ӘОЖ 371.64/69:004.087 Қолжазба құқығында
СЕЙЛОВА ШАРА АППАЗОВНА
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ХИМИЯ ПӘНІНЕН ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
6М011200 –Химия мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және химияны оқыту әдістемесі»кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: техника ғылымдарының
кандидаты С.М.Наренова
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
докторы Р.Н.Наурызбаева
Қорғау 2012 жылдың «___»________күні сағат ______ Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен-жайы: 120014 Қызылорда қаласы ,Амангелді көшесі, 66, 9-оқу ғимараты, жаратылыстану факультеті, дәрісхана 303)
Магистрлік диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Ғылыми техникалық кітапханасында танысуға болады.
Мемлекеттік Аттестациялау
Комиссиясының хатшысы: К.Ш.Арынова
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектепттерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламада, оқу процесіне педагогикалық және ақпаратты технологияларды кеңінен пайдалану - оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген.
Ақпарат ағымының ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты, қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу-тәрбие процесіне, оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында орта білім беруді ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу процесі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен сипатталады. Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық техника мен технологиялар негізін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, яғни ғаламдық ақпарат жемісін өзінің танымындық ізденістеріне пайдалана білуі көзделген. Алайда, бұл іргелі ғылыми зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселе.
Оқушылардың сапалы білім алуындағы танымдық белсенділікті қалыптастырудың аса маңызды екендігі белгілі. Осы магистрлік диссертация маңызды проблеманы шешуге арналған. Жұмыста оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда электрондық оқулықтың рөлін атап көрсеттім.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау ақпараттық технологиялар талабы тұрғысынан оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық-педагогикалық негізі әлі де болса зерттеулерді қажет ететінін байқатты.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген Назарбаев Н.Ә.[34]. Осыған байланысты ХХІ ғасыр ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялар құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу процесіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Жеткіншектерге қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік беретінін күнделікті іс - тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің шешімі – оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды ендіруде жатыр. Педагогикалық технология оқу процесінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу процесіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу процесін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сол себепті, қазіргі кезде танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттыру педагогика ғылымы мен практикасының жаңа болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен іздену негізінде шығармашылық негіздегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, ізделіп отырған мәселенің шет елдегі жағдаймен танысуына толық мүмкіндік туады.
Зерттеудің мақсаты:химия сабағында электрондық оқулық көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердегі химияны оқыту процесі.
Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық белсенділігін электрондық құралдарды пайдалану негізінде арттырудың дидактикалық принциптері.
Зерттеу міндеттері:
-
оқушылардың танымдық белсенділігін электрондық оқулық көмегімен арттырудың ғылыми-теориялық негізін анықтау;
-
«Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша электрондық құралдарды құрастыру және жасау.
-
8-сыныпқа химия пәнінен оқу үрдісіне «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауына құрастырылған электрондық құралдарды (ЭОМ) енгізу.
-
оқушылардың танымдық белсенділігін электрондық құрал(ЭОМ) пайдалану арқылы қалыптастырудың деңгейлерінің өзгеру көрсеткіштерін анықтау;
-
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда химиядан тақырыптық сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық құралдар пакетін жасауға қажетті талаптарды анықтау және оны мектепте оқу үрдісіне енгізудің жолдарын айқындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер химия сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетіне компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп, білім сапасы артады.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу процесінде компьютерлік технологияны пайдалану-олардың қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне ғылыми таным теориясы, тұтас педагогикалық процестегі тұлғаның қалыптасу теориясы, іс-әрекеттер теориясы, компьютерлік технологияны оқу процесінде қолданудың ғылыми тұжырымдамалары, Қ.Р. Білім беру заңы, Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамыту туралы директивалық нұсқаулар, Қ.Р. ресми материалдары /Қ.Р. білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ақпараттандыру саласындағы құжаттар/ жатады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі зерттеу әдістері қолданылды:
Мемлекеттік деректік құралдарды, заңдарды зерделеу; зерттеу бағыты бойынша ғылыми-әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау; оқушылармен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, ата-аналарымен әңгімелесу, олардың арасында сауалнамалар жүргізу; оқу процесіне енгізу жолдарын ұсыну.
Зерттеу процесі бірнеше кезеңдерде жүргізілді:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалды. Қойылған мәселе бойынша алғашқы идеялар тұжырымдары кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарында тындалды.
Екінші кезеңде зерттеу жұмысының басты идеясын оқу процесіне енгізу жолдары мен мүмкіндіктері зерттелді. Қызылорда қаласы мектептеріндегі компьютерлік бағдарламалардың жетілдіру жағдайлары қарастырылды.
