан, мемлекеттік орманды жер қорынан, жұмысшы поселкелердің жерінен, сондай-ақ, қоғамдық ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерден беріледі. Мұндай жер болмаған жағдайда мал жаюға арналған учаске, жер пайдаланушылардың сол учаскслерді құту және жақсарту жөніндегі шығындарын мал иелері өтейтіндей етіп, колхоздардың, совхоздардың, басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарыпың, үйымдары мен мекемелерінің жерінен белгіленген тәртіп бойынша берілуі мүмкін.

Ауылдық жерлерде тұратын өз меншігінде малы бар азаматтарға шөп шабу үшін жер телімдері мемлекеттік жер аймағынан, мемлекеттік орманды жер қорынан, теміржолдар мен тас жолдар бойынан және қоғамдық ауыл шаруашылығына арналмаған басқа да жерлерден беріледі.

Мал жаю және шөп шабу үшін берілетін жер учаскелерінің көлемін, пайдалану мерзімі мен тәртібін халық депутаттарының ауылдық, қалалық, аудандық Кеңестерінің атқару комитеттері белгілейді.

Малы бар қызметкерлерге орман шаруашылығының кәсіпорындары (мекемелері мен ұйымдары) қызметіне қарай жер үлестіріп береді. Аталған кәсіпорындар (мекемелер мен ұйымдар) қызметіне қарай жер үлесін ал-майтын орман шаруашылығының және орман дайындау өндірісінің малы бар жұмыскерлеріне малы үшін шөп және шөп шауып алатын жер телімдерін беруге міндетті174.

Колхоздар, совхоздар және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өздерімен және Тұтыну кооперациясының ұйымдарымен мал шаруашылығы өнімін өндіруге және сатуға шарттар жасасқан колхозшыларға, жұмысшыларға, қызметшілерге және басқа азаматтарға жем-шөптік дақылдар өсіру үшін үй іргесі жері есебінен, қажет болған жағдайда шаруашылықтар уақытша пайдаланбайтын учаскеден қосымша жер беруге құқылы. Олардың мөлшерін аталған жер берушілер мал шаруашылығы өнімдерін өндіру шарттарына байланысты жағдайларды ескеріп, суарылмайтын жерлерден 10 гектарға дейін, суарылатын жерлерден 1,5 гектарға дейін белгілейді.

Заңда көрсетілгсн жағдайларда аталған азаматтарға малы мен құсгарына арнап азықтық дақылдар өсіру үшін, сондай-ақ басқа да қажеттіктері үшін жер берілуі мүмкін.

КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 23 сәуірдегі «Қарақұмық, тары, үрме бұршақ және жасымық дәндерін өндіруді және дайындауды ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар туралы»175 қаулысына сәйкес колхоздар мен совхоздар өздерімен осы дақылдарды өсіріп, сатуға келісім жасаған азаматтарға қосымша жер береді.
Азаматтарға жеке тұрғын үй салуға жер телімдерінің берілу тәртібі мен мөлшері қандай?
Жоғарыда үй-жай салатын телімдерін қалаларда халық депутаттарының қалалық Кеңестері атқару комитеттерінің шешімі бойынша, қаланы жоспарлау мен салудың жобасына сәйкес, сондай-ақ шаруашылықты орналастыру жоспарына сәйкес басқа елді мекендерде ауыллық, ауылдық және поселкелік Кеңестердің атқару комитеттері өз қарауындағы жерлерден беретінін атап көрсеттіқ Қалаларда бұл жерлердің берілу мөлшері 0,03 гектардан 0,06 гектарға дейін, жұмысшы поселкелерінде – 0,07 гектардан 0,12 гектарға дейін, ауыллық, ауылдық Кеңестердің қарауындағы жерлерден 0,12 гектарға дейін. Алматы қаласынан басқа қалаларда, жұмысшы поселкелерінде және ауылдық елді мекендерде тұратын үй құрылысы үшін жер учаскесі жемдік дақылдар өсіріп, мал бордақылағысы келетіндерге суарылмайтын жерлерде 0,5 гектарға дейін және суармалы жерлерде 0,2 гектар мөлшерінде белгіленеді.

Мұндай жерлер тұрғын үйлері жоқ азаматтарға олардың арыздары бойынша барлық елді мекендерде беріледі. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы 1 шілдедегі «Жеке және кооперативтік тұрғын үй құрылысы туралы»176 қаулысына сәйкес Алматы қаласында жеке үйлер салу үшін жер берілмейді.


