Эксперименттік бөлім
Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстың түрлері:
- эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты мен міндеті, алғы шарты жасалды;
- тест, сауалнама, пікірлесу жұмыстары жүргізілді, нәтижелері талданып, сараланды;
- оқу үрдісінде қажетті қосымша дидактикалық материалдар іріктелді;
- сынақ нәтижелеріне сүйене отырып, жұмыс оқу бағдарламасының мазмұнына толықтырулар енгізіліп, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар берілді, әдістемелік үлгі жасалды;
- жұмыс жасаудың жолдары көрсетілді.
Б.Момышұлы және оның нақыл сөздерінің білу деңгейлерін анықтағанда:
- экспериментке дейін оқушылардың 40 пайызы жазушы өмірі мен нақыл сөздері туралы аз білетіндерін көрсетті. Жазушы өмірі мен нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерін білу деңгейлері;
- оқушылардың 15 пайызы оқулық көлеміндегі материалды білетіні анықталды;
- оқушылардың 65 пайызы нақыл сөздері туралы білмейтіндерін айтты.
Эксперименттік тәжірибе жүргізу үшін ең алдымен оқушылардан тест, сауалнама пікірлесу, әңгімелесу арқылы Бауыржан Момышұлы өмірі мен нақыл сөздерін білу деңгейі анықталады. Арнайы дайындалған сауалнама сұрақтары төмендегідей мазмұнда болады:
1) Б.Момышұлы туралы білесің бе?
2) Жазушы қай жерде туып, өскен?
3) Жазушының өмірі мен нақыл сөздері, жазған кітаптары ұнайды ма?
Оқыту эксперименті
Эксперимент жұмыстарының қорытындысын төмендегідей көрсетуге болады:
1. Б.Момышұлы өмірі мен нақыл сөздерін оқуда қолданылған тапсырмалар мен әдеби жаттығулар, талдаулар оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттырып, өздігінен ізденулеріне мүмкіндік тудырды;
2. Оқушылардың көркем мәтінді талдауда белсенділіктері артты;
3. Сөйлеу мәдениетіне төселіп, эстетикалық, танымдық деңгейлері артып, сөз өнеріне деген өз көзқарастарын қалыптастырды;
Мұнымен қатар оқушылармен де сауалнамалар өткізілді. 8 сынып оқушыларына «Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін білесің бе?» деген сұрақ қойылды.
Сауалнама нәтижелері көрсеткендей оқушылар толықтай оқыған. Яғни,Б.Момышұлының өмірі мен нақыл сөздерімен таныс.
Достарыңызбен бөлісу: |