Үшінші кезеңде «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша құрастырылған электрондық оқу модулінің (ЭОМ) және мектеп үрдісіне енгізілетін оқу әдістемелік нұсқаулар кафедра және факультеттің ғылыми-әдістемелік семинарларында тыңдалып, мақұлданды.
Төртінші кезеңде теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері жалпыланып, талдау жасалынды, диссертацияның техникалық даярлығы аяқталды.
Зерттеу базасы: зерттеудің эксперименттік базасы кафедраның, факультеттің ғылыми-әдістемелік семинарлары болды.
Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- оқушылардың танымын технологиялық, жеке-тұлға қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізі анықталды:
-
8-сыныпқа химия пәнінен «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша электрондық құралдар жасалынды.
-
Жасалынған электрондық құралына 18 электрондық оқу модулі (ЭОМ) кіреді.химия пәнінен оқу үрдісіне «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауына құрастырылған электрондық құралдарды (ЭОМ) енгізу.
-
ЭОМ Ақпараттық және практикалық модулдерінен тұрады . Ақпараттық модульде негізгі және қосымша мәліметтер келтірілген.Практикалық модульде негізгі,қызықты және бейне тәжірибелер сипаттамасы, тапсырмалар( жаттығулар, есептер, тест және қызықты тапсырмалар)берілген.
-
оқушылардың танымдық белсенділігін электрондық құрал (ЭОМ) пайдалану арқылы қалыптастырудың деңгейлерінің өзгеру көрсеткіштері анықталды;
Зерттеудің практикалық құндылығы:
Диссертацияда негізделген теориялық пайымдаулар мен практикалық ұсыныстарды жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға, оқу процесінің сапасын арттыруға, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында химия пәні мұғалімдерін дайындауға, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында электрондық оқулықтарды дайындау ісіне пайдалануға болады.
Қорғауға зерттеудің төмендегі қорытындылары ұсынылады:
- оқушылардың танымдық белсенділігін электрондық құралдар көмегімен қалыптастырудың теориялық негіздері;
- оқушылардың танымдық белсенділігін электрондық құралдар қолдану арқылы қалыптастырудың деңгейлері және көрсеткіштері, математикадан тақырыптық сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық құралдар пакетін жасауда қажетті талаптар және оларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы мен тәжірибеге енгізілуі:
Зерттеудің аралық және қорытынды нәтижелерін жариялау үшін кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарларында республикалық ғылыми-тәжірибелік, республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияларында баяндамалар жасалды.
Жұмыстың апробациясы.Жұмыстың нәтижелері көрсетілген және баяндалған.
Жарияланған басылымдар.Жұмыстың нәтижелеріне байланысты 5 ғылыми басылым жарияланды.2 әдістемелік нұсқау жасалынды.
Диссертацияның құрылымы:
Диссертация кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
I.Негізгі бөлім.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті негізделіп, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы келтірілген.
Кіріспеде таңдап алынған зерттеу тақырыбының көкейтестілігі негізделеді, зерттеудің мақсаты, міндетттері, нысаны, пәні, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми-практикалық жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар толық баяндалған.
Бірінші бөлімінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық жүйедегі даму кезеңдеріне шолу жасай отырып, бұл мәселеге танымдық белсенділікті арттыру – жеке тұлғаның қызметтік танымын қалыптастырудың басты шарты деп қарастыра отырып, танымдық белсенділіктің қалыптасуының ғылыми - теориялық негізделген деңгейлері және көрсеткіштері, компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері баяндалады.
Екінші бөлімінде Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуының деңгейлері баяндалған.
II.Эксперименттік бөлім.
Әдістемелік бөлімінде химиядан тақырыптық сабақтар үшін кампьютерлік бағдарламалық құралдар пакетін жасауға қажетті талаптары айқындалып, оларды жүзеге асыру әдістемесі баяндалады.
Сондай - ақ, эксперименттік жұмыстарға қажетті сауалнамалық сұрақтар берілген.