Жеке үй салуға жер алған азаматтардың құқықтары мен міндеттері қандай?
Жеке үй салып алуға жер алған азаматтар жерді белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады. Тұрғын үй, қора-қопсы салу, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын және басқа жұмыстарды жүргізген кезде, жоспарлау мен құрылыс жобасын және шаруашылықты жерге орналастыру жоспарын сақтау мқксатында азаматтар қалалық, аудандық архитектор немесе үй-жай шаруашылығы мекемесімен жерді мерзімсіз уақытқа жеке тұрғын үй салуына ұлықсат берілгені жөнінде шарт жасасуға міндетті177. Үй-жай салуға берілген жерге құрылыстар орналастырып алу мерзімі – 3 жыл. Егер себепті жағдайлар болса, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Ауыллық елді мекендерде, жұмысшы поселкелерінде, сондай-ақ калалардағы жеке құрылыс аудандарында әрбір отбасы үшін көлемі 50 шаршы метрге дейін, оның ішінде 20 шаршы метрге дейін жылытылатын жылыжай салуға, ол колхоздармен, совхоздармен, басқа да мемлекеттік, кооперативтік кәсіпорындармен және ұйымдармен шартқа отырған жағдайда көкөніс өсірумен айналысқысы келетін азаматтарға 500 шаршы метрге дейін жылыжай салуға рұқсат етіледі.


Қалалардағы жеке үйге меншік құқығы ауысқан кезде жер телiмiн пайдалану құқығы қандай?

Қазақ ССР-інің Жер кодексінің 120-бабына сәйкес қаладағы үйге немесе оның бөлігіне меншік құқығы ауысқан кезде тиісті жер телiмi немесе оның бөлігін пайдалану құқығы да ауысады.

Жер телiмiн пайдалану құқығы үйге меншік құқығын белгілейтін құжаттар негізінде жаңа меншік иесіне ауысады. Жер телiмiн пайдалану документі жаңа меншік иесінің атына аударылады.

Үйге меншік құқығы бірнеше азаматқа ауысқан кезде, олардың әрқайсысы жер телiмiнің тиісті бөлігімен пайдаланады. Егер үйді меншіктенушілердің арасында жер телiмiн бөлу мүмкін болмаса, бұл учаске олардың ортақ пайдалануына көшеді.


3. ҰЖЫМДЫҚ БАУ-бақша СЕРІКтесТІКТЕРІНІҢ ЖЕРДІ

ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫғы
Жұмысшылардың, қызметшілердің және басқа азаматтардың бау-бақша серіктестіктері қалай құрылады және оларға кімдер мүше бола алады?
Серіктестікке мүше болғысы келетін адамдар саны 30-дан кем болмаған жағдайда кәсіпорын, мекеме, ұйым жанынан бау-бақша өсіру серіктігі ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай адамдардың саны отыздан аз болған жағдайда кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың орналасқан жеріндегі халық депутаттары аудандық, қалалық Кеңесінің атқару комитеті осы серіктестікке кіргісі келетіндердің саны көбірек кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың біреуінің жанынан бау-бақша өсіру серіктестігін кұру үшін олардың ұжымдық бау-бақша өсіру серіктігін құруға рұқсат бере алады.

Бау-бақша өсіру серіктестігіне мүше болып кіргісі келетін адамдардың жалпы жиналысының, кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті бекіткен қаулысымен, сол кәсіпорын, мекеме, ұйым жанынан серіктестік құрылады.

Оған жасы он сегізге толған сол кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, зейнеткерлері, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша серіктестіктің мүшелігіне қабылданған басқа да азаматтар, бау-бақша өсіру серіктестігіне мүше бола алады.

Үй іргесіндегі телiмi қора-жайы салынған жер телiмi, өзіндік меншігінде саяжайы барлар немесе саяжай-құрылыс кооперативінде мүше болып тұратындар, мемлекеттік саяжайлармен немесе қызметіне карай берілетін жер үлесін пайдаланатын жалпы шаруашылығы бар бір отбасыда мүше болатын азаматтар серіктікке мүше бола алмайды. Сол сияқты басқа бау-бақша серіктігіне мүше болып кіргендердің де екінші серіктестікке мүше болып кіруіне рұқсат етілмейді.

Бау-бақша өсіру серіктестігі мүшелерінің бірі денсаулық жағдайына немесе серіктік Жарғысының, талаптарын орындауға сай келмейтін басқа да дәлелді себептерге байланысты серіктестіктен шыққан жағдайда, егер оның отбасының бір мүшесі бау-бақша телiмiн онымен бірге пайдаланса және оны игеруге қатысса, ол серіктестікке мүшелікке кіре алады.

Азаматтар серіктестіктен басқа себептер бойынша шықса серіктестік мүшелігіне бау-бақша учаскесін пайдалануға және игеруге қатысқан саны мүшесі, ықылас білдірушілер болмаған ретте, сол салалық қызметкері қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет