Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнімдерді және шикізатты өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), мал және құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімі.
Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару.
Сүт өндіру нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтін, оның өткізілгеніне немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен торайларды суаруға кеткеніне қарамастан сипаттайды. Емізіп асырау кезінде бұзаулар сорған сүт өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сүт мөлшерін анықтағанда есепке алынбайды.
Жүн өндіру оның сатылғаны немесе ішкішаруашылық қажеттілігіне жұмсалғанына қарасмастан қой, ешкі және түйенің барлық нақты қырқылған жүнін түгел есептейді. Қой терісін былғарыға өнеркәсіптік өңдеу кезінде алынған жүн ("қышқыл жүн" деп аталатын) өнімге енгізілмейді. Жүннің салмағы тура қырқудан кейінгі табиғи салмақта көрсетіледі.
Жұмыртқа өндіру құстар санын ұдайы өсіруге (инкубацияға, басқаға) жұмсалған жұмыртқа санын қоса, олардың бір жылда үй құстарының барлық түрлерінен жиналғанын есептейді.
Мал мен құстың өнімділігі – мал мен құстың 1 басына мал шаруашылығы өнімінің өндірісін сипаттайтын көрсеткіш. Өнімділікті 1 сауылатын сиырға орташа сүт сауымы, 1 мекиеннің орташа жұмыртқа шығымы, 1 қойдан қырқылған жүннің орташа шығымы, 1 мал басының орташа тірілей және сойыс салмағы сияқты көрсеткіштер сипаттайды.
Құрылыс
Достарыңызбен бөлісу: |