2.1 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауына электрондық оқу модулінің әдістемесі
2010-2011 оқу жылында 8-сынып оқушыларына оқу процесінде жүргізілген анализ нәтижесі олардың теориялық материалдарды игеруде химиялық символиканың қиыншылықтарын көрсетті. Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы бойынша мұғалімдерге жүргізілген (23мұғалім қатысқан), сауалнама нәтижесі мемлекеттік тілде электронды тасымалдағыштағы дидактикалық материалдарды пайдалануда қиындық туғызатынын көрсетті. Көптеген мектептерде сабаққа, химиялық экспериментке қажетті химиялық құрылғылар, химиялық реактивтердің жоқтығы химиялық экспериментті толық көлемде жүргізуге мүмкіндік жоқ. 50% дан жоғары мұғалімдер ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктеріне: презентацияларға, видеоматериалдарға, қосымша материалдарды түсіндіруде интерактивті тақта көмегіне жүгінеді. Көп жағдайда дидактикалық материалдарды іздеуде көп уақыт кетеді.Көптеген мұгалімдер (65%) теориялық материалы бар, білімді тексеруде (жаттығулар, есептер, тесттер, экспериментальді есептер), видеотәжірибе, сабақтан тыс уақытта жүргізетін сарамандық және лабораториялық жұмыс қарастырылған электрондық оқулық қажеттігін көрсетті. Ақпараттық компьютерлік технологияның бар мүмкіндігін толық көлемде пайдалануға мүмкіндігі бар электрондық жинақ жасау қажеттілігін осы анализ дәлелдеп отыр. Алға қойылған мақсатты шешуде (2010жылы) ҚР және алыс жақын шетелдерде білім кеңістігінде осындай ақпараттық өнім жасау тәжірибесі қолға алынды. Осыған орай, отандық және шетел әдіскерлері тәжірибелерін,химия пәні мұғалімдерінің қажеттілігін еске ала отырып, біз неорганикалық химиядан 8 сыныпқа «Алғашқы химиялық ұғымдар »курсы бойынша электронды оқу модульдер жүйесін жасадық. Жасалынған электрондық оқыту модулі 20 модульден тұрады, әрбір модуль оқулықтың әрбір параграфына сәйкес келеді. Оқыту модулі 2 бөлімнен тұрады: ақпараттық және практикалық. Ақпараттық модуль тиісті теориялық және тақырып бойынша қосымша материалды қамтиды, қосымша материал тақырыпқа қарай тереңдетіп оқытуға арналған және танымдық белсенділігін арттырады, яғни, ақпараттық модульдің мазмұны білім дәрежесі әртүрлі оқушыларға арналған. Практикалық модульде оқушылардың білімін тексеруге арналған (жаттығулар, есептер, эксперименттік тәжірибелер, қызықты тапсырмалар ) бар, «Тапсырма» және «ТЕСТ» режимінде оқушылардың өзін-өзі бағалауда комплексті тапсырмалар және тесттер қарастырылған. Практикалық модульде сонымен қатар зертханалық тәжірибелерді, сарамандық жұмыс және қызықты тәжірибелерді орындауда алгоритм беріледі, химиялық эксперимент виртуальді лаборатория түрінде, яғни, «ТӘЖІРИБЕ» режимінде оқушыларға тәжірибені көзбен көру, қатысу мүмкіндігі туады. «Алғашқы химиялық ұғымдар» атты тарауына жасалынған электрондық оқыту модулің мазмұны мен тақырыптық жоспары.
6-кесте. «Алғашқы химиялық ұғымдар» атты тарауына жасалынған электрондық оқыту модулі
№
|
Тақырып
|
Ақпараттық модуль
|
Практикалық модуль
|
Негізгі
|
Қосымша
|
Видео тәжірибелер
|
Қызықты тәжірибелер
|
1
|
Химия
пәні
|
Химия пәні,
мақсаты
|
Химия
тарихы
|
1. жалынсыз түтін
-аммииактың хлорсутекпен әрекеттесуі
2. калия перманганаты
ның диффузиясы
|
жалынсыз түтін
-аммииактың хлорсутекпен әрекеттесуі
|
2
|
Заттар
|
Физикалық денелер және заттар, физикалық қасиеттері.
|
Қоршаған ортадағы заттар және қоспалар .
|
1. Агрегаттық күйі әртүрлі заттар
2. Түсі әртүрлі заттар
|
1. Фараон жыланы
2. Жас химик Асанның бастан кешкендері
|
3
|
Физика-
лық және химия-лық құбылыс
тар.
|
Құбылыстар олардың жіктелуі, Физикалық және химиялық құбылыстар белгілері.
|
Қоршаған ортадағы физикалық химиялық құбылыстаролардың адам өміріндегі маңызы.
|
1. Ас тұзын тазалау.
2. Қатты заттардың суда еруі
|
1. Түстің өзгеруі - химиялық реакцияның белгісі. (реакция HYPERLINK "http://school-collection.edu.ru/catalog/res/253e25a3-a74f-73f6-e788-4e0ead713862/view/"Бриггса-РаушераHYPERLINK "http://school-collection.edu.ru/catalog/res/253e25a3-a74f-73f6-e788-4e0ead713862/view/")
2. Су мен -өсімдік майы қоспасын тұндыру әдісімен бөлу.
|
4
|
Химия-лық реакция
лардың белгілері
|
Химиялық реакциялар және олардың белгілері.
|
Химиялық реакция
лардың жүру жағдайлары
Тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, түсінің өзгеруі
|
1. Парафиннің еруі
2. Тұнбаның түсуі
|
1. Қантпен тәжірибе
2. Стакандағы «Қысқы пейзаж»
|
Достарыңызбен бөлісу